- •1 Қазақстан Республикасының КонституциЯлық дамуының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары
- •1.2 Конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасының 1993 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •2.2 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері
- •2.3 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарылған Президенттің конституциялық-құқықтық актілері
- •3 Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •3.2 Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен Заңдары
- •3.3 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттары
1.2 Конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері
Еліміздің Ата Заңы – мемлекеттің тұрақтылығы мен бақуаттылығының негізі, әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығының кепілі.
Француз ойшылы Ш. Монтескье «ең жақсы» мемлекеттік құрылым – бұл халықты тұтас бірлік ретінде сақтай алған құрылым» деп көрсеткен екен [18]. Сондықтан Конституция мемлекеттің болашақ дамуындағы бағдаршам десек те болады. Сонымен қатар Конституция - халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мақсат-мүддесін құқықтық мемлекет ретінде заң тілінде өрнектеген, дүниежүзі мемлекеттеріне, бүкіл адамзатқа жер бетінде берік те нық Қазақстан деген мемлекет бар екенін жария еткен заңды күші бар құжат.
Мысалы, АҚШ конституциясын алатын болсақ, конституцияның пайда болуы, құрылымы, АҚШ –ның құқықтық жүйесінің тарихын алатын болсақ, ол жүйе Конституциямен реттелетін ұлттық (федералдық) құқықтық жүйеден тұрады және оның нормалары негізінде жекелеген штаттар мен тәуелсіз жергілікті халықтың құқықтық жүйесі жасалады. Бұл өзара құқықтық жүйенің байланысы сол штаттардың заң шығарушы, атқарушы, сот билігімен ұштасып, жүзеге асырылады. Сонымен қатар, конституциялық құқықтарын пайдалану, жалпы құқықтары, уставтар мен ережелердің жүзеге асуы мен сақталуы қамтамасыз етіледі [19].
Конституция негізінде мемлекеттік саясатты дәйекті тұрде іске асыру республика азаматтарын жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге қатыстыруға және елдегі конституциялық заңдылықты нығайтуға септігін тигізеді.
Конституция, мемлекеттік құрылыстың, адамның құқықтық мәртебесінің, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызметі және ұйымдастырылуының негізін баянды ете отырып, конфессиялар, халықтар, Этникалық топтар, азаматтық ұжымдар, азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды құқықтық реттеу мәселерін көздейді. Бұл мәселелердің конституциялық кеңістікте шешімін табу, олардың арасындағы құқықтық тепе-теңдікті құрудың және одан әрі дамытудың, Конституцияда баянды етілген демократизм, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру принциптерін бекітудің негізі болып табылады.
Негізгі заңымыз қабылданып, мемлекет болып аяқтан тұрып, екі, үш ғасыр жасап кеткен ұлы державалармен тереземіз тең, көсегеміз кең болып өмір сүріп, тәуелсіздігімізді қазықтай қағып, ішкі саясатымыз бен сыртқы саясатымызды орнықтырып, экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағдайларымызды біршама түзеген елге айналды. Конституциямыз екі рет жаңартылып, қазіргі кездегі қолданыстағы 1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан Республикасын шет мемлекеттерге танытып, өсіп келеді [20].
Шет мемлекеттерде де заңның қабылдану тәртібі заңмен регламенттеледі. Мысалы, Конгресс заң нормаларын отыз күннің ішінде бекітпеген жағдайда, кері қайтарылып, талқылауға жіберіледі [21].
Конституцияға сәйкес, Қазақстан өзін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет деп жариялады [22].
Жарияланған саясатқа сәйкес қызмет етіп келеді. Ең бірінші Президент Н.Ә. Назарбаевтың билікке келуі, халқы үшін елеулі қызметтер атқаруы, шет мемлекет басшыларымен мемлекеттің мәртебесін жоғарыға көтеретін шарттарға отыруы, сындарлы өмір ағысында дұрыс саясат қолдануы – Конституцияның қабылдануы. Ендеше қолданыстаға Конституциямыздың қабылдануы жолындағы еңбектер мен талай жылдың толқынынан келген үдеріс болып табылады [23] .
Шетелдік ғалымдар, неліктен кодификацияланған конституцияның тиімділігі күшті деген сұрақ қойып, өздері пікірлерін білдіреді. Көптеген әлеуметтік және саясаттанушы зерттеушілер конституцияның тиімділігіне аса қатты мән бере бермейді, олар теориялық тұрғыдан анықтама беріп, үстіртін қарайды. Сондықтан өз зерттеулерінде екі атақты саясаткерлердің еңбектерін назарға алады. Барри Вейнгаст «Политические основы демократии и верховенство закона», Гретхен Хельмк «Неформальные институты и демократия». Конституциялық тұжырымдар жасаудың тиімділігі теориядан тәжірибеге жүзеге асқанда тиімді деп тұжырымдайды [24].
Қазақстан мемлекеттік егемендігі жарияланған сәттен мемлекетіміздің Конституциялық дамуының жаңа кезеңі басталды. 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» қабылдануы өз алдына дербес және тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының алғашқы қадамы, бастау жолы болды. Бұл Декларацияның ең басты ерекшелігі тәуелсіз мемлекеттің барлық негізгі әлементтерінің одан әрі қалыптасуы үшін заңцылық негіздерін нақты айқындап берді [25].
Декларация - Қазақ ССР-нің бұрын буржуазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу принципін бірінші жариялаған акт [26]. Қазақ ССР-нің 1978 жылғы Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай билік болмаса да, Жоғары Кеңеске бүкіл билікті бекітті. Заң шығару билігі осы Кеңеске берілсе, Президент республиканың басшысы болып белгіленді және жоғары басқарушы-атқарушы билікті иеленді яғни, атқарушы билікте Президенттің иелігінде болды. Жоғары Сот билігі Жоғары Кеңеске берілді.
Қазақ ССР-і Декларациясында бұрын болмаған егемен құқық-республиканың егемен құқын және Конституциясын бұзатын заңдарды және Одақтың жоғарғы органдарының басқа да актілерінің қолданылуын өз аумағында тоқтату құқығы орнықтырылды [27].
Қазақстанда нақты, шынайы парламентаризмнің қалыптасуында Жоғарғы Совет 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң маңызды белес болды. 9-бапта: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк өкiмет билігі бұл биліктiң заңдық, атқарушы және сот билiгi болып бөлiнуi принципін басшылыққа ала отырып құрылады және жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар өздерінің өкілеттіктері шеңберінде дербес, тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасайды»,- деп көрсетілді [28].
Қазақ ССР-і халықаралық қатынас субъектісі ретінде дербес құқықты иеленді. ССРО Конституциясы және Қақақ ССР-нің 1978 жылғы Конституциясы бойынша Қазақстан халықаралық қатынастың дербес субъектісі бола алған жоқ. Қазақ ССР-де Сыртқы істер министрлігі болғанымен, Қазақстан халықаралық аренаға дербес шыға алмады, халықаралық шарттарға отырған жоқ. Қазақ ССР-і Конституциясының 28-бабына сәйкес сыртқы саясат қызметінде республика ССРО Конституциясы белгілеген сыртқы саясаттағы мақсаттарды, міндеттер мен принциптерді басшылыққа алды [29].
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңдары қалыптасуының үшінші кезеңі Жоғары Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда қабылданған жаңа Конституциядан басталды. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын мүлдем жаңаша белгіген тарихи құқықтық акт болды. Әрине, Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған кезден бастап шығарылған Конституциялық заңдардың көптеген құқықтық нормаларын, принциптері мен идеяларын қабылдады. Халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздгі, билік бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекеттің және атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы ретінде тану, сот органдарын-Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Төрелік сотты, прокуратураны тану осының қатарына жатады [30].
Конституциядағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының «тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы олардың өзара қарым-қатынас жасайтындығы» туралы қағиданы да жаңа қағида деуге болады. Мұның қатарына Конституция Президенттің тыйым салуға қатысты институттарын, Президенттің тыйым салуын еңсеруді, Президенттің қызметтен кетірілуін, Министрлер Кабинетінің тұтас немесе әр мүшесінің жеке-жеке қызметтен босатылуын, Жоғары Кеңестің ұсынысы бойынша Президенттің Министрлер кабинетінің мүшесін лауазымынан алуды жатқызды. Көрінгендей, тежемелік және тепе-теңдік құралдарының жиынтығы билікті бөлу принципін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндей онша қомақты емес [17, 34].
Конституция оның нормаларынын тікелей қолдану туралы қағиданы орнықтырды. Конституция нормаларын тікелей қолданудың бірсыпыра қырлары бар.
Ол, біріншіден, Парламенттен, Президенттен және Үкіметтен бастап жергілікті мемлекеттік органдарға дейінгі мемлекеттік органдардың заң шығарушылық қызметіне ықпал жасау. Мұндай ықпал заң шығарушылық қызметінін анықтау жолымен сияқты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің конституциялық нормаларға сәйкестігін талап ету жолымен де жүзеге асырылады.
Екіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы оның номаларының мемлекеттік органдар, ұйымдар арқылы тікелей жүзеге асырылатынын білдіреді. Конституцияда тура «Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін заңды қолдануға соттың құқығы жоқ» деп жазылған.
Үшіншіден азаматтар Конституцияға сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға және қорғауға құқылы. Тиісінше, Конституция адамдардың құқықтық санасын қалыптастырып, өмір салтына және қоғамдағы көңіл күйге осылайша ықпал етеді. Төртіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы институттық қайта құрулардан көрінеді. Ол, атап айтқанда, Парламент, жергілікті өкілетті органдар сайлауының, Президент сайлауының және басқа сайлаулардың қаралған мерзімде өткізілуі тиістігін білдіреді [31].
1993 жылғы Конституция Жоғары Кеңестің заң шығару өкілеттігін беру инситутын қарастырған жоқ. Алайда, Президентке тек жай заңдық күші бар Жарлықтар шығарумен бірге, конституциялық заңдар шығару өкілеттігін бергендігіне қарамастан, республиканың Жоғары Кеңесі Президентке уақытша заң шығару өкілеттігін берді. Сондықтан Жоғары Кеңес 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен 1993 жылғы Конституцияға елеулі өзгерістер енгізді десек те болады [11, 29].
Конституциялық заңның қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы қабылданған Конституциямен байланысты. Бұл кезең одан әрі жалғасуда. Осы Конституцияның жаңа қырлары болды, онда ССРО-ның да, Қазақ ССР-нің де Конституциялары, не заңдары еске алынбайды. Жаңа өмір жолын Жаңа Констиуциямен бастаған Қазақстан ел танырлықтай, бүкіл әлем Мемлекет деп мойындарлықтай халге жетті.
Осы кезеңде қабылданған маңызды конституциялық-құқықтық актілерді келесі топтарға бөлуге болады:
Бірінші топ. Мелекеттік егемендікті нығайтудын құқықтық негіздері құраған конституциялық-құқықтық актілер;
Екініш топ. Мемлекеттік органдар жүйесіне езгертулер енгізген актілер;
Үшінші топ. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына байланысты актілер [32].
Әрине, мұндай бөліністің шартты екендігі түсінікті болса керек, өйткені актілердің көбісін тек бір топқа ғана жатқызуға болмайды. Мысалы, «ҚазССР Президенті қызметін тағайындау және ҚазССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды актілердің белгілі бір нақты тобына жатқызуға болмайды. Бұл заңда егемендікті күшейту жөніндегі басқа да мәселелермен қатар мемлекет органдары және адам мен азаматтың құқықтары бостандықтары жөніндегі нормалар бар. Бұл актінің қатарына «ҚазССР Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды, басқа да көптеген мемлекеттік -құқықтық актілерді жатқызуға болады. Сонда да біз ол актілердің ең негізгі белгілері мен мазмұны бойынша жоғарыда келтірілген классификация бойынша қарастыруға болады деп есептейміз. Олай болса, актілердің бірінші тобы — мемлекеттік егемендікті нығайтудың құқықтық, негіздерін құраған конституииялық-құқықтық актілер [31, 19].
Президент заң шығару аясында ауқымды құқықтарға ие болды. Ол - Жоғарғы Кеңес қабылдаған заңдарға қол қою құқығы. Бұл қабылданған заңдарды оларға қол қоюдан бұрын қосымша зерттеу мүмкіндігін берді. Заң шығармашылығы аясындағы Президентке берілген маңызды құқық болып, осы заңды өз ескертулерімен Жоғарғы Кеңеске қайта қарауға және қайта дауыс беруге жіберу болды. Қазіргі Конституцияда Президентке берілген мұндай құқық 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған заңмен енгізілген заң шығармашылық процесіндегі жаңалық еді. Президентке сыртқы саяси қызметті жүзеге асыруда бірқатар құқықтар берілді. Қазіргі кезде көптеген егемен мемлекетгердің басшылары ие болып отырған мұндай құқықтар Қазақстан Республикасы Президентіне тұңғыш рет берілді. Бұл жерде Республика атынан халықаралық қатынастарда өкілдік ету, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде аккредитацияланатын дипломатиялық өкілдерді тағайындау мен кері шақыру құқығы, халықаралық келіссөздерді жүргізу және халықаралық шартгарға қол қою құқығы, сенім жөне кері шақыру грамоталарын, шетеддердің аккредиттелген дипломаттарын қабылдау құқықтары туралы сөз болып отыр [11, 32].
Бұған дейін Қаз ССР-і аталмыш құқықтарға ие болған жоқ. Демек, одақтас республиқалар, соның ішінде Қазақстан, СССР құрамында егемен мемлекет дәрежесіне көтерілмеген еді. Президентке берілген бұл құқықтар әлемдегі басқа мемлекетгердің басшыларыныңқұқықтарына сәйкес, Мемлекет басшысының толық құқықты мәртебесінің қалыптасқандығын дәлелдеді, - деп жазады ғалым Кенжалиев З.Ж [33].
Осы заң бойынша Президентке Мемлекет басшысы ретіндегі бірқатар ерекше құдықтар берілді. Президентке Республиканың Министрлер Кеңесінің төрағасының орнына кандидатураларды, Үкіметке және басқа да жоғары мемлекеттік органдарға талапкерлерді Жоғарғы Кеңеске ұсыну құдығы берілді. Ол Республика Министрлер Кеңесін отставкаға жіберу немесе оның отставкаға кетуін қабылдау туралы мәселені Жоғарғы Кеңес алдына қоюға құқылы болды.
Республика Бұл кезде парламенттік мемлекет сипатына ие болды, бірақ Президенттің мәртебесі мен құқықтарында президенттік басқару нысанының орнауына бірте-бірте жол ашкан маңызды белгілер мен әлементтер орын ала бастады [11, 56].
Декларацияда мемлекеттік билікті жүзеге асырудың екі нысаны көрсетілген - халықтың тікелей жөне өкілетті органдар арқылы билікті жүзеге асыру нысандары. Декларацияда басқа да жетістіктер бекітілді.Оның ішінде - алдыңғы қатарлы әлем мемлекеттерінде ғасырлар бойы танылып келген және жүзеге асырылып жатқан мелекеттік билікті бөлу принципін - заң шығарушы, атқарушы, сот болып бөлінуін қабылдауын атап өткен абзал. Бірнеше ғасырлар бұрын, тіпті сонау антикалық дәуірде Аристотель, ал кейінгі кезендерде Локк, Монтескье, Гегель, Кант және қазіргі заманның саясаттанушы ойшылдары мемлекеттік биліктің бөліну принципін негіздеп, дамытқаннан кейін, бұл идея бүгінгі халықаралық ресми құжаттарда және көптеге мемлекеттердің непзп заңы конституцияларында бекітілген. Заң шығару билігін ҚазССР Жоғарғы Советі жүзеге асырды. Президент Республиканың басшысы болып табылады және онда ең жоғары өкімшілік - атқару билік болды. Ең жоғары сот билігін Қазақ ССР Жоғарғы Соты жүргізді [33, 21].
Осы Декларациядағы маңызды жетістіктер қатарына саяси жүйенің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің жаңа қағидатының бекітілуін, атап айтсақ, Конституция негізінде қоғамдық, саяси, діни ұйымдардың, жаппай қозғалыстардың еддің саяси өміріне кең және тең құқылы қатысу кағидатының бекітілуін жатқызуға болады.
Декларацияда адам құқықтары туралы идеялар маңызды орын алды. Қазақстан адамның кең ауқымды құқықтары мен бостандықтарын бекіткен «Адам кұқықтары жөніндегі Жалпыға бірдей Декларацияға» қосылатындығын жария етті. Декларацияда Республика аумағында тұратын азаматтардың, олардың қандай да бір айырықша белгілеріне қарамастан Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі жазылған. Декларацияда халықаралық қатынастар қағидатгары, барлық ұлттар мен әлем мемлекетгері арасындағы қатынастар қағидаттары жөнінде ерекше маңызды ережелер бекітілді. Қазақстандағы ұлттар арасындағы қатынастарды реттейтін бірқатар маңызды қағидалар белгіленді [14, 22].
Осыған байланысты қоса айта кету керек, кеңес заманында, КСРО жағдайында тек КСРО Конституциясының жоғары заңды күші болатын. Бұл КСРО аумағында жоғары күші бар жалғыз құжат болып танылды, бірақ тіпті КСРО Конституциясының өзінен де партияның Жарғысы, бағдарламасы, коммунистік партияның съезінің шешімдері, партияның орталық комитетінің және КПСС Политбюросының қаулылары жоғары тұрып, басым болды. 1977 жылы КСРО Конституциясының 173-бабында Конституцияның ең жоғары заңды күші бар екендігі бекітілді. Барлық заңдар мен мелекеттік органдардың басқа да актілері СССР Конституциясына негізделіп жасалды. ҚазКСР Конституциясында Республика Конституциясының жоғары күші бар екендігі айтылмады, өйткені ол өзі КСРО Конституциясына сәйкес келуі керек еді. Қарастырылып отырған заң басқарудың президенттік нысанын бекітуде маңызды саты болды.
Қазақ елінің 20 ғасырдағы конституциялық даму тарихын бірнеше кезеңдерге бөлу үрдісі бар. Мысалы белгілі заңгер ғалым А.К. Котов Қазақстанның Конституциялық даму жолын мынадай кезеңдерге бөледі:
1. Кеңес дәуіріне дейінгі (1900-1917 ж.ж. ұлттық демократиялық идеялардың Алаш конституциясының жобасына ұласу);
2. Кеңес дәуірі (20-шы жылдар мен 80 жылдардың аяғы);
3. Кеңес дәуірінің аяқталуы (80-ші жылдар мен 1990 жылдардың аралығы);
4. Кеңес дәуірінен кейінгі (1991-1993 жылдар);
5. Қазақстан дамуының алғашқы сатысы (1993 жылдың қарашасынан бастап) [34].
Осы заңға сәйкес жарияланған құқықтар, яғни оның егемендігін бекіткен құқықтардың көбісі 1993 және 1995 жылғы Республика Конституцияларына енді, осылар негізінде Республика егемендігі мен президенттік басқару нысанынын құқықтықн егізі құрылды деп түйіндеуге болады.
Бұл Конституциялық заңның негізгі идеялары келесіге тіреледі деп көрсетеді ғалымдар:
1. Егемендік идеясы. Конституциялық заң деңгейінде, яғни Конституциялық деңгейде шынайы, толық егемендік принципі бекітілді - бүкіл өзінің аумағында Республиканың толық билікке ие болуы, ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтауы және оны жүргізуі. Заңда Республика егемендігінің негізгі белгілері ашылып көрсетідді және бекітілді, бұл белгілер егемендікті қорғау тетігі ретінде қызмет етті. Заңда Республика егемендігінің Экономикалық негізі анықталды яғни жер, су, жануар, өсімдік әлемі және басқа да табиғи ресурстар, ғылыми-техникалық мүмкіндіктер Республика меншігін қүрайтыны бекітіліп, дербес экономикалық жүйе, ұлттык банктің құрылуы, қаржылык-несиелік, салыктыі және кедендік жүйелері жарияланды. Заңда Республика аумағының - біртұтас бөлінбейтіндігі және қол сұғылмайтындығы ерекше аталып көрсетілді. Республиканың өзінің әскери күші бар, ол Республиканың аумақтық біртұтастығы мен тәуелсіздігін қорғау үшін құрылды.
2.Заңда Қазақстан халқының ұғымына тағы да анықтама берілді. Оның мағынасы, өзіне тән сипаты мынада - қазақ ұлтымен тарихи тағдырдың ортақтығының нәтижесінде біріккен барлық ұлттардың азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды. Бұл ережеден шығатыны, Қазақстан халқы - бұл тек Қазақстан аумағында тұру нәтижесінде құралған әр түрлі ұлттар өкілдерінің қарапайым жиынтығы емес. Ол (халық) - егемендіктің қайта орнауы барысында бірігіп күресу нәтижесінде қалыптасқан, біріккен тарихи қауымдастық, бірлік [35].
Сондай-ақ Заңда мелекеттік билікті жүзеге асырудың барлық нысандары көрсетілді: билікті халықтың тікелей іске асыруы және билікті халык сайлаған мемлекеттік органдар арқылы іске асыру. Конституциялық Заңда мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөліну қағидаты қайта аталып бекітілді.
Заңда басты орында адаммен азаматтың құқықтары, бостандықтары тұрды. Заң әрбір адамға құқықтар мен бостандықтар тән екендігін мойындай отырып, Республиканың азаматтары ғана емес, сонымен қатар азаматтығы жоқ тұлғалар да, осы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға сәйкес заңдармен кейбір шектеулі құқықтар мен бостандықтарға ие екендігін бекітті [36].
Мелекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заң және жоғарыда аталған Декларация Республиканың жаңа Конституциясын дайындауда негіз болып таныпды, бұл Конституцияны кейін 1993 жылы Жоғарғы Кеңес қабылдады.
Егемен Қазақстанның конституциялық заңнамасы дамуының бірінші кезеңін, яғни Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы қабылданғанға дейінгі сатыны құрайтын конституциялық-құқықтық актілердің екінші тобы жоғарыда атап кеткеніміздей - бірқатар маңызды мемлекеттік органдардың қызметіне, жүйесіне, ұйымдастырылуына өзгерістер енгізген актілер.
Олардың тобын «Қазақ ССР-індегі мелекеттік өкімет пен басқарудың құрылымын жетілдіру және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңды қарастырудан бастаймыз.
Кеңестік кезенде 1978 жылғы Конституцияға сәйкес, кеңестер, соның ішінде Жоғарғы Кеңес заң жүзінде мемлекеттік биліктің толық иесі болды. Мемлекеттік билік тармақтарға бөлінбей жүзеге асырылды, бірақ белгілі бір мөлшерде биліктің тармақтарға бөлінуі орын алды. Дегенмен, атқаругды билік дербес жүйе дәрежесіне кетерілмеді - ол кеңестер жүйесіне кірді. Атқарушы билік кеңестер арқылы құрылды және таратылды. Жоғарғы атқарушы билік иесі Қазақ КСР Министрлер кеңесін Жоғарғы Кеңес құрды және таратты, Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР қарамағындағы барлық мәселелерді шешуге құқылы мемлекеттік биліктің жоғары органы болды. Әрине, бұл құқық заң жүзінде болды [37].
Жоғары билікті ұйымдастырудың осы үлгісі 1990 жылғы 24 сәуірдегі «Президент лауазымын бекіту туралы» Заңда да жалпы сақталды, бірақ Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы ара-қатынас төңірегінде елеулі өзгеріс 1990 жылғы 20 карашада қабылданған «Мемлекеттік өкімет пен құрылысын жетілдіру туралы» аталмыш Заң бойынша құрамы Министр мен Республика министрлері кіретін, Министрлер Кабинетін Президент құрап, кейін Жоғарғы Кеңес бекітетін болды. 15-бапта Кабинеті Президент басшылығымен өз қызметін жүзеге асыраты Осылайша, бұл заң бойынша билік органдарының ара-қатынасы 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстан Советтік Социалистік Республикасынның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда» жарияланған билікті ұйымдастыру қағидаларына сәйкес логикалық тәртіпке келтірілді [16, 32].
Министрлер Кабинеті Жоғарғы Кеңестің қол астынан шығарылды. Осылай Декларацияда жарияланған мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атка, сот билігі болып бөліну қағидатына сәйкес атқарушыжәне сот биліктің дербестіп маңызды қадам жасалды. Енді Үкімет Президенттік басқару жүйесіне кірді,Үкімет өз қызметін Президенттің басшылығымен жүзеге асырды. Атап өту керек, Үкіметті Президенттің басқару жүйесіне кіргізе отырып, Президенттің өзі бұл тікелей байланысты ұзақ сақтағысы келмеді. Бұл шаралар уақытша деп есептелді. Себебі, көп ұзамай-ақ 1995 жылы Конституцияға сәйкес, Президент Үкіметтен алшақтап, жоғары атқарушы биліктің басшысы болудан қалды. Демек,Үкіметтің Президентпен бірігуі үшін жасалған бұл қадам шынында да уақытша болды. Үкіметті Жоғарғы Кеңестің қол астынан босату оны шынайы дербес билікке айналдыру үшін қажет болды. Нақты түрде атқарушы билік заң шығарушы биліктен бөлу үшін, әрине, абсолютті бөлек қалдыру емес,дербес билікті құру үшін Үкімет Президенттің басқару жүйесіне бағынуы керек еді. 1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заң дербес атқарушы билікті құру үшін маңызды саты болды [38].
Екінші топтағы келесі заңнама - 1992 жылы 5 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Заң [39].
Бұл заңға сәйкес Конституциялық Сот Конституцияны қорғау жөніндегі сот билігінің жоғары органы ретінде құрылды. Оның негізгі міндеттері Конституциялық заңдылық пен Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету болып табылды. Бұл мақсат дауларды Қазакетан Республикасының Конституциясына, заңдарына және басқа да мемлекеттік органдардың актілеріне, сонымен қатар Республиканың заңнамаларын колдану тәжірибесіне сәйкес жолдармен шешу арқылы жүзеге асырылды.
Конституциялық Сот 10 жылдық мерзімге құрылды. Оған кең құқықтар берілді - Ол Қазақстан Республикасы заңдарын, Жоғарғы Кеңестің және оны органдарының басқа да актілерін; Президентгің үкімдері мен басқа да актілерін, Министрлер Кабинетінің қаулыларын; орталық атқарушы органдардың нормативтік актілерін; Бас прокурордың нормативтік актілерін; Жоғарғы Соттың Пленумының нормативтік қаулыларын; азаматтардың Конституциялық құқықтарына тиісті құқық қолдану қызметі туралы шешімдерді Конституция нормаларына сәйкестігі жөнінде тексеруге және сол туралы шешім қабылдауға құқылы болды [14, 42].
Осы мәселелер жөнінде дау болатын болса, Конституциялық сотқа келесі субъектілер шағымдануға құқылы болды: Жоғарғы Кеңес, Жоғарғы Кеңестің Президиумы, Жоғарғы Кеңестің Төрағасы, Жоғарғы Кеңестің комитеттері, Президент, Премьер-Министр, соттар, Бас прокурор, қоғамдық ұйымдардың республикалық органдары, облыстық, Алматы қалалық кеңестері және олардың атқарушы комитеттері және Республиканың Ғылым академиясы [14, 43].
Конституциялық Соттың құқықтары мен оған шағымданугды субъектілердің саны максималды түрде кең әрі мол болды. Барлық мемлекеттік органдар актілері санының, бір жағынан, ал екінші жағынан Конституциялық сотқа шағымданатын субъектілердің шамадан тыс көптігі Конституциялық соттың оларды қарастыру мен шешім қабылдау мүмкіндігіне сай келмеді деп есептеледі. Демек, Конституциялық Соттың құзіретін анықтағанда өз салалары бойынша құқықтық актілердің конституциялығын камтамасыз етуге міндетті өзге де мемлекеттік органдардың мүмкіндіктері ескерілмеді. Осылайша көрсетілген органдарға негізсіз сенімсіздікке жол беріліп, олардың мүмкіңдіктері ескерілмеді, сонымен бірге Конституциялық сотты асыра бағалауға жол берілді. Мемлекет үшін, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуде қауіпті жағдай туды, өйткені халықтың езі құрған мемлекет пен оның жоғары органдарының тағдыры халық сайлауынсыз құрылған Конституциялық сотқа тәуелді болды [38, 133].
Конституциялық Сот сот жүйесінің жоғары сатысы ретінде құрылды, яғни сот билігі жүйесінде болды және осы билік жүйесі аясында үстем басымды жағдайға ие болды. Конституциялық, соттың басты міндеті - заңдардың Конституция нормаларына сәйкестігін тексеру жоғары білікті ғалымдардың еркін ғылыми ой-түйіндеріне негізделіп жүзеге асуы керек еді, бірақ ол Конституциялық соттың ерекше іс жүргізу ережелері туралы заңға сәйкес жұмыс істеді. Осы және басқа да себептердің барлығы Конституциялық сотты Конституциялық Кеңеспен ауыстыруға әкеліп соқтырды [38, 137].
1993 жылғы Конституцияға дейінгі конституциялық-құқықтық актілердің екінші тобына кіретін - мемлекеттік органдардың қызметіне, жүйесіне, ұйымдастырылуына өзгерістер енгізген актілердің келесісі - «Жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті кеңестер туралы» 1991 жылы 15 ақпанда қабылданған заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 1992 жылы 13 қаңтарда қабылданған Заң күшіне енді.
1992 жылы 13 қаңтарда қабылданған бұл заң Кеңестер мен атқарушы оргаңдардың арасындағы қарым-қатынастар қағидаттарына түбегейлі өзгерістер енгізді. Жаңа заң бойынша Кеңестер еңді барлық сұрақтарды, яғни жергілікті сипатгағы кез келген сұрақтарды шешуге құқылы болмады. Олар тек өздерінің құзіретіне кіретін сұрақтарды ғана шешуге құқылы болды және атқарушы органдардың құзіретіндегі мәселелерді шешуге құқығы болмады. Кеңестер мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы және олардың басшыларының арасындағы құқықтардың нақты бөлінуі, олардың бір-бірінің құзіреттер аясына қол сұғуына жол бергізбеді. Бұл атқарушы органдар мен Кеңестердің бұрыннан қалыптасқан біртұтастығының ыдырағанын көрсетеді. Енді жергілікті әкімшіліктің басшысы атқарушы билік басшысы ретінде Кеңестер жүйесінен бөлініп шығарылды. Оны Кеңестер сайламады, Президент немесе әкімшіліктің жоғары басшысы тағайындайтын болды. Олар қызмет бабы бойынша өзара қарым-катынаста болды, бірақ бір-біріне бағынбады. Өкілді органдардың атқарушы органдарға қатысты үстемдігі жойылды.
Конституциялық - құқықтық актілердің үшінші тобын адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған актілер құрайды. Жоғарыда аталып өткендей, Республиканың негізгі құқықтық актілері адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жариялап, бекітті. Сонымен қатар, бұл уақытта адамнын, құқықтық мәртебесінің маңызды аспектілеріне - Республиканың азаматтығына арналған ерекше заң қабылданды. Азаматтық - бұл адамның мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысын анықтайтын саяси-құқықтық институт болып табылады. Осындай мемлекетпен тұрақты үзілмес түрде байланысты адамдардың - азаматтардың жиынтығы Қазақстанның халқын құрайды, ал Қазақстан халқы - мемлекеттін, қоғамдық негізін, оның егемендігіыің негізін құрайды. «Азаматтық туралы» Заңда азамат болып табылатын тұлғалар мен азаматтықты алу әдістері, азаматтықтың негізгі қағидатгары анықталды .
ҚР азаматтары болып бұған дейін Қазақстанның азаматтары болған, яғни 1992 жылдың 1 наурызында заңның үшіне енген күні азамат болған тұлғалар танылды. Бірақ, өкінішке орай, заңның 3-бабында қате анықтама берілді: азамат болып Қазақстан Республикасында заң күшіне енген күні тұрақты тұрған тұлғалар танылды. Яғни, егер шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар заң күшіне енген күні, яғни 1992 жылдың 1 наурызында Қазақстанда тұрақты түрде тұрған болса, осы адам Қазақстан азаматы болып санала алатын болды.
Осылайша, мелекеттік масштабта билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп нақты бөлу идеясы Кеңестер мен жергілікті атқарушы органдардың жаңа қарым-қатынастардың орнауына белгілі бір мөлшерде әсер етіп жатты.
