- •1 Қазақстан Республикасының КонституциЯлық дамуының жалпы сипаттамасы
- •1.1 Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары
- •1.2 Конституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері
- •2 Қазақстан республикасының 1993 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •2.1 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •2.2 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері
- •2.3 1993 Жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарылған Президенттің конституциялық-құқықтық актілері
- •3 Қазақстан республикасының 1995 жылғы конституциясы және конституциялық заңнаманың дамуы
- •3.1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы түсінік
- •3.2 Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен Заңдары
- •3.3 Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттары
КІРІСПЕ
Магистрлік диссертацияның жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасының конституциялық дамуы мен оның ерекшеліктері, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы конституциялар мен олардың бір-бірінен ерекшелігі, конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы 2017 жылғы жаңа бетбұрыс туралы сипатталған.
Магистрлік диссертацияның өзектілігі. Қолданыстағы Конституциялық заңнаманың дамуы мен қалыптасуын зерттеуде, Конституцияға, заңнамаға жиі енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекет пен қоғамды тұрақсыздандыруға, олардың рөлін түсіріп, беделін төмендетуге, айналып келгенде жалпыға бірдей құқықтық нигилизмге әкеліп соқтыратынына куә болдық. Себебі, тұрақсыз заңға қоғам мен азаматтардың сенімшілігі төмендей бастайды, ал бұдан кейін занды құрметтемеу және құқықққа сенбеушілік (нигилизм) туындайды. Заңнамаға жиі енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекет органдарынан шығарылатын жаршыларда, республикалық газет-журналдарда, маңыздылығы жоғары болса ғана бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады. Ал, ол өзгерістер мен толықтырулардың мемлекет пен қоғамда қандай көлемде жұмыс жасап жатқандығы азаматтарға беймәлім күйде қалып отырады. Сондықтан да заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың халыққа кең көлемде жеткізілуін және оларға легальді түсініктеме беруді қажет деп санаймыз.
Мемлекеттің Негізгі заңының қабылдану тәртібі, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, халықтың құқықтық санасын көтеру, насихаттау, мемлекеттің тарихын білу, қабылданған заңға сай әрекет ету, заңды білу, мемлекеттің Конституциясына құрмет көрсетуге баулу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2017 жылғы 9 наурыздағы нормативтік қаулысында қарастырылды [1].
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында адам құқығы мәселелері де көтеріліп, «адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдайды»,- деп қарастырылды [2]. Осы заңды іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы Жарлығында: «Барлық деңгейдегі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары Парламенттің, Үкіметтің және өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің көлемін кеңейту жағдайында мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын»,- деп көрсетілді [3].
Мемлекет басшысының атап отырған азаматтарға тиесілі тең құқықтарды пайдалану мен оны жетілдіру ары қарай жалғасын табуда. Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек»,- деп көрсетті [4]. Сондықтан еліміздің конституциялық дамуы мен конституциямыздың тарихына үңіліп, даму кезеңдерн талдау, қазіргі конституцияның ерекшелігі мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын білу, наихаттау маңызы жоғары тақырыптардың бірі деп санаймыз.
Магистрлік диссертацияның мақсаты мен міндеті. Диссертациялық жұмыстың басты мақсаты болып Қазақстан Республикасының Конституциясының даму сатылары мен оның негізгі кезеңдерін құқықтық реттеудегі нормативтік-құқықтық актілер мен оның өзекті мәселелерін саралау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары мен онституциялық заңнаманың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздерін талдау;
- Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы туралы түсінік бере отырып, 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғаннан кейін шығарған конституциялық-құқықтық актілері туралы саралау;
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы туралы талдау және ерекшліктерін айқындау;
- Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары мен Заңдарының қабылданып, дамуы туралы түсінік беру;
- Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлудің негізгі бағыттарын талдау.
Магистрлік диссертацияның объектісі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Конституциялық заңнамасы, оның дамуы мен қалыптасуынан туындайтын қоғамдық қатынастар.
Магистрлік диссертацияның пәні. Қазақстан Республикасының Конституциясының даму сатылары мен оның негізгі кезеңдерін құқықтық реттеудегі нормативтік-құқықтық актілер, сонымен қатар оларды қолдану тәжірибесі.
Магистрлік диссертацияның теориялық маңыздылығы. Қазақстан Ресубликасының конституциялық даму тарихы мен дамуының құқықтық негіздері, Қазақстан Республикасының тарихындағы конституциялар мен олардың ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы туралы тұжырымдалған.
Диссертациялық жұмыс ізденушілерге Қазақстан Ресубликасының конституциялық дамуы мен Конституция туралы тереңдете зерттеуге бағыт береді Сонымен бірге, оқу үрдісінде мемлекет және құқық теориясы, құқық негіздері, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәндерін оқуда қолдану арқылы, сонымен қатар азаматтардың Конституцияға деген құрмет көрсету рухында тәрбиелеуде маңыздылығын арттырады.
Магистрлік диссертацияның зерттелу деңгейі. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2017 жылғы 9 наурыздағы нормативтік қаулысы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы заңды іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы Жарлығы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы назарға алынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның қалыптасып, дамуы туралы Сапарғалиев Ғ., Малиновский В., Айтхожин К., Караев А., Ударцев С.Ф. зерттеулері қарастырылды. Сонымен қатар, тәуелсіздік дәуіріндегі Қазақстан және оның құқықтық дамуы туралы Абдраим Б.Ж., Котов А.К, Сафонова О.Н., Зиманов С.З., Қарашин Ө., Кенжалиев З.Ж., Қазақстанның конституциялық құрылымы жайында Ким В.А., Ким Г.В., Баймаханова Д.М., Қазақстанның конституциялық даму кезеңдері жайында Шарипов А.В., Муталова Д.С., Сартаев С.C., А. Жукенов, Р. Абазов, И. Рогов , Куспанов А. кең көлемде еңбектер жазып, зерттеулер жасаған.
Магистрлік диссертацияның ғылыми жaңaлығы. Диссeртaциялық зeрттeудің ғылыми жaңaлығы рeтіндe қaзіргі отaндық eңбeктeр мен жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде Қазақстан Ресубликасының конституциялық дамуы мен Конституциялардың қабылдануы, қолданыстағы конституцияның ерекшелігі мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын талдаумен, ұсыныстарымен ерекшеленеді.
Кейінгі жылдарда баспа беттерінде жарық көрген қазақстандық қоғам қайраткерлері мен тәжірибелі құқық қорғау саласының тәжірибелі мамандарының пікірін назарға ала отырып, талдау жасалғаны бaсты нaзaр aудaртaды. Диссeртaциялық зeрттeудe aлынғaн нәтижeлeр мeн қорытындылaр жaлпы aлғaндa жүйeлілігі жәнe логикaлық қисынды құрылымымeн сипaттaлaды. Сонымeн қaтaр Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгерістер мәселесін қозғап, өзгерістердің жаңа қырларын талдаған еңбек болып табылады.
Магистрлік диссертация бойынша ұсынылатын тұжырымдар:
1. Қолданыстағы Конституциямыздың негізгі жетістігі - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын негізгі мәселе етіп белгілеп алуында. Себебі, адам мен азаматты қадірлемейінше, мемлекет ел болып дамымайды;
2. Конституция және онда тұжырымдалған саяси қағидаттар мен құқықтық институттар біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің әлемдік экономика және саясат жүйесіне, сондай-ақ, тұтастай алғанда, қазіргі заманғы өркениеттің әлемдік прогресіне қосылуына ықпал етеді;
3. Қазақстанның конституциялық дамуында басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадамдар жасалды.
Заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталды;
4. Мемлекеттің конституциялық дамуында жаңа кезең басталды. 2017 жылы қаңтардың 25 жұлдызында Президент билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесіне байланысты Қазақстан халқына үндеуінде болашақта еліміздің конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып, мемлекеттің басқару жүйесін жаңғырту екі бағытта жүзеге асырылады деп тұжырымдайды:
Әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеудегі президенттің
біршама өкілеттіліктері үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беріледі. сонда бұл салаға үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады.
Бағдарламаны бекіту, Үкіметтегіт кадрлық өзгерістер, жаңа басқару органдарын құру Үкімет пен Парламент құзырына берілетін болады. Жалпы ұсыныстар әлеуметтік-экономикалық, яғни экономиканы, қаржыны, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелеріне, әкімшілік-аумақтық құрылымның жекелеген мәселелерін шешуге байланысты болады.
Екінші бағыт билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты
конституциялық деңгейде теңгерімді ету, осы реформаның аясында үкіметті
жасақтаудағы парламенттің рөлін күшейту;
5. Қазақстан Республикасының дамуы тарихында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 наурызда қабылданып, құжатта конституцияның 19 бабына 26 өзгеріс енгізу қарастырылған.
Магистрлік диссертацияның сыннан өтуі. Диссeртaциялық жұмыс І.Жaнсүгіров aтындaғы Жeтісу мeмлeкeттік унивeрситeтін зaң фaкультeтінің мемлекеттік-құқықтық пәндeр кaфeдрaсындa орындaлды.
Зeрттeу жұмысының тeориялық нeгізгі тұжырымдaры, ұсыныстaры, қорытындылaры І.Жaнсүгіров aтындaғы Жeтісу мeмлeкeттік унивeрситeтінің қaбырғaсындa «ЖМУ хабаршысы» журналында бaяндaлғaн болaтын:
Қазақстан Конституциясының дамуы: теориялық және құқықтық
аспектілері.- ЖМУ хабаршысы, 2016.-.№2-3.-159 - 163 бб.
Магистрлік диссертацияның құрылымы. Жұмыстағы зерттеліп отырған мәселелердің мазмұнына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталады және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстан Республикасының КонституциЯлық дамуының жалпы сипаттамасы
1.1 Тәуелсіз Қазақстанның конституциялық дамуының алғышарттары
С.Ф. Ударцев конституцияның маңызы туралы: «Конституция бүкіл қоғамдық өмірді қозғайтын қатынастар жүйесінің өзіндік «генетикалық коды» тәріздес. Соңғы екі жүз жылда конституциялық актілер ұлттық және федеративтік деңгейлерді табыспен игерді. Егер Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларын салыстыратын болсақ, онда соңғысы бағыттаушы іс-қимылды үйлестіретін үлкен әлеуетке ие»,- деп тұжырымдайды [5].
Негізгі Заңның орталық идеясы таяу уақытқа да, одан ұзақ уақыттағы тарихи дамуында да Қазақстанның әртүрлі қоғамдық-саяси күштерінің келісімі мен түсіністігін қамтамасыз ету қажеттігін білдіретіндігінде. Бұл Конституцияны саяси тұрақтылықтың аса маңызды факторына, азаматтық тыныштықтың, әлеуметтік және ұлттық келісімнің кепіліне айналдырады.
Конституция нормалары тікелей қолданылатын заңды нұсқамалар болып табылады, олар мемлекеттік билік органдарының қорғауымен қамтамасыз етіледі, бұл мемлекетті қалыптастыруға және нығайтуға нақты мүмкіндіктер жасайды [6].
Кевин Л., Мила Верстииг сынды шетелдік ғалымдар «Конституция» деген – мемлекеттегі саяси қатынастарды реттейтін нормалар мен заңдардың жиынтығы деп анықтама береді. Бұл термин ережелер мен тәжірибеге сүйене отырып, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билікті бөлудің бағытын көрсететін, жазбаша құжаттардың жиынтығы деп қарайды. Қазіргі кезеңдегі жазбаша конституция өзіне тән маңызы бар бірнеше элементтерді: құқық туралы билль, мемлекеттік органдар арасындағы билікті бөлу, басқа органдардың үстінен қарау құқығын бекітуді қарастырады. Конституцияның негізгі қызметі мемлекет ішіндегі қатынастарды реттеуге, белгілі бір ережелерге бағынуды қамтамасыз етуге, билікті нығайту мен ұлттық біртектілікті қалыптастыруға, бейбітшілікті қамтамасыз етуге қызмет етуі мүмкін [7].
Мемлекеттің басқару нысаны Конституцияға әсер етеді. Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлемдегі көптеген елдердің Конституцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын табиғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.
Садықов сынды ғалымдар «Конституция: ол – мемлекетке кигізілген киім, егер де бұл киім халықтың менталитетіне сәйкес келсе (яғни «дәл шақ» болса) – онда бұл халық тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізеді. Егер басты заң саяси мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе – онда халық тұтастай күрделі мәселелерге тап болып, ақырында өз дамуынан ажырап, тіпті кейде қайғылы күйге душар болады». Әрбір мемлекет өзінің дамуында Конституцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді,- деп көрсетеді [8].
Латын тілінен аударғанда «constitutio» сөзі «бекітемін», «құрамын» деген мағынаны білдіреді [9]. Қазіргі ұғымдағы алғаш жазылған Конституция АҚШ–та 1787 жылы және Францияда 1791 жылы қабылданды. Америка азаматтарының индивидуалдығының тарихи тамыры терең. Сол секілді АҚШ
Конституциясы индивидтер ұлты, индивидуалистер ұлты секілді америкалық ұлттың менталитетін есепке ала отырып қабылданған. Қазіргі таңда америкалық құндылықтар салт-дәстүрі, тарихы, төл мәдениеті алға басқанАдамзат қоғамы дамып, «өркениет» деген ұғыммен таныс болғаннан кейінгі кезеңде белгiлi бiр ережелер бағынып, соның негiзiнде өмiр сүруге ыңғайланған. Уақыттың ағымымен заң мәртебесiне ие болған мұндай ереже-нормалар қазiргi кезде көптеген мемлекеттердiң даму дәрежесіне, деңгейіне, өлшемiне айналды.
Мемлекет өзiнiң қоғамдық өмiрiнде неғұрлым осындай ереже-нормаларды ұстанып, үлгi бола бiлсе, мемлекет соғұрлым өркениеттi, демократиялық, құқықтық болып санала бастады. Дамуға қадам басып, өркениетті мемлекеттер қатарында өмiр сүруге ұмтылған Қазақстан да өзiнiң ең жаңа тарихындағы өзгерістерді бастан кешірді [9].
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңде Орта Азия мемлекеттері өзінің саяси жүйесінде өзгерістер жасап, демократиялық қағидаларға негізделген реформалар жүргізе бастады. Бірақ аумақтың өзіндік ерекшеліктері мен менталитетіне, тарихы мен мәдениетіне сай келмейтін батыстық қағидаларды қоғам өмірінен ысырып шығара бастады. Нәтижесінде ортаазиялықтар өздерінің демократиялық даму жолын таңдап, өзіндік мәдени және саяси ерекшеліктеріне тән нормалар қабылдап, өзгерістерге ұшырай бастады [10].
Еліміздегі егемендіктің жариялануы, тәуелсіздікке қол жеткізу, соның нәтижесінде заң шығару, заңдарды талқылау, қабылдау мемлекеттік биліктің бір тармағы болып саналатын заң шығарушы органның, яғни парламенттің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты.
Жалпы заң тілін жетілдіру мәселесі мәңгілік проблемалардың бірі деуге болады. Ал қазіргі кездегідей басқа әлеуметтік идеалдарды қалыптастыру, либералдық нарықтық экономика және құқықтық мемлекет құруға бағытталған ресми стратегиялар, адам құқықтарының конституциялық орнығуы, ағымдағы түрлі реформалар және т.б. аталған проблеманы ерекше өзекті етіп отыр. Әдетте заңдардың сапасы заң шығарушының қоғамдағы қалыптасқан жағдайды нақтылы ұғына білуіне, ақпараттың толық болуына тікелей байланысты деп есептеледі [5, 45].
Сыртқы орта қаншалықты жан-жақты, әрі терең танылса, алынған білім қаншалықты тиімді қолданылса және сол ортаның қажетін білдірсе, - деп атап көрсетеді, белгілі құқықтанушы Д.А. Керимов, - заңшығармашылығының теориялық деңгейі соншалықты жоғары, құқық нормаларының әрекеті соншалықты тиімді, құқықтық реттеудің мақсат, міндеттеріне жету соншалықты дәйекті болмақ [11].
Пікірдің орынды екенін мойындай отырып, сонымен қатар қазіргі өтпелі кезеңдегі қоғамдық процестердің тұрақсыз тенденциясы жағдайында жоғарыдағы талаптарды толықтай орындау оңай шаруа еместігін атап өту орынды болар. Нәтижесінде заңшығармашылық процесте елеулі олқылықтардың орын алуы болмай қоймайтын құбылыс екеніне көз жеткіземіз. Заңдарға өзгерістердің жиі енгізілуі қоғамдағы құқықтық нигилизмді одан әрі тереңдетіп, заңға деген сенімсіздік тудырады, тіпті тұтастай құқықтық жүйенің қалыпты қызметі мен тұрақтылығына қауіп төндіреді.
Конституция және онда тұжырымдалған саяси қағидаттар мен құқықтық институттар біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің әлемдік экономика және саясат жүйесіне, сондай-ақ, тұтастай алғанда, қазіргі заманғы өркениеттің әлемдік прогресіне қосылуына ықпал етеді.
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен жалпы демократиялық қағидаттарға негізделген өз мәні мен мазмұны бойынша Конституция толығымен халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, конституциялық заң шығармашылығының еуропалық және әлемдік стандартарына сәйкес келеді. Конституция озық демократиялық мемлекеттердің конституциялық даму тәжірибесін пайдаланып қана қоймайды, сонымен бірге Қазақстанның қоғамдық қатынастарды қазіргі кезеңде қолданыстағы заңнамамен реттеу тәжірибесін де ескереді [12].
Бұрын қолданыста болғандардан айырмашылығы сол, 1995 жылғы Конституция елдегі нақты жағдайды және қоғамның жаңа жағдайда әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-имани дамуын барынша бейнелейді. Қазақстанның саяси жүйесін қарқынды реформалау кезеңінің Қазақстан мемлекеттілігінің негізін құрумен және елдің экономикалық жүйесін түбірімен реформалаумен бір мезгілде жүруінің маңызы аса зор [13].
Заңгер ғалымдардың көпшілігі біздің елімізде «мемлекет дамуының және құқықтың неғұрлым маңызды мәселелері бойынша демократиялық талқылау және шешім қабылдау дәстүрі алғашқы қазақ хандықтары кезінен бар болған. Ол өзіндік қыр-сыры мен ерекшеліктері бар далалық демократия кезеңі болатын. Одан кейінгі, ел Ресей империясы құрамында болған уақытта, қазақ халқының көрнекті өкілдері мемлекеттік думаның жұмысына қатысты» деген пікірге бірауыздан қосылады. Айталық, қазақ зиялылары өкілдерінің 1905 жылғы қазаннан кейін Ресейде болып жатқан саяси процестерге қатысуы қазақстандық қоғамда парламентаризм идеясының қалыптасуына ықпал етті - деп жазады А. К. Котов [14].
Ақпандағы буржуазиялық-демократиялық төңкерістен кейін «Алаш» ұлттық-демократиялық мемлекеттік құрылымын құруға талпыныс жасаған Дала өлкесінің көрнекті қайраткерлері бұл идеяны қолдаушылар да, жеткізушілер де, таратушылар да болды.
Ерекшелігіне келетін болсақ, «сол кезде, тарих бұрылысында пайда болған» қазақстандық парламентаризм элементтерінің өзіне тән сипаттары: қандай нысандағы болмасын монархиялық басқарудан тарихи тұрғыдан бас тарту; жаратылысынан зайырлы, ұлттық, мазмұны жағынан әлеуметтік автономдық мемлекеттік құрылымның пайдасына теократиялық режимнің кез келген нысанын қабылдамау …» болды [14, 22].
КСРО-ның ыдырауы мен Қазақстанның егемендік алуына байланысты өткен тарихи және саяси оқиғалар, 1993, 1995 жылдарда әртүрлі құқықтық негіздемелер бойынша екі Конституцияның қабылдануы XII сайланған Жоғарғы Советтің өзін-өзі таратуына және XIII сайланған Жоғарғы Советтің Республика Конституциялық Соты қаулысының негізінде заңсыз деп танылуына әкеп соқты.Солай бола тұрғанымен де, көп ретте соңғы сайланған Жоғарғы Советтердің жұмысы Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің жай-күйін айқындады [15].
Көптеген құқықтанушылар он екінші сайланған Жоғарғы Советтің жұмысы барысында 90-шы жылдардағы реформалардың жүргізілуін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз еткен аса маңызды құқықтық актілер қабылданғандықтан, Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасу тарихында оның ерекше рөлі бар екендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ, он үшінші сайланған Жоғарғы Советтің Қазақстандағы парламентаризмнің одан әрі дамуы үшін алғышарттар жасағанын мойындауымыз керек.
Академик С.З. Зиманов Қазақ ССР-інің XII сайланған Жоғарғы Советі ұйымдастырушылық тұрғыдан Советтік Конституцияның негізінде құрылса да, алайда, құрамы және функциясы бойынша оның алдындағы Жоғарғы Советтерден өзгеше болатын деп атап көрсетеді. Бұл республиканың тарихындағы ең зиялы парламенттерінің бірі болды. Жұмыс істеген төрт жылға толмайтын уақыт ішінде (1990 жылғы сәуір - 1993 жылғы желтоқсан) Парламент 265 заң қабылдады, ал оның алдындағы XI сайланған Жоғарғы Совет бес жыл ішінде (1986 - 1990 жж.) бар болғаны 40 заң қабылдаған болатын. Бұл айтарлықтай прогресс екені сөзсіз. Жас мемлекеттің егемен және тәуелсіз дамуы үшін заңнамалық база жасалды.» [16].
Ғ.С. Сапаргалиев: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңмен Қазақстан Парламентін және парламентаризмді құру үшін маңызды қадам жасалды»,- деп атап көрсетті [17].
Берік экономикалық өсу, еліміздің жоғары даму қарқыны, саяси және әлеуметтік-экономикалық уақытылы өзгерістер жасауға және мақсаттар мен міндеттерді түзетіп тұру қажеттілігін туындатты.
