- •Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы.
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен ең күнделі мәсеселер:
- •Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар
- •Жұқпалы аурулардың жіктелуі
- •Инфекциялық үрдістің даму түрлері.
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •1961Ж.Дсұ-ң ұсынысы бойынша жра-ң этиологиялық факторына негізделген жіктелу тағайындалды
- •Жрви этиологиясы
- •Жрви эпидемиологиясы
- •Патогенетикалық факторлар:
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
А вирусты гепатиті
А гепатиті (син. жұқпалы, эпидемиялық гепатит, Боткин ауруы)- фекалды-оралды механизмі арқылы берілетін вирусты ішек инфекциясы.
РНҚ-лы вируспен тудырылатын жедел бауырдың қабынуы, әдетте өзіндік сауығумен аяқталады. Бұрын бұл ауру тек балалар арасында тіркелетін, ал қазір батыс елдерінің гигиеналық деңгейінің жоғарылауына байланысты, ересек адамдардың арасында кездеседі.
Этиологиясы. А гепатит вирусы (HAV) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады. Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды. Ол дөңгелек, сәл жиектелген, көлденеңінен алғанда 27-32 нм бөлшек. Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы және беткейлік шығыңқысы жоқ. Вирионның орталық компоненті болмайды. Вирустың геномы молекулярлық салмағы 2,25 мегадельтон, жалғыз спиральды сызықты РНҚ молекуласынан тұрады. Әлемнің әр бөлігінде вирусының әр түрлі штамдары анықталған, бірақ олардың бәрінде барлығын бір серотипке жатқызатын бірдей антиген бар және қарама-қарсы протективті иммунитет туғызады. Жалғыз антиген болғандықтан анти-HAV-антиденелері, алдымен Ig M, кейін Ig G түзеледі.
А гепатитінің вирусы суда ұзақ уақыт (3-10 ай) сақталуы мүмкін, топырақта, нәжісте (1 айға дейін), үй тұрмыс заттарында да сақталады. 100° С –та 5 мин қайнатқанда инактивирленеді. Вирус формалин мен УКС-не (УФО) сезімтал, салыстырмалы түрде хлорға төзімді, хлороформ мен эфирдің әсеріне инактивирленбейді.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады. А гепатит вирусы фекалды-оралды механизммен беріледі. Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды және сарғыштықтың 2-7 күнінде аяқталады. Сонымен, науқас қоршаған адамдарға инкубация кезеңінің екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық қауіпті және ол қауіптілік сарғыштық кезеңінде жоғалады. Вирусты А гепатитінің сарғыштық түрімен ауырған науқастардан, аурудың жасырын және сарғыштығы жоқ түрлерімен ауырғандардың саны 2-10 есе көп кездеседі. HAV- тасымалдаушылығы және созылмалы ауру түрінің кездесуі, сонымен қатар, аурудың ауа-тамшылы жолмен берілуі мүмкіндігі қазіргі кезде жоққа шығарылған. HAV анасынан жатырдағы баласына берілуі де мүмкін емес, өйткені вирус трансплацентарлы тосқауылдан өте алмайды. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.
А вирусты гепатитке қабылдаушылық ортақ болады. Алайда 1 жастан үлкен балалар (әсіресе, 3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында бұл ауру жиі тіркеледі.
А вирусты гепатитке маусымдылық (аурудың максимальді сырқаттанушылық кезеңі күз-қыс айларында тіркеледі), кезеңділік (сырқаттанушылық 3-5; 7-10 жылда көтеріледі) тән.
А вирусты гепатиті жалпылама таралған. А гепатитінің таралуына объектілердің санитарлық жағдайы, тұрғындардың санитарлық мәдениеті әсер етеді. Сондықтан, өмір сүру деңгейі жоғары елдерде, дамитын елдерге қарағанда сырқаттанушылық аз тіркеледі.
Вирусты гепатит Е
Этиологиясы. Вирусты гепатит Е (ВГЕ) жіктелінбейтін вирусиарға жатады. ВГЕ сыртық қабаты жоқ икосаэдрлік капсид.вирустың геномы бір тізбектілі РНҚ,өлшемі 27-34 нм.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі ГЕ ауыратын адамдар болып табылады.Берілу механизмі фекальды-оральды.Таралу жолы су арқылы.Сонымен қатар тағам жіне тұрмыстық қатынас арқылы таралады.ГЕ эпидемия түрінде кездеседі. Инфекция көбінесе азия елдерінде (Түркіменстан, Ауғаныстан, Үндістан) өте жиі кездеседі.Африкада,Оң және Солтүстік Америкада және Европада сирек кездеседі. ВГЕ барлығы қабылдайды, бірақ 15-29 жас аралықтағы адамдар арасында жиі тіркеледі.
Вирусты гепатит В
Этиологиясы. Қоздырғыш – гепатит В вирусы, бауыр клеткаларын зақымдайтын құрамында ДНҚ бар гепадновирустар тұқымдасына жатады. ВГВ вириондарының диаметрі 42-45 нм («толық»Дейн бөлшектері), сыртқы липопротеидті қабығы, ішкі қабығы және нуклеокапсиді бар. Соңғысына ДНҚ, фермент ДНҚ-полимераза және бірнеше протеиндер: HBcAg, HBeAg және HbsAg кіреді. Протеиндердің біріншісі – ядролық (core) антиген белок фосфорлануына қажет протеинкиназалы белсенділік және жедел вирусты гепатиттің циклды ағымында ағзаның адекватты иммунды жауабымен байланысты жоғары иммуногенділік қасиетіне ие. Екінші антиген – HbeAg – HbcAg-мен байланыста болып, вирустың белсенді репликациясы мен ДНҚ-полимеразалы белсенділігінің маркері болып табылады. HbsAg – вирустың барлық гендерінің экспрессиясын белсендіреді және вирусты протеиндердің синтезін күшейтеді. Біріншілік гепатокарцинома дамуында ерекше рөл атқарады. Вирустың сыртқы қабығы HbsAg-нен тұрады («австралиялық антиген»). S-антигеннен алдыңғы аймақта преS1 және преS2 протеиндері орналасқан. Бұл белоктар вирустың бауыр клеткаларына бекуіне және енуіне жауапты. ВГВ мутациялық өзгергіштікке ие, сондықтан кейбір жағдайларда ауру ациклды түрде өтуі мүмкін.
Вирус әртүрлі физикалық және химиялық факторларға: төмен және жоғары температура, ультракүлгін сәулелер, қышқыл орта әсеріне аса жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Қайнатқанда, автоклавта (1200С-та 45 минут ішінде), ыстық бумен стерилизацияда (1800С-та 60 мин кейін), дезинфектанттар әсерінен жойылады.
Эпидемиологиясы. Вирусты гепатит В негізгі инфекция көзі аурудың симптомсыз және клиникалық айқын жедел және созылмалы формасындағы науқастар, сонымен қатар бауыр циррозы бар адамдар болып табылады. Вирус қанда және әртүрлі биосубстраттарда – сілекей, зәр, сперма, қынаптық бөліністерде, т.б. кездеседі. Бірақ вирусты гепатит В-ң созылмалы ағымы бар науқастар эпидемиологиялық маңызға ие. Жұқтыру үшін 10-6-10-7 мл вирусы бар қан жеткілікті. Вирус тасымалдаушылар ДДҰ мәліметі бойынша 350 млн адамнан жоғары.
Инфекцияның негізгі таралу механизмі – гемоперкутантты (қанқатынастық). Таралу жолы табиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи жолдарына жатады: 1) жыныстық – жыныстық қатынас кезінде, әсіресе гомосексуалистерде; 2) вертикалды – анасына (симптомсыз немесе манифестті инфекциямен) баласына, жұқтыру көбінесе босану кезінде болады. Вирус репликациясының белсенділігі мен балаға инфекцияның берілу қаупінің арасында тура қатынас бар. Солай, HbeAg-оң анадан балаға жұқтыру мүмкіншілігі 70-90%, ал HbeAg-теріс – 10% төмен; 3) ұстара, тіс щеткасы, жөке, т.б. арқылы тұрмыстық парентералды инфицирлену. Жасанды таралу жолдары – парентералды – вирустың емдік-диагностикалық манипуляциялар (инъекция, операция, қан және оның препараттарының трансфузиясы, эндоскопия) кезінде зақымдалған тері, шырышты қабаттар арқылы енгенде жүзеге асады. Қазіргі кезде нашақорлар арасында, есірткіні парентералды енгізу үшін зарасызданбаған ине мен шприцтерді қолданудан инфицирлеу қаупі жоғары.
1995 жылы қытай ғалымдарымен ВГВ-ның трансмиссивті таралу механизмінің мүмкіндігі дәлелденді. Таралу факторы москиттер болды.
ВГВ-ға қабылдаушылық жоғары. Әсіресе бір жастағы балалар сезімтал. Бірқатар тропикалық елдерде 4-8 жасқа қарай 20% дейін балалар инфицирленген. HbsAg жиі ерлерде анықталады. Қазіргі кезде біздің елімізде жедел вирусты гепатитпен ауру көбінесе жас репродуктивті жастағы (15-35 жас) адамдар арасында тіркеледі. Әсіресе 20-29 жас аралығында. Гепатит В мерзімділігі айқындалмаған. Реконвалесценттерде ұзақ, мүмкін өмір бойы, иммунитет өндіріледі.
Вирусты гепатит D
Этиология. Вирусты гепатит D (дельта-вирус, НДV) -30-37 нм мөлшерлі сфералы бөлшекткрді құрайды, РНК-сы бар, ішкі антиген – НДАg, сыртқы – беткей антиген ВГВ – НВsАg. Бұл жіктелінбеген вирус (вириоид) ВГВ хелперлі функциясында репликация кезінде қажет етеді, ВГД қабықша синтезі үшін НВsАg қолданылады. Генотипирленуіне 3 генотип пен бірнеше ВГД субтиптерін анықтауға болады. 1 генотип вирусы сирек кездеседі. 1а субтипі жеңіл, ал 1в- аурудың ауыр түрін шақыртады.
Эпидемиология. Инфекция көзі инфекцияның жедел және созылмалы формаларымен ауыратын адамдар, манифестті, сондай-ақ субклиникалық формада кездеседі. Механизм мен таралу жолдары, ГВ сияқты. Инфицирленгендердің арасында көбісі наркомандар (52%) және гемофилия ауруымен ауратындар. Жыныстық қатынаспен жұғұ жолы жоғары жиілікте.
Вирусты гепатит С
Этиология. ВГС – құрамында ұсақ РНК-сы бар вирус, флавивирус тұқымдасына жатады. ВГС геномы вирустың құрылымды және құрылымсыз белок түзілуін кодтайды. Соның ішінде түрлеріне: нуклеокапсидті белок С (core protein) және қабықшалы Е1 және Е2/NS1 гликопротеиндер. Құрылымсыз белок құрамына (NS1, NS2, NS4, NS5) ферментативті белсенді протеиндер кіреді. Осы барлық белоктарға қарсы науқас организмінде иммунохимиялық әдістермен анықталатын антиденелер (анти –НСV) түзіледі.
Эпидемиология. Инфекция көзі, механизм мен таралу жолы ВГ сәйкес келеді. ГС инфекция көзі – жедел және созылмалы формаларымен аурытын науқас. Эпидемиологиялық мағынасы жағынан парентеральді берілу жолы маңызды. Көбінесе ВГС –мен қан және оның препараттарын құйғанда жұғады. ГС қоздырғышын посттрансфузионды гепатиттің негізгі этиологиялық факторы ретінде есептейді. Гемофилиямен ауыратын науқастарда инфекция жиі кездеседі. Донорды тестілеу, концентрленген қан және оның дериваттарын ГС-ға тексеру міндетті түрде жүргізіледі.
ГС көбінесе наркотикалық заттарды паренеральді қолданатын наркомандарда кездеседі. Қазіргі уақытта бұл топ эпидемиялық маңызы аса қауіпті ВГС-н инфицирленгендер қатарына жатады.
Қоздырғыштық гетеро-және гомосексуалді қатынас кезінде тұрмыста, инфицирленген анасынан баласына берілуі өз орнын алады, бірақ ГВ қарағанда азырақ кездеседі.
3 |
1 |
5 |
Ботулизмнің этиологиясы және эпидемиологиясы |
Анықтамасы. Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Ботулизм – барлық жұқпалы аурулар арасында сирегірек кездесетініне қарамастан ол өзекті мәселелі ауру. Барлык елдердегідей, Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануымен байланысгы. Ботулизмнің клиникалық және эпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен, жоғары өлім-жетімділігімен (15-25%) және тағам өнімдерін үй жағдайында консервілеу масштабының есуімен анықталады.
Этиологиясы. Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7 түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана - А, В, Е, Ғ.
Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді температурасы 28-35°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі. Қоздырғыштың вегетативті түрлері кайнатқаннан кейін 2-5 минутта жойылады.
Ботулотоксин – нейротоксиннен, гемагглютининнен және токсикалық емес белоктан тұратын комплекс. Ол табиғаттағы өте күшті улардың біріне жатады.
Эпидемиологиясы. Ботулизм сапрозооноздарға жатады. Ботулизм кезінде қоздырғыштың негізгі резервуарлары:
а) жылықанды жануарлар (көбінесе шөпқоректілер)
б) салқынқанды (балықтар, шаян тәрізділер, моллюскалар)
в) сыртқы орта (жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы).
Ботулизмнің 3 түрі бар:
1.тағамдық ботулизм
2. жарақаттық ботулизм
3. нәрестелердің ботулизмі
Тағамдық ботулизм организмге токсин түскенде, ал жарақаттық және нәрестелердің ботулизмі споралар түскенде дамиды.
Ең жиі кездесетін түрі - тағамдық ботулизм. Жұғу жолы: алиментарлы, токсин дамыған тағамдық азықтар арқылы (үйде консервіленген ет, көкөністер, саңырауқұлақтар, үйде тұздалған сан еті (окорок), тұздалған және қақталған балық.
Жарақаттық ботулизм әртүрлі жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін. Топырақпен бірге түскен споралар шартты анаэробты жағдай туылған кезде вегетативті түріне ауысып токсин түзеді.
Нәрестелердің ботулизмі - емшектегі баланың асқазан - ішек жолына қоздырғыштың споралары түскен жағдайда дамуы мүмкін. Нәрестелердің ас қазанының микрофлорасының ерекшелігіне байланысты споралар вегетативті түріне ауысып, олар токсин түзеді.
3 |
2 |
1 |
Тұмаудың біріншілік және екіншілік профилактикасы. |
Алдын алу шаралары. Белсенді иммунизация мақсатымен инактивацияланған және тірі вакциналар қолданылады.
Эпидемия алдында интерферон стимуляторлары қолданылады.
Эпидемия кезінде шұғыл профилактика үшін оксолин майы, лейкоцитарлы интерферон, ремантадин, арбидол ұсынылады.
Эпидемияға қарсы шаралар:
- науқасты бөлек жатқызу (изоляция);
- науқас жатқан бөлменің ауасын тазартып тұру;
- ылғалды тазартулар;
- бетперде кию;
- ультракүлгін лампаларын қолдану.
3 |
2 |
2 |
Аса қауіпті жұқпалы ауруларға күдікті нақастар тіркелген жағдайда медицина қызметкерлерінің біріншілік эпидемияға қарсы іс-әрекеттер. |
Жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу үшін науқастар оңашаланады. Жұқпалы науқастардың оңашалануы 2 түрде өткізіледі: үй жағдайында және жұқпалы ауруханаға жатқызу. Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу инфекция көзін толығымен шектейді. Науқастар ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жатқызылады. Клиникалық көрсеткіштер бойынша ауруханаға аурудың орташа ауырлық, ауыр түрлерімен ауырған науқастар, алэпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша аурудың ауырлығына қарамай аса қауіпті инфекцияларға күмәнданған кезде, үй жағдайында оқшалауға мүмкіндік болмағанда, және жатақханада, интернатта, казармада тұратын адамдар жатқызылады.
Басқа ауруханалармен салыстырғанда жұқпалы аурухананың бірнеше ерекшеліктері бар. Оның құрылымы мен жұмыс тәртібі инфекция көзін (яғни науқасты) шектеуге; аурухана ішілік зақымдануды алдын алуға және жұқпалы науқастардың еміне бағытталған.
Жұқпалы аурухананың негізгі құрылымдық бөлімдеріне бокстелген бөлімшелер, науқастарды қабылдау бөлімшесі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, хирургиялық, рентгенологиялық бөлімшелер, зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімше, асхана, залалсыздандыру камерасы, орталық стерилизация бөлімшесі, патологоанотомиялық бөлімше жатады.
Жұқпалы аурухана жұмысының негізгі принципі ағынды-өткізбелі жүйе болып табылады, яғни науқас ауруханаларда басқа жұқпалы аурулармен ауырған науқсатармен қатыспайды. Санитарлық көлiкпен жеткiзiлген науқастар қабылдау бөлiмшесiнiң бөлек бокстарында қабылданады. Жұқпалы науқасты жеткiзген автокөлiк дезинфекцияланады. Бокстардың iшке кiру және сыртқа шығу есiктерi бөлек. Сыртқы есiк арқылы науқас боксқа кiрiп, дәрiгердiң тексеруiнен және санитарлық өңдеуден кейiн шығады. Медициналық қызметкерлер боксқа iшкi есiк арқылы кiредi. Әрбiр науқастан кейiн бокста дезинфекция жүргiзiлуi керек.
Қабылдау бөлiмшесiнен науқас басқа науқастармен қатыспай, арнайы бөлiмшеге жеткiзiледi. Бөлiмшелерге науқсатар нозология бойынша жатқызылады.
Егер науқас ауа – тамшылы жолмен жұғатын аурумен ауырса, немесе осындай ауруға күдiк болса, оны боксталған бөлiмшеге жатқызады. Боксталған бөлiмшеге аса қауiптi карантиндiк аурулармен ауырған науқастар жатқызылады. Олар боксқа қабылдау бөлiмшесiнен тыс жеткiзiледi.
Бокстың құрамына науқас жататын бөлме, дәретхана, шомылатын бөлме, сыртқы кiреберiс (предбоксник) және iшкi кiреберiс кiредi. Iшкi кiреберiс арқылы медицина қызметкерлерi кiрiп шығады, тағам жеткiзiледi. Бұл жерде қолжуғыш және қызметкерлердiң халаты орналасады. Сыртқы кiреберiс арқылы науқас боксқа кiргiзiледi және емделген соң шығарылады. Бұндай бокс толық немесе Мельцер (1990 жылы жұқпалы аурухана проектiн ұсынған орыс инженерi Э.Мельцер атымен) боксы деп аталды. Жартылай бокстың құрылысы ұқсас, бiрақ оның сыртқы кiреберiсi жоқ. Оңашалауды қажет етпейтiн науқастыпалаталық бөлiмшеге жатқызады. Бұндай бөлiмшелер құрылысына палаталар, бiрнеше изоляторлар (оңашалау бөлмелерi) және қосымша бөлмелер (асхана, санитарлық бөлме, дәретхана т.б) кiредi. Әртүрлi емдiк және диагностикалық процедураларға арнайы бөлмелер бөлiнедi (мысалы егу бөлмесi).
Диагнозы анықталмаған науқастар (ауа–тамшылы инфекциядан басқа) диагностикалық (сараптау) бөлiмшесiне жатқызылады. Диагноз анықталған соң науқас профилдi бөлiмшеге ауыстырылады. Бөлiмшеге жаңа түскен науқастар сауығып жатқан науқастармен және асқынулары бар науқастармен бiрге жатқызылмайды. Мүмкiндiк бойынша палаталарды бiр уақытта толтырып, сол науқастарды бiр уақытта шығарады. Жұқпалы науқастардың ауруханада жату ұзақтығы екi фактормен бөдiнедi: науқастың клиникалық сауығу дәрежесiмен және жұғу кезеңiнiң аяқталуымен.
Бөлiмшедегi санитарлық – гигиеналық тәртiпке палаталарда, бокстарда және басқа бөлмелердi тазалау; дезинфекция және дезинсекция; науқастарды шомылдырып, киiмiн ауыстыру; науқастардың және қызметкерлердiң жеке гигиена ережелерiн сақтау жатады. Науқасты күту заттары (судно, грелка, горшок т.б) жеке болуы тиiс, немесе олар дезинфектанттармен залалсыздандыруы қажет.
Насқастарға екi деңгейде көмек көрсетiледi. Мейiрбикелер емдiк манипуляция-ларды, ауыр науқастардың арнайы күтiмiн және тамақтануын қамтамассыз етедi. Санитарлық және кiшi мейiрбикелер бөлмелердi тазалайды, судно берiп алады, төсек төсейдi т.б. Науқастардың туыстары әкелген заттар мен тағамдар арнайы бөлмеде қабылданады. Әкелген заттардың iшiнде науқасқа қарсы көрсетiлген өнiмдер болмауын бақылау керек.
Медицина қызметкерлерi өздерiн заласызданудан сақтау үшiн және қоршаған адамдарға инфекция болмау үшiн бөлiмшенiң санитарлық тәртiбiн және жеке гигиена ерекшелiктерiн сақтауға тиiстi.
3 |
2 |
3 |
Обаға қарсы қорғаныс костюмдерінің түрлері. |
Денені қорғау принциптері бойынша киім оқшаулағыш және сүзгіш болып бөлінеді. Теріні оқшаулағыш қорғау әдісі бойынша костюм ауа өткізбейтін материалдан (мтгериалдан), созылмалы және суыққа төзімді резіңке тәрізді жасалады. Олар герметикалық және герметикалық емес болады. Герметикалық қорғау құралдары уландырғыш заттардың буынан және тамшысынан бүкіл денені қорғаса, герметикалық емес тек уландырғыш заттардың тамшысынан қорғап тұрады. Сонымен қатар олар тері мен киім кешекті радиациялық, бактериологиялық заттармен зарарлануына жол бермейді. Қорғаудың оқшаулағыш түріне мыналар жатады: қорғағыш комби-незон мен жеңіл қорғағыш костюмі, жалпы әскери қорғаныс жиынтығы. Қорғағыш комбинезон біртұтас тігілген күрте, шалбар мен күлпарадан тұрады. Костюмнің комбинезоннан айырмашылығы: күлпара мен күрте, шалбар бөлек дайындалған. Комбинезон мен костюм жиынтығына сондай-ақ касканың ішінен киетін жұмсақ бас киім, резіңке етік, қоғап кіреді. Қорғау комбинезоны мен костюмдер адамның биіктігіне қарай үш мөлшерде дайындалады: 1-165см-ге дейінгі, 2-165-тен 172см-ге дейін, 3-172см-ден жоғары. Жеңіл корғаныс костюмі копюшоны бар жейдеден, шұлықпен бірге тігілген шалбар, екі саусақты қолғаптан, касканың астынан киетін жылы бас киімнен тұрады. Костюмнің мөлшері комбинезон мөлшерімен сәйкес келеді. Азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде барлау жұмыстары кезінде қолданылады. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығы шапаннан, шұлық, қоғаптан тұрады. Жазғы қорғаныс қолғабы-бес саусақты, ал қысқы екі саусақты. Қорғаныс шапанында жең мен күлпара болады. Шапан бес мөлшерде дайындалады: 1-165см-ге дейін, 2-165см-ден 170см-ге дейін, 3-171см-ден 175см-ге дейін, 4-176см-ден 180см-ге дейін, 5-180см-ден жоғары. Қорғаныс шұлығының табаны резіңке негізде жасалған. Шұлық кәдімгі аяқ киімнің сыртынан киіліп, қыстырғыштың көмегімен қысылады, ал белге белбеумен бекітіледі. Шұлық үш түрлі мөлшерде дайындалады. Қолғаптар екі мөлшеде болады. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығы қолдану мақсатына қарай жамылғыш күйінде, жеңі қосылған жайда, комбинезон түрінде жұмсалады. Теріні қорғаудағы сүзгіш құралдарына арнайы химиялық затпен сіңірілген шыт матадан тігілген киім жатады. Бұл күйінде матаның ауа өткізгіш қасиеті сақталып, уландырғыш заттардың буы арнайы сіңіргіштің бойына сіңіп кетеді. Сүзгіш құралдардың жиынтығы комбинезон, ер адамға арналған денеге киетін іш киім мен касканың ішінен киетін жұмсақ бас киімнен тұрады. Сондай-ақ жинаққа аяқтың қабынуынан сақтайтын шұлғау да кіреді. Противогаз, резіңке етік, қолғаппен бірге жинақ та қолданылады. Комбинезоя үш мөлшерде: 1-160см-ге дейінгі ұзындық үшін, 2-161см-ден 170см-ге дейін, 3-171см-ден жоғары. Теріні қорғаудың жаңа құралдары: обаға қарсы, қышқылдар мен сілтілерге қарсы тұрақты, химиялық оқшаулағыш КИХ-4, КИХ-5, костюмдер, қорғаныс шұлықтары, резіңкеленген алжапқыштар, мас-ка НБТ-1, қолғаптар-бутилкаучукты, диэлектрді, қышқылға, сілтілеге төзімді, хирургиялық, шыт матадан, полимерлі қабат пен шыт матадан тігілген. Теріні қорғау мақсатында қолда бар су өткізбейтін қарапайым жамылғыштар мен плащтар, сондай-ақ қалың материалдан тігілген пальто, мақта күртелер т.б қолданылады. Аяқты сақтандыру үшін резіңке етік, ботылар, кебістер қолданылады. Ондай жағдай болмаса аяқ киімнің сыртынан тығыз қағаз, адан кейін мата ораған жөн. Қолды қорғау үшін резіңке және теріден жасалған қолғапты қолдануға болады. Трикотаж, жүн жене шыт матадан тігілген қолғаптар тнк бактериологиялық құралдардан және радиобелсенді шаң-тозаңнан сақтайды. Теріні қорғау құралдарының қарапайым түрлеріне: өнеркәсіптік киімдер, күрте мен шалбар, комбинезон, копюшоны бар халаттар, брезенттен, өрттен қорғайтын резіңке тәріздес матадан тігілген киімдер жатуы мүмкін. Бұл киімдер тері беттерін радиобелсенді заттар мен бактериологиялық құралдардан ғана емес, сондай-ақ бірнеше ұзақ уақытқа дейін олар улы заттардың тамшыларының денеге енуінен қорғайды. Брезент киімдер, мысалы қыста сұйық тамшы улы заттардан шамамен 10 минутқа дейін қорғап тұрады. Күнделікті қолданып жүретін киімдердің арасында, теріні қорғау мақсатында резіңке тәріздес матадан тігілген плащ пен жамылғыш немесе хлорвинил қабықшасымен қапталған маталар пайдаланылады. Мұндай киімдер тері қабатын радиобелсенді заттар мен бактериологиялық құралдардан сақтайды, улы сұйық тамшы заттардан шамамен 10 минутқа дейін қорғай алады. Қорғанысты қыстық киімдер де атқарады: драп матадан тігілген пальто, ватник т.б. Драптан тігілген пальто басқа киімдермен киілгенде қыста 1 сағаттай, жазда 20 минутқа дейін улы заттардың теріге түсуінен сақтаса, ватник қысқы мерзаде 2 сағатқа дейін қорғайды. Сондай-ақ теріден немесе терінің орнына қолданылатын басқа да материалдан жасалған етіктер немесе резіңке галош киген жөн. Резіңке бұйымдардың улы сұйық тамшы заттардан 3-6 сағатқа дейін қорғау қабілеті бар. Резіңке емес аяқ киімдерді сыртынан қағаз, онаң соң кез келген матамен орап алған дұрыс. Қолды қорғау мақсатында резіңке және былғары қолғаптар қолданылады. Трикотаж, шыт және жүн матадан тігілген қолғаптар улы заттардан қорғай алмайды. Қарапайым киімдердің әдетте герметикалық қасиеті болмайды. Киімнің ең төмен герметикалық жерлері: көкірек төңірегіндегі қиық жаға, куртканың төменгі жері, қолғап пен жеңнің біріктірілген жері, аяқ киім мен шалбардың балағы қосылған жері. Сондықтан мұндай киімдерді қолданғанда қоршаған ортамен байланыстан оқшаулап тұруы үшін оның герметикалығын арттыру керек. Киімнің барлық түймелері бекітіліп, жағаны көтеріп шарф немесе орамалмен байлап, жеңнің ұшын білек жағынан орап қою, шалбардың балағы етіктің сыртынан шығып тұруы керек те, оны төменгі жағынан байлап қойған дұрыс. Зарарланған аймаққа әйелдер келе қалса, міндетті түрде шалбар киюі керек. Киімнің герметикалық қасиетін арттыру үшін арнайы клапандар қолдануға болады. Олар куртка мен костюмнің алдындағы қиықты жерлеріне қолданады. Кеуде клапаны тығыз матадан тігіліп, жоғарғы жағынан қиық жасалып, жоғарғы ұштарына бау тігіледі. Кеуде клапына 4,5 см биіктіктегі жаға тігуге болады. Мұндай кезде оның герметикалық қасиеті арта түседі. Шалбар мен куртканың жеңінің қиығын жауып тұратын клин болады. Оның жанындағы ұзындығы 3-4см-ден кем болмауы керек, ал жоғарғы жағынан екі клапан тігілген шалбар оңай киілуі керек. Куртканың жеңінің қиығы үшін тігілген клин шалбарға тігілгенінен мөлшері кем болмауы керек. Мойынды сақтандыру үшін және бастың ашық бөлімдеріне синтетикалық қабықтан немесе тығыз матадан күлпара тігіледі. Радиобелсенді шаңнан және бактериялық құралдардан қорғау үшін сондай-ақ пальто, қолғап, бәтіңке галош, резіңке етіктер қолдану тиімді. Қарапайым киімдер булар мен уландырғыш заттардың аэрозоль-дерінен сақтау үшін арнайы К-4 пастасымен сіңіріледі. Сіңіруге тек мата материалдар жатады. Бір жиынтыктағы киім мен оның арнайы кеуде клапанын, күлпара қолғапты, шұлықты сіңірту үшін 2,5 литр ерітінді жеткілікті. Сіңіргіш ерітіндіні синтетикалық жуғыш заттардың көмегімен немесе өсімдік (күнбағыс, мақта т.б) майының негізінде, сондай-ақ минералдық майлар (картерлік, трансформаторлық, машиналық, олифа) негізінде дайындауға болады. Ерітіндіні дайындау үшін (бірінші түрі): 500 грамм синтетикалық жуғыш заттың 40-50 С дейін ысытылған 2,5 литр судағы қоспасын алады. Қоспаны 2-3 минут біртекті, сарғыш түсті қоспа дайын болғанша қозғап тұру керек. Екінші құрамды ерітіндіні дайындау үшін 250-300 грамм кір жуғыш сабынның үгіндісін 60-70 кейін қыздырылған 2 литр суда ерітеді де, сабын толық еріген кезде ерітіндіге 0,5 литр минералдық немесе өсімдік майын қосады. Қоспаны 5 миқут шамасында біркелкі эмульсия пайда болғанша араластырады. Сіңіру үшін дайындалған киім жиынтығын шелек, бак немесе шлапшынға салып, үстінен ерітіндіні құяды. Киім ерітіндімен сіңіріліп болған соң оны теріс айналдырып ерітіндіге қайта салып қояды
3 |
2 |
4 |
Обаға қарсы қорғаныс костюмдерін кийіп шешу ережелері. |
Костюмды келесі тәртіппен киеді: комбинезон (пижама) шұлық, етік (голош) капюшон ( үлкен бас орамалы) және обаға қарсы халат.
Халаттың бауын байлап, екі жеңін мұкият байлайды.
Респираторды (бетперде) байлағанда ауызымен мұрны түгел жабық болуы қажет, бетперденің бас жағы көздің астында, ал түбі жағы иектің астында болу керек.
Бетперденің үстінгі жіптері желкеге байланып, астыңғы жіптері үстінгі жіптің үстіне байланады.
Көзілдірік капюшонның астынан байланып , әйнегі арнайы карындашпен немесе сабынмен сүртіледі. Ашық жерлеріне мақта тампондарын салады.
Содан кейін тексеріліп қолғап киеді.
Халаттың өң жағына орамал қыстырылады.
3 |
2 |
5 |
Жедел респираторлы вирусты инфекциялардың профилактикасы. |
Алдын-алу шаралары: Денені шынықтыру Грипп кезінде ең тиімдісі вакцинация-қыркүйек-қазан айлары,барлық тұрғындардың 70 пайызын қамту керек. Келесі инактивирленген грипп вакциналары қолданылады Гриппан (Россия) б/е; Флюарикс (Бельгия) б/е; Инфлювак (Нидерланды) б/е; Бегрубак (Германия) б/е; Заксикгрипп (Франция) б/е т.б.. Тұмауға қарсы 5 қадам Бірінші қадам: Жеке бас тазалығын сақтау ! Киімнің,төсек орын тазалығын қадағалау қажет.Бөлмені үнемі желдтіп,тазалау керек. Екінші қадам :Салауатты өмір салты! Үнемі қозғалыста болып,зиянды әдеттерден абас тартып,демалыс пен жұмыс уақытын дұрыс жоспарлау қажет. Үшінші қадам :Иммунитетті жоғарылату! Спортпен,дене шынықтырумен жиі айналысу.күнделікті рацинонға витаминдерге,минералды заттарға,аминқышқылдарға бай тағамдар енуі қажет. Төртінші қадам :Алдын алу шараларын жүргізу! Эпидемия қаупі туған кезде арнайы дәрілік заттармен алдын алып немесе вакцина жасау керек.
