- •Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы.
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен ең күнделі мәсеселер:
- •Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар
- •Жұқпалы аурулардың жіктелуі
- •Инфекциялық үрдістің даму түрлері.
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •1961Ж.Дсұ-ң ұсынысы бойынша жра-ң этиологиялық факторына негізделген жіктелу тағайындалды
- •Жрви этиологиясы
- •Жрви эпидемиологиясы
- •Патогенетикалық факторлар:
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
Диспансеризация (француз dispensaire - босату) - аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, адамның еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шаралар комплексі.
Диспансеризацияның негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын, еңбекке жарамдылығын сақтау және жақсарту, адамдар өмірін ұзарту болып табылады. Бұл мақсатта ауруларды белсенді анықтау және ерте емдеу, аурудың пайда болу және таралу себептерін анықтау және жою, санитарлық гигиеналық, профилактикалық, емдік – сақтау және әлеуметтік шараларды өткізу жолымен жетеді.
Жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансерлік бақылауы бұйрықтарға және нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Жұқпалы ауруханадан шығарылған реконвалесценттер ЖАК дәрігерінің немесе учаскелік дәрігердің (жалпы тәжірибе дәрігері) диспансерлік бақылауына жолданады.
Көптеген жұқпалы ауруларда диспансерлік бақылау мерзімдері, ЖАК дәрігердің тексеру жиілігі, лабораториялық және басқа зерттеулер тізімі және кезеңділігі белгіленген. Қажет болса басқа мамандардың кеңесі жүргізіледі: терапевт, кардиолог, невропотолог және т. б. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансеризациясы мақсаттарына емдік – сауығу, реабилитациялық шаралар жүргізу, қосымша патологияны анықтау және емдеу кіреді. Егер қажеттілік болса медикаментозды ем жалғастырылады. Диспансерлік бақылауды жүргізетін дәрігер науқас өмірінің саласын жақсартуға бағытталған, диета бойынша ұсыныстар береді; физиотерапиялық процедуралар, емдік дене шынықтыру және санаториялық – курорттық ем туралы сұрақтарды шешеді. Одан басқа дәрігіердің міндеттеріне науқастың еңбек және демалыс тәртібі туралы, уақытша еңбекке жарамсыздың экспертизасы туралы сұрақтарды шешу кіреді.
Тағам өндірісінде жұмыс істейтін немесе оларға теңестірілген адамдарда ұзақ бактериятасымалдаушылық анықталса, эпидемиологпен бірге олардың басқа жұмысқа ауыстырылуы туралы сұрақ шешіледі.
Реабилитация (латын re – қайта; habititas – қасиет, жарамдылық) – науқастың ауру әсерінен бұзылған денсаулығын және еңбекке жарамдылығын тез және толық қалыптастыруға бағытталған медициналық және әлеуметтік – экономикалық шаралар жүйесі.
Жұқпалы аурулар кезіндегі науқастың реабилитациясы ең алдымен организм тіршілігін демеуге және науқастың жаңа жағдайларға, қоршаған ортаға, сонымен қатар әлеуметтік факторларға (қоғам, еңбек) үйренуін жақсартуға бағытталған.
Жұқпалы аурулар кезіндегі реабилитациялық шараларды аурудың өршу кезеңінде немесе ерте реконвалесценция кезеңінде бастау керек.
Ауруханадан шыққан соң реабилитация өту үшін науқастар реабилитациялық орталықтарға немесе санаторияларға, одан кейін емханаларға (ЖАК) жолданады. Реабилитация орталықтарындағы және санаториялардағы қалыптастыру шаралары міндетті болып табылмайды. Жұқпалы науқастарының көбісі реабилитациялық емді ауруханада, кеін емханада (ЖАК) өтеді. Егер науқас ауруханаға жатқызылмаған болса барлық реабилитациялық шаралар амбулаторлық – емханалық қызметпен өткізіледі.
Реабилитация комплексті түрде жүреді. Негізгі емдік – қалыптастыру шаралары – тәртіп (аянышты, аянышты шынықтыру, белсендіруші), емдік диета, емдік дене шынықтыру, физиотерапия, психотерапиялық әдістер. Сонымен қатар, фармакологиялық дәрілер де қолданылады: ноотропты препараттар, адаптогендер, поливитаминдер. Аурудың нозологиялық түріне назар аудару керек.
2 |
2 |
1 |
А және Е вирусты гепатиттері: этилогиясы, эпидемиологиясы, лабораторлы диагностикасын көрсетіңіз. |
Этиологиясы.А гепатит вирусы (HAV) энтеровирустар тұқымдастығына Picornaviridae жатады. Кей кезде вирусты 72 типтегі энтеровирус деп те атайды. Ол дөңгелек, сәл жиектелген, көлденеңінен алғанда 27-32 нм бөлшек. Вирустың нуклеокапсидінің сыртқы қабығы және беткейлік шығыңқысы жоқ. Вирионның орталық компоненті болмайды. Вирустың геномы молекулярлық салмағы 2,25 мегадельтон, жалғыз спиральды сызықты РНҚ молекуласынан тұрады. Әлемнің әр бөлігінде вирусының әр түрлі штамдары анықталған, бірақ олардың бәрінде барлығын бір серотипке жатқызатын бірдей антиген бар және қарама-қарсы протективті иммунитет туғызады. Жалғыз антиген болғандықтан анти-HAV-антиденелері, алдымен Ig M, кейін Ig G түзеледі.
А гепатитінің вирусы суда ұзақ уақыт (3-10 ай) сақталуы мүмкін, топырақта, нәжісте (1 айға дейін), үй тұрмыс заттарында да сақталады. 100 С –та 5 мин қайнатқанда инактивирленеді. Вирус формалин мен УКС-не (УФО) сезімтал, салыстырмалы түрде хлорға төзімді, хлороформ мен эфирдің әсеріне инактивирленбейді.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар аурудың манифестті түрімен науқастар жатады. А гепатит вирусы фекалды-оралды механизммен беріледі. Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды және сарғыштықтың 2-7 күнінде аяқталады. Сонымен, науқас қоршаған адамдарға инкубация кезеңінің екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық қауіпті және ол қауіптілік сарғыштық кезеңінде жоғалады. Вирусты А гепатитінің сарғыштық түрімен ауырған науқастардан, аурудың жасырын және сарғыштығы жоқ түрлерімен ауырғандардың саны 2-10 есе көп кездеседі. HAV- тасымалдаушылығы және созылмалы ауру түрінің кездесуі, сонымен қатар, аурудың ауа-тамшылы жолмен берілуі мүмкіндігі қазіргі кезде жоққа шығарылған. HAV анасынан жатырдағы баласына берілуі де мүмкін емес, өйткені вирус трансплацентарлы тосқауылдан өте алмайды. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.
А вирусты гепатитке қабылдаушылық ортақ болады. Алайда 1 жастан үлкен балалар (әсіресе, 3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында бұл ауру жиі тіркеледі.
А вирусты гепатитке маусымдылық (аурудың максимальді сырқаттанушылық кезеңі күз-қыс айларында тіркеледі), кезеңділік (сырқаттанушылық 3-5; 7-10 жылда көтеріледі) тән.
А вирусты гепатиті жалпылама таралған. А гепатитінің таралуына объектілердің санитарлық жағдайы, тұрғындардың санитарлық мәдениеті әсер етеді. Сондықтан, өмір сүру деңгейі жоғары елдерде, дамитын елдерге қарағанда сырқаттанушылық аз тіркеледі.
Диагностикасы. А гепатиті диагнозы эпидемиологиялық (А гепатитімен науқаспен жанасқаннан кейін 7-50 күнде ауыруы), клиникалық белгілері (аурудың циклділігі симптомдардың алмасу заңдылығымен өтетін продромалды және сарғыштық кезеңі), лабораторлық зерттеу нәтижелеріне негізделеді.
Лабораторлық зерттеу келесі нәтижелерге негізделеді:
1. перифериялық қан анализінің өзгеруі
2. пигмент тесттерінің өзгеруі
3. бауыр сынамаларының өзгеруі
4. серологиялық анализ
5. аспаптық
Қанның жалпы анализінде лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, және моноцитоз байқалады.
Қалыпты жағдайда жалпы билирубин 20,5мкмоль/л құрайды. Гепатит кезінде гипербилирубинемия тікелей фракция көбеюімен байқалады.
Пигментті алмасудың бұзылысы сарғыштық алды кезеңде басталып, несепте уробилин пайда болады. Бауыр сынамаларының тобына аланин трансаминаза (АЛТ), аспарагин трансаминаза (АСТ) кіреді. Гепатит кезінде АЛТ-нің салдарынан (қалыпта жағдайда 0,68%) гиперферментемия 2-5 есе көбейеді.
Гепатит кезінде қан ұюы факторының ферменттер (фибриноген, протромбин, проакцелерин, проконвертин) тобының синтезі төмендейді. Әсіресе бауырдың массивті немесе субмассивті некрозы кезінде протромбин индексі (қалыпты жағдайда 80-100%) едәуір төмендейді.
Бауыр сынамаларының тобына мезенхималы сынамалар (сулемалық және тимолдық) кіреді және олар ретикуло-эндотелиалды жүйесінің зақымдануын көрсетеді.
Тимол сынамасы (қалыпты жағдайда 4-5 Ед) 10-20 есе көбейіп, сулемалық сынама (қалыпты жағдайда 1,8-2,0 Бірлік) 1,7-1,6 есе төмендейді.
Нақтамалық мақсатпен холестатикалық сынамалар жасалады, олар өт іркілуін көрсетеді. Гепатиттің холестатикалық түрінде сілтілі фосфатаза (қалыпты жағдайда 64 Ед/л) едәуір жоғарылайды. Гепатит кезінде холестерин қалыпты жағдайда 3,1-6,2 ммоль/л немесе 120-240 мг% дейін жоғарылайды.
А гепатиттің диагностикасы вирустың антигенінің (HAV Аg) нәжісте және вирусқа қарсы антиденелерінің қан сарысуында анықталуына негізделеді. Клиникалық практикада вирусқа қарсы IgM класына жататын антиденелерді (анти-HAV IgM) анықтау маңызды болып табылады. Бұл антиденелер науқастардың қанында жасырын кезеңде пайда болады, сонан соң олардың титрі күрт өседі, кейін біртіндеп соңғы 6-8 ай ішінде төмендейді.
IgG тобына жататын антиденелер (анти-HAV IgG) аурудың 2-3 аптасында пайда болады, ал максималды шегіне реконвалесценцияның 5-6 айында жетеді, сонан соң төмендеп өмір бойы сақталады. Осы антиденелердің қанда болуы HAV – пен бұрын соңды жанасуда болғанын көрсетеді.
Салыстырмалы диагностикасы. А гепатитінің продромалды кезеңін салыстырады:
● тымаудан және басқа жедел респираторлы аурудан;
● энтеровирусты инфекциядан;
● сүзек топтас аурулардан;
● жедел ішек инфекцияларынан.
Сарғыштық кезеңінде А гепатитін төменде аталған аурулардың
сарғыштық түрімен салыстырады:
● жұқпалы мононуклеоз;
● лептоспироз;
● псевдотуберкулез;
● гемалитикалық сарғыштық;
● токсикалық сарғыштық;
● механикалық сарғыштық.
Этиология. 1990 жылы молекулярлы гибридизация әдiciмен вирусспецификалық клон бөлiнiп алынған. Бұл клон Азияның әртүрлi аймақтарындағы эпидемиялық өршулер кезiнде науқастардың нәжiсiнен бөлiнген клонға ұқсас болды. Иммундық-электронды-микроскопиялық зерттеулер барысында Е гепатит вирусының құрылымы анықталды. Сынамаларда диаметрi 27-33нм (көбiнесе 32-34нм) сфера тәрiздi вирусқа ұқсас бөлшектер табылады. Вирус – бiр жiпшелi, құрамында РНҚ бар: қабықшасы жоқ, НЕАg-ге ие. Е гепатит вирусының таксономдық жiктелуi әлi толығымен анықталған емес. HEV –ң HAV-дан, жалпы пикорнавирустар тұқымдастығынан анағұрлым айырмашылықтары бар, бiрақ Caliciviridae тобына құрылымы жақын. Сонымен қатар, Togaviridae тобына ұқсас екеуi де анықталған. HAV-мен салыстырғанда, HEV қоршаған ортаның әртүрлi факторларына төзiмдiлiгі төмен; лабораторлық жағдайларда тез жойылады. Вирустың 3 генотипiн ажыратады: мексикалық және 2 азиялық (Бирма, Пакистан). Олардың барлығы бiр серотипке жатады, сондықтан серологиялық реакциялар қиылысуы мүмкін.
Эпидемиологиясы. Е гепатиті А гепатитке ұқсас, фекалды-оралды механизммен тарайтын антропонозды инфекцияға жатады. Инфекция көзі – жедел НEV-инфекциясымен, әсiресе оның сарғаюсыз, немесе латенттi түрiмен ауыратын адамдар. Таралу жолы – көбiнесе су арқылы, HEV-нi water born hepatitis virus деп атайды. А гепатитпен ерекше қатынастық-тұрмыстық жолмен сирек тарайды. Жанұялық ошақтар тiркелген емес. Бұны HAV-мен салыстырғанда HEV-нiң нәжiстегi концентрациясы аз болатынымен түсiндiруге болады.
Е гепатиті көбінесе 15-40 жастағы адамдарда тiркеледi. Ер адамдар жиiрек ауырады. Бұл ауру кезiндегi өлім-жітім көрсеткiшi жоғары емес. Қытайда болған вирусты Е гепатиттiң iрi эпидемиясы кезiнде (1986 жылы шамамен 120 мың адам ауырды) өлiм көрсеткiшi 0,58% болды. Жүктi әйелдерде ауру ағымы ауыр, жоғары өлiм көрсеткiшiне әкеп соғады. Егер ауру жүктiліктiң екiншi жартысында пайда болса, науқастардың 20% өледi.
Е гепатитімен ауыру көбiнесе күзде жоғарылайды, күзде жаңбыр көп жауып, iрi өзендер толады. Осыған байланысты жерасты суларының деңгейi жоғарылап, сумен қамтамасыз ету көздерi залалданады.
Е вирусты гепатиттiң эпидемиялық аумақтары Оңтүстiк-Шығыс Азияда, Индияда, Орталық Америкада тiркелген. Аурудың бiрен саран жағдайлары Америка мен Европада да кездеседi.
Диагностикасы және салыстырмалы диагностикасы. Е вирусты гепатиті диагнозы клиникалық және эпидемиологиялық ерекшелiктердiң негiзiнде койылады. ИФА әдiсiмен HEV-ге антиденелер анықталады. Анти-HEV IgM канда аурудын 10-12 күнi пайда болып 1-2 ай сақталады. Содан кейiн, қысқа уакыттан соң анти-HEV IgG қаннан анықталады. Бұл антидененiң анықталуы HEV-мен қатынас болғаны туралы айтады. Инфекциялық процестiң ерте фазасында HEV-РНҚ табылуы мүмк
2 |
2 |
2 |
Ішек інфекциялардың алдын алу іс-шараларын көрсетініз. |
Алдын алу шаралары. Сүзек-парасүзек ауруларымен күрес бойынша шаралар былай бағытталуы керек: жұқпалы аурулардың көзін зиянсыз ету; берілу жолдарын қиып өту; ұжымның қарсы тұра алмауының жоғарылауы. Іш сүзек профилактикасы алдыңғы кезекте жалпы тазалық шараларына жүргізіледі: сумен жабдықтаудың сапасын жақсарту, көпшілік орынды таза ұстау, канализацияларды тазалау, шыбындармен күрес. Науқастар ауруханадан шыққаннан кейін диспансерлік бақылауда 3 ай бойы болады. Науқастың нәжісі, дәреті, өті бактериологиялық бақылаудан өтеді. Сүзек-парасүзек ауруларына қарсы иммунизация жоспарлы тәртіпте, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша іске асырыллады.
А және В паратифтер
А және В паратифтерінің морфологиялық, иммунологиялық, эпидемиологиялық, патогенетикалық және клиникалық көріністері іш сүзегімен ұқсас, бірақ та кейбір өзгешеліктері бар.
А паратиф қоздырғышы - Salmonella paratyphi А. Паратифтің А түрінде жасырың кезеңі іш сүзегіне қарағанда қысқа болады, оның мерзімі 8-10 күн шамасында. Ауру көбінесе жедел түрде басталады, кейде бастапқы кезеңінде тұмаумен араласып, жөтел де қосылады.Науқастарды тексергенде беті қызарып, көздің айналасы да қызарып, ерінге герпестік бөртпелер шығады. Температуралық қисықтары типті мінездеме бермей, кейде ремиттерлеуші болады. Қалтырап қозудың соңытоңуға ауысады, сосын бірқалыпты болады. А паратифі кезінде теріге бөртпелер шығып, олар полиморфты (дақты, дақты- папулезді) болады, денеде бір мезгілде пайда болады. Бөртпелер қызарыңқырап, қызылшаға ұқсап, болмаса қанталап тұрады. Улану заңды түрде баяу жүріп, іш сүзегіндей статуста өтпейді. Қан анализінде нормацитоз, кейде лейкоцитоз, лимфомоноцитозбен кездесетіні белгілі болады. Ауырған адамдардың көпшілігінде бұл дерт орта ауыр жағдайда, кей жағдайда ауыр түрінде өтеді. Ішектен қан кетуіне, өкпенің қабынуына т.б. асқынуларына ауыспайды. А паратифінде жиі аурудың қайталануы болады.
В паратиф қоздырғышы - Salmonella paratyphi В. В паратифі кезінде жасырын кезеңі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін. Ауру көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еттері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезіңде көрінеді де, өзінің полиморфтылығымен сипатталады. Кейбір жағдайларда В паратиф дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол іріңді менингитке, менингоэнцефалитке, септикопиемияға айналады. Қан анализінде нейтрофилді лейкоцитоз байқалады. Дерттің қайталануы (рецидивтері) мүмкін.
2 |
2 |
3 |
Науқастарды АИТВ инфекциясына эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру. |
тапшылығын шақыратын вирус «баяу» инфекциялар қатарына жатады. Адам иммунитет тапшылығын шақыратын вирус гендік аппараты рибонуклеин қышқылынан тұратын ретровирустар қатарына жатады. Вирус сыртқы қабықтан, оған бекіген арнайы белоктар-Gр120, Gр41-ден тұрады. Вирустың ортасындағы геном рибонуклеин қышқылымен қоса 3 ферменттер бар - кері транскриптаза (ревертаза), интеграза және протеаза. Адамның иммунитет тапшылығыншақыратын вирус көлемі жағынан орташа вирустарға жатады. 1 сантиметрлік сызыққа 70-100 мың вирустық бөлшектер сияды.
Соңғы кездерде адамның иммундытапшылық вирусының биологиялық ерекшелігі анықталған, ол - вирустың өте тез өзгергіштік қасиеті. Вирус бөлшектерінiң қабығынан сыртқа шығып тұратын ерекше белоктар өзінің антигендік құрылымын жылдам өзгертеді.
АИВ- инфекция қоздырғышының 2 түрі бар: АИВ-1 және АИВ-2.
АИВ-1 - Солтүстік Америка және Европа елдерінде кең тараған вирус. АИВ-2 – Батыс Африкада.
Адамда иммунитет тапшылығын шақыратын вирус сыртқы орта әсерлеріне тұрақсыз. Вирус 54ºС температураға қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда 1-5 мин аралығында және де қышқылдық-сілтілік РН орта кенеттен өзгергенде өз қасиетін жояды. Күнделікті жағдайда қолданылып жүрген дезинфектанттар әсерінен тез арада тіршілігін жояды. Осыған қарамай вирус ультрасәулелер мен йонды радиация әсеріне тұрақты келеді.
Эпидемиологиясы.АИВ-инфекция көзі - науқас немесе вирустасымалдаушы адам. Вирус науқас адам мен вирустасымалдаушы адамның қанында, шәуетінде, емшек сүтінде, көз жасында, кынап және жатыр мойны шырышында, әртүрлі тіндерінде, жұлын сұйықтығында кездеседі. Вирус қан мен шәуетте көп мөлшерде кездесетіндіктен оның осы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғу қаупі жоғары. Ал сілекейде, емшек сүтінде, жұлын сұйығында, көз жасында және тағы да басқа биологиялық сұйықтықтар мен тіндерде вирус мөлшері төмен болғандықтан жұғу қаупі де төмен.
АИВ-инфекция науқас адам немесе вирустасымалдаушыдан 3 жолмен жұғады: жыныстық қатынас арқылы, қан және қан препараттары арқылы, анасынан баласына (плацента тосқауылы арқылы өтіп босанғанға дейінгі кезеңде, босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде – емшек сүтiмен). Кейбір жағдайда вирус нәрестеден анасына емшек ұшының жарықтары арқылы сау әйел организміне енуі мүмкін.
Вирустың жыныстық жолмен берілуі гомосексуалдық және гетеросексуалдық қатынастар арқылы жүзеге асады. АИВ- инфекцияның осы жолмен таралуы «қауіп-қатер топтарында» жиі кездеседі.
«Қауіп-қатер» тобының 1-ші тобына гомосексуалисттер жатады.
2-ші топта - жезөкшелер;
3-ші топта - шетел азаматтарымен жыныстық қатынаста болатын әйелдер;
4-ші топта - ретсіз жыныстық қатынаста болатын, жыныстық жолдасын жиі ауыстыратындар;
5-ші топта - нашақорлар;
6-шы топта - қан реципиенттері
Ал парентеральді жұғу жолына келетін болсақ, ол қан және қан препараттары арқылы жүзеге асады. Нашақорлар арасында бір-біріне жұқтыру қаупі жоғары. Бір нашақор қолданған шприцті екіншісінің қолдануы нәтижесінде шприцтегі қалып қалған қан қалдықтарындағы вирус екінші организмге көктамыр арқылы өтеді де ауру тудырады.
Залалданған қанды құю АИВ - инфекцияның парентеральді жолмен таралуында ең қауіпті болып есептеледі. Адамның иммунитет тапшылығыншақыратын вируспен залалданған қанды сау адамға құйған кезде инфекцияның жұғу қаупі 100 %-ғажетеді, яғни тікелей қанға түскен вирус аз уақыттың ішінде организмнің иммундық жүйесінің қызметін төмендетеді де, аурудың тез дамуына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге қанның клеткалық компоненттерін, плазманы және қан ұю факторларының компоненттерін де құйған кезде вирустың жұғу қаупі жоғары. АИВ- инфекция дене мүшелерінің трансплантациясы кезінде организмнің әртүрлі биологиялық сұйықтары арқылы берілуі мүмкін.
Донор қан тапсырған кезде адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирусымен залалдануы мүмкін емес. Донордан қан алғанда көктамырдан қанды арнайы, бір рет қолданатын құралдар көмегімен немесе сапалы стерилизациядан өткен құралдарды қолданады. Дүние жүзінде донорлардыңиммунитет тапшылығын шақыратын вируспен залалдануы осы уақытқа дейін кездеспеген. Басқа адамдар тәрізді донор вирусты жыныстық жолмен немесе нашақордың шприці арқылы жұқтыруы мүмкін. Осыған байланысты әрбір қан тапсырушы адам тапсырған қанын құятын адам үшін қауіп туғызатынын есіне сақтауы керек. Дүние жүзінде әрбір тапсырылған қан үш инфекцияға мұқият түрде тексеріледі: вирусты гепатит, мерез, АИВ- инфекция (1985 жылдан бастап).
Кей жағдайда АИВ-инфекцияға зерттеу нәтижесі «жалған теріс» болуы мүмкін. Ол АИВ-инфекцияның бастапқы кезінде вирусқа қарсы адам организмінде арнайы антиденелердің түзіліп үлгермеуімен түсіндіріледі
2 |
2 |
4 |
Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (эпидемиялық паротит, дифтерия ауруының) профилактикасы. |
Этиологиясы. Күл ауруын бактериялардың токсигенді штаммдары туғызады, олар экзотоксин түзеді. Экзотоксиннің құрамына дермонекротоксин, гемолизин, нейраминадаза, гиалуронидаза кіреді. Қоздырғыштың морфологиялық белгілері: грам оң таяқша, екі ұшы жуандаған шыны сауыт (колба) түрінде және жеке микробтар бір-біріне түйісе рим сандары ретінде орналасады. Сау адамдардан бөлінетін дифтерия таяқшасының токсигенді емес штаммдары эпидемиялық қауіп тудырмайды.
Эпидемиологиясы. Күл ауруының көзі - науқас адам. Ең жоғары эпидемиялық қауіпті жұтқыншақ, мұрын және көмей дифтериясымен ауыратын науқастар тудырады, қоздырғыш сыртқы ортаға ауа арқылы бөлінеді. Ал тері дифтериясымен ауыратын науқастардың эпидемиялық қауіпі жағынан маңызы аз.
Дифтерия қоздырғышын жұқтырушылардың 5 түрін ажыратады:
- транзиторлы тасымалдаушылық (қоздырғыш сыртқа ортаға 1-7 күн бөлінеді);
- қысқа мерзімді (7-15 күн);
- орташа ұзақтық (15-30 күн);
- ұзаққа созылатын (6 айға дейін);
- созылмалы (6 айдан артық).
Аурудың берілу механизмі –ауа тамшылы, контагиозды индексі 10-15%.
Адамдардың дифтерияға қабілеттілігі, дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитетінің болуымен байланысты. Дифтерия ауруына мезгілділік тән, яғни күз-қыс маусымдарында аурушаңдық өршиді. Ересектердің дифтериямен ауырғаны анықталған - олардың саны 40-80% жетеді. РФ Денсаулық сақтау Министрінің мәліметтері бойынша 1993 жылы 30-50 жас аралығындағы науқастар 70-72% құраған. Ересектердің аурудан қорғаныштығының әлсіздігі, олардағы дифтерияға қарсы иммунитет деңгейінің төмендігімен түсіндірілген
Алдын алу шаралары. Паротиттік инфекциямен ауырған адамды үйде емдейді. Оны 9 күнге оқшаулау керек. Ал паротит ауруы білінген жағдайда, балалар мекемесіне 21 күн карантин белгілейді. Паротиттік инфекция ошақтарына дезинфекция жүргізілмейді.
Ерекше профилактика үшін Ленинград-3 (Л-3) аттенуирленген штаммынан тірі паротитті вакцинаны пайдаланады. Паротиттік инфекцияға қарсы профилактикалық егуді 15 айдан 7 жасқа дейінгі балаларға жүргізеді. Егу бір рет, тері астына немесе тері ішіне жасалады.
2 |
2 |
5 |
Дәрігер –стоматолог жұмыс орнында гепатиттерден зақымданудың алдын алу. |
Бауыр ауруларының ішінде кеңінен таралғандары гепатиттермен цирроздар. Гепатит дегеніміз жедел немесе созылмалы түрде болатын бауырдың қабынуын айтады. Созылмалы гепатит деп бауыр аурулары 6 айдан ұзақ уақытқа созылған жағдайды айтады. Гепатиттердің түрлерінен жиі кездесетін, тағам арқылы жұғатын вирустық гепатиттердің 2 түрі. Оларға гепатит А және Е кіреді. Вирустық гепатит қоздырғыштары кең таралған түрлеріне жатады. Олар өзара бір-бірінен ажыратылады, әртүрлі вирустардың салдарынан туындайды, бірақ аталған аурудың бір ұқсастығы бар – бұл аурудың, ең алдымен, адамның бауырын зақымдап, оның қабынуына алып келеді. Сондықтан вирустық гепатиттер «сары ауру» деген бір ғана атаумен аталады. Сары аура эпидемиясы б.з. V ғасырда-ақ белгілі болған. Оны Гиппократ ашқан, бірақ оның қоздырушысы өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. Қазіргі заманғы медицинада гепаттит атауы өзіндік ауруды ғана емес, сондай-ақ бүкіл ағзаны зақымдайтын патологиялық үрдісті білдіреді. Гепатит, бауырдың қабынуы сары аурудың, қызылшаның, ұшықтың, АИТВ-ның және кейбір басқа аурулардың белгісі ретінде мүмкін. Сондай-ақ улы гепатит бар, ол бауырдық алкоголизм кезінде зақымдануы. Біз өзіндік инфекциялар – вирустық гепаттиттер туралы әңгімелейтін боламыз. Олар шығуы және аурудың жүруі жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін, алайда кейбір белгілері өзара ұқсас. Вирустық гепатиттер бірнеше белгілеріне қарай жіктелуі мүмкін: Ауру ұзақтығына қарай гепатиттер өткір, ерекше өткір және созылмалы түрлері Ауру ауырлығына қарай ауыр, орта ауыр және жеңіл болуы мүмкін Зақымдану жеріне қарай гепатиттер ұялы, мезенхимальді, паренхиматозды болады Вирустық гепатиттің түлеріне тоқталайық. Оларға A гепатиті немесе Боткин ауруы бұл вирустық гепатиттің ең көп тараған түрі. Оның инкубациялық кезеңі (ауру жұқтыру сәтінен бастап аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы кезеңіне дейін 7 күннен 50 күнге дейінгі уақытты құрайды. Аурудың басталуы әдетте дене температурасының жоғарылауымен сипатталады, кейбір белгілері бойынша тұмауға ұқсайды. 2-4 күннен кейін науқас адамның несебі сыраның немесе қою шайдың түсі сияқты болып қараяды, ал нәжісі керісінше ашық түске айналады. Соңынан сары ауру пайда болады, оның пайда болуымен науқас адамның денсаулығы жақсара түседі. А гепатитімен ауыру ұзақтығы 1 аптадан 1,5-2 айға дейін болуы мүмкін, ал аурудан кейінгі қалпына келу уақыты кейде жарты жылға дейін созылады. Вирустық А гепатитінің диагнозы ауру белгілерінің, анамнездің (яғни А гепатитімен ауыратын адаммен қатынастан кейін туындау мүмкіндігі), сондай-ақ диагностика деректерінің ескерілуімен қойылады. Осы топтағы аурулардың барлық түрлерінің ішінде А гепатиті болжам жағынан барынша қолайлы болып табылады, оның арты жақсы болып, белсенді емдеуді қажет етпейді. Қажет болған жағдайда А гепатитінен емдеу емхана жағдайларында сәтті өтеді. Ауру кезінде науқас адамға демалу, арнайы диета және гепатопротектор, яғни бауырды қорғайтын дәрі-дәрмектер беріледі. А гепатиті барынша көп таралған елдер санитарлық-гигиеналық өмір деңгейі төмен «үшінші әлем» елдері, алайда гепатиттің бір жағдайы немесе А гепатитінің өршуі Еуропа мен Американың барынша дамыған елдерінде де болуы мүмкін. Вирус жұғуына барынша тән жолы – адамдар арасындағы барынша тығыз тұрмыстық қарым-қатынас және тамаққа ауру жұқтырылған азық-түлікті немесе суды пайдалану. А гепатиті сонымен бірге кір қол арқылы беріледі, сондықтан онымен көбінесе балалар ауырады. А гепатитінің негізгі алдын алу жолдары – бұл гигиеналық нормаларды сақтау. Сонымен бірге балаларға аталған ауруға қарсы егілу ұсынылады. Сонымен қатар Е гепатиті белгілеріне қарай А гепатитіне ұқсас. Алайда вирустық гепатиттердің басқа түрлеріне қарағанда Е гепатиітінің ауыр түрінде бауырдың ғана емес, сондай-ақ бүйректің де зақымдануы байқалады. Е гепатиті А гепатиті сияқты фекальді-оральді жолмен жұғады, ыстық және сумен нашар қамтылған елдерде тараған. Е гепатитін жұқтырудың арты жүктілігінің соңғы үш айында жүрген әйелдер үшін өте ауыр болады. Бұндай жағдайда адам өлімі 9–40%-ға дейін жетуі мүмкін, ал бала Е гепатитімен ауыратын барлық жүкті әйелдердің жағдайында тірі қалмайды. Аталмыш топ гепатитінің алдын алу А гепатитінің алдын алуға ұқсас.
3 |
1 |
1 |
Жұқпалы науқастарды емдеу әдістері (спецификалық және спецификалық емес ем). |
Жұқпалы науқастарды емдеу – күрделі процесс болып табылады, себебі емді тағайындау барысында нозологиялық түрге, жұқпалы процестің сатысына, негізгі синдромның ауырлық дәрежесіне, организмнің преморбидтік жағдайына назар бөлу қажет.
Жұқпалы науқастардың емінің негізгі принциптері:
-қоздырғыштың патогенді әсерін жойып және организмнен шығару мақсатымен (этиотропты терапия);
-жұқпалы процесс барысында дамыған зат алмасу және қызметтік бұзылыстарды қалыптастыруға (патогенетикалық терапия);
-макроорганизмнің спецификалық емес резистенттілігін және толық иммундық жауапқа қабілеттігін жоғарылату мақсатымен;
-асқынуларды алдын-алуға және емдеуге,
сонымен қатар реабилитациялық шараларға бағытталған.
