Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
псих билет шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.37 Кб
Скачать

47. Амортизация әдістері

Непосредственная қабылдау қабылдамау

ОТставленная уақытша қалдыру

Өзің кінәнді мойындау

Хат жазу

46. Айкидо әдісі

Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жлпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. Тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі.

Тозымпұл термині басқа мағыналарда да қолданылады: жеке адамның немесе ұйымның дүркіндік жарналар төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, т. б. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылардың (тербелістерді өшіргіштердің), оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.[

48. Халық алдында өзін˗өзі ұстау деңгейін жоғарлатудың психологиялық тәсілдері Өзін-өзі ұстау - адамның өз іс-әрекетінің шырқын бұзатын, эмоциялық саласына ықпалы болатын жағдаяттарда өз қарекетін жүзеге асыруға қабілетгілігі. Өзін-өзі ұстауда осы іс-әрекетті реттейтін психикалық процестерді саналы-еріктік ұйымдастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу — тұлғаның эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткіші.

49 . Алдында сөйлеу, өзін-өзі ұстау

Сөйлей білмес жаманның,  Сөзі өтпес бір пышақ.  Сөз білетін адамның,  Әр сөзіне бір тұсақ. 

Халық даналығы

Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Таба алмаған жағдайда, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. 

Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынадай екі түрі бар:

1. Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.

Ым- ишарат қимылдары

Психолог Альберт Мейербани анықтағандай, адамдар ақпарат алмасудың 7% тек сөздер, дыбыстық интонация мен дауыс тембрі құралдары 38% және бейвербалды құралдар 55% тұратынын дәлелдеді.

Өзін-өзі ұстау (эмоция, тәртіп)

Спикерлік қасиеттер:

  • Сабырлық, яғни, сөзбұйдаға салыну, сөз таласуда тыныштық сақтай алмаудан аулақ болу;

  • Білім, әрине, білімсіз дебатқа қатысудың мәні жоқ;

  • Жан-жақтылық, бір сұрақтың көлемінде емес, барлық салада аз да болса түсінігің болу;

  • Сыртқы келбет.. Үй шаруасындағы киіммен пікірсайысқа түсіп

көр, не болар...

  • Лексикондық сөздік қордың байлығы. Алуан терминдерді білу, қолдану. Жаргон, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөздерді дебатта қолданыстан алу;

  • Әлемдегі соңғы жаңалықтардан естігенің болса, жеңіс;

  • Сыйластық. Аяқ астынан шу шығарып, атыс - жұлысқа салынып жеңіп шығу ойға сыймайтын нәрсе;

  • Қулық пен пысықтықты ұштастыра білу; Жалпы дебаттағы Спикер - Оратор. Айтылғандарды бұлжытпай орындай білсе, нақты қалыптасқан біржақты пікірі-ойы болса, топтық рухтың мүшесі бола білсе - жеңіс .

50 .Өзін-өзі ұстау (эмоция, тәртіп)

Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Таба алмаған жағдайда, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. 

Адамның айтқан сөзі белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Бұдан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды келістіріп, айтып беру, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқу, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? Бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде өнеге тұтарлықтай теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

...Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдысынан нашар орындаған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені, адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды. Сөзді тыңдай білмеу. Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктермен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.

Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл пікірсайыс мәдениетіндегі, ең бастысы сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.

Қаратпа сөз хақында

Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Сол секілді қоғамда осындай сыпайылықты орнату үшін пікірсайыстан осы қағиданы, яғни «СІЗ» деп қарым-қатынас жасауды алға қойған дұрыс секілді.