Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ped-psih-kaz-2014-dok (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

9.Тақырып. Студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті

Педагогикалық процестегі бірлескен іс-әрекет. Бірлескен іс-әрекеттің тиімділігін анықтайтын өлшемдер. Іс-әрекеттің жеке-дара мәнері және бірлескен іс-әрекет.

Студенттер мен оқытушылардың бірлескен нәтижелі іс-әрекетін жобалау мен ұйымдастырудың психологиялық негіздері. Бірлескен диалогтік-танымдық іс-әрекет психологиясы (С.М. Жақыпов). Студенттерді оқыту процесіндегі топтық жұмыс психологиясы.

10.Тақырып. Жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясы

Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекеті. Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық іс-әрекетінің құрылымы. Жоғары оқу орнындағы кәсіби іс-әрекеттің педагогикалық мотивтері, функциялары, мәнерлері. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар. Жоғары мектеп оқытушысының ерекше фасилитациялық іс-әрекеті. Оқытушы психологиялық-педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде. Педагог іс-әрекетінде орын алатын мәселелік жағдайлардың себептері, және оларды шешу жолдары. Оқытушы беделі және оның оқу-тәрбие процесіне әсері. «Педагогикалық шеберлік» ұғымы. Педагогикалық шеберлікті жетілдіру мәселелері.

11.Тақырып. Педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы

Жоғары мектеп оқытушысының психологиясы. Тұлғаның кәсіби даму теориялары: қойылымдық теория (Э. Берн), кәсіби даму теориясы (Д. Сьюпер), кәсіби таңдау теориясы (Холланд), ақиқатпен келісім теориясы (Э. Гинзберг), педагогтің кәсіби дамуының психологиялық теориясы (Л.М. Митина).

Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық қасиеттері. Оқытушының психологиялық мәдениеті. Жоғары мектеп оқытушысының эмоциялық тұрақтылығы. Педагогтің кәсіби ойлауын дамытудың психологиялық негіздері. Оқытушының кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы.

Педагогтің субъектілік дамуы. Педагогтің кәсіби қабілетінің құрылымы: экспрессивті, дидактикалық, ғылыми-педагогикалық, перцептивті, коммуникациялық, ұйымдастырушылық және т.б. Оқытушының «педагогикалық құзіреті» ұғымы, оның құрылымы. Педагогтің кәсіби іс-әрекет пен қарым-қатынасқа психологиялық тұрғыдан теориялық және тәжірибелік даярлығының мазмұны.

12.Тақырып. Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасы

Шығармашылыққа қабілет пен шығармашылықпен ойлау психологиясы. Шығармашылықтың интеллектке редукциялану тұжырымдамасы. Шығармашылық процесс сатылары: дайындық, инкубация, мақсатқа жету, тексеру. Ғылыми танымдағы репродуктивті және шығармашылық іс-әрекеттердің байланысы. Ғылыми шығармашылықтың әлеуметтік және жеке-дара психологиялық мотивтері. Ғылыми шығармашылық нәтижелерін бағалау мәселелері. Ғылыми шығармашылықты дамыту әдіснамасы.

Шығармашылыққа бейім тұлға және оның өмір жолы. Шығармашылыққа бейім тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері. Дж. Гилфорд және Э.П. Торренс, М. Воллах пен Н. Коган, С. Медник, Р. Стернберг, В.Н. Дружинин және Н.В. Хазратова бойынша креативтілік тұжырымдамалары. Педагог креативтілігі және оның психологиялық диагностикасы.

Жоғары оқу орнында жас ғалымды қалыптастырудың психологиялық жақтары. Ғалымның әдіснамалық мәдениеті. Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың жас ерекшелікке байланысты динамикасы.

13.Тақырып. Ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшеліктері

Ұжым психологиясы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері. Педагогикалық ұжым құрылымы мен қызметтері. Педагогикалық ұжым деңгейлерінің дамуын анықтайтын психологиялық көрсеткіштер мен өлшемдер. Білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік-психологиялық қатынастардың түрлері. Жоғары мектептегі дау-дамай мәселелері. Педагогикалық ұжымдағы дау-дамай құрылымы мен динамикасы. Жоғары оқу орнындағы басқарудың психологиясы.

14.Тақырып. Студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет

Жоғары оқу орнында психологиялық дайындау – кәсіби білім беру жүйесінің маңызды құраушысы. Жоғары оқу орнында психологиялық дайындаудың бағыттары мен қызметтері. Жоғары оқу орнында субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұжырымдамасы. Психологиялық білім беру студенттерді психологиялық дайындаудың ажырамас бағыты ретінде.

Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет – студенттерді психологиялық дайындаудың құраушы бөлігі. Жоғары оқу орнында психологиялық қызмет ұйымдастыру. Психологиялық қызмет: Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындарының тәжірибесі.

Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет болашақ мамандардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет – студенттердің психологиялық мәдениетін арттыру жүйесі. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметтің студенттердің тұлғалық және кәсіби даму процесін психологиялық қолдау, психологиялық демеу жағдайы ретінде.

Студенттердің тұлғалық дамуына қатысты психологиялық диагностика жүргізу мәселесі.

Студенттер мен оқытушыларға психологиялық кеңес беру әдіснамасы. Жоғары оқу орнында субъект-бағдарлы психологиялық кеңес беру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері. Педагогикалық мотивацияны психологиялық қолдау.

БӨЛІМ 3. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

Педагогика ғылымының терминологиялық сипаттамасы. Әлемдік білім беру кеңістігіндегі бірлік пен тұтастық мәселесі. Қазіргі педагогика ғылымының дамуындағы бүкіләлемдік тенденциялар. Антропологиялық ғылым жүйесі және оның әлеуметтік педагогикадағы орны. әлеуметтік педагогика мен психологияның диалектикалық байланысы. Қазіргі әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері. Жеке тұлға дамуындағы дәстүрлі және инновациялық көзқарас. әлеуметтік-педагогикалық әрекет, оның обьективті және субьективті жақтары.

Ғылыми-зерттеушілік, әлеуметтік педагогикалық әрекеттің әдіснамалық негіздері. Ғылыми-педагогикалық білімнің құрылысы мен жүйелілігі. Әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемесінде практиканың нәтижесін әлеуметтік педагогикаға ендіру. Қазіргі білім беру жүйесі: демократиялық қайта өзгерту, білім беру млделі, дамудың негізгі тенденциялары. Біртұтас педагогикалық процесстің мазызы және сипаттмасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]