Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ped-psih-kaz-2014-dok (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

1.Тақырып. Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері

Маманды психологиялық дайындау – жоғары мектеп психологиясының пәні. Жоғары мектеп психологиясының қағидалары мен құрылымы.

Жоғары психологиялық білім берудің өзекті мәселелері: оның мазмұны; оқытудың психологиялық технологиялары; жүйелі кәсіби ойлауды дамытудың психологиялық әдістері; XXI ғасыр маманын психологиялық дайындау және тұлғаның субъектілігін дамыту психологиясы.

Қазақстанда және шетелдердегі жоғары мектепте психологиялық дайындаудың тарихи жолы. Қазақстанда және шетелде психологиялық-педагогикалық жоғары білім беру бағыттары мен қазіргі жағдайы.

Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің психологиялық жақтары.

Жоғары мектеп психологиясының басқа ғылымдармен – философиямен, педагогикамен, акмеологиямен, әлеуметтанумен және т.б. байланысы.

Отандық және шетелдік жоғары мектеп психологиясын дамытудың беталыстары.

2.Тақырып. Жоғары оқу орнында оқытудың психологиялық теориялары мен педагогикалық тәжірибесі

Жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс тұжырымдамалары және олардың психологиялық негіздемелері. Жоғары мектептегі оқыту психологиясы. Іс-әрекет психологиясы және жоғары оқу орнындағы оқу-кәсіби іс-әрекет. Жоғары мектептегі тұлғалық және кәсіби даму процесінің психологиялық мәселелері.

Психологиялық білім беру мазмұны. Жоғары оқу орнындағы психологиялық-педагогикалық технологиялар; олардың жіктемесі.

Студенттердің өзіндік жұмысы – субъектіліктің даму шарты.

Жоғары оқу орнындағы бақылау психологиясы.

3.Тақырып. Студент жастардың психологиясы және акмеология

Жасөспірім және жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері. Жасөспірім шақтағы даму заңдылықтары. Жасөспірім шақ кезеңі. Студенттік шақтағы психологиялық жаңа құрылымдар.

Студент тұлғасының типологиясы. Типтерге жіктеудің соционикалық тұрғылары. Тұлғаның студенттік шақтағы бағыттылығы.

Кәсіби жетілудегі акме-деңгей (А.А. Бодалев, А.Н. Деркач).

4.Тақырып. Жоғары мектептің оқу процесінде студенттің тұлғалық және интеллектік дамуы

Дамудың психологиялық механизмдері.

Студенттік шақта танымдық сала мен интеллектік даму мәселесі. Ес психологиясы және жасөспірімдік шақта мнемоникалық қабілеттің дамуы. Зейін психологиясы және жасөспірімдік шақта зейіннің дамуы. Ойлау және студенттік шақта ақыл-ой әрекетін дамыту мәселесі.

Тұлға психологиясы. Тұлға дамуының қозғаушы күші. Тұлғалық қасиеттердің қоғамдық сипаты. Тұлға құрылымы. Тұлға теориясының түрлері: психодинамикалық, социодинамикалық, интеракционистік, жеке-дара психологиялық тұлға қасиеттері. Оқыту мен тәрбиелеудің тұлға дамуында алатын орны.

Іс-әрекет және тұлғаның субъектілік деңгейге дейін дамуы. Қарым-қатынас және тұлғалық даму. Адамгершілік сананың даму сатылары (Л. Колберг бойынша): адамгершілікке дейінгі деңгей, конвенциялық деңгей, постконвенциялық деңгей.

Э. Эриксонның тұлғаның өмір бойы дамуы жайлы тұжырымдамасы. Тұлға дамуының әр сатысындағы негізгі психологиялық жаңақұрылымдар мен жетекші іс-әрекет. Тұлғаның өзіндік дамуы. К. Роджерстің феноменологиялық теориясы. Тұлғаның В. Франкл логотерапиясында анықталуы. Когнитивті процестер тқлға құрылымының компоненттері ретінде.

Студенттік шақтағы тұлғалық даму ерекшеліктері.

5.Тақырып. Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтері

Студенттердің оқу әрекетіндегі жетістіктердің психологиялық шарттары. Оқу мотивациясы. Оқу мотивациясының сипаттамалары. Жағдаяттық және диспозициялық мотивация. Мотивация және студент тұлғасы. Мотивацияның қазіргі теориялары. Тұлға белсенділігі мен мотивациясының негіздерін шетелдік ғылыми мектептер мен бағыттардың түсіндіруі. З. Фрейд бойынша мотивтер ықпалының түсіндірілуі. К.Г. Юнгтің аналитикалық психологиясы. Топтық бейсаналылық және архетиптер. Тұлға типологиясы. Тұлғаның неофрейдистік социодинамикалық теориялары. А. Адлердің жеке-дара психологиясы. Өмір сүру мәнері. К. Хорни теориялары. «Басты қауіп» тұлғаның мотивациялық факторы ретінде. Мінез-құлық, жүріс-тұрыс стратегиясы. Е. Фроммның гуманистік психоанализі. А. Маслоудың қажеттіліктер теориясы.

Студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясының құрылымы мен генезисі. Студенттердің әлеуметтік мотивациясы. Оқуға деген релевантты мотивация қалыптастыру.

6.Тақырып. Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздері

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, білім мазмұны. Оқу әдістерінің психологиялық негіздері. Оқу әдістерінің жіктемесі. Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері: кейс-стади, іскерлік ойындар, «брейншторминг» и т.д. Болашақ мамандардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту.

Болашақ маманды тәрьиелеу және дамыту жоғары мектеп қызметі ретінде. Оқыту мен тәрбиелеудің байланысы. Тәрбие психологиясы тұлғалық дамуға мақсат-бағдарлы түрде жетекшілікті жүзеге асыру процесі ретінде. Тәрбиелеу технологияларының психологиялық жақтары. Студенттік шақтағы өзіндік даму мен өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы (Л.И. Рувинский, С.Д. Смирнов).

Жасөспірім шақта мінездің дамуы. Жасөспірім шақта эмоциялық саланың даму ерекшеліктері. Студенттің ерік сапаларының даму мәселесі. Студенттердің субъектілік даму психологиясы.

7.Тақырып. Студенттік ұжым психологиясы

Топтың әлеуметтік психологияда түсіндірілуі. Студенттік топ түрлері: ассоциация, кооперация, корпорация, коллектив. Студенттік ұжымның сипаттамалары. Жоғары оқу орнындағы студенттік топ динамикасы. Топтың социометриялық құрылымы. Топтағы рөлдік дифференциация. Топ ынтымақтастығының шарттары. Лидерлік. Тұлғаның психосоциотипіне байланысты басымдылықтың ерекшеліктері. Лидер беделінің артуына ықпал ететін факторлар. Студенттік топтағы лидерлік және дау-дамайлар. Студенттік топтағы дау-дамайлар психологиясы.

Студенттер мен оқытушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеудің әлеуметтік-психологиялық жақтары. Студенттік топпен психологиялық диагностика жүргізу мәселесі. Студенттермен тәрбие жұмысында әлеуметтік-психологиялық факторларды ескеру.

8.Тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

Қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынастың атқаратын қызметтері. Қарым-қатынастың құрылымы. Қарым-қатынас деуңгейлері. Қарым-қатынас механизмдері. Қарым-қатынастың жеке-дара параметрлері.

Оқыту барысындағы вербальді іс-әрекеттің қызметтері мен түрлері. Оқытушы қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық жақтары. Педагогикалық қарым-қатынас (В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев және т.б.). Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас (Х.Т. Шерьязданова). Аудиторияға психологиялық әсер ету мәселесі. Педагогикалық қарым-қатынастағы диалог және монолог. Педагогикалық қарым-қатынас мәнерлері. Педагогтің қарым-қатынас мәдениетінің негіздері. Педагогтің дау-дамай жағдаятын шешу психологиясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]