- •Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы.
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен ең күнделі мәсеселер:
- •Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар
- •Жұқпалы аурулардың жіктелуі
- •Инфекциялық үрдістің даму түрлері.
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Инфекциялық үрдістің түрлері
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.
- •Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы
- •Спецификалық ем
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •1961Ж.Дсұ-ң ұсынысы бойынша жра-ң этиологиялық факторына негізделген жіктелу тағайындалды
- •Жрви этиологиясы
- •Жрви эпидемиологиясы
- •Патогенетикалық факторлар:
- •Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa )
- •А вирусты гепатиті
Тұмаудың этиологиясы және эпидемиологиясын жазыңыз.
Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар(микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.
Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.
Тұмау вирустары — екі туыстасқа бөлінетін (А және В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткейжасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіру і мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін ағзадаиммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.
2-Энтеровирусты инфекциялардың этиологиясы және эпидемиялогиясын жазыңыз.
Энтеровирусты инфекция – бұл ішек вирустарынан (энтеровирустар) туындайтын, қызба және полиморфизм сынды клиникалық симптомдармен сипатталатын, ОНЖ, жүрек-қан тамыры, АІЖ, бұлшытет жүйесі, өкпе, бауыр, бүйрек және т.б. ағзалардың зақымдалуымен шарттасқан жіті инфекциялық аурулар тобы.
Соңғы жылдары әлемде энтеровирусты инфекцияның даму белсендігі байқалады, бұған куә ретінде әртүрлі елдердегі инфекциялық ауру мен өршудің эпидемиологиялық артуының тіркелуін айтуға болады. Энтеровирусты инфекция географиясы төтенше кең және әлемнің барлық елдерін қамтиды, соның ішінде кеңес үкіметі кеңістігін.
Бұл инфекциялардың негізгі ерекшеліктерінің бірі көпшіліктің ауруына және кездейсоқ формаларының туындауымен тұрақты түрде шарттасқан сау вирус таратушы болып табылады, бұл тек ересек адамдар арасында ғана емес, сәбилер арасында да болады. Энтеровирустардың ішекте болуы 5 айдан аспайтыны анықталған жағдай. Алайда, халық арасында энтеровирустардың болуының негізгі мәні екі фактордан көрінеді - қабылдағыш контингенттердің болуы және вирус тасымалдағышының ұзақ болуы. Соңғы ерекшелігі иммуны төмен тұлғалар вирусты жұқтырғаннан кейін жоғары иммундық қабат жасай отырып, жаңа вирус қабылдағыш контингентті күтеді.
Энтеровирусты инфекция клиникалық көріністерін түрлі сипатталатын жеңіліс адам вирус Рудың энтеровирусты дамып жұқпалы аурулар тобы, болып табылады.
Энтеровирусты инфекция кем дегенде, азық-түлік арқылы орын алуы мүмкін - аэрозоль. Жоғары қызба, мазасыздық, диарея, тері, бөріткен полиморфты сипатталады.
Энтеровирусты инфекция нысаны gerpanginy, миалгией вирустық менингит болуы мүмкін. Сирек нысандары энтеровирусты панкреатит, нефрит, энцефалит, перикардит, және көз ауру жатады.
Энтеровирусты - адамдар үшін патогенді олардың көпшілігі РНК вирустар,: 23 Coxsackie вирус түрі A, түрі 6 - Coxsackie Б. Бұл топ вирус ECHO және энтеровирусов 71-ші түрлеріне 68 мың кіреді. Эфир 70% асқын алкоголь, Lysol: энтеровирусты инфекция Барлық агенттер шағын мөлшерін (15 Нм 35), қату және кейбір химиялық дезинфекциялау құралдарын төзімді сипатталады. Қиында астам алты айдан аман болады
Энтеровирусов инактивациясымен УК дезинфекция формальдегид ерітіндісімен (0, 3%), хлор бар агенттердің кептіру, әсерлерін, 50 ° С қыздыру орын алады.
Резервуар және энтеровирусты инфекция көзі ауру адам немесе құралы болып табылады. Contagiousness апта және ай бойы атап өтіледі, abjection шыңы клиникалық көріністеріне алғашқы күні құлайды. Түрлі аймақтарында салауатты тасымалдаушылардың пайызы 17-46% шегінде ауытқиды. Бұл жас балаларға, негізінен байқалады.
Энтеровирусов азық-түлік арқылы нәжістік-ауызша механизмі беріледі.
Ең көп таралған инфекция вирустар көкөніс ластанған жеп жүреді. Кезде тыңайтқыштар neobezzarazhennymi кәріз Вирустар көкөніс пен жеміс алуға. Кейбір энтеровирусами аэрозоль трансмиссиялық тетігінің әкелуі мүмкін тыныс алу жолдарының шырышты, құпиясын бөлінеді. (Ластанған қолдар, тұрмыстық заттар, жеке гигиена өнімдері) байланыс-тұрмыстық арқылы жұқтыру жағдайлары бар. Жүкті әйелдің энтеровирусты инфекция жұқтыру жағдайда балаға патогенді тік трансмиссия болуы мүмкін.
Энтеровирусты инфекция – инфекциялық ауру, ішек вирустарының тобына кіреді. Энтеровирустық инфекциялардың берілуі нәжіс және ауыз арқылы (су, тағам және тығыз қарым-қатынас арқылы) және ауа-тамшы жолдары (түшкірік, жөтел арқылы) іске асыру кезінде жүзеге асырылады.
Сондықтан, жалпы қарсы қауіпсіздік індетінің халық жөнімен қоршаған ортаны ластағаны кәріз қалдықтарын, сарқынды суды бейтараптандыру үшін санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, азық-түлік қамтамасыз ету бақылауға шаралар жатады.
Жеке алдын алу, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау болып табылады, азық-түлік өңдеу қажет.
3-Аса қауіпті инфекциялар тобы: бруцеллез ауруының этиологиясы, эпидемиологиясы.
Аса қауіпті инфекциялар- ерекше эпидемиялық қауіп тудыратын инфекциялық аурулардың шартты тобы. Аса қауіпті инфекцияларға контагиоздылығы өте жоғары, эпидемия тудыруға қабілетті, клиникалық көріністері ауыр өтетін, көп жағдайда өлімге әкелетін инфекциялық аурулар жатады. Бұл ауруларға: Бруцеллез, Сіріспе (Столбняк) , Ботуллизм, Оба (Чума), Түйнеме (Сибирская язва), Тырысқақ, холера, Эбола, т.б. Түйнеме (Сибирская язва)- серозды гемморагиялық және некроздық қабунумен айқын интоксикация синдромымен өтетін жедел зоонозлы инфекциялық ауру.Осы уақытқа дейін барлық елде мекендерде бірдей таралған. Себебі осыдан ертерек болған аурудың ошақтары көп жылдар бойы қаупті болып қала береді.Бруцеллёз — Brucella бактериясымен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі – полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.
Бруцеллез кең таралған инфекция. Барлық елдерде кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы дамыған аймақтарда. Қазақстан республикасы үшін бұл инфекция өлкелік патология деп саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауырады. Әсіресе, оң түстік аймақтарда ауру кең таралған. Бұның бір себебі — Қырғызстан және Өзбекістаннан әкелінген, тексерілмеген малды арзан бағамен сату.
Соңғы жылдары эпизоотикалық жағдайдың нашарлануына байланысты қалалық бруцеллез жиі кездесіп, соның ішінде балалардың саны көбейіп жатыр. Мысалға, Оң-түстік Қазақстан облысында жыл сайын 100 мың тұрғынға 30,9% жаңа ауру тіркелсе, оның ішінде 53% — 14-ке дейін жастағы балалар.
Жедел бруцеллез 40-60% жағдайда созылмалы бруцеллезге ауысады да, 2,7-37% дейінге адамдардың еңбекке қабілетін төмендетіп мүгедектік жағдайға әкелу қаупін туғызады. Бұл өте күрделі әлеуметтік мәселе.
Өкінішке орай, дәрігерлердің үлесіне тек ауруға дер кезінде диагноз қою және емдеп жазып шығару тиіп отыр. Ауруды тарататын малдар, осыған жауапты ветеринария қызметкерлері. Адамдарда 1995 жылдан бастап ауруға қарсы вакцина қолданбайды, себебі „вакциналық патергия” пайда болады. Жануарлар да вакцинациядан кейін ауырып, инфекция көзі болып табылады. Бұл күрделі ветеринарлық мәселе.
Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі іс. Клиникалық көріністері полиморфты. Лабораторлық диагностикасы да қанағатсыз болып келеді, себебі аурудың серонегативті жасырын варианттары жиі кездеседі. Бруцеллездің емі де көңілден шықпайды. Ш. Николь айтуы бойынша: «Бруцеллез – адамға бақытсыздық, дәрігерлерге абыройсыздық әкелетін сырқат.”
Этиологиясы. Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығынын 6 түрін ажырату қажет: B. melitensis, B. abortus, B. suis. B. ovis, B. canis и B. neotomae. Осы жіктелудің қазіргі заманға дейін күші бар (M. J. Corbel, 1997). Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella тұқымдастығының 1 түрі B. melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J. M. Verger, 1985).
B. melitensis иесі ұсақ мүйізді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін. B. melitensis – патогенділігі жоғары, адамдардың арасында эпидемия, малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш.
B. abortus иесі — сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спорадикалық ауру шақырады. Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалған (ВА-19).
B. suis иелері — шошқа (1, 2 және 3 биоварлары), қоян (2 биовар), бұғылар (4 биовар). Бірақ бұл қоздырғыш ірі және ұсақ қара малды зақымдауы мүмкін (5 биовар). Қазақстанда сирек кездеседі.
B. ovis – қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогендік әсері бар.
B. canis иесі – ит. Адам үшін патогендік әсері бар.
B. neotomae иесі – далалық тышқандар, адам үшін патогенділігі зерттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген.
Соңғы жылдары бруцелланың жаңа түрі анықталған — B.rаngiferi. Адам үшін патогенділігі зерттелмеген.
Бруцеллалар – ұсақ кокк тәрізді қозмалмайтын, грам теріс, спора, капсула түзбейтін бактериялар. Көлемі 0,5 — 0,7 мкм х 0,6 — 1,5 мкм.. Қоздырғыштың өсуіне оптимальды температура қажет — 37 °С (20°С — 40°С). Антиденелер түзілуіне жауап беретін антигені болып липополисахарид (ЛПС) саналады. Бруцелла антигенінің Escherichia hermanni, Escherichia coli 0:157, Salmonella 0:30, Stenotrophomonas maltophilia, Vibrio cholerae 0:1 и Yersinia enterocolitica 0:9 антигендерімен ұқсастығы бар (M. B. Perry, D. R. Bundle, 1990).
Бруцелла – жасушалардың ішінде мекендейтін қоздырғыш.
Бруцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді: ылғалды жерде – 72 күн, суда – 90 күн, құрғақ топырақта — 3-4 ай, малдың жүнінде және терісінде — 1- 4,5 ай сақталады. Оның әлсіз жағы – ыстықтан қатты қорқады. Күннің тура түскен сәулесінен 30 мин. – 1сағатта, 50° температурада — 1 сағатта, 60°- 30 мин., 70° — 10 мин.арсында тіршілігін жояды, қайнатқанда (100°) тез өледі. Дезинфекциялық ертінділеріне (0,2–1% хлорлы әк, 0,5% — лизол, 0,2% — формалин, 1% — креолин) төзімсіз.
Бруцеллаларға құбылмалық тән: физикалық, химиялық қолайсыз жағдайлардың, антибиотиктердің, бактериофагтардың әсерінен өзінің морфологиялық, культуралді, тинкториалді қасиеттерін, антигендік құрылымын, вируленттігін өзгертеді. Бруцеллезбен ауыратын науқастардың бактериологиялық, серологиялық зерттеулердің теріс болуын осы жағдайлармен түсіндіруге болады. Бруцеллалалар S- түрінен R-түріне жиі ауысады. Сондықтан бруцеллаланың турін анықтау үшін адам немесе жануар организмінен бөліп алынғаннан кейін кідірмей дифференциация жүргізу қажет.
Эпидемиологиясы. Бруцеллез — нағыз зооноз. Адамдардың ауыруы жануар популяциясында өтетін эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нәтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушылық жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың тұрғынға шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып, есепке алынған науқастардың санын көрсетеді.
Бруцеллез кезіндегі эпидемиологиялық процесс 3 негізгі звенодан тұрады: ауру көзі, таралу жолдары мен факторлары, қабылдаушы макроорганизм.
1. Аурудың көзі – жануарлар (ешкі мен қой, ірі қара мал, шошқа). Қазіргі бруцеллездің эпидемиологиялық ерекшілігі — бруцелла өзіне тән иесінен тән емес иесіне миграциясы. Соңғы кездерде мал далада жайылмайды, бір қора да ұсталады да Brucella melitensis ұсақ малдан ірі қара малға аусып, сиырдың сүті, еті арқылы жұғады. Эпидемиологиялық анамнез жинаған кезде ауру сиырдан жұғады, ал науқастан және зақымдалған тағамнан Brucella melitensis бөлінеді.
Көптеген бақылауларға сүйенсек, науқас адам инфекция көзі болуы мүмкін емес, өйткені, адам бруцеллаларға „биологиялық тұғырық” болып табылады. Өте сирек жағдайда жедел бруцеллезбен ауратын науқастың әртүрлі бөлінділерінен (зәр, емшек сүті, плацента, қағанақ сұйықтығы) бруцеллез қоздырғышының табылуы мүмкін. M. Santic-Palvinic және соавт. (1983) залалданған теңіз шошқалармен қарым-қатынаста болған микробиологиялық зертхананың техникалық қызметкерінің ауырған жағдайын баяндаған. Науқастың қанынан Brucella melintеnsis биовар 2 дақылы бөлініп алынған. Қызметкер ауырғаннан 3 айдан кейін әйелі ауырады, оның қанынан дәл сондай дақыл табылған. Ұрық туылу барысында залалданған қағанақ суын жұтып қойған жағдайда залалдануы мүмкін. M. Hassid (1974) пікірі бойынша бруцеллез анасынан баласына трансплацентарлы және трансамниотикалық жолдарымен берілуі мүмкін. Емшектегі балалар емшек сүті арқылы заладануы ықтимал.
2.Таралу жолдары мен факторлары. Контактілі жол бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл инфекцияның басты патогенетикалық ерекшелігі — бруцеллалардың жүкті жануарлардың жыныс мүшелеріне және даму барысындағы ұрықтың тіндеріне жоғары органотроптылығы. Жыныс жүйелерінде қоздырғыштың қарқынды көбеюі: ұрықтың өлуіне, түсік тастауға, эндометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады. Плацентамен, қағанақ суымен, жыныс жолдарындағы бөлінділермен және ұрықпен бірге сыртқы ортаға өте көп мөлшерде бруцеллалар шығады. 1 мл қағанақ суында бірнеше миллионнан миллиардқа дейін микроб жасушалары болуы мүмкін. Бруцеллездің белсенді эпизоотия кезінде отарда ондаған, кейде жүздеген мал түсік тастап, оның әркайсысы 1,5-2,0 л залалданған материал бөлетінін ескерсек, онда бруцелллардың малшаруашылық мекемелерінде, жануарлардың тұратын, су ішетін және жайылатын жерлерінде қоздырғыштың жайылу қарқындылығын елестетуге болады. Мал түсік тастағаннан соң бір ай бойы бруцеллалар көп мөлшерде бөлінеді, ал 2-3 айдан соң сау-тұрақты емес, ал 7 айдан соң тоқтайды. Мал төлдегеннен соң бруцеллалар малдардың сүт безінде 5-8 ай, ал мастит болса 36-48 айға дейін анықталады. Осыған байланысты адам малдың төлдеуіне көмектесуі кезінде және мал төлдеген мезгілде малды қырқүға қатысу кезінде тікелей контакт болғанда бруцеллезді жұқтыру қаупі жоғары. Шикізатты өңдеуге байланысты (ауру малды сою, терісін алу, етін бөлшектеу, терісін өңдеу, жүнін өңдеу және басқа ауылшаруашалық жұмыстары) өндірістік процестер залалдану механизмінде шешуші орын алады. Бұл кезде залалдану жарақаттанған және сау тері арқылы жүзеге асады.
4-Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық ауру - дифтерияның этиологиясы және эпидемиологиясын жазыңыз.
Жақ-бет аймағында кездесетін арнайы қоздырғыштар сәулелі саңырауқұлақ, туберкулез микобактериясы және бозғылт спиро-Хеталар (трепонема) арқылы пайда болатын дерттерді әдетте арнайы қабынулар деп атайды. Жақ-бет аймағында: шиқан (сыздауық), көршиқан, тілме, сібір жарасы, нома тәріздес дерттерді одонтогенсіз қабынулар қатарына жатқызады. Актиномикоз, туберкулез, сифилис, шиқан, көршиқаи, тілме, сібір жарасы, нома дерттердің халықаралық жіктелуі (ДХЖ) бойынша инфекциялық дерттерге жатады. Бет-жақсүйек аймақтары қабыну ауруларының басым көпшілігі микробтардың қатысуымен өтетін-діктен, олар негізінен инфекциялық аурулары болып табылады. Іріңді қабыну ауруларының дамуына міндетті түрде жергілікті және жалпы себептер ықпалын тигізетіндігі күмән тудырмайды. Дамуының міндетті жергілікті себептерінің бірі - әрине инфекция. Флегмонаның қоздырғыштарын негізінен стрептококктардан, стафилококктардан, диплококктардан, пневмококктардан, ішек, көк іріңдітаяқшалары мен спирохеттерден және анаэробты инфекциядан тұратын аралас микробтар қауымын құрайды. Саны жағынан микробтар түрлерінің ара қатынасы әркелкі бола тұра, олардың басым көпшілігін стрептококктар мен стафилококктар құрайды. В.Ф. Чистякова ауыз қуысы түбінің флегмонасымен ауырған науқастарға бактериологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде, олардың іріңдерінде аралас микробтар басым болатындығын анықтаған. Аталмыш микробтар адамның ағзасына қасиеттері аса зілді ферменттер (лецитиназа, гиалуронидаза, фибринолизин және антикоагулаза) бөледі.
Инфекцияның көздері
Бет-жақсүйек аймақтарының қабыну ауруларын тудыратын инфекция көздері келесі топтарға бөлінеді:
Одонтогенді (84% науқастар) – гангренозды тістерден инфекция лимфа және қан тамырларымен периодонтқа, сүйекке және айнала-сындағы жұмсақ тіндерге тарайды.
Қызыл иектік инфекция (гинги-виальді):
• ойық жаралы-өліеттенген гин-гивиттер;
• парадонтит (инфекция қызыл иектің патологиялық қалташық-тарынан тарайды).
Мукостоматогенді инфекция көз-дері - ойық жаралы-өліеттенген стоматиттер және глосситтер, сондай-ақ ауыз қуысы мен тілдің шырышты қабығының әртүрлі жарақаттары.
Сүйекішілік (интраоссальды) инфекция - жақсүйектері мен гаймор қойнауларының инфекциялық қабыну аурулары, остеомиелиттер, пери-оститтер және іріңдеген ұралар мен ұра-гранулемалары, ақыл тістердің кедергіленіп жарып шығуы мен жақсүйектері сынуының асқынулары;
Анықтамасы. Дифтерия – коринебактериялар тобының Леффлер бактериясымен қоздырылатын, ағзаның улану белгілерімен және мұрын, жұтқыншақ шырышты қабықтарының фибринозды қабынуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Тарихи мәліметтер. XIX ғасырдың 20-шы жылдары француз ғалымдары Бретонно және Труссо күл ауруын бөлек нозологиялық түрге ажыратқан. Бретонно «дифтерит» терминін енгізген. «Дифтера» - қабыршақ деген сөзді білдіреді. 1846 ж. Труссо «дифтерия» терминін енгізген.
1883 ж. Клебс күл қоздырғышын алғаш рет тапқан, ал Леффлер 1884 ж. күл бактерияларын таза дақыл түрінде бөліп, олардың қасиеттерін зерттеген. Соған байланысты күл қоздырғышын Леффлер бактериясы (БЛ) деп атаған.
Этиологиясы. Күл ауруын бактериялардың токсигенді штаммдары туғызады, олар экзотоксин түзеді. Экзотоксиннің құрамына дермонекротоксин, гемолизин, нейраминадаза, гиалуронидаза кіреді. Қоздырғыштың морфологиялық белгілері: грам оң таяқша, екі ұшы жуандаған шыны сауыт (колба) түрінде және жеке микробтар бір-біріне түйісе рим сандары ретінде орналасады. Сау адамдардан бөлінетін дифтерия таяқшасының токсигенді емес штаммдары эпидемиялық қауіп тудырмайды.
Эпидемиологиясы. Күл ауруының көзі - науқас адам. Ең жоғары эпидемиялық қауіпті жұтқыншақ, мұрын және көмей дифтериясымен ауыратын науқастар тудырады, қоздырғыш сыртқы ортаға ауа арқылы бөлінеді. Ал тері дифтериясымен ауыратын науқастардың эпидемиялық қауіпі жағынан маңызы аз.
Дифтерия қоздырғышын жұқтырушылардың 5 түрін ажыратады:
- транзиторлы тасымалдаушылық (қоздырғыш сыртқа ортаға 1-7 күн бөлінеді);
- қысқа мерзімді (7-15 күн);
- орташа ұзақтық (15-30 күн);
- ұзаққа созылатын (6 айға дейін);
- созылмалы (6 айдан артық).
Аурудың берілу механизмі –ауа тамшылы, контагиозды индексі 10-15%.
Адамдардың дифтерияға қабілеттілігі, дифтерияға қарсы антитоксикалық иммунитетінің болуымен байланысты. Дифтерия ауруына мезгілділік тән, яғни күз-қыс маусымдарында аурушаңдық өршиді. Ересектердің дифтериямен ауырғаны анықталған - олардың саны 40-80% жетеді. РФ Денсаулық сақтау Министрінің мәліметтері бойынша 1993 жылы 30-50 жас аралығындағы науқастар 70-72% құраған. Ересектердің аурудан қорғаныштығының әлсіздігі, олардағы дифтерияға қарсы иммунитет деңгейінің төмендігімен түсіндірілген.
5-АИТВ инфекция / ЖИТС-тің этиологиясы және эпидемиологиясын жазыңыз
Әлеуметтік маңызы. Қазақстан Республикасында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиялық жағдай қолайсыз, себебі аурудың жоғары деңгейде болуына байланысты. 01.11.2000ж АИТВ-зақымдалған адамдар 1257 тіркелген. ЖИТС-пен ауыратын 2,8% құрайды, ЖИТС летальдылығы 2,28%. АИТВ-инфекцияның ағымына наркомания қолайсыз әсер етеді. Наркомандарда ауру тез қарқынмен өтеді және олардың өмір сүру ұзақтығы 2-3 жылдан 5-6 жылға дейін. Егер науқас наркотикті қабылдамай, салауатты өмір сүру салтын ұстаса, онда өмір сүру ұзақтығы 6-10 жылға созылады.
ЖИТС-индикаторлық аурулармен: ауыратын науқастарда туберкулез-11,3%, герпетикалық инфекцияға-2,6%, кандидоз-1,7%, токсоплазмоз-0,7%, цитомегаловирус инфекциясы-0,5%. Жоғары инфекцирленген Қарағанды облысында сақталған-79,3%. Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында АИТВ-инфекцирленген адам саны жоғары.
Қазақстанда АИТВ-инфекциясы жағдайында 83,1% иньекциялық наркотиктерді қолдану жоғары себеп болды. Дүние жүзінде-5%. Жыныстық қарым-қатынас арқылы 6,2%, ал дүние жүзінде-70%. ҚР-да АИТВ-инфекцирленген әйелдерден жұққан балалар бар. АИТВ-инфекциясымен анасынан баласына 0,15% жұғады, гемотрансфузия арқылы-0,2%. Жас аралық топ арасында АИТВ-инфекциясы бар науқастар: 20-29 жас-55,8%; 30-39ж – 20,6%; 15-19 жас-12,7%; 40-49ж – 7,3%; 14 жасқа дейінгі балалар – 2,3%. құрайды.Қазіргі жағдайда АИТВ-инфекциясы тез дамуда. Егер 1997-98 жылы біріншілік жағдайда 90% дейін АИТВ инфекцирленген болса, 2000 жылы 1-ші шілдеде олардың саны 52%-ке дейін азайған, ал екіншілік жағдайдағы науқас 10%-48%.
АИТВ-инфекция-адам иммун тапшы вирусымен шақырылатын, лимфацитте, макрофагта ұзақ уақыт бойы перителінетін, соның нәтижесінде иммунды және жүйке жүйесін зақымдай отырып, екіншілік инфекциямен көрінетін, жедел энцефалитпен, ісіктермен, басқа да патологиялық өзгерістермен сипатталатын ауру. Бұл ауру науқасты өлімге әкелуі мүмкін. АИТВ-инфекциясы бірнеше стадияның ауысымен өтіп, ЖИТС терминімен ауысады.
Эпидемиологиясы. АҚШ-та ЖИТС бірінші рет 1979 жылы тіркелген (9 адамда ЖИТС анықталған, 7 адам қайтыс болған). 1980 жылы адам саны 46 жетіп, 42 қайтыс болған. Инфекцирленген саны өскен. Күнделікті дүние жүзінде шамамен 10 000 адам инфекцирленген.
АИТВ 3 жол арқылы беріледі: гетеро және гемосексуальды қатынаста болғанда; қан арқылы парентеральді; вертикальды, яғни анасынан баласына құрсақ арқылы, босану арқылы, омыраумен тамақтандырғанда беріледі. Берілу жолы әлеуметтік, мәдени, өмір сүру барысына байланысты.
Инфекцирленген адам арасында жас ер адамдар кездеседі. Егер инкубациялық кезеңін есепке алсақ, ЖИТС-пен ауыратын науқастар жасы 30-39 жыл. ДЖДС7 деректері бойынша ер адамның әйелге қатынасы 10-15:1 қатынасындай, АҚШ-та ер адамға 93%,ТМД-да 62,5% келеді.
Бастапқы жылдарда АИТВ-инфекциясының таралуы келесі топ қатерлерге байланысты: гемосексуалистер, наркомандар, жезөкшелер.
АИТВ-инфекциясының басқа да венерологиялық аурулармен қатысты өтеуімен анықталған. АИТВ-таралуы венерологиялық аурумен ауыратын адамдарда 20 есе көп өседі. Бұл көптеген венерологиялық аурудың жаралы зақымдануына байланысты.
Сонымен қатар, көптеген венерологиялық аурумен ауыратын науқастарда иммун тапшы дамиды. 80% гемосексуалистер ауырады.
Пандемия барлық елдер мен континенттерді қамтыған. Адам үшін АИТВ-инфекция қауіпті.
Қазақстанда контигентке, яғни бостандықтан айырылған жерде болатын адамдарда 22%. Барлық АИТВ-инфекциясымен зақымдалған науқас арасында. Бас бостандығынан айырылған адамдар бар Теміртау қаласындағы ошақтарында 23 жағдайда эпидемиялық қарым-қатынаста.
1996 жылы дүние жүзінде 1,3 млн адам ЖИТС тіркелген аурулар саны 4,5 млн жоғарлаған, 20 млн жоғары инфекцирленген.
ХХ ғасыр аяғында зақымдалған адам 38 млн-ға жеткен, кейбір эпидемиологтардың бағасы бойынша 110 млн жеткен. Бірінші 8 жылда АИТВ-инфекциясымен ауырған адам саны 200 мыңға жеткен, инфикцирленген-10-15 млн адамға жеткен.
Ай сайын 60 мың адамнан жоғары инфекцирленген, әрбір 4 минут сайын ЖИТС-пен жаңа ауру тіркелген, әрбір 15 секунд сайын-АИТВ зақымдалған адам тіркелген. АИТВ бар адам 90%-і дамыған елдерде тұрады.
АИТВ-инфекциясымен зақымдалатын саны әйелдер және наркомандар арасында жоғарылаған. Гемосексуалистер арасында ауру 1987 жылдан бастап азая бастаған. Әйелдердің ер адамнан АИТВ зақымдалуы жыныс қатынасы арқылы 3 есе көп жұқтырады. Сау адамның вирусты қабылдауы партнерының ауруының стадиясына байланысты анықталады.
АИТВ-инфекциясының глобальды таралуы әртүрлі аудандарда даму динамикасына байланысты. Егер Солтүстік Америка, Кариб бассейнде, эпидемияның төмендеуі, ал Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда эпидемия жоғары, ал Европада-тұрақты.
АИТВ-инфекциясының эпидемиология ерекшеліктерінің бірі-инфекцирленген адам арасында вирустың таралу жолы салыстырмалы салмағына және зақымдалу қауіпіне байланыстылығы болып табылады. Ең жоғарғы қауіп-қан препараттары арқылы, ал төменгі қаупі-жыныс арқылы. Дүние жүзінде ең көп инфекцирленген жынысты қарым-қатынас арқылы.
АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясының ерекшеліктерін әлемнің нағыз аймағында алдын-ала хабарлау тактикасымен анықтайды.
Жұғу механизмі. АИТВ-жұғу кезінде инфекциялық процесс кезекті сипатта болады: жасуша бетімен вибрионның байланысуы, жасуша және вирион мембраналарының қосылуы, жасуша ішіне вирустың енуі, вирустың геномды РНҚ және нуклеотидтің босауы, инфекиярленген жасуша геномында вирус геномының интеграциясы, латентті, провирустың ДНҚ-сымен транскрипцияның активация фазасы және вирус белоктарының келесі транскрипциясы, жаңа вириондардың құрылуымен вирустың барлық компоненттерінің жұмыс істеуі және олардың жасушалардан босауы, нәтижесінде нысана жасушаларының өлуі.
Адам ағзасының әрбір жасушаларының плазматикалық мембранасында рецепторлар мен антигендер болады. Рецепторлық қызметті түрлі құрылымдар атқарады: ақуыздар, липидтер, ақуыздар мен липидтертің көмірсулы компоненттері. Вирус бұл рецепторларды өз мақсатында қолданады. АИТВ-үшін рецептор болып дифференцирленген антиген СД4, сонымен қатар СД-4 антигеннің болуына тәуелді емес, спецификалық емес компоненттер табылады. Молекулярлы салмағы 55000 болатын СД4-гликопротеидте өзінің құрлысы бойынша иммуноглобулиндердің нақты бөлімдерімен гонологтар бар. Аналогты гонологтар АИТВ-тің троптығын анықтайтын др 120 вирустың ақуызы бар. Т-индукторлардың және Т-хелперлердің иммунокомплексті жасушаларының мембранасында орналасқан СД4 рецепторы антигендерді тану қызметін орындайды (НАП класының белоктерымен кешенінде). Иесінің СД4 жасушасының мембронды рецепторымен бірге др 120 ВИЧ-І арқылы вирустың фиксациясы бұл иммунокомпетентті жасушалардың-прецептирлеуші жасушалардың-негізгі қызметін блоктайды-антигендерден сигналдарды қабылдау. Рецепциядан кейінгі вирустың репликациясы жасушалардың өлуіне, қызметтің түсуіне, иммуно-дефициттің дамуына әкеледі. СД4 клеткалық рецепторына др 120 вирусты мембранды гликопротеидтің ұқсауы клеткалық құрылымдардың таңдамалы бұзылысының жоғары деңгейін анықтайды.
Сондықтан да, патологиялық процеске ең алдымен және үлкен деңгейде СД4+ лимфоциттер, қанның моноциттері, тіндердің макрофагтары, қанның лимфатикалық түйіндердің, көкбауырдың, терінің деидритті жасушалары, өкпенің альвеолярлы және интерстициальды макрофагтары, микроглия және жүйке жүйесінің басқа жасушалары қатысады. Сонымен қатар В-лимфоциттер ретикулярлы жасушалар, ілмектің эпителиальды жасушалары, Лангерганс жасушалары зақымданады.
Адам ағзасына ВИЧ-енуінің негізгі жолы жыныстық болып табылады. Кіру жолдары-тік ішектің немесе жыныс ағзаларының шырыштары. Вирус қынаптың көпқабатты эпителилеріне қарағанда, тік ішектің бірқабатты эпителиі арқылы жеңіл енеді. Ары қарай ВИЧ-қан айналысына, түрлі ағзалар мен тіндерге лимфогенді түседі. Вирус қанға бірден түсуі мүмкін (парентеральды шараларды орындаған кезде). Жасушаларға ВИЧ енгеннен кейін иесінің жасушасының генетикалық аппаратында орналасатын және сонда провирус жағдайында қалатын ДНҚ-ны вирус фермент көмегімен синтездейді. Ең жиі вирустың әсері нәтижесінде өлетін Т-лимфоциттер-хелперлер зақымдалады. Т-хелперлер санының төмендеуі себебі болып вирустың тікелей цитопатиялық әсері ғана емес, сонымен қатар олардың инфицирленген емес жасушалармен қосылуы табылады. Сонымен қатар В-лимфоциттердің де қызметінің бұзылуы болады. Қанда иммуноглобулиндердің және циркулирлайды. СД4+ жасушалар санының төмендеуіне әкелетін лимфоциттерге антиденелер пайда болады, аутоиммунды процесстер пайда болады. Нақты уақытқа дейін организм ВИЧ продукциясын баса алады. Финальды иммунодефицитке және вирустың көбеюіне әкелетін организмнің қорғаныс патенциалының жүдеуі көп жылдық күрестен кейін болады.
1 |
2 |
1 |
Жұқпалы науқастарды тексеру принциптерін жазыңыз. |
Жұқпалы ауру диагнозын анықтау үшін аурудың даму анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, мүшелер мен жүйелердің клиникалық зерттеуі, лабораторлық зерттеулер қолданылады. Клиникалық зерттеу барысында науқас жағдайы бағаланады. Біріншіден аурудың ауырлық дәрежесін, сана сезімін, анықтау қажет. Менингеальді синдромды тексеру тиісті. Тері жабындыларын қарап тексергенде терінің түсіне, ылғалдығына, дермографизмге, бөртпеге назар аударылады. Одан басқа, көрінетін шырышты қабаттардың да түсі өзгеріп, энантемалардың болуы маңызды. Лимфа түйіндердің, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюынаназар аудару керек. Олар ұлғайған жағдайда көлемін, консистенциясын, ауырлық сезімін, қоршаған тіндермен байланысын анықтау қажет. Бұл синдромдар жайылмалы инфкцияларға тән. Ішкі мүшелер белгілі ретпен тексеріледі.
Эпидемиологиялық анамнезінде жұқпалы аурулармен қатынас туралы, тұрмыс, тамақтану жағдайлары туралы мәлімет жиналады.Жұқпалы аурулардың диагностикасында гемограмма, копрограмма және урограмма көрсеткіштерінің маңызы зор.
Зертханалық зерттеулерге әртүрлі материалдар алынады: қан, нәжіс, зәр, асқазанның жуынды сулары, анқаның жағындысы, жаралардың бөлінділері, жұлын сұйықтығы, қақырық және т.б.
Арнайы әдістерге бактериологиялық, вирусологиялық, микроскопиялық, серологиялық, биологиялық әдістер және терілік-аллергиялық сынамалар жатады.
Соңғы жылдары жұқпалы аурулардың стандартты анықтау қағидалары құрастырылып тәжірибелік жұмысқа енгізіліп жатыр.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығы бойынша есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттар құрастырыған. Есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесі:
1. Оба.
2. Туляремия.
3. Күйдіргі (түйнеме).
4. Бруцеллез.
5. Конго-қырым геморрагиялық қызбасы.
6. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба.
7. Шешек.
8. Ботулизм.
9. Кенелік энцефалит.
10. Тырысқақ.
Қазір басқа жұқпалы аурулар жағдайларын стандартты анықтамалары құрастырылып жатыр. Жұқпалы аурулар жағдайының стандартты анықтау қағидалары келесі мәліметтерге негізделеді:
✓Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы;
✓Жұқпалы аурулардың ықтимал жағдайы;
✓Жұқпалы аурулардың расталған немесе дәлеледенген жағдайы.
Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы аурудың аса тән клиникалық белгілеріне негізделінеді, ықтимал жағдайы эпидемиологиялық мәліметтерге негізделінеді, расталған немесе дәлеледенген жағдайы зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделінеді.
Жұқпалы аурулардың күмәндану және ықтимал жағдайы анықталса жедел түрде санэпидстанцияға хабарландыру беру керек. Осы кезден бастап ауруға қарсы алдын алу шаралар жүзеге асыралыды. Жұқпалы аурулардың расталған жағдай анықталса аурудың диагнозы дәлелденіп ресми түрде тіркеуге кіреді.
1 |
2 |
2 |
Жұқпалы аурулардың алдын алу іс-шаралар принциптері қанда? |
Эпидемиологиялық процесс даму үшін 3 негізгі звено қажет: аурудыңкөзі, аурудың берілу механизмі және жолдары, қабылдауыш тұрғындар. Профилактикалық шаралар осы 3 звеноға қарсы бағытталады. Аурудың көзіне әсер ету: науқасқа дер кезінде диагноз қойып, оны оқшаулап емдеу, бактериятасымалдаушыларды анықтау, ауру жануарларды емдеу т.б.
Аурудың берілу жолдарын үзу үшін дезинфекция, дезинсекция, дератизация және санитарлы- ағарту шаралар қолдану қажет.
Үшінші звеноға әсер ету: арнайы және арнайы емес профилактика. Жасанды иммунитет дамыту үшін вакциналар, иммундық сарысулар және гамма- глобулиндер қолданылады.
1 |
2 |
2 |
Жұқпалы аурулардың алдын алу іс-шаралар принциптері қанда? |
Эпидемиологиялық процесс даму үшін 3 негізгі звено қажет: аурудың көзі, аурудың берілу механизмі және жолдары, қабылдауыш тұрғындар. Профилактикалық шаралар осы 3 звеноға қарсы бағытталады. Аурудың көзіне әсер ету: науқасқа дер кезінде диагноз қойып, оны оқшаулап емдеу, бактериятасымалдаушыларды анықтау, ауру жануарларды емдеу т.б.
Аурудың берілу жолдарын үзу үшін дезинфекция, дезинсекция, дератизация және санитарлы- ағарту шаралар қолдану қажет.
Үшінші звеноға әсер ету: арнайы және арнайы емес профилактика. Жасанды иммунитет дамыту үшін вакциналар, иммундық сарысулар және гамма- глобулиндер қолданылады.
1 |
2 |
3 |
Бөртпенің біріншілік және екіншілік элементтері. Жұқпалы аурулардың диагностикасында олардың маңызы қандай? |
Бөртпенің біріншілік элементтерінің сипаттамасы
Бөртпе элементтері түрі |
Клиникалық сипаттамасы |
||||
Розеола |
Өлшемі 5мм дейін болатын қызғылт, қызыл немесе пурпурлы түсті дөңгелек дақ, теріні тартқанда немесе басқанда жоғалатын, жергілікті қантамырлардың микроциркуляторлы ағымының толуынан қалыптасады. (ұсақ жайылған розеолозды бөртпе – ұсақ нүктелі |
||||
Макула |
үлкен өлшемді бөртпе розеолаға жақын және дұрыс емес формалы бөртпе ↔ ұсақ дақты (диметр – 5-10 мм) және ірі дақты (диаметр – > 10 мм)
|
||||
Эритема |
терінің қызарған жерінің көп бөлігі, дақты элементтердің бір-бірімен қосылуынан қалыптасады немесе жеке терінің зақымдалу формасы |
||||
Папула (узелок) |
әртүрлі өлшемді (1-20мм) тығыз элемент, терінің бетінен шығып тұраты, продуктивті қабынудан, беткей дерма қабаттарының клеткалық инфильтациясынан қалыптасады; екінішілік элементтер – пигментация, отрубевидное шелушение (мельчайшие чешуйки) |
||||
Бугорок |
дерманың терең қабаттарының арнайы қабынулық гранулемалар түзілуінен дамитын, шамалы тығыз консистенциялы папула;екіншілік элементтер – жара → тыртық |
||||
Узел (түйін) |
дерманың терең қабаттарының және теріасты клетчаткаларының клеткалық инфилтрация дамуынан пайда болатын, тығыз шектелеген, диаметрі 1-10см немесе одан жоғары болатын, дөңгелек немесе сопақша пішінді түзіліс. |
||||
Күлдіреуік (Волдырь) (уртикариия) |
әр түрлі өлшемді ( 2см дейін және жоғары) қуысты тығыз экссудативті элемент, қызығылт немесе бозғылт ( қантамыр тарылуында) түсті, дөңглек немесе сопақша пішінді, жиі тері қышумен жүреді, терінің емізікшелі қабатының жедел ісінуінен дамиды |
||||
Везикула
(пузырек) |
беткей орналасқан куполтәрізді ұсақ (5-10мм) қуысты жемчуг-сұр түсті элемент, серозды немесе серозды-геморрагиялық экссудатпен толған, эпидермистің тікнекті қабатының баллонирлеуші дистрофиясынан дамиды; біркамералы және көпкамералы везикулалар; екіншілік элементтер – беткей эрозия →қабыршық (корка)→ тұрақты емес депигментация алаңы (экссудат іріңдегенде пустулуға транформация жасауы мүмкін)
|
||||
Булла (пузырь) |
ірі көпіршік (диаметрі — 1см жоғары), серозды, серозы-геморрагиялық немесе іріңдікпен толған, біріншілік немесе везикулдардың қосылуынан пайда болады. |
||||
Пустула (гнойничок) |
инфилтративті негізі бар, іріңді немесе іріңді-геморрагиялық экссудатпен толған, ауырсынатын қуысты элемент; везикул құрамының іріңдеуінен пайда болады; біркамералы немесе көпкамералы пустула; екіншілік элементтер – қабыршық → тыртық |
||||
Геморрагиялар |
теріге әртүрлі көлемді және мөлшерлі қан құйылулар, теріні тартқанда жоғалмайтын элемент; тамырлық өткізгіштіктің кенет жоғарылауынан және қантамырлы-тромбоцитарлы жүйедегі гемостаз тізбектің бұзылуынан диапедез дамуынан қалыптасады. Біріншілік және екіншілік петехиялар; екіншілік элементтер – пигментации, эрозии, корки, тыртық геморрагилар ↔ петехилар (нүктелі қан құйылулар, диаметр – 1-2 мм), пурпура (диаметр – 2-5 мм) және экхимозы (диаметр – > 5 мм) |
Бөртпенің екіншілік элементтерінің түрлері
Бөрпе элементтерінің түрлері |
Клиникалық сипаттамасы |
|
Эпидермистің әр түрлі түсті (ақ,сұр,сары) сылынып алынатын мүйізді пластинкаларының болуы қабыршықтану ↔ тыртықтану (ұсақ қабыршықтар), пластинка тәрізді (қабыршық диаметрі 1-3 мм) және жапырақ тәрізді (қабыршық диаметрі > 5 мм) |
(қабыршық) Корочка, корка |
Терідегі қан немесе ірің , серозды экссудаттың кебуінен пайда болған түзіліс қабыршақ ↔ серозды (сұр түсті), іріңді (сары немес сарғыш түсті) және геморрагиялық (қою-қызыл) |
Пигментация |
бөртпе аймағында біріншілік элементтен кейін меланин пигментінің жиналуынан немесе эритроцит және гемоглобин ыдырауынан тері түсінің өзгеруі |
Жара(Язва) |
тері тінінің ақауы, тіндерге терең таралады ( тыртық қалумен жазылады) |
Тыртық(Рубец) |
теріде ақауы бар жерде талшықты дәнекер тіннің өсуі |
1 |
2 |
4 |
Науқастарды АИТВ инфекциясына клиникалық көрсеткіштер бойынша тексеру. |
тапшылығын шақыратын вирус «баяу» инфекциялар қатарына жатады. Адам иммунитет тапшылығын шақыратын вирус гендік аппараты рибонуклеин қышқылынан тұратын ретровирустар қатарына жатады. Вирус сыртқы қабықтан, оған бекіген арнайы белоктар-Gр120, Gр41-ден тұрады. Вирустың ортасындағы геном рибонуклеин қышқылымен қоса 3 ферменттер бар - кері транскриптаза (ревертаза), интеграза және протеаза. Адамның иммунитет тапшылығыншақыратын вирус көлемі жағынан орташа вирустарға жатады. 1 сантиметрлік сызыққа 70-100 мың вирустық бөлшектер сияды.
Соңғы кездерде адамның иммундытапшылық вирусының биологиялық ерекшелігі анықталған, ол - вирустың өте тез өзгергіштік қасиеті. Вирус бөлшектерінiң қабығынан сыртқа шығып тұратын ерекше белоктар өзінің антигендік құрылымын жылдам өзгертеді.
АИВ- инфекция қоздырғышының 2 түрі бар: АИВ-1 және АИВ-2.
АИВ-1 - Солтүстік Америка және Европа елдерінде кең тараған вирус. АИВ-2 – Батыс Африкада.
Адамда иммунитет тапшылығын шақыратын вирус сыртқы орта әсерлеріне тұрақсыз. Вирус 54ºС температураға қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда 1-5 мин аралығында және де қышқылдық-сілтілік РН орта кенеттен өзгергенде өз қасиетін жояды. Күнделікті жағдайда қолданылып жүрген дезинфектанттар әсерінен тез арада тіршілігін жояды. Осыған қарамай вирус ультрасәулелер мен йонды радиация әсеріне тұрақты келеді.
Эпидемиологиясы.АИВ-инфекция көзі - науқас немесе вирустасымалдаушы адам. Вирус науқас адам мен вирустасымалдаушы адамның қанында, шәуетінде, емшек сүтінде, көз жасында, кынап және жатыр мойны шырышында, әртүрлі тіндерінде, жұлын сұйықтығында кездеседі. Вирус қан мен шәуетте көп мөлшерде кездесетіндіктен оның осы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғу қаупі жоғары. Ал сілекейде, емшек сүтінде, жұлын сұйығында, көз жасында және тағы да басқа биологиялық сұйықтықтар мен тіндерде вирус мөлшері төмен болғандықтан жұғу қаупі де төмен.
АИВ-инфекция науқас адам немесе вирустасымалдаушыдан 3 жолмен жұғады: жыныстық қатынас арқылы, қан және қан препараттары арқылы, анасынан баласына (плацента тосқауылы арқылы өтіп босанғанға дейінгі кезеңде, босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде – емшек сүтiмен). Кейбір жағдайда вирус нәрестеден анасына емшек ұшының жарықтары арқылы сау әйел организміне енуі мүмкін.
Вирустың жыныстық жолмен берілуі гомосексуалдық және гетеросексуалдық қатынастар арқылы жүзеге асады. АИВ- инфекцияның осы жолмен таралуы «қауіп-қатер топтарында» жиі кездеседі.
«Қауіп-қатер» тобының 1-ші тобына гомосексуалисттер жатады.
2-ші топта - жезөкшелер;
3-ші топта - шетел азаматтарымен жыныстық қатынаста болатын әйелдер;
4-ші топта - ретсіз жыныстық қатынаста болатын, жыныстық жолдасын жиі ауыстыратындар;
5-ші топта - нашақорлар;
6-шы топта - қан реципиенттері
Ал парентеральді жұғу жолына келетін болсақ, ол қан және қан препараттары арқылы жүзеге асады. Нашақорлар арасында бір-біріне жұқтыру қаупі жоғары. Бір нашақор қолданған шприцті екіншісінің қолдануы нәтижесінде шприцтегі қалып қалған қан қалдықтарындағы вирус екінші организмге көктамыр арқылы өтеді де ауру тудырады.
Залалданған қанды құю АИВ - инфекцияның парентеральді жолмен таралуында ең қауіпті болып есептеледі. Адамның иммунитет тапшылығыншақыратын вируспен залалданған қанды сау адамға құйған кезде инфекцияның жұғу қаупі 100 %-ғажетеді, яғни тікелей қанға түскен вирус аз уақыттың ішінде организмнің иммундық жүйесінің қызметін төмендетеді де, аурудың тез дамуына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге қанның клеткалық компоненттерін, плазманы және қан ұю факторларының компоненттерін де құйған кезде вирустың жұғу қаупі жоғары. АИВ- инфекция дене мүшелерінің трансплантациясы кезінде организмнің әртүрлі биологиялық сұйықтары арқылы берілуі мүмкін.
Донор қан тапсырған кезде адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирусымен залалдануы мүмкін емес. Донордан қан алғанда көктамырдан қанды арнайы, бір рет қолданатын құралдар көмегімен немесе сапалы стерилизациядан өткен құралдарды қолданады. Дүние жүзінде донорлардыңиммунитет тапшылығын шақыратын вируспен залалдануы осы уақытқа дейін кездеспеген. Басқа адамдар тәрізді донор вирусты жыныстық жолмен немесе нашақордың шприці арқылы жұқтыруы мүмкін. Осыған байланысты әрбір қан тапсырушы адам тапсырған қанын құятын адам үшін қауіп туғызатынын есіне сақтауы керек. Дүние жүзінде әрбір тапсырылған қан үш инфекцияға мұқият түрде тексеріледі: вирусты гепатит, мерез, АИВ- инфекция (1985 жылдан бастап).
Кей жағдайда АИВ-инфекцияғазерттеу нәтижесі «жалған теріс» болуы мүмкін. Ол АИВ-инфекцияның бастапқы кезінде вирусқа қарсы адам организмінде арнайы антиденелердің түзіліп үлгермеуімен түсіндіріле
1 |
2 |
5 |
Жұқпалы аурулар туралы түсінік: “инфекциялық процесс”, “инфекцилық ауру”, эпидемиологиялық процесс, эпидемиологиялық процестің үш звеносы. |
Жұқпалы аурулар адамзатқа ерте заманнан белгілі. Папирустарда обаның, полиомиелиттің, безгектің ағымы мен белгілері жазылған. Біздің дәуірге дейінгі Гиппократтың еңбектерінде қайталамалы сүзектің, тырысқақтың, дизентерияның, тілменің, түйнеменің, сіреспенің және басқа аурулардың клиникалық көріністерін сипаттап жазылған. Дүниежүзі халықтарында жұқпалы аурулар әртүрлі атаумен аталғаны белгілі, бірақ солардың барлығында да жұқпалы аурулардың негізгі ерекшелігі көрсетілді: кең және тез таралуы, жоғары өлім-жітімділігі.
Жұқпалы аурулар жөніндегі ілімнің дамыған кезеңі – 18 ғасырдың соңы. Ұлы ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, Д.И.Ивановский және басқалар осы дәуірде бір қатар жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын бөліп алған.Кейінгі жылдары ғылыми микробиологияның даму нәтижесінде жұқпалы аурулар жеке пән болып қалыптасып осы дерттердің қоздырғыштарын, эпидемиологиясын, патогенезін, патологиялық анатомиясын, ағым белгілерін, анықталуын, емделуін және алдын алу жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеулерге жол ашты.
Қазіргі заманда барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, жалпы халықтың сырқаттануында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 70% негізі инфекцияларға байланысты.
Осыдан біраз жыл бұрын жаңа антибиотиктерге, патогенетикалықемдердің жетістігіне және жаңа алдын алу жолдарына сәйкес жұқпалы ауруларды тез және оңай жеңеміз деген алдамшы пікір тараған.Шынында өмір әлде қайда қатал болып шықты.
Көптеген ежелгі жұқпалы аурулар жойылудың орнына өрши түсті. Олар жедел ішек инфекциялар, вирусты гепатиттер (әсіресе В және С),тұмау және басқа да жедел вирусты респираторлы инфекциялар, балалардың ауа тамшылы инфекциялары, стафилококкты және стрептококкты инфекциялар. Зооноздардың мәселесі де күрделі: бруцеллез, листериоз, иерсиниоз, пастереллез және т.б. Табиғи ошақты және аса қауіпті инфекциялар да «басын көтеріп» жатыр: оба, түйнеме, туляремия, тырысқақ, геморрагиялық қызбалар. Вирустыинфекциялардың емдеуі мен алдын алу шаралары көңілден шықпайды: геморрагиялық қызбалар, вирусты гастроэнтериттер, герпестік инфекция. Шартты патогендік микробтармен шақырылатын аурулар, госпитальдыинфекциялар, хламидиоз, АИВ/ЖИТС-инфекциясы, бимәлім пневмония, құстардың тұмауы, шошқалардың тұмауы, прионды аурулар жұқпалы аурулар ілімінде жаңа туған мәселелер.
Жұқпалы аурулар – патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.
Инфекциялық процесс – қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.
Қоздырғыш пен адам ағзасының өзара әрекетінің түрлері әртүрлі болып келеді және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше түрлері бар.
Клиникалық белгілерімен көрінетін (манифестік) түрлерініңжедел және созылмалы ағымын ажыратады. Көбінесе, жұқпалы ауруларға жедел басталауы тән. Ол аурудың патогенезінің бактериемия сатысына сәйкес болып келеді. Қоздырғыш көбейіп көп мөлшерде қанға өткенде дене температурасы күрт жоғарлайды. Ол ағзаның қорғаныс реакциясына жатады. Себебі, дене қызуы көтерелілген жағдайда қанның бактерицидті әсері жоғарлайды. Сондықтан, жұқпалы аурулар кезінде антипиретикктерді қолдануға тыйым салынады. Интоксикацияға қарсы күресу барысында көп мөлшерлі су ішу, немесе ертінділерді тамыр ішіне енгізу қажет.
Ал, жұқпалы аурулардың созылмалы түрі қоздырғыштың адам ағзасында ұзақ сақталып қалуына байланысты (мысалы созылмалы бруцеллез, созылмалы вирусты гепатиттер және т.б).
Ауырлығы бойынша манифесттік инфекция жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр деп бөлінеді. Жұқпалы аурулардың ауырлық дәрежесі интоксикация дәрежесіне байланысты.
Қоздырғыш қайтадан жұққан жағдайда реинфекция дамиды. Егер реинфекция біріншілік ауру аяқталғанға дейін пайда болса, суперинфекция дамиды.
Сонымен қатар, микро- және макроағзаның арасындағы әрекеттің ерекше түрі бар: инфекция тасымалдаушылық.
Тасымалдаушылық – инфекциялық процесс клиникалық белгілерісіз өтіп, сыртқы ортаға қоздырғыштың бөлінуімен сипатталады. Инфекция тасымалдыушылардың эпидемиологиялық рөлі маңызды, себебі олар аурудың көзі болып табылады. Жұқпалы аурудың латенттік(инаппарантты, субклиникалық) түрінде инфекциялық процесс субклиникалық деңгейде өтеді, бірақ қоздырғыш зақымдаған ағзаларда патоморфолгиялық өзгерістер дамиды және иммунды жауап қалыптасады(антиделер түзіледі). Жұқпалы аурудың латенттік түрінде қоздырғыш дефектік түрде немесе ерекше бір сатыда болады. Латенттік инфекцияның қоздырғышы иесінің жасушаларында тіршілігін жалғастырып, қоршаған ортаға бөлінбейді.
Микроағзаның бір түрімен шақырылған жұқпалы ауру моноинфекция деп аталады. Ал, бірнеше қоздырғыштармен шақырылған аурулар - аралас немесе микст-инфекция деп аталады.
Егер дамып жатқан жұқпалы ауруға жаңадан ауру қосылса -екіншілік инфекция пайда болады.
Жоғарыда айтылғандай, инфекциялық процестің негізгі факторлары -қоздырғыш, макроағза және қоршаған орта болып табылады.
Микроағзаның бірнеше қасиеттері бар: патогенділігі, вируленттілігі, токсигенділігі, адгезивті және инвазивті қасиеттері. Патогенділік - қоздырғыштың патологиялық процесті шақыру қасиеті. Вируленттілік - патогенділіктің дәрежесі. Адгезивтілік - микроағзаның тіндер мен мүшелерге жабысу қасиеті. Инвазивтілік – қоздырғыштың тіндер мен мүшелерге ену қасиеті. Токсигенділік - микроағзалардың токсиндерді түзіп, бөлу қасиеті. Экзотоксиндерді тірі микроағзалар бөледі, ал эндотоксиндер микроағза ыдыраған кезде бөлінеді. Паразиттерге тән қасиет – олардың патогенділігі (гр. pathos – зардап шегу, genos - туылуы), яғни ауру тудыруы. Паразиттер тудыратын аурулардың аталуы паразит атының түбірінен және оған os, кейде es немесе as жұрнақтарының қосылуынан шығады. Осыдан бір жасушалы қарапайымдылар лейшманий тудыратын ауру – лейшманиоз, дизентериялы амеба тудырған ауру – амебиаз, бауыр сорғышы немесе фасциоланың ауруы – фасциолез деп аталады.
Микроағзалар адам ағзасына белгілі тіндер арқылы енеді. Кейбір микроағзалар (түйнеменің, сіреспенің, тілменің қоздырғыштары) тері арқылы енеді. Грипптің, қызамықтың қоздырғыштарының ену орны – тыныс жолдарының шырышты қабаттары. Ал дизентерияның, іш сүзегінің қоздырғыштары ас - қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Кейбір жағдайларда қоздырғыштың ену орнында (кіру қақпасы аймағында) аурудың біріншілік региональды турлері дамиды (мысалы, оба кезінде микроорганизм тері арқылы енсе, аурудың терілік, бубонды немесе терілік-бубонды түрі дамиды; тыныс жолдары арқылы енсе - өкпелік түрі дамиды, ас қорыту жолдары арқылы енсе баспалы немесе абдоминальды түрі дамиды). Ену орнынан қоздырғыш макроағзада әртүрлі жолдармен тарайды: лимфогенді (лимфа арқылы), гематогенді (қан арқылы), лимфо-гематогенді.
Микроағзаның қанға енуі бактериемия (іш сүзегі), вирусемия(грипп), риккетсемия (эпидемиялық бөртпе сүзегі) немесе паразитемия(безгек) деп аталады. Грам «теріс» бактериялар ыдыраған кезде эндотоксиндер бөлініп бактериемия мен бірге токсинемия дамиды. Кей жағдайларда қоздырғыш ену орнында қалып, ағзаға тек токсиндер әсер етеді. Бұл жағдайда токсинемия дамиды.
Қоздырғыштың маңызды қасиеттерінің бірі – оның троптылығы(белгілі бір жасушаларда немесе тіндерде қоздырғыштың көбеюі: мысалы, паротиттік инфекцияның қоздырғышы бездік тіндеріне, шигеллалар тоқ ішектің дистальды бөлігінің энтероциттеріне, менигококктар мидың жұмсақ қабықшасына тропты).
Макроағзаның қорғаныс қасиетіне арнайы және арнайы емес механизмдер жауап береді. Арнайы емес қорғаныс механизмдеріне: терінің тосқауылдық қызметі және тері секреттерінің бактерицидті қасиеттері; асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы және ферментативтік белсеңділігі; ағзаның қалыпты микрофлорасы және т.б. жатады. Сонымен қатар, микроағзалардың арнайы емес ингибиторларына комплемент жүйесі, интерферондар, лимфокиндер т.б. жатады.
Өте маңызды қорғаныс факторларының бірі - иммунитет.
Иммунды жауап бірнеше арнайы реакциялардан құралады:
1) антиденелердің түзілуі;
2) тез дамитын жоғары сезімталдық;
3) баяу дамитын жоғары сезімталдық;
4) иммунологиялық есте сақтау;
5) иммунологиялық тұрақтылық және т.б.
Иммунды жауаптың дамуын Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және макрофагтар қамтамасыз етеді. Т-клеткалар арасында Т-эффекторлар, Т-хелперлер және Т-супрессорларды ажыратады. Т-эффекторлар клеткалық иммунитет реакцияларын жүзеге асырады, Т- супрессорлар Т- және В -лимфоциттердің қызметін реттейді. Макрофагтар антигендерді ұстап, өңдеп, оларды ажыратып, Т- және В-лимфоциттерге мәлімет береді.
Инфекциялық процестің үшінші факторы: қоршаған орта (мысалы, ауаның төмеңгі температурасы және жоғары деңгейдегі ылғалдығы көптеген инфекцияларға адамның сезімталдығын жоғарылатады).
2 |
1 |
1 |
Жұқпалы аурулардың жіктемесін жазыңыз. |
Жұқпалы аурулар (латын сөзі infection — жұқтыру)- бір топ патогенді қоздырғыштармен шақырылатын; жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын, арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар.
Жұқпалы аурулардың әлеуметтік- экономикалық маңыздылығы.
Әлеуметтік- экономикалық мағынасы 2 фактордан құралады
Сырқаттану деңгейі
Өлім көрсеткіші деңгейі
Адам патологиясының ішінде үлес салмағы 60-70 % ( ДДҰ жүрек тамыр және онкологиялық аурулардан кейін 3 орында ).Жұқпалы аурулардың назологиялары мыңнан астам.
Жұқпалы аурулар дүние жүзінде маңызды мәселелердің бірі. Бұрын- эпидемиялар мен пандемиялар (оба, нағыз шешек, холера, бөртпе сүзегі, іш сүзегі, грипп т.б – адам өліміне басты себебі болған. Қазіргі күнде- көптеген инфекциялармен сырқаттану біршама төмендеуде.
Бұрын төмендеген инфекциялар өршіп, қайтадан бас көтеруде ( туберкулез, дифтерия, безгек, холера)
Кейбір табиғи инфекциялардың белсенділігі жоғарлауда ( оба, кене энцефалит, геморрагиялық қызбалар, лептоспироз)
Зоонозды инфекциялардың таралуы кеңейген ( сібір жарасы, туляремия, құтырма)
Жана аурулар пайда болып жатыр ( АИТВ, ротовирусты синдром, Лайм ауруы, вирусты геморрагиялық қызбалар, боррелиоз, легионеллез,холера бенгал)
Баяу дамитын нерв жүйесінің зақымдауымен өтетін аурулар көбеюде
Қазіргі күнде жұқпалы аурулардың құрамында көбінесе вирустармен шартты патогенді микробтар шақыратын инфекциялардың үлес салмағы жоғарлауда.
Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
Жұқпалы ауру туу үшін этиологиялық фактор қажет. Қоздырғыш организмде қорғаныс факторларын (капсула, L — түрлері) түзіп, өзіне тіршілік етуіне әрекет жасайды (соның ішінде антибиотиктерге төзімділік құрастыру).
Жұқпалы ауруларға жұғыстық тән, әр науқас – ауру көзі ретінде қауіпті.
Жұқпалы аурулар кең таралып, «лап етіп » өршу, эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.
Жұқпалы аурулар көбінесе циклдік түрде өтеді (соматикалық, хирургиялық аурулардан басты айырмашылығы)
Бірталай жұқпалы аурулардан кейін тұрақты, ұзақ иммунитет қалыптасады ( қызылша, дифтерия, скарлатина, желшешек т.б), кейбір аурулардан кейін типіне байланысты қысқа мерзімді иммунитет ( ішек инфециялары), кейбір инфекциялардан кейін иммунитет қалыптаспайды.
Қазіргі уақыттағы жұқпалы аурулар ішінен ең күнделі мәсеселер:
аурухана ішіндегі инфекциялар
антибиотик төзімді штаммдар.
Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар
ЖРВИ, соның ішінде грипп
ішек инфекциялары (дизентерия, сальмонеллез, ботулизм, АИТВ, ВГА)
менингококкты инфекция
балалар инфекциясы (қызылша, шел шешек, эпидпаротит ж.т.б.)
бруцеллез
сібір жарасы
лептоспироз
листериоз
көктемгі-жазғы энцефалит
ҚҚГҚ (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы)
оба
тілме
құтырма
Жұқпалы аурулардың жіктелуі
Этиологиялық факторы бойынша
бактериялды
вирусты
паразитарлы
саңырауқұлақтармен шақырылатын
риккетсиоздар т.б
|
Таралу ортасына байланысты
антропоноздар
зооноздар
зооантропоноздар
сапроноздар
Таралу механизмі бойынша (Л. З. Громашевский)
ішек аурулары
ауа- тамшы инфекциялары
қан инфекциялары
тері және шырышты қабат инфекциялары
туа біткен аурулар
Инфекциялық үрдістің даму түрлері.
Инфекция (infection –жұқтыру, жұғыстық)- ауру қоздырғышы (микроорганизм) адам организміне (макроорганизмге) еніп, сыртқы ортаның жағдайына байланысты қарым қатынасқа түсіп, нәтижесінде инфекциялық процесстің бір түріне апаратын жағдай.
Инфекциялық процесс — қоздырғыштың патогенді әсерінен адам организмінде туатын қорғаныс физиологиялық және патологиялық реакциялардың жиынтығы.
