Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдістеме 323.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
271.87 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласының білім басқармасы

АЛМАТЫ ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Экономикалық және құқықтық пәндер бірлестігінің отырысында қаралды

3 хаттама

«_13 қаңтар 2017 ж.

БЕКІТЕМІН

колледж директор

___________Ғ.Ч.Кунчаева

«_16 қаңтар 2017 ж.

«Экономика - құқықтық пәндер бірлестігінің» «0518000 –Есеп және аудит» мамандығы «0518023 – Бухгалтер- ревизор» біліктілігінің

3 курс 323 топ студенттеріне арналған өндірістік тәжірибеге

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Алматы, 2017

Құрастырушылар:

Арнайы экономикалық пәндерінің оқытушысы _________Е.Н.Несіпбеков

Арнайы экономикалық пәндерінің оқытушысы _________ А.Р.Аухадиева

Экономикалық және құқықтық пәндер бірлестігінің отырысында

талқыланып бекітілген

«_13 қаңтар 2017 ж., хаттама №_3_

Экономикалық және құқықтық пәндер бірлестігінің төрағасы

______________ А.М. Керімов

Келісілді:

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

______________ Ш.Ж. Бергембекова

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстарының орынбасары

__________________К.С.Қазыбекова

Директордың тәжірибе жұмыстарының орынбасары

________ __________ К.А. Маканова

  1. Түсініктеме хат

1. Өндірістік тәжірибе – теориялық оқытуды аяқтау кезеңінің бірі. Өндірістік тәжірибенің мақсаты - студент білімін бекіту, тереңдету және жүйелеу.

2. Өндірістік тәжірибенің жалпы көлемі 432 сағат.

Тәжірибе міндеттері болып:

• теориялық білімді бекіту, толықтыру және тереңдету;

• практикалық тәжірибеге ие болу;

• біліктілік мінездемесіне сәйкес негізгі кәсіптік іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

051800 «Есеп және аудит (0518023 – Бухгалтер - ревизор)» мамандығы бойынша студент өндірістік тәжірибені төрт пәннен өтеді:

1) «Қаржылық есеп»;

2) «Аудит және ревизия»;

3) «Экономикалық талдау»;

4) «Қаржы есебін талдау».

Өндірістік тәжірибені аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда, шаруашылық субъектілерінде ұйымдастыру қажет.

Өндірістік тәжірибені өту нәтижесінде бухгалтер-аудитор мамандығының біліктілігін алған студент-тәжірибешінің мынадай тәжірибелік дағдысы болуы қажет:

• шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі бойынша нормативтік құжаттармен, анықтамалық әдебиеттермен және басқа да ақпараттық көздермен жұмыс істеу және оларды өз құзырлығы төңірегіндегі шаруашылық мәселелерін шешуде пайдалану;

• шаруашылық субъектілердің қаржылық және экономикалық қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру;

• ақпаратты өндеу үшін дербес компьютерде жұмыс істеу;

• бухгалтерлік, басқару, салық есебін жүргізу;

• бухгалтерлік, қаржылық және статистикалық есептілікті құрастыру;

• салық төлемдері бойынша декларациялар құрастыру;

• аудиторлық тексеріс жүргізу;

• аудиторлық тұжырым құрастыру;

• шаруашылық субъектілері жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіштерін есептеу;

• экономикалық талдау жүргізу.

Тәжірибе базалары

Мамандық бойынша тәжірибе базасын тандауда есепке алу керек:

- тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуын;

- тәжірибелік дағды алуда көмек көрсететін білікті мамандардың болуын.

Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы

Мамандық бойынша тәжірибе аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда, шаруашылық субъектілерінде жүргізіледі. Тәжірибе бағдарламасын ұйымдастыру және орындау жауапкершілігін тәжірибе жетекшісі артады. Бағдарламаның жеке курсы мен бөлімдері бойынша студент тәжірибесіне жетекшілік ету бөлім бастықтарымен, жетекші мамандармен жүзеге асырылады. Тәжірибенің бірінші күні студент ұжыммен, тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып тәжірибе өтудің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастырады, бөліммен атқарылатын барлық жұмыс түрлерімен танысады.

Жоспарда жұмыс орындары, жұмыс мазмұны мен орындалу мерзімі көрсетіледі.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бекітілгеннен кейін екі данадан шығарылып, бір данасы - байланыс каналдары бойынша колледжге, екіншісі - тәжірибеші жұмысы үшін қалдырылады.

Бухгалтер-аудитор жұмысының мазмұны туралы толық мағлұмат алу үшін тәжірибе аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда, шаруашылық субъектілерінде өткізілуі керек.

Бухгалтер-ревизордың міндеттері

Аудиторлық ұйымдар, фирмалар, шаруашылық субъектілері тәжірибешілерді жұмыс орындарымен және қажетті тәжірибелік материалдармен қамтамасыз етеді. Бұйрықпен тәжірибе жетекшісі тағайындалады. Оның міндеті тәжірибеге жалпы жетекшілік ету:

- әр жұмыс орнында білікті мамандар арасынан жетекшілерді тандау және олардың тәжірибешілермен жұмыс істеуін қадағалау;

- студентті жұмыс орындары бойынша бөлу;

- студенттің жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау: оларды орналастыру, тәжірибелік материал алуына көмектесу, консультациялар ұйымдастыру;

- студент-тәжірибешінің қызмет тәртібіне, өндірістік тәжірибе жоспарын орындау қатынасына қойылатын талаптарды орындау;

- тәжірибеші жұмысы туралы қысқаша сын-пікір құрастыру. Сын-пікірде студенттің тәжірибе бағдарламасын орындауы, оның жұмысқа қатынасы, еңбек тәртібі, өндірістік дағдыны игеруі белгіленеді.

Тәжірибе жетекшісі жұмыс орындарында студент инструктажын, жүргізеді, тәжірибешілердің жұмысты орындауы мен тәртіп сақтауына тікелей жетекшілік етіп, үнемі бақылау жасайды.

Студенттің міндеттері

Студент міндетті:

- аудиторлық ұйымның, фирманың, шаруашылық субъектісінің жұмыс тәртібін сақтауға;

- жұмыс орындарында берілген жұмысты өздігінен орындауға, оның нәтижесі үшін жауап беруге;

- белгілі тәртіппен күнделік жүргізуге, оны тәжірибе жетекшісіне күн сайын тексеріске және қол қоюға беруге;

- тәжірибе нәтижесі туралы белгілі қосымшаларымен колледжге жазбаша түрде есеп беруге;

Тәжірибе бағдарламасы дәлелді себептермен орындалмаған жағдайда, студент сабақтан бос уақытында тәжірибеге қайтадан жіберіледі.

Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар; (студенттер үшін)

Бағдарламада көрсетілген пән бойынша тақырыптық жоспар және жұмыс мазмұны үлгілі болып келеді. Сондықтан тәжірибе өтетін аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда және шаруашылық субъектілеріндегі ерекшеліктер есебінде тәжірибенің жұмыс бағдарламасын құрастыру қажет. Егер тәжірибе бағдарламасының жеке пунктері остудентпен орындалмаса, бұл мәселелер жұмыс бағдарламасынан алынып тасталады. Осы мәселелерге жұмсалған уақытгы басқа тақырыптарды терең меңгеруге мақсатты пайдаланған жөн. Бұл жағдай есепте жазбаша дәлелденуі қажет.

Жұмыс бағдарламасында студент орындайтын тәжірибелік жұмыс түрлерін аудиторлық ұйыммен, фирмамен немесе шаруашылық субъектісімен жүзеге асырылып жатқан операциялар сипатына сәйкес түзеткен жөн.

Аудиторлық ұйым, фирма немесе шаруашылық субъектісі жұмысында өзгерістер пайда болған жағдайда, ол тәжірибе бағдарламасында белгіленуі қажет.

Жұмыс бағдарламасында әр тақырып бойынша жұмысты орындаудың күнтізбелік мерзімі, орны - аудиторлық ұйым, фирма, шаруашылық субъектісі белгіленуі қажет.

Жұмыс бағдарламасы кафедра отырысында қаралып (циклдік комиссия), аудиторлық ұйым, фирма, шаруашылық субъектісінің тәжірибе жетекшілерімен келісіліп (мақұлданып), колледж директорымен немесе оның оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарымен бекітіледі.

Есеп мазмұны және оны қорғау

Кәсіптік тәжірибенің аяқталуы кезінде студент тәжірибе жетекшісіне тәжірибе бағдарламасының орындалғаны туралы есебін ұсынуы қажет. Онда тәжірибешінің атқарған жұмысы көрсетіледі.

Есепте үлгілі күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес курстың барлық тақырыптары бойынша барлық тәжірибелік материалдар болуы керек.

Есепке тәжірибешінің тәжірибе барысындағы атқарған жұмыс құжаттарының көшірмелері тігіледі. Көшірме болмаған жағдайда студент өз қолымен жазылған құжаттарын тігеді, бұл жағдайда тәжірибе жетекшісі құжатты дұрыс жазу іскерлігін қадағалауы қажет.

Есепке тігілетін құжаттар:

• аудиторлық ұйым, фирма немесе шаруашылық субъектісінің жетекшісімен бекітілген, тәжірибе жетекшісінің және тәжірибешінің қолы қойылған (ұйым мөрімен куәландырылған аудиторлық ұйым, фирма немесе шаруашылық субъектісі жетекшісінің немесе ол болмаған жағдайда оның орынбасарының, тәжірибе жетекшісінің және тәжірибешінің қолы) тәжірибенің күнтізбелік жоспар;

• тәжірибенің әр күніне жетекшінің қолы қойылған күнделік;

• қолмен және мөрмен куәландырылған (міндетті түрде) мінездеме.

Аудиторлық ұйым, фирма немесе шаруашылық субъектісіндегі тәжірибе жетекшісі есепті тексеріп бес баллдық жүйемен бағалайды. Тәжірибешілер аттестациясын жүргізу ұсынылады.

Тәжірибені аяқталуы кезінде студент колледждегі тәжірибе жетекшісіне есебін тексертеді. Тәжірибенің жалпы бағасы есеп қорғалғаннан кейін қойылады. Есепті қорғау кезінде тәжірибе өту деңгейі, студенттің теориялық білімі және алған тәжірибелік дағдыны бекіту дәрежесі анықталады. Тәжірибе бағасы студенттің сынақ кітапшасына қойылады.