- •Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы.
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен ең күнделі мәсеселер:
- •Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар
- •Жұқпалы аурулардың жіктелуі
- •Инфекциялық үрдістің даму түрлері.
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •1961Ж.Дсұ-ң ұсынысы бойынша жра-ң этиологиялық факторына негізделген жіктелу тағайындалды
- •Жрви этиологиясы
- •Жрви эпидемиологиясы
- •Патогенетикалық факторлар:
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
Инфекциялық үрдістің түрлері
Манифестік түрлері (клиникалық көріністер болған кезде)
жедел
созылмалы
Бактерия тасымалдаушы:
ау адамдар арасында болатын, сонын ішінде транзиторлы
аурудан кейін дамитын
жедел (3 айға дейін)
созылмалы түрде (3 айдан кейін, оның ішінде өмір бойы)
Латенттік ( жасырын, иннапарантты)
Баяу дамитын инфекциялар ( құтыру ауруы, герпес инфекциясы)
Инфекциялық үрдістің түрлері
Инфекциялық ауру әртүрлі көріністермен байқалатын инфекциялық үрдістің жоғары дәрежесі. Байқалу көріністері+
клиникалық
патоморфологиялық
биохимиялық
иммунологиялық
2 |
1 |
2 |
Жұқпалы ауруларда қолданылатын лабораториялық және инструментальды тексеру әдістері атап өтіңіз. |
Жұқпалы ауру диагнозын анықтау үшін аурудың даму анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, мүшелер мен жүйелердің клиникалық зерттеуі, лабораторлық зерттеулер қолданылады. Клиникалық зерттеу барысында науқас жағдайы бағаланады. Біріншіден аурудың ауырлық дәрежесін, сана сезімін, анықтау қажет. Менингеальді синдромды тексеру тиісті. Тері жабындыларын қарап тексергенде терінің түсіне, ылғалдығына, дермографизмге, бөртпеге назар аударылады. Одан басқа, көрінетін шырышты қабаттардың да түсі өзгеріп, энантемалардың болуы маңызды. Лимфа түйіндердің, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюына назар аудару керек. Олар ұлғайған жағдайда көлемін, консистенциясын, ауырлық сезімін, қоршаған тіндермен байланысын анықтау қажет. Бұл синдромдар жайылмалы инфкцияларға тән. Ішкі мүшелер белгілі ретпен тексеріледі.
Эпидемиологиялық анамнезінде жұқпалы аурулармен қатынас туралы, тұрмыс, тамақтану жағдайлары туралы мәлімет жиналады. Жұқпалы аурулардың диагностикасында гемограмма, копрограмма және урограмма көрсеткіштерінің маңызы зор.
Зертханалық зерттеулерге әртүрлі материалдар алынады: қан, нәжіс, зәр, асқазанның жуынды сулары, анқаның жағындысы, жаралардың бөлінділері, жұлын сұйықтығы, қақырық және т.б.
Арнайы әдістерге бактериологиялық, вирусологиялық, микроскопиялық, серологиялық, биологиялық әдістер және терілік-аллергиялық сынамалар жатады.
Соңғы жылдары жұқпалы аурулардың стандартты анықтау қағидалары құрастырылып тәжірибелік жұмысқа енгізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығы бойынша есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттар құрастырыған. Есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесі:
Оба.
Туляремия.
Күйдіргі (түйнеме).
Бруцеллез.
Конго-қырым геморрагиялық қызбасы.
Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба.
Шешек.
Ботулизм.
Кенелік энцефалит.
Тырысқақ.
Қазір басқа жұқпалы аурулар жағдайларын стандартты анықтамалары құрастырылып жатыр. Жұқпалы аурулар жағдайының стандартты анықтау қағидалары келесі мәліметтерге негізделеді:
Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы;
Жұқпалы аурулардың ықтимал жағдайы;
Жұқпалы аурулардың расталған немесе дәлеледенген жағдайы.
Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы аурудың аса тән клиникалық белгілеріне негізделінеді, ықтимал жағдайы эпидемиологиялық мәліметтерге негізделінеді, расталған немесе дәлеледенген жағдайы зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделінеді.
Жұқпалы аурулардың күмәндану және ықтимал жағдайы анықталса жедел түрде санэпидстанцияға хабарландыру беру керек. Осы кезден бастап ауруға қарсы алдын алу шаралар жүзеге асыралыды. Жұқпалы аурулардың расталған жағдай анықталса аурудың диагнозы дәлелденіп ресми түрде тіркеуге кіреді.
2 |
1 |
3 |
Жұқпалы аурулардың инфекцияларға қарсы іс-шаралар принциптерін жазыңыз. |
Жұқпалы аурулар ошағындағы эпидемияға қарсы шаралар
Эпидемиялық процестің бірінші звеносы |
Эпидемиялық процестің екінші звеносы |
Эпидемиялық процестің үшінші звеносы |
Жалпы шаралар |
Зақымдалған адамдар: Ø Анықтау. Ø Эпид.анамнезді сұрастыру. Ø Оңашалау (үй жағдайында және ауруханаға жатқызу). Ø МСЭҚБ-на хабарлау ф. 058/у. Ø Жұқпалы ауруларды Ø тіркеу журналына тіркеу ф.060ф Ø Емдеу-диагностикалық шаралар. Закымдалған жануарлар: Ø Анықтап табу. Ø Изоляция. Ø Емдеу-диагностикалық шаралар немесе жою. Ø Дератизация |
Сыртқы орта факторлары: Ø Дезинфекция. Ø Стерилизация Ø Дезинсекция Ø Санитарлық-гигиеналық шаралар. |
Инфекция көзімен қатынаста болған адамдар: Ø Қатынаста болғандардың барлығын анықтау. Ø Максимальді инкубациялық кезең уақытында бақылау. Ø Қатынаста болғандарды лабораторлық .тексеру Ø Жедел профилактика Ø Иммунопрофилак- тика. |
Ø Ошақта қоршаған ортадан, суды, ауаны, қалдық тағамдарды және т.б. бактериологиялық зерттеу. Ø Санитарлық-ағарту жұмыстар. |
Жұмыстың бірінші сатысы-науқас адамдарды табу және емдеу. Оны емдеу мекемесінің қызметкерлері - емхананың мед.қызметкерлері (участкенің, стационарлар мен жұқпалы аурулар кабинеті, инфекциялық аурухана, инфекциялық емес стационардың медициналық персоналы) жүргізеді. Сонымен қатар белгілі бір шаралар- мектепке дейінгі және мектептегі мед.қызметкерлерге де жүктелген.
Жұқпалы ауруларды ерте анықтау, оларды ерте кезеңде емдеуге, асқынуларды алдын алуға, аурулардың созылмалы түрде өтуіне; летальді жағдайдың болмауына мүмкіндік береді. Екіншіден - инфекциялық науқастың тез табылуы, оны ерте оңашалауға мүмкіндік береді және инфекция көзі ретінде аз уақыт болады. Сонымен бірге жұқпалы ауруды ерте анықтағанда эпидемияға қарсы шараларды тез арада ұйымдастырып, инфекцияның таралуына жол бермейді.
Инфекциялық науқастарды анықтаудың екі әдісі бар: енжар (пассивті) және
белсенді (активті).
Науқасты анықтаудың пассивті түрінде науқас адам немесе туыстары медициналық көмекке өздері жүгінеді. Алайда аурудың жеңіл түрінде науқас адамдар көмекті қажет етпейтіндектен, белсенді анықтау түрі ұйымдастырылады.
Активті анықтау бұл-
Ø профилактикалық тексеру немесе зерттеу кезіндегі науқастарды анықтау;
Ø аула аралық тексеру;
Ø белгілі бір контингенттерді әртүрлі көрсеткіштері бойынша бақылау кезінде науқастарды анықтау.
Ø флюрография.
Тәжірибе жүзінде барлық емдеуші дәрігерлер жұқпалы аурулармен кездеседі. Ол дұрыс қойылмаған алғашқы диагнозбен аурхананың хирургиялық, терапиялық бөлімшелеріне науқасты жатқызғанда болуы мүмкін.
Бактерия тасмалдаушыларды анықтау тұрғындардың әртүрлі категорияларын бактериялық тексеру кезінде анықталады.
Жұқпалы аурудың диагнозы клиникалық мәліметтер бойынша, эпидемиологиялық талдаудың көрсеткіштері және лабораториялық зерттеулер нәтижелері бойынша қойылады. Әрбір дәрігер өзінің участкесіндегі эпидемиялық жағдайды біліп отыру керек, сырқаттанушылықтың, яғни көтерілу немесе төмендеу мерзімін, аурулардың таралуын, эпидемиологтардың болжамын білу қажет.
Эпидемиологиялық анамнезді анықтау ең қиын және уақытты қажет ететін жұмыс. Эпидемиологиялық анамнезді нақтылау тек қана эпидемиолог дәрігердің жұмысы деген қате ұғым бар. Эпидемиологиялық анамнезді толық түрде және уақытында жинау, емдеу дәрігеріне аурудың сипатын білу үшін көп мәлімет береді. Ол үшін дұрыс бағытталған сұрақтарды қоя білу кажет. Дәрігер науқас адамның инфекция қоздырғышының көзімен қатынасын анықтауы тиіс. Науқасты және оның туыстарын сұрастыру кезінде жеңіл өтетін және жасырын формадағы (дизентерия, менингококты назофарингит) науқастың қауіптілігіне назар аудару керек. Сонымен қатар бұрын ауырған жұқпалы аурулардың (этиологиясы белгісіз созылмалы қызбалар, продрома кезеңіндегі инфекциялық гепатиттің формалары) бар-жоғын анықтау қажет. Дәрігер сұрастыру барысында жұқпалы аурудың клиникалық формасын, оның жұқтыру кезеңінің мерзімін білу, инкубациялық кезеңнің ұзақтығын ескеру қажет, сұрастыруды жеке, бөгде адамның қатысынсыз өткізу керек.
Науқас адамдарды оңашалау инфекциялық ауруларда бірдей емес. Мысалы жеңіл өтетін жедел респираторлы немесе ішектік инфекция кезінде, санитарлық мәдениет толық сақталса, тұрмыстық жағдай деңгейі жоғары болса, науқастарды үйінде қалдыруға болады.
Дизентерия, сальмонеллез және басқа да жұқпалы ауруларда емдеу дәрігері науқасты үйге қалдыруға шешім қабылдағанда эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды талап ету керек.
Қоздырғыштың организмнен бөлініп шығу жолдарына байланысты науқас адамдарды жеке бөлмеде оңашалау қажет; тыныс жолдары инфекциясы кезінде маска кию, ішек ауруларында ыдыс-аяқтың болуы, ағымды дезинфекцияны жүргізу сияқты ережелер сақталуы керек.
Науқастарды ауруханаға жатқызу эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша, яғни аурудың ауыр немесе орташа дәрежелерінде, жас балалардың, қарт адамдардың ауырып қалуында, адам декреттелген топқа жатса (тағам өнеркәсібінде жұмыс істесе) тұрмыстық жағдайының нашар болуында мысалы, жатаханада, жағдайы нашар пәтерде тұрса, су құбыры, канализация болмаса т.б жүргізіледі.
Кейбір инфекциялық аурулар кезінде-оба, тырысқақ, бөртпе және қайталамалы сүзек, іш сүзегі, паратиф, күл, полиомиелит, т.б. инфекцияларда госпитализация міндетті болып саналады.
Ауруханаға науқастар арнайы немесе жеке көлікпен жеткізіліп, соңынан көлікті дезинфекциялау қажет. Жұқпалы ауруларды арнайы бөлімшелерге немесе бокстарға жатқызады. Бұл ауруханаішілік инфекцияның алдын алуда, науқастарды оңашалауда маңызды.
Науқас адамдарды анықтағаннан кейін МСЭҚБ-на (Мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалай басқармасына) «Жұқпалы ауру, тамақтан улану, жедел кәсіби улану, егуден тыс реакция туралы» жедел хабарлама (ф.058/у) жіберіледі. Жедел хабарламаны қысқа уақытта жіберу маңызды (12 сағаттан кеш емес, ауылдық жерде 24 сағат ішінде), себебі сол уақыттан бастап, ошақта эпидемияға қарсы жұмысты МСЭҚБ (Мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасы) дәрігерлері жүргізеді.
Жедел хабарламаны жұқпалы ауруды анықтаған немесе күдіктенген ЕПМ-нің дәрігерлері, орта медициналық қызметкерлері толтырады. Бұл хабарламаны мектепке дейінгі, мектеп, мектеп-интернат, балалар үйі мекемелерінің медициналық қызметкерлері де жұқпалы ауруды анықтағанда толтырады. Емдеу - профилактикалық мекемеде жұқпалы ауруларды тіркеу журналына тіркейді (ф.№ 60). Хабарламамен қоса МСЭҚБ-на телефон арқылы хабарлайды.
Жұқпалы аурларды тіркеу журналы (ф.№ 60) барлық емдеу профилактикалық мекемелерде, мектепке дейінгі мекемелерде балалар үйінде, т.б. мекемелерде жүргізіледі.
Әр айдың соңында емдеу профилактикалық мекеме тіркелген инфекциялық аурулар туралы есепті МСЭҚБ-на келесі формада жіберіп отырады:
Ø Жекелеген инфекциялық және паразиттарлы аурулар туралы есеп беру (ф. № 1 айлық).
Ø Грипп және басқа жедел респираторлы аурулар қозғалысы туралы есеп беру (ф. №25 грипп, айлық).
Ø Алдын алу шаралары туралы есеп беру (ф. № 87- жартыжылдық, жылдық).
Ауруханаға жатқызу және оңашалау ұзақтығы жұқпалы аурудың ауырлық дәрежесіне, жұқтыру кезеңіне байланысты анықталады.
Кейбір жұқпалы аурулардан жазылып шыққан адамдар, сонын ішінде, іш сүзегі мен паратиф, дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит, тырысқақ, бруцеллез, туберкулез, безгектен соң диспансерлік бақылауға жатады.
Науқас адамдар жазылған соң, патогенді микроорганизмді тасымалдаушылықты болдырмау мақсатында диспансерлік бақылау жүргізіледі.
Сонымен бірге кейбір ауруларда, мысалы іш сүзегі, туберкулезде қоздырғыштың сыртқы ортаға көптеп бөлінуі байқалады, сондықтан осындай адамдардың эпидемиологиялық қауіптілігі артады. Бұл адамдарды уақытында оңашалаудың емдеу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде маңызы зор.
Науқас ауруханадан жазылып шыққан соң (немесе үйде оңашалау уақыты біткен соң) тез арада диспансерлік есепке алынған соң, медициналық қызметкер тексеру қажет. Яғни, клиникалық тексеру және қажетті лабораториялық инструменттік зерттеулер жүргізеді. Зерттеу нәтижесінде медикоментозды емдеу тағайындайды. Қажетті жағдайда жазылып шыққан адамды, уақытша немесе үнемі бұрынғы жұмысынан алыстатады, өндіріс әкімшілігімен бірге отырып, басқа жұмысқа орналастыру мәселелерін шешеді. Жазылып шыққан адамның қажетті режимді сақтауын, ағымды дезинфекцияны дұрыс жүргізетінін тексеру мақсатында патронаж жүргізіледі, яғни мед кызметкер жазылып шыққан адамның үйіне барады.
Диспансерлік бақылау мерзімі аяқталғаннан соң, жазылып шыққан адамды диспансерлік есептен шығарады. Диспансерлік есептен шығару комиссия түрінде жүзеге асады.
2 |
1 |
4 |
Қызба. Қызбаның түрлері. Жұқпалы ауруларда қызбаның диагностикалық маңызы қандай?. |
Қызба (Febris) дегеніміз бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организімнің белсенді-қорғану реакциясы .Ондай тітіркендіргештер пирогенді заттар деп аталады. Оларға микробтар, олардың улары, сары сулар, вакциналар, жарақаттануда, ішкі қансырауларда, некрозда, күйіктерде пайда болатын ағза тіндерінің ыдырау өнімдері жатады. Қызба педиатриялық тәжірибеде жедел жәрдем көмегіне сүйенетін ең жиі жағдайлардың бірі. Қызба баланың жағдайын нашарлатып, ата-ана мазасыздығын шақырады және әр түрлі дәрілік препараттарды бақылаусыз қолданудың негізгі себебі болып табылады. ЖРВИ-мен ауратындардың 95% ыстық түсіретін препараттарды 38°С қабылдайды, алайда балаларда аздаған қызба ( 38,5 °С дейін) ыңғайсыздық шақырмайды. Қызба пайда болу себептеріне байланысты Инфекциялық қызба – бактериялардың вирустардың, қарапайым жануарлардың, саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба – тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, қан қүю, аллергия, цирроз, ісік өсу және т.б жатады.
Қызба дамуы 3 кезеңнен тұрады: Бірінші кезең- дене қызуының көтерілуі: жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Жылу бөлу тері тамырларының тарылуы салдарынан бірден төмендейді. Дене температурасының жоғарлауына қарамастан тері суық «Қаз терісіне ұқсас» болады.Мұндай кезде науқасты жылыту, төсекке жатқызу, қымтап жабу,жылытқыштар қою, жылы шай беру. Екінші кезең- салыстырмалы тұрақты кезеңі: жылу өндіру мен жылу бөлу үрдісінің теңесуімен сипатталады. Қалтырау азаяды, Тері тамырларының жиырылуы төмендейді. Бұл кезде ОЖЖ жағынан айқын бұзылыстар болуы мүмкің: бас ауыру, үйқысыздық, галлюцинациялар, сандырақтау.т.бБұл кезде қарсы көрсеткіш болмаса жиі, бөліп-бөліп көп сұйықтық ішкізу ұсынылады.Қатаң төсек тәртібі. Үшінші кезеңі-қызудың төмендеу кезеңі: шеткі қан тамырдың кеңеюі салдарынан жылу берудің жылу бөлуден неғұрлым басымдылығымен сипатталады.Ол әр түрлі өтеді. Дене қызуының біртіндеп, бірнеше күн ішінде түсуі литикалық немесе лизис деп аталады.Тез, 5-8сағ ішінде, жоғары мөлшерден 39-40с қалыпты деңгейге түсуі кризис деп аталады. Дене қызуының критикалық түсуі мед қызыметкерлердің батыл шаралар қолдануды қажет етеді.
Қызбаның жіктелуі: Дене қызуының деңгейіне қарай: субфебрильді температураны 37,2-38,0° С; фебрильді 38,1-39,0°С; гипертермиялық 39,0°С және одан жоғары температура Түріне байланысты: Қызыл гипертермия (өзін өзі қалыпты сезіну мен қызғылт тері жабындыларымен жүреді). Ақ гипертермия (өзін өзі сезінуі мен жағдайы нашарлап, қалтырау, тері жабындыларының бозғылттануы болады). Ұзақтығына байланысты: Жедел: – 2 аптаға дейін Жеделдеу- 6 аптаға дейін Созылмалы – 6 аптадан жоғары Ақ гипертермия терісі бозарған, «мәрмар тәрізді», тырнақтары мен еріндері көгерген, «ақ дақ» симптомы оң; - аяқ-қолы суық; - шамадан тыс тахикардия, ентігу; - баланың жүріс тұрысының бұзылуы, немқұрайдылық, сабырлылық, қозуы, сандырақтауы, тырысулардың болуы ықтимал. «Ақ» гипертермия кезінде қызуды басатын дәрілердің көмегі жеткіліксіз. Көбінесе болжамы қолайлырақ болып келетін «қызыл» гипертермия кездеседі (жылудың өндірілуі жылудың шығарылуына сәйкес келеді): терісі шамалы гипертермияланған, ыстық, ылғал, аяқ-қолы жылы; тамырының соғуы мен тынысының жиілеуі дене қызуының кетерілуіне сәйкес келеді (37°С жоғары әрбір градусқа ентігу минутына 4 рет тыныс алуға, ал тахикардия минутына 20 рет соғуға артады); температураның фебрильдік және гипертермиялық сандарға дейін көтерілуіне қарамастан, баланың жүріс-тұрысы кәдімгідей болады.
2 |
1 |
5 |
Жұқпалы аурулармен науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жазыңыз. |
