3.Тұлғаның коммуникативті аясын дамыту
Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін – өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады. Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына, коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр.
«Құзырет» – бұл оқу үдерісінде жинақталған білімге, тәжірибеге, құндылықтарға, бейімділіктерге негізделген жалпы қабілет. Құзырет саналы іс-әрекет барысында қалыптасады. Құзыретке ие болу сол жағдаятқа өзінің бар білімі мен тәжірибесін қазіргі жағдайларға бейімдеу. Функционалды сауатты білім алушының нақты қоғамдық өмірде білімін қолдану, ол үшін оқыту үдерісінде құзыретті дамыту және қалыптастыру, нақты жағдайлар тудыру қажет.
«Коммуникативтік құзыреттілік» – білім алушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатынастық міндеттерді тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер білім алушы бір тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік. құзыреттілікті меңгергені. Тілді оқыту барысында коммуникативтік қарым – қатынас орнату, сөйлеу қабілетін дамыту оқушылардың өзара немесе оқытушымен сөйлесуіне, сұрақтарға жауап іздеуіне құлшынысын арттыратыны сөзсіз. Сондықтан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Нетворкинг (англицизм от networking – букв. плетение сети: net – сеть + work – работать) — это социальная и профессиональная деятельность, направленная на то, чтобы с помощью круга друзей и знакомых максимально быстро и эффективно решать сложные жизненные задачи (пример: устроить ребенка в детский сад, найти работу, познакомиться с будущим супругом) и бизнес-вопросы (пример: находить клиентов, нанимать лучших сотрудников, привлекать инвесторов). При этом, в сути нетворкинга лежит выстраивание доверительных и долгосрочных отношений с людьми и взаимопомощь
4.Әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік түсінігі
Әлеуметтік психологияның философия ғылымының қүрамында бұрынғы ұзақ тарихы жөне біршама қысқа — жүз жылға жуық — дербес ғылыми пән ретінде даму жолы бар. Әлеуметтік-психологиялық тұжырым бастапқыда түрлі философиялық ағымда жасалды. Әлеуметтік психология дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасывда негізгі екі «негізгі» пән: психология және социология пәндерінің ішінде қалыптасты, оның элементтері тіл тану, этнография, антропология, криминология сияқты нақты ғылымдардың ішінде де қалыптасты. Социология табиғатты және қоғамдық, топтық және жеке нормалар мен құндылықтарды қарайды. Әлеуметтік психология адам тұратын микро және макро ортаның өсерін және оның тұлғасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып олардың қалыптасуының нақты механизмдерін зерттейді.
Социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің көздерін зерттейді. Әлеуметтік психология осы белсенділіктің пайда болу жолдары мен зандылықтарын зерттейді. Социология тұлғалар арасыңдағы байланыстардың әлеуметгік мәнін қарайды. Әлеуметтік психологияны әрбір жеке адамның немесе жеке әлеуметтік топтың қызметіңде осы мән қалай және қаңдай нысандарда пайда болатынын қызықтырады. XIX ғасырдың ортасыңца Еуропада тіл тану да ерекше көп дамыды. Осы уақыттағы капитализмнің жылдам дамуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстың көбеюі халық миграциясыньщ белсенділігін арттырды. Сондықтан тілдік қарым-қатынасты және халықтардың өзара әсерін, халық психологиясының түрлі компоненттерімен тілдің байланысын зертгеу қажеттілігі пайда болды. Осы проблемаларды тіл танудың өз қүралдарымен шешуге жағдайы жоқ. Осы уақытта жинақталған фактілерді ғылыми зерттеу үшін әлеуметтік психологияның қызмет көрсетуіне мүқтаж болған антропология, этнография және археология салаларында да едәуір фактілер жинақталып қалды. Ағылшын антропологы Э. Тайлер алғашқы қауымдық мөдениет туралы жүмысын аяқтады, америка этнографы жене археологы Л. Морган үндістердің түрмысын зерттейді, француз социологы жене этнографы Леви-Брюль алғашқы қауымдық адамның ойлау ерекшеліктерін зерттейді. Осы барлық зерттеулерде жекеленген этникалық топтың психологиялық сипаттарын, медениет өнімдерін дәстүрлі салттармен байланысын жене т.с. есепке алу талап етілді.
5. Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдері мен техникалар. Вербальдық емес (сөз арқылы емес) коммуникация жүйесі іскерлік қарым-қатынастың маңызды компоненті болып табылады. Мамандардың берген бағасы бойынша қарым-қатынас процесіндегі хабардың негізгі бөлігін жеткізудің және қарым-қатынас серігінің бейнесін нақты құрудың негізгі көзі болып табылады.
Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зертеушілердің бірі А. Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика (ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 папйызы – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.
Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.
Кинесикалық қарым-қатынас құралдары бұл қарым-қатынаста мәнерлі-реттеуші қызмет атқаратын басқа адамның қимыл-қозғалысын көру арқылы қабылдау (ым-ишара, пантомимика, дене тұрысы).
Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің ырғақты-интонациялық жағын қарастырады (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс үнінің жоғарылығы, қаттылығы)
Экстралингвистикалық қарым-қатынас құралдарына: сөздегі кідірістер мен адамның психофизиологиялық көріністері (күлкісі, жылау, жөтелу, дем алу, қыңқылдау, т.б.).
Проксемикалық құралдар – қарым-қатынасқа түсушілер үшін маңызды хабардан тұратын қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт ситуациялары.
Такесикалық қарым-қатынас тәсілдері дегеніміз қарым-қатынас серігіне қол тигізу: қол алысу, арқасынан қағу, құшақтау, сүю т.б.
Коммуникативті техникалар – қарым-қатынас ситуацияларының элементеріне әсер ету, түсіндіру және қабылдау тәсілдерінің жиынтығы (серіктес бейнесін дәл құрастыру, контакт орнату, басқанны түсіну, хабар мен эмоцияларды жеткізу, өзараәрекеттесушілердің мінез-құлқына әсер ету және өзгерту, т.б.). Айтылған техникалар вербальдық және вербальдық емес болып бөлінеді.
Вербальды емес коммуникативті техникалар дегеніміз - өзара әрекет етудің кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін қолайлы басқару тәсілдері. Хабарды ым-ишара, қимыл-қозғалыс және денені ұстау арқылы жеткізу. Вербальды емес қарым-қатынас құралдарының көп болғанына қарамастан кинестикалық, тактикалық және праксемикалық құралдар аса үлкен орын алады.
Кинесика – адам сезімдері мен эмоцияларының сырт көріністерін зерттейтін ғылыми білім аумағы. Оның ғылыми обьектісі ретінде ым-ишара, қимыл-қозғалыс, пантомимика және көз арқылы білдіру (көз арқылы контак жасау) шығады.
Ым-ишара – хабар алмасуда аса үлкен роль адамның ішкі эмоциялық жағдайын бет бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы арқылы бейнелеуге байланысты. Адамға әсер ету құралы болып табылады. Оған қуану, таң қалу, ашу-ыза, қайғыру, қорқыныш эмоциялары жатады. Жағымды эмоциялар (махаббат, қуану, т.б.) нақты білдіріледі және оңай танылады. Жағымсыз эмоциялар (ашу, жиіркену, қайғыру) қиын танылады. Ым-ишараның анағұрлым мәнерлі элементтері қас пен ерін болып табылады. Олардың қалпының немесе пішінінің шамалы ғана өзгеруінің өзі эмоцияның түбегейлі өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты адамның жүздеген эмоциялардың реңктерін өзгерту мүмкіндіктері бар. Мысалы, Л.Н. Толстой күлкінің 97 түрлі реңін айырып жазған.
Адамның көзі ым-ишара бұлшықеттерінің жұмысымен тығыз бірлікте қызмет етеді. Адам көз қарашығының мөлшерін, көздің маңайындағы бұлшықеттердің жұмысын басқара аламайды. Қарым-қатынас серігінің шынайы сезімдері мен ой-толғаныстары жайлы маңызды хабарлардың бұлағы көз болып табылады. Мысалы, егер де серіктес әңгімелесушінің көзімен әңгіменің үштен бір бөлігінен аз уақыт байланыс жасаса, онда ол қандай да бір хабарды жасырғысы келетіні немесе өзін кінәлі сезінетіні немесе ұят, сенімсіздік білдіретіні анықталды.
Бейтаныс адамның көзбен байланысының ұзақтығынан оның әлеуметтік статусын анықтауға болады. Жоғары әлеуметтік сатыда тұрған адамдар (басқарушы, лидер) қарым-қатынас серігне ұзақ уақыт қарайтыны дәлелденген. Сезімдердің, көңіл-күйлердің көптеген көріністері адамның қимыл-қозғалыстарынан анықталады. Қимыл-қозғалыс «алфавитін», «грамматикасын» білу адамды кітап сияқты оқуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік қимыл-қозғалыстар, ым-ишараларға қарағанда аз мөлшерде сапалы түрде бақылауға алынады.
Вербальдық емес қарым-қатынас саласындағы мамандар А. Пиц, Дж. Ниренберг және Г. Калеро қимыл-қозғалыстардың толық классификациясын береді.
1. «Ашық қимыл-қозғалыстар» және «сенім, ықылас қимыл-қозғалыстары» алақанның визуалдық бақылауы үшін жеңілдігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, қандай да бір аяқ-қолды айқастырудың болмауымен ерекшеленеді, қолды кеудеге қою мен серіктесіне қолды тигізумен ерекшеленеді. Мұндай қимыл-қозғалыстар серіктестің психологиялық ашықтығы мен адалдығын дәлелдеп, оның тең құқылы өзара әрекеттесуге дайын екендігін көрсетеді.
2. «Жабық қимыл-қозғалыстар» немесе «адал емес қимыл-қозғалыстар» жоғарыда суреттелген. Олар қарым-қатынаста екінші (жасырын) мақсат бар екендігін көрсетедеі, серіктестің қарама-қайшы психологиялық міндеттерді шешкелі тұрғандығын көрсетеді.
3. «Бағаладу қимыл-қозғалыстары» (иекті қасу, сұқ саусақты беттің бойымен созу, тұрып ары-бері жүру және т.б.) серіктестің сенімсіздік білдіріп тұрғандығын көрсетеді.
4. «Сенімділік қимыл-қозғалыстары» (орындықта отырып ары-бері теңселу, саусақтарды күмбез түрінде біріктіру, мұрынның ұшына қол тигізу) серіктестің өз мүмкіндіктеріне өте сенімді екендігін көрсетеді, өзін жақсы, жайлы сезініп тұрғанын және өзін басқалардан жоғары сезініп тұрғандығын көрсетеді.
5. «өзіне сенімсіздік және шыдамсыздық (неврозность) қимыл-қозғалыстары» (қол саусақтарын алйқастыру, алақанды шымшылау, саусақтармен үстелдің бетін ұру және т.б.).
6. «Күту қимыл-қозғалыстары» алақандарды үйкелеу, ылғал алақандарды матаға сүрту, т.б.
7. «Мойындамау (отрицание) қимыл-қозғалыстары» (денені артқа еңкейту, қол мен аяқты айқастыру, мұрынның ұшына қол тигізу және т.б.) серіктестің сенімсіздігінің тұрақты көрініс тапқандығын көрсетеді және фактілер мен дәлелдерге негативті қатынастың деңгейіне жеткендігін көрсетеді.
Такесика – адам психикасының көріністерін серіктестердің жанасуын зерттейтін ғылыми аумақ. Жанасу қарым-қатынасқа түсушілердің эмоционалдық жақындығының деңгейін және статустық-ролдік бағытын бейнелейді.
Коммуникативті жанасулардың көптеген түрлерінің ішінде қол алысудың мәні үлкен.
Мамандар қол алысудың үш түрін анықтайды: тең құқылы, өктем етуші, елгезек (тіл алушы).
Тең құқылы қол алысу (қатты, алақан түзу беріледі, еденге тіке).
Өктем етуші қол алысу (қол жоғары жақтан беріледі, алақанды төмен, әңгімелесушінің қолы кідіруі мүмкін) серіктестің өзі туралы ойы өте жоғары екендігі туралы айтады, өзара әрекеттесу кезінде оның мақсаттылық пен өктемдікке бел байлағандығы туралы айтады.
Елгезек қол алысу (қол солғын түрде төменнен, алақан жоғары беріледі) серіктестің өктемдігін мойындауға дайын тұрғандығын бейнелейді.
Қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін праксемика деген ғылыми аумақ зерттейді (ағылшынның proxiti - жақындық).
Тұлғааралық кеңістік зоналарға бөлінеді:
Сырластық зонасы (0-45 см) жақын адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған (жақындармен, сүйіктілермен). Бұл зонаға қарым-қатынас жасау үшін сенімділік, тактильдік байланыс пен жәй сөйлеу тән.
Жеке зона (45-120 см) жақсы таныс адамдармен қарым-қатынас жасауға арналады (достармен, ұжымда істескен адамдармен)
Әлеуметтік зона (120-400 см) іскерлік қарым-қатынасты жүргізу үшін аз таныс адамдармен қарым-қатынас жасау үшін арналған. Бастықпен оның қол астында жұмыс істейтіндермен қарым-қатынас жасағанда әлеуметтік зонаны пайдаланады. Түрлі кездесулер жасау үшін пайдаланылады.
Көпшілік зонасы (400 см, жоғары) үлкен аудиторияларда қарым-қатынас жасару үшін арналған. Қарым-қатынас серіктерінің бірінің коммуникативті арақашықтықты бұзуы қарым-қатынастың психологиялық жағдайының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
6. Қарым-қатынас жүргізілуі тиіс коммуникативті жағдайға әлеуметтік-психологиялық болжам беру.
1.Қарым-қатынас адамдар өмірінде негізгі орын алады.Қарым-қатынас процесі соның ішінде іскерлік қарым-қатынас бұл комуникация, сонымен қатар мәлімет алмасу, пікір алмасу, көңіл-күй тілектерін бөлісу.Қарым-қатынастың нәтежиесі мына факторларға байланысты; комуникациялық құралдарды дұрыс қолдану, комуникациялық қабілет, білік- дағдыны қолдана білу.Қарым-қатынастың негізгі құрадарына вербальды, вербальды емес құралдар жатады. Вербальды емес құрадарға сезім мен эмоцияның мимика жест арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынаста бейнеленуі. Қарым-қатынас адамның өмір сүру мәнін және сынилылығын білдіреді. Адамның өзіне тән ерекшелігі қарым-қатынаста көрініп отырады.Сонымен қатар қарым-қатынас ұжымдық әрекет және адамдар арасындағы комуникативті байланыстырушы рол атқарады. Қарым-қатынас адамның тіршілік етуі мен дамуын қанағаттандыратын маңызды өмірлік қажеттілік.
Сонымен қатар қарым-қатынас сөздік немесе бейсөздік деп бөледі. Біріншісінде қарым –қатынас сөз арқылы болса, екіншісінде мимика, жест, дыбыс, пауза, иіс, кеңістікте орналасу, жұғысу т.б арқылы .
Қарым–қатынас өте күрделі процесс. Оны құрылымдауда бірнеше ыңғай қалыптасқан, олар үш өзара байланыс жағын анықтайды: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.(сурет-1)
Қарым – қатынас барысында ақпарат бір адамнан екінші адамға алмасады. Сондықтан қарым – қатынастағы ақпарат алмасу – тікелей ары – бері ауысу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау.
Коммуникативті әрекеттің екі типі анықталынды: авторитарлы, диалогтық.
Бұлардың коммуникатордың реципиентке деген қатынасынан пайда болған
психологиялық құрылымынан айыруға болады.
2.Өзінің формасымен түріне қарай қарым-қатынас әртүрлі.Қарым-қатынаста мыналарды бөліп қарауға болады;мазмұнын, мақсатын, құралдарын, функцияларын, формаларын.Мазмұнына қарай қарым-қатынас;
Материалдық-субектілердің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы болатын іс-әрекеттің заттары мен өнімдерімен алмасу.
Когнитивтік-біліммен алмасу.
Іс-әрекетік-әрекетермее, операциялармен, іскерлік дағдылармен алмасу.
Кондинционалдық-психикалық және физиологиялық жағдайлармен алмасу.
Мотивациалық,мақсатымен,қызығушылығымен,себептермен,қажеттіліктермен алмасу.
Қарым-қатынастың мақсаты-бұл адамның сол әрекеттегі белсенділігінің пайда болу жағдайы.Мақсатына қарай қарым-қатынас биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.
Биологиялық-бұл ағзаны қолдауға, сақтауға, дамытуға, қажет қарым-қатынас.
Әлеуметтік- тұлғааралық байланыстың нығаюын, кеңейуін және индивидтің тұлғалық өсуі.
Бағытымен тәсілдеріне қарай динамикалық қарым-қатынас адамның қызметімен олардың жағдайларына қарай жалпы қарым-қатынас құрамына бөлінеді. Қарым-қатынас формаларымен, байланыспен, шығармашылықпен қажеттілікпен ретке келтіріледі.
3.Қарым-қатынастың негізгі 4 түрлі қызметі бар.
Инструментальдық қызмет- ақпаратты беру және басқарудың әлеуметтік механизмі.
Интегративті қызмет-қарым-қатынапсты адамдарды біріктіру құралы ретінде анықталады.
Өзін-өзі көрсету –психологиялық контекстті өзара түсіну формасы ретінде анқыталады.
Трансляциялық қызмет-іс-әрекеттің нақты әдісін, бағасын беру ретінде болады.
Әлеуметтену өзара қарым-қатынастағы дағдылардың қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелермен сай қалыптасуы.
Формаларына қарай қарым-қатынас-
-тікелей-( вербалды және вербалды емес ақпарат құралы арқылы « бетпе-бет» табиғи байланыс) және жанама ( қарым-қатынас процесіне « қосымша» қатысушы арқылы ақпарат тасымалданады)
- тікелей ( табиғи мүшелер көмегімен ( қол, кеуде, бас) және тікелей емес ( арнайы құралдардың көмегімен толық емес психологиялық байланыс)
-массалық ( көпшілік таныс емес адамдардың тікелей байланысы) және тұлғааралық ( топтағы немесе жұптағы адамдардың тікелей байланысы, серіктестердің психологиялық жақындылығын білдіреді)
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.
Коммуникативті карым-қатынас құралы вербалды және вербалды емес деп бөлінеді. Вербалды емес мінез-құлыққа адамның психикалық күйін көрсетеді.
Кинесикалық-басқа адамның іс-әрекетін көру арқылы қабылдау.
Такесикалық- тактильді әсер.
Проксемикалық- кеңістікте бағытталу. Қарым-қатынастң интегративті жағы
Негізгі мазмұны- серіктеске әсер ету, өзара әсерлесу бақылауға және түсінуге бағытталады.
« Контролер» стратегиясы- жағдайда басқаруға ұмтылу.
« Түсінуші» стратегиясы—жағдайды басқалардың әрекетін түсінуге ұмтылу.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы-
Әлеуметтік қабылдау басқа адамның бейнесін тұтастай елестеу, оның сыртқы кейпі мен мінез-құлқына баға беру.
Таныс емес адамдарды қабылдаудың негізі-әлеметтік топтағы адамдардың , құбылысты қабылдауы. Әрбір ересек адам тәжірибелі адамның сыртқы кейпіне, киіміне, сөйлеу мәнеріне қарап оның әлеуметтік –психологиялық сипатын, жасын, мамандығын нақты айтып бере алады.
4.Қарым-қатынастың кедергілері.
Коммуникативті кедергілер-ақпараттың механикалық үзілуі және осыдан оның мағынасының жоғалтуы; берілетін ақпарат анық еместігі, бұның нәтижесінде берілетін ойдың мағынасы жоғалады. Бұны ақпараттың жетіспеушілігі деп атайды.
Көп жағдайда эмоциямен эмоционалдық тосқауыл байланысты. Бұнда адамдар қандай да бір ақпаратты алып, өздерінің сезімдеріне сай қабылдайды. Келесі түрі фонетикалық түсінбеушілік ол ең алдымен қатысушылар әртүрлі тілде және диалектерде сөйлеген кезде пада болады. Сондай-ақ түсінбеуді семантикалық тосқауылы бар бірінші кезекте ол қарым-қатынасқа қатынасушылардың мағыналар жүйесіндегі әртүрлілігі. Бұл ең алдымен жаргодар алэнгтер мәселесі.
Түсінбеудің логикалы тосқауылы. Ол коммуникатормен ұсынылатын логикалық пайымдау рецепиент үшін өте қиын немесе оған дұрыс емес болып көрінеді, дәләлдеу мәнеріне қайшылық тудырады.
Психологиялық тосқауылдың пайда болу себебі: сыбайлас қарым-қатынасындағы әлеуметтік мәдени айырмашылықтарға байланысты. Бұл әлеуметтік, саяси, діни, және кәсіби айырмашылықтар болуы мүмкін.
Қарым-қатынастағы тосқауыл-бұл коммуникатор мен рецепиент қарым-қатынасының барысында туындайтын , таза психологиялық феномен.
7.Коммуникативті жағдайдың өзгешелігіне негізделе отырып , қарым-қатынас үрдісін әлеуметтік-психологиялық бағдарламалау
Психологиялық тұрғыда қарым-қатынас күрделі жан-жақты процесс болғандықтан, ол 3 аспектіде (коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік) қарастырылады.Аталған 3 аспектінің мазмұны – қарым-қатынас – бұл адамдардың бір-бірін тануы, араласуы және хабар беріп, хабар алмасуы.
8. Коммуникативті ситуацияда қатынас процестерін әлеуметтік-психологиялық басқару
Қарым – қатынастағыы компетенттіліктің амалдарын таңдау жолдары көбіне табиғатты түсінумен анықталады. Қарым – қатынастағы компетенттілік, сөзсіз, жаңа нұсқадағы жалпы адамзаттық сипаттамаға ие және де сонымен қатар, тарихи және мәдени негізделген сипаттамаға да ие. Сонымен, біздің қоғамымыздағы қарым – қатынасқа репрессивті бағыттылықтың басымдылығы, ондағы қарсы тұру, күрес стратегиялары, көбінесе революциялық, идеология мен практика әсерінен құрылды. Осы көзқарас тұрғысынан, қазіргі жағдайда компетентті қатынастың дамуы, бірнеше принциптік бағыттылықты ұсынады.
Және бұл түсінікті де, әлеуметтік – психологиялық жағынан адам өмірінің мәнін қатынас ретінде анықтауға болады, өйткені адамның өмір әрекетінің барлық кеңістігі өзінің сипаты бойынша тұлғааралық. Адам әрдайым компанияда басқамен - шынайы партнермен ойланатын, таңдалған және т.б. Бұл көзқарас тұрғысынан, адам өмірі, тағдыры ретіндегі компетенттілік қарым – қатынас қазынасын асыруға бағалау өте қиын. Көптеген қарым – қатынас жағдайларында жаңа нұсқаны қараушы компоненттер, олар – қатысушылар, ситуациядағы тапсырма. Нұсқалық әдетте құраушылардың өзгеру сипатымен байланысты болып келеді, кім партнер, ситуация немесе тапсырма қандай және арасындағы байланыс қандай. Жалпы қарым – қатынастағы компетенттілік өзіндік психологиялық потенциялының, ситуация немесе тапсырма, партнер потенциалының адекватты дамуына бағытталған. Осылайша, коммуникативті компетенттілік даму тәжірибесі тұрғысынан, жұмысты – іскер немесе ролдік және ішкі жекелік сияқты қарым – қатынас – психологиялық шеттену, бұл Мен – Сіз контакт.
Ішкі – жекелік қарым – қатынас үшін партнерлар арасындағы жақын психологиялық қашықтық тән, бұл Мен – Сен контакт. Бұл жерде әр адам жақын психологиялық мәртебеге ие болады, ал қарым – қатынас, тек сыртқы ақпарат емес, өзінің ішкі әлемін, өзін партнерға сеніп тапсыру туралы сөз болып жатқаннан кейін терең, шын мағынада сенімді бола бастайды. Қарым – қатынастағы компетенттілік түрлі психологиялық алыс та, жақын да дистанцияда контакт құрай алушылықты және дайындықты сипаттайды. Нағыз қарым – қатынас туралы стратегиялық анықтамаларға түрлі көзқарастармен жақындауға болады, олардың, біреуі бағдар ретінде баюды бөледі. Бұл жағдайда компетентті қарым – қатынастың дамуындағы негізгсі болып кең – байтақ, көп түрлі психологиялық позицияларды алуға бағытталышулық болып табылады.
Барлық психологиялық аспаптарда ойнау сияқты, қызықтыра алушылық, бүкіл мүмкіншіліктерді пайдалана алушылық – психологиялық толығудың мүмкін болатын бір көрсеткіші. Қарым – қатынастағы мүмкін болатын позициялардың көптеген классификациясы бар. Мысалы, келесідей тізім белгілі: партнерға жоғарыдан икемделу, оған тепе – тең болып икемделу, төменнен икемделу және партнерға мүлдем жоламау позициясы.
Әрине, аталған ұстанымдардың біреуі де біле – тұра жақсы немесе жаман болып танылмайды. Қарым – қатынас табиғатының психологиялық түсінігінде әр түрлі амалдар жолы болуы мүмкін: олардың ішіндегі төтенше сияқты бихевористік және гуманистік. Бірінші жағдайда қатысушылар потенцияланың көрсеткіші ретінде - құлықтық сипаттың байлағына көңіл бөлінеді, ал екіншісінде – үйлесімді, құнды гумандық қатысушылар потенциялы. Коммуникативті компетенттіліктің дамуы барысында, ал екінші жағдайда қатысушылардың гуманистік құндылығы сипатталады. Коммуникация - өзара түсіністіккке алып келетін екі жақты ақпарат алмасу процесі. Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ, барлығымен бөлісетін» дегенді білдіреді, өзара түсінушілікке жетпесе, онда коммуникация болмайды. Коммуникация сәттілігіне көз жеткізу үшін, адамдар сізді қалай түсінді, сізді қалай қабылдады, мәселеге қалай қарайтыны туралы кері байланыстың болуы шарт. Коммуникативті компетентілік – басқа адамдармен қажетті контактіні орнатуға және жалғастыруға қабілеттілік. Жақсы коммуникация үшін тән: партнерлардың өзара түсініктілігіне жету, қарым қатынас пәні мен ситуациясында тиімді коммуникация құруға қажетті ресурстардың ішкі жүйесі ретінде қарастырылады. Жақсы емес коммуникация себептері мынадай болуы мүмкін:
а) адамдар арасындағы жаман қатынас, егер адамның қатынасы дұшпандық қалыпта болса, онда оны өзіңіздің көзқарасыңыздың әділ екеніне сендіру өте қиын,
б) әңгімелесушінің зейіні мен қызығушылығының болмауы, қызығушылық, адам ол ақпараттың өзі үшін маңызды екенін ұғынғанда туындайды.
с) қажетті мөлшердегі фактілердің болмауынан қорытынды жасау әдеті.
д) пікірін құрудағы қателіктер: сөздердің дұрыс емес таңдалуы, сенімділіктің әлсіз болуы және т.с.с.
е) тактика мен стратегияның дұрыс емес таңдалуы.
Қарым-қатынас түрлі деңгейде болуы мүмкін: үстіңгі, терең, конфликтілі. Үлкендер әлеміне еніп, балалар әлеуметпен көбірек өзара әрекетке түседі. Оларға, өздеріне қажетті ақпарат алуы үшін бейтаныс адамдармен қатынас жасауына тура келеді (мысалы, дүкен сатушыларымен, т.б.). Бұл жай қатынастың үстіңгі деңгейі болғанымен, жақсы коммуникативті дағдыларды қажет етеді. Досымен, ата-анасымен қатынастың терең деңгейі, басқаны және өзін жақсы түсінуді талап етеді.
9. Құзыреттер
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол білімгерлердің шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білімгердің хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
10.Басшылардың құзыреттіліктерін дамыту
Құзыреттілік – студенттердің іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі.
Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе. Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.
Айталық, ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді». Ал ғалым Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
11. Көшбасшылықтың гендерлік ерекшеліктер
Гендірлік психологияда төмендегідей психологиялық әдістер қолданылды:бақылау,эксперимент,анкета , интервью,тесттер,модельдеу.Бірақ кейбір әдістер гендерлік мәселелерді оқуда жарамды емес.Гендерлік психологияда өзінің психологиялық әдістер қарастырылды. Барлық әлемде әлеуметтік мінез-құлық және жеке мінез-құлық,гендерлік айырмашылықты оқытуда бірнеше әдістер бар. Бұл әдістер жеке мінез – құлықты зерттейді:нейротизм,экстраверсия,сананы ашу,қамқорлық, яғни бұнда гендерлік айырмашылық табылады.Бұларда әйел адамдар және ер адамдар үшін тесттілік нормалар бар. Гендерлік психологияда метаанализ әдісі кең қолданылады.Әлеуметтік ғылымға метаанализді 1976 жылы Дж. Глас енгізді. Бұл әдіс тәуелсіз зерттеуде, бір мәселеге арналған екіншілік математикалық өңдеу. Көптеген жұмыстар алынады, содан кейін негізгі мәліметтер құрылады,бұнда әртүрлі өзгерістер қосылады. Бұнда жыныстық айырмашылық көрсеткіштерінің статистикасы жоқ.Бір жағдайларда ер адамдарда-басымдылық көрінеді, басқаларда-әйел адамдарда, ал үшіншіден - айырмашылық болмайды. Нәтижесінде жыныстық айырмашылық барма және ол қаншалықты үлкен екендігі қорытындылады.
12. Гендерлік ерекшеліктері
Лидерліктің гендірлік психологиясы. Батыс психологтары маскулинділік феминділікті, қабілеттерді, эмоцияларды,қызығушылықтарды т.б өлшейтін арнайы шкалаларды құрастырды. Терман Майлз тесті, М-Ф ММРІ шкаласы, Гилфордтың маскулинділік шкаласы және т.б. Бұл шкалалар индивидтің қандай да норма шегінде маскулинділік және феминділік дәрежесімен ерекшеленетінін болжайды. Бірақта мұндағы маскулинділік және феминділік қасиеттері альтернативті өзара қатынаспайтын көрсетеді:маскулинділіктің жоғары көрсеткіші төменгі феминділікпен коррекцияланады, және керісінше. Мұнда нормативті болып ер үшін маскулинді қасиеттердің жоғарылығы, ал әйел үшін феминділіктің жоғары деңгейі есептеледі.Бірақта, барлық психикалық сапалар ер және әйелдікі деп поляризацияланбайтын анықталады. Сонымен қатар әр түрлі шкалалар интеллект, эмоция, қызығушылықтар т.б бір бірімен сәйкес келмейді, белгілі бір көрсеткіштері феминді болуы мүмкін. Жаңа жетілдірілген тесттер маскулинділік және феминділікті альтернатива ретінде емес, тәуелсіз автономды өлшемдер ретінде қарастырды. Бір индивидтің маскулинділік және феминділік шкалаларының көрсеткіштерін салыстыру оның психологиялық андрогиниялық дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Андрогинді деп жыныстық рөлдік нормаларды қатаң ұстанбауға мүмкіндік беретін, дәстүрлі деп саналатын әйел және ер іс-әрекеттерін еркін ауыстыруға мүмкіндік беретін бір мезгілде маскулинді және феминді қасиеттері бар индивидті айтамыз. Мұнда бағдарлар мен реакциялардың жыныстық рөлдік таптаурынға сәйкес болуы , яғни ерлердегі жоғары маскулинділік, ал әйелдердегі жоғары феминділік көрсеткіштерінің болуы психикалық үйлесімділіктің кепілі еместігі анықталды.
13. Көшбасшылықтың гендерлік ерекшеліктері
Гендірлік психологияда төмендегідей психологиялық әдістер қолданылды:бақылау,эксперимент,анкета , интервью,тесттер,модельдеу.Бірақ кейбір әдістер гендерлік мәселелерді оқуда жарамды емес.Гендерлік психологияда өзінің психологиялық әдістер қарастырылды. Барлық әлемде әлеуметтік мінез-құлық және жеке мінез-құлық,гендерлік айырмашылықты оқытуда бірнеше әдістер бар. Бұл әдістер жеке мінез – құлықты зерттейді:нейротизм,экстраверсия,сананы ашу,қамқорлық, яғни бұнда гендерлік айырмашылық табылады.Бұларда әйел адамдар және ер адамдар үшін тесттілік нормалар бар. Гендерлік психологияда метаанализ әдісі кең қолданылады.Әлеуметтік ғылымға метаанализді 1976 жылы Дж. Глас енгізді. Бұл әдіс тәуелсіз зерттеуде, бір мәселеге арналған екіншілік математикалық өңдеу. Көптеген жұмыстар алынады, содан кейін негізгі мәліметтер құрылады,бұнда әртүрлі өзгерістер қосылады. Бұнда жыныстық айырмашылық көрсеткіштерінің статистикасы жоқ.Бір жағдайларда ер адамдарда-басымдылық көрінеді, басқаларда-әйел адамдарда, ал үшіншіден - айырмашылық болмайды. Нәтижесінде жыныстық айырмашылық барма және ол қаншалықты үлкен екендігі қорытындылады.
14. Топтық іс-әрекетте әлеуметтік-психологиялық аспектілері
Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке қарастыруға болады:
- тұлғалық;
- қылықтық;
- жағдайлық.
Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.
Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Ол бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық ерекшеліктерімен емес, оның қарамағындағы адамдарға қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл көшбасшылық түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған менеджердің мінез-қылықтарына ерекше назар аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің белгілі бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу. Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі болуы мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.
Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.
Беделдік формалары
Көшбасшылықтың негізі ретінде беделділік қарастырылады. Көшбасшы рөлі белгілі бір беделділік формасына негізделіп, келесі түрлерден құралады:
● Харизматикалық бедел
● Дәстүрлі бедел
● Рөл мен орын беделділігі
● Құқықтық бедел
● Біліктілік беделділігі.
Харизматикалық бедел – Мықты жеке қасиеттерге негізделеді. Бұл жердегі көшбасшы харизматикалық беделділікке ие немесе ең кемі сол харизматикалық беделділіктің бар болғаны туралы сезім қалыптастырады, ол туралы әдетте «тума көшбасшы» деп айтады;
Дәстүрлі бедел – Беделдің бұл түрі қоғамда қолданылатын негізгі форма болып табылады. Ол белгілі бір дәстүрлер мен шарттаға құрметпен қарау және ол бойынша өз-өзін ұстау формаларына негізделеді. Кейде беделділіктің бұл түрі өсім мен жаңашылдыққа өзінің кері әсерін тигізеді;
Рөл мен орын беделділігі – Тұлғаның жеке бір қасиеттерімен емес, әлеуметтік ортада алатын орнымен және рөлімен анықталады. Беделділіктің бұл түрінде адамдарға берілетін билік оның алатын орны мен титулына байланысты болады. Көп уақытта көшбасшының жетістікке жетуі мен табысты болуы билікке ие болу мен басқаларды басқару қабілетіне қарай анықталады;
Құқықтық бедел – Беделділіктің ең формальды түрлерінің бірі, өйткені ол белгілі бір ережелер шеңберіне негізделеді;
Біліктілік беделділігі – Оның негізі ретінде басқарушының тәжирибесі, білімі мен ерекше қабілеттіктері қарастырылады.
Көшбасшы міндетті түрде беделді тұлға болуы керек, алайда сонымен қатар басқа да маңызды қасиеттер де бар. Олардың ішінде басты қасиеттердің бірі – қасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай алуы, ол әдетте сенімділікпен қатар жүреді. Адамдармен сөйлескен әрбір кезді көшбасшы олардың сенімділігіне ие болу іске асырылған немесе айырылып қалған мүмкіндік ретінде қарау керек. Ең алдымен ол үлкен әріпті психолог бола алуы тиіс. Адамдармен сөйлесу, қарым-қатынас жасау арқылы оларды іске, қызмет етуге ынталандыру кезінде оның гумандылығы байқалады. Айналадағы адамдарға әсер ете алатындай көшбасшы болу тек оның еркі мен қолда бар билігіне ғана тәуелді болмайды, оған деген жол жоғарғы түсінушілік пен өзін-өзі басқарудан құралады.
15. Командалық менеджмент басқарудағы бір амал ретінде.
Менеджерлер үшін басқару стильдерін қолдану алдында мынадай критерияларды ескергені жөн:
● Басшы қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлердің керекті ақпаратты білуі мен тәжірибесінің бар болуы;
● Басқарушылық шешімге қойылатын талаптардың деңгейі;
● Қызметкерлердің мекеме жұмыстарына қатысу деңгейі;
● Менеджердің шешім қабылдағаннан кейінгі оның қолдау табу мүмкіндігі;
● Орындаушылардың мақсаттарға жетудегі қызығушылығы;
● Басқарушылық шешімді қабылдағаннан кейін қызметкерлер арасында даулардың пайда болу мүмкіндігі.
Басқарудың белігілі бір түрін қолдану кезінде менеджер оны сәйкес өңдірістік жағдаймен салыстыруы тиіс. Мәселен, экстремалды жағдайлар орын алғанда, белгілі бір мәселені шешу үшін қызметкерлермен ақылдаса отырып, шешім қабылдауға уақыт жетпей жатса, онда бұл кезде авторитарлы басқару түрін қолдану тиімдірек болып табылады. Егер керісінше қолайлы жағдай болса, онда сәйкесінше басқарудың демократиялық түрін және де оның артықшылықтарын қолдануға болады, ол кезде қызметкерлер де пайда болған қиындыққа және кездейсоқ жағдайларға байланысты өздерінің ойларымен пікірлерін қоса алады.
Қорыта келгенде, ең қолайлы басқару стилі бұл жағдайға жеке тұлғаларға байланысты «бейімделгіш» басқару түрі болып табылады.
Нақты жағдайдағы оптималды басқару түрін қолдану үшін менеджердің сәйкес тәжірибесінің бар болуы қажет, сонымен қатар көшбасшы орын алған жағдайдың сипаты мен ерекшеліктерін нақты түсіну мен жұмыс істейтін қызметкерлердің әрқайсысының жеке қасиеттерін білуі шарт. Жалпы айтқанда, адамның тек оның жеке қасиеттерін ғана ескере отырып, одан болашақта қаншалықты жақсы көшбасшы шығатыны туралы айту қиын болады. Уақыт өте келе ғалымдар адамның тек жеке мінез-құлқына негізделуге болмайтынын анықтаған. Керісінше, ол қасиеттер қай кезде және қандай ортада пайда болғандығына ерекше көңіл бөліп, көшбасшыны және оның қабілеттерін, олар пайда болған кездегі көшбасшылық рөлін де ескеру қажет. Осы мәселені зерттеген ғалымдардың теориясы бойынша шебер көшбасшы дегеніміз әдетте «ұлы адам» емес, ол керек кезде, тиісті орында табылған адам деп танылады.
16. Командалық менеджмент теориясы ментәжірибесі.
Автократ менеджерге тән қасиеттердің ішінде сонымен қатар әдетте басқаларға бұйрық беруге деген, оларды басқаруды жақсы көретіндігі, адамдардың ол берген бұйрықтарға мойынсынуы мен тыңдауы оған белгілі бір жағымды әсер етеді. Айтуға ұратын жақтардың бірі: бұндай адамдар бойында кейде өз-өзін айналадағы адамдардан, басқалардан артық екендігі туралы сезімнің пайда болу қаупі тұрады. Ол жоғарыда айтылғандай, өзіне деген сын-пікірлер мен ойларды қабылдамау мен біліктілігін жоғарылатпау ниетіне алып келеді. Алдағы уақытта бұл жағдай жұмыстың ары қарай жүруіне, даму үдерісінің тоқтауына немесе басшыға қарайтын қызметкерлермен қарым-қатынастағы қарапайымдылықтың жоғалуына алып келуі әбден мүмкін. Әрине, осындай жағдайлардан кейін де қызметкерлердің биліктің авторитарлы түрін қолдап жатқан басшыға деген қатынасы теріс күйде болады. Нәтижесінде ұжым ішінде қолайсыз моральды-психологиялық климат қалыптасып, болашақта орын алуы қаупі бар даулар үшін алғышарттар жасалынады. Авторитарлы биліктің «жеңіл» түрде байқалатын ұйымдарда да өзіне тән ерекшеліктері болады. Оның ішінде ерекше айтып өтуге тиіс жақтары: бұл қасиеттері байқалатын авторитарлы стильде басшы белгілі бір мәселе немесе орын алған өңдірістік сұрақ бойынша өзіне бағынышты адамдарға қажетті ақпарат беріп, ол мәселе бойынша олардың ойларын мен пікірлерін тыңдап шығады, алайда бұл кезде оларға шектелген еркіндік береді. Әдетте басқалардың пікірлері қаншалықты дұрыс болса да, ол өзі таңдаған шешімді қабылдайды. Бұл билікте жазалау шаралары сирек қолданылады. Қорыта келгенде, авторитарлы стильді қолданудың тиімді жақтарымен қатар теріс әсерлері де бар. Егер басшының мақсатқа жету жолындағы қабылдауға керекті шешімдерді талқылау кезінде ол мәселе бойынша білімі мен тәжирибесі мол болса, онда қызметкерлердің пікірлеріне құлақ аспай қойылған мақсатқа жетуге болады. Алайда бұл кезде қызметкерлердің көңіл-күйлері керекті дәрежеде болмай, жиі ашулану, ызалану секілді қасиеттерге ие болады. Нәтижесінде қызметкерлер мен басшы арасында түсінбеушіліктер пайда болып, өз кезегінде, белгілі бір уақытта орын алған дауға, жанжалдар мен келіспеушіліктерге алып келуі мүмкін. Басшысы осы стильді қолданатын қызметкерлердің әдетте жұмысқа деген мотивациясы төмен дәрежеде болады. Басқарудың бұл түрі кей кезде жоғары өнімділікті қамтамасыз етсе де, ұжым ішінде тиімді еңбек етуге деген құлшынысын төмендетеді.
17. Көшбасшылық: топтық тәсіл.
Фидлердің ойы бойынша бұл екі типті көшбасшылардың бір-бірінен артық тиімді жағы жоқ. Барлығы орын алған жағдай мен оның сипатына байланысты ғана болмай, сонымен қатар көшбасшының өзіне қарасты топқа әсер ете алуы мен басқара алу деңгейіне де тәуелді болады.
Мақсатқа бағытталған көшбасшылар бақылау деңгейінің өте жоғары немесе өте төмен кезде болуында тиімді болады деп анықталған. Бақылау жоғары болған кезде қызметкерлер жайдары болып жүреді. Ол кезде қызметкерлер жақсы көңіл-күйде болады, олардың бұл уақыттағы эмоционалдық жағдайы туралы алаңдаудың еш қажеті де болмайды. Осы жағдайда көшбасшы алдына қойған мақсаттарға жету жолында үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бақылау деңгейі төмен болса, тапсырмаға бағытталған көшбасшыға орын алған жағдайды түзету үшін қызметкерлер жұмысын одан да жақсы ұйымдастыруға болады. Ол өзіне берілген міндеттерді қолданып, басқаларға бұйрық беру арқылы ортада пайда болған жайсыздық пен түсініксіз жұмыс ортасын болдырмау мақсатында белгілі бір тәртіпті енгізе алады.
Бақылау деңгейі орташа болған кезде ең тиімді көшбасшылар қарым-қатынасқа бағытталған көшбасшылар болып табылады. Олар керек кезде ұжым ішіндегі даудың алдын алып, жұмыстың ары қарай жүруіне оңтайлы жағдайлар жасайды.
Жағдайлық теория көшбасшылардың көптеген топтарында арнайы тексерістен өтті: трансұлттық компаниялардың президенттерінен бастап, әскери командирлерге дейін. Бұл зерттеулердің нәтижелері Фидлердің ұсыныстарымен үйлеседі
18. Көшбасшының кілттік міндеті ретінде топты ұйымдастыру
Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке қарастыруға болады:
- тұлғалық;
- қылықтық;
- жағдайлық.
Тұлғалық теория – Оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.
Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Ол бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық ерекшеліктерімен емес, оның қарамағындағы адамдарға қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл көшбасшылық түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған менеджердің мінез-қылықтарына ерекше назар аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің белгілі бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу. Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі болуы мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.
Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.
Беделдікформалары
Көшбасшылықтың негізі ретінде беделділік қарастырылады. Көшбасшы рөлі белгілі бір беделділік формасына негізделіп, келесі түрлерден құралады:
● Харизматикалық бедел
● Дәстүрлі бедел
● Рөл мен орын беделділігі
● Құқықтық бедел
● Біліктілік беделділігі.
Харизматикалық бедел – Мықты жеке қасиеттерге негізделеді. Бұл жердегі көшбасшы харизматикалық беделділікке ие немесе ең кемі сол харизматикалық беделділіктің бар болғаны туралы сезім қалыптастырады, ол туралы әдетте «тума көшбасшы» деп айтады;
Дәстүрлі бедел – Беделдің бұл түрі қоғамда қолданылатын негізгі форма болып табылады. Ол белгілі бір дәстүрлер мен шарттаға құрметпен қарау және ол бойынша өз-өзін ұстау формаларына негізделеді. Кейде беделділіктің бұл түрі өсім мен жаңашылдыққа өзінің кері әсерін тигізеді;
Рөл мен орын беделділігі – Тұлғаның жеке бір қасиеттерімен емес, әлеуметтік ортада алатын орнымен және рөлімен анықталады. Беделділіктің бұл түрінде адамдарға берілетін билік оның алатын орны мен титулына байланысты болады. Көп уақытта көшбасшының жетістікке жетуі мен табысты болуы билікке ие болу мен басқаларды басқару қабілетіне қарай анықталады;
Құқықтық бедел – Беделділіктің ең формальды түрлерінің бірі, өйткені ол белгілі бір ережелер шеңберіне негізделеді;
Біліктілік беделділігі – Оның негізі ретінде басқарушының тәжирибесі, білімі мен ерекше қабілеттіктері қарастырылады.
Көшбасшы міндетті түрде беделді тұлға болуы керек, алайда сонымен қатар басқа да маңызды қасиеттер де бар. Олардың ішінде басты қасиеттердің бірі – қасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай алуы, ол әдетте сенімділікпен қатар жүреді. Адамдармен сөйлескен әрбір кезді көшбасшы олардың сенімділігіне ие болу іске асырылған немесе айырылып қалған мүмкіндік ретінде қарау керек. Ең алдымен ол үлкен әріпті психолог бола алуы тиіс. Адамдармен сөйлесу, қарым-қатынас жасау арқылы оларды іске, қызмет етуге ынталандыру кезінде оның гумандылығы байқалады. Айналадағы адамдарға әсер ете алатындай көшбасшы болу тек оның еркі мен қолда бар билігіне ғана тәуелді болмайды, оған деген жол жоғарғы түсінушілік пен өзін-өзі басқарудан құралады.
19. Топты ұйымдастыру қоғамдық, топтық және даралық қажеттіліктерді қанағаттандырып, жүзеге асыру
Көшбасшының іс жүргізу бағыттары
Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс:
● Тапсырма қажеттілігі – негізгі мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету;
● Топ қажеттіліктері – топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау;
● Жеке қажеттіліктер – әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау;
Егер көшбасшы жұмысын осы үш элементке негіздесек, онда оның басты мақсаты нақты жағдай шартында қойылған мақсатқа жету үшін адамдар арасындағы ең жақсы балансқа жету болып табылады.
Көшбасшының орындайтын функциялары.
Егер көшбасшы төменде көрсетілген үш функцияны орындап жүрсе, онда оны көшбасшы деп толығымен атауға болады:
● Бағыттаушы;
● Ұйымдастырушы;
● Ынталандырушы.
Бағыттаушы рөлдің негізін қарастыратын болсақ, көшбасшы іскерлік тапсырмаларды қойған және қабылдаған кезде, анықтағанда, жұмыстың ой мен стиліне аса мән беруі қажет. Көшбасшы қойылған мақсатқа жету үшін топты біріктіріп, топтық жұмысты жақсы бақылай алу керек. Бұл Ұйымдастырушы рөлінің негізі. Ынталандыру рөлі ретінде қойылған тапсырмалардың маңыздылығын түсінуін, өзінің ісін сыртқы дүниемен қатынас кезінде қорғауы қарастырылады. Егер көшбасшы өзінің рөлін сәтті атқарғысы келсе, бұл үш рөлді бір-біріне ажыратып қолдана алмайды.
Жоғарыда аталғаннан түйіндесек, көшбасшы белгілі бір жеке қасиеттер жинағынан құрылуы қажет, оның бір бөлігі туылғаннан берілсе, екінші жартысы күндегі жұмыс барысында қалыптастыра алады. Көшбасшылықтың негізінде басқару мен әсер ету жатыр. Әсер етудің астарында бір индивидтің екінші индивидтің мінез-құлқына, әрекеті мен сезіміне өзгеріс енгізе алуы жатыр. Билік – басқалардың әрекетіне әсер ету мүмкіндігі. Ол мекеменің сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті шарт болып табылады. Биліксіз ұйым да, тәртіпте жоқ.
Басқару және билік
Билік менеджерге өз қарамағындағы адамдардың іс-әрекетіне бұйрық беруге, оларды мекеме мақсаттарына бағыттауға, пайда болған дауларды шешуге мүмкіндік береді.
Биліктің ұйымдастырушылық үдеріс ретіндегі анықтамалары:
● Билік, оны әлеуетті қолдай алатын адамдарда бар, яғни ол тек қолданылған кезде ғана болады деген сөз емес. Мысалы, егер қызметкер ереже бойынша жұмыс істеп жатса, онда басшыда оған қарай өзінің билігін қолдануға қажеттілігі жоқ;
● Билік өзара тәуелділік функциясы болып табылады, яғни билік қолданған және кімге қолданғаны арасында өзара тәуелділік бар. Неғұрлым бір адам басқа адамға тәуелді болса, солғұрлым билік біреуінде көп, ал екіншісінде аз болады;
● Билік абсолютті емес, яғни бағынышты адамның да шешім қабылдау мүмкңндігі бар.
Билік – әлеуметтік үдеріс. Билік теориясы ұйымдағы адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуіне бағытталған зерттеулерге негізделеді. Қызметтік билік қызметтің өзінен емес, оған қарасты қызметкерлерден келетін билік. Негізгі формалары: мәжбүр ету, ынталандыру, ресурстарға ие болу мен байланыс билігі.
Жеке билік – басшының жақын болуы мен мақсаттардың ортақ болуына негізделген бағынышты адамдар тарапынан құрметті, жақсы мен адал қарым-қатынас деңгейі. Менеджердің басты мақсаты ұжымның еңбектерін ортақ бір мақсатқа жету үшін бағыттау болып табылады. Билік диапазоны оның басқалардың әрекеті мен сезіміне әсер ете алу деңгейімен анықталады.
Билік түрлерінің негізгілері:
1. Мәжбүр етуге негізделген билік. Орындаушы басшының оған берілген құқықтар негізінде оны жазалай алатындығына сенеді және нәтижесінде өзінің белгілі бір қажеттілігіне кері әсерін тигізетін немесе өзін ыңғайсыз жағдайда қалғандай сезінуге алып келетінін біледі.
2. Марапаттауға негізделген билік. Орындаушы басшының өзінің қажеттіліктерін өтеп, қанағаттандыра алатындығына сенеді.
3. Эксперттік билік. Орындаушы әсер етуші оның қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын белгілі бір қабілеті бар екендігіне сенеді.
4. Эталонды билік. Әсер етушінің сипаттамалары мен жеке қасиеттері орындаушы үшін өте тартымды болып, ол сол қасиеттерге ие болғысы келеді.
5. Заңды билік. Орындаушы басшының бұйрық беруге құқығының бар болуына және оның міндеті оған бағыну екендігіне сенеді. Заңды билік түрін әдетте дәстүрлі деп те атайды.
20. Топта өзара қарым-қатынасты жаңарту және дау-дамайдың алдың алу
1 Қарым-қатынас психологиясының мақсат-міндеттері
2 Дау-дамайдың алдың алу
1 Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлерін айтқан. Қарым-қатынасты қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер И.А.Зимняя, А.Н.Леонтьев және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытудың, олардың арасындағы бірлескен қызметтік қажеттіліктерден туындайтын, сонымен қатар өзара ақпарат алмасу, өзара байланыстың біркелкі стратегиясын қалыптастыру, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді қамтитын күрделі көп салалы үдеріс. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психология ғылымында психологиялық ұжымдағы болып жатқан түрлі жағдайларды шешу, қызметкерлердің қарым-қатынас жағдайларда болып жатқан шиеленісті жағдайлардан сауатты, дұрыыс шығу, бұл жағдайларды басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімдерді практикада қолдану – пссихологияның өзекті мәселелердің бірі.
2 Қазіргі дау-дамай психологиясында дау-дамай динамикасындағы аяқталушы кезеңді “дау-дамайды шешу” терминімен белгілеу дәстүрге айналды. Алайда, әдебиеттерді талдау көптеген авторлардың қандай да бір дәрежеде даулы әрекеттердің ерекшелігі мен тоқталуын, даулы ситуацияның құрылымдық элементтеріне әсер ету бағыттылығын көрсететін басқа да ұғымдарды қолданатындығын көрсетеді. Оларға мыналар жатады: өшіру (Бойко, Ковалев, 1983), жеңу (Феденко, Галицкий, 1981), бұлтартпау (Каменев, 1984), сөндру (Рапопорт, 1967), өзінен-өзі шешілу (Анцупов, 1992), әлсіздендіру (Добрович, 1987), реттеу ( Хилл, 1989), жою (Аккоф, Эмери, 1974), ретке келтіру (Гозман, Шестопал, 1995) және басқалар. Дау-дамай дамуының күрделілігі мен көпнұсқалылығы оны аяқтау формалары мен тәсілдерінің бір мағыналы емес екендігін шамалайды. Жоғарыда келтірілген ұғымдардың ішінде ең көп тарағаны дау-дамайды аяқтау болып табылады, ол дау-дамайды кез-келген себептерге байланысты бітірумен сипатталады.
Дау-дамайдың өшуі дегеніміз – дау-дамайдың негізгі белгілерін: қайшылықтар мен шиелініскен ара қатынастарды сақтай отырып, қарама-қарсы әрекеттесулердің уақытша тоқтатылуы. Дау-дамай “айқын” формадан жасырын формаға өтеді. Дау-дамайдың өшуі әдетте мыналардың нәтижесінде болады:
-екі жақтың да күрес үшін қажетті ресурстарының таусылуы;
-күреске деген мотивацияның жоғалуы, дау-дамай нысанының маңыздылығының төмендеуі;
-оппоненттер мотивациясының қайта бағдарлануы (дау-дамайдағы күреске қарағанда анағұрлым мәнді жаңа мәселелердің пайда болуы).
Дау-дамайды жою дегеніміз оған нәтижесінде дау-дамайдың негізгі құрылымдық элементтері жойылатындай етіп ықпал жасау. Жоюдың “конструктивті еместігіне” қарамастан, дау-дамайға жылдам және шешуші әсер етуді талап ететін ситуациялар бар (зорлық-зомбылық қаупі, адамдар өлімі, уақыттың немесе материалдық мүмкіндіктердің жетіспеуі). Дау-дамайды жою төмендегі тәсілдердің көмегімен мүмкін болады:
дау-дамайдан оппоненттердің біреуін шығарып тастау (басқа бөлімге, филиалға ауыстыру; жұмыстан босату);
оппоненттердің өзара әрекеттесулерін ұзақ уақыт бойына болдырмау (біреуін немесе екеуін де іс-сапарға жіберу және т.с.с);
дау-дамай нысанын жою (анасы жанжалдасушы балаларынан даудың пайда болуына себеп болған ойыншықты алып алады);
дау-дамай нысанының тапшылығын жою (үшінші жақ дау-дамайға қатысушы жақтардың әрқайсысын олар иемденуге талпынған нысанмен қамтамасыз етуі мүмкін).
21Қоршаған Орта мен өзінің арасындағы дау-дамайларды шешудегі әрекеттердің бірізділігі. Қазіргі дау-дамай психологиясында дау-дамай динамикасындағы аяқталушы кезеңді «дау-дамайды шешу» терминімен белгілеу дәстүрге айналды. Алайда, әдебиеттерді талдау көптеген авторлардың қандай да бір дәрежеде даулы әрекеттердің ерекшелігі мен тоқталуын, даулы ситуацияның құрылымдық элементтеріне әсер ету бағыттылығын көрсететін басқа да ұғымдарды қолданатындығын көрсетеді. Оларға мыналар жатады: өшіру (Бойко, Ковалев, 1983), жеңу (Феденко, Галицкий, 1981), бұлтартпау (Каменев, 1984), сөндру (Рапопорт, 1967), өзінен-өзі шешілу (Анцупов, 1992), әлсіздендіру (Добрович, 1987), реттеу ( Хилл, 1989), жою (Аккоф, Эмери, 1974), ретке келтіру (Гозман, Шестопал, 1995) және басқалар. Дау-дамай дамуының күрделілігі мен көпнұсқалылығы оны аяқтау формалары мен тәсілдерінің бір мағыналы емес екендігін шамалайды. Жоғарыда келтірілген ұғымдардың ішінде ең көп тарағаны дау-дамайды аяқтау болып табылады, ол дау-дамайды кез-келген себептерге байланысты бітірумен сипатталады. Дау-дамайдың өшуі дегеніміз – дау-дамайдың негізгі белгілерін: қайшылықтар мен шиелініскен ара қатынастарды сақтай отырып, қарама-қарсы әрекеттесулердің уақытша тоқтатылуы. Басқа дау-дамайға ұласу екі жақтың қатынастарында жаңа, анағұрлым маңызды қайшылық пайда болғанда және дау-дамай нысанының алмасуы болғанда жүреді. Дау-дамайдың нәтижесі екі жақтың күресінің нәтижесі және олардың дау-дамай нысанына қатынасы ретінде қарастырылады. Дау-дамайдың нәтижелері мыналар болуы мүмкін: бір немесе екі жақтың да жойылуы; дау-дамайдың қайта басталу мүмкіндігін ескеріп тоқтату; екі жақтың біреуінің жеңіске жетуі (дау-дамай нысанын иеленуі); дау-дамай нысанын бөлу (симметриялық немесе асимметриялық); нысанды бірлесіп қолдану тәртібі жайлы келісімге келу; өзге жақтың нысанын иемдену үшін тең өтем төлеу; екі жақтың да аталмыш нысанға қол сұғудан бас тартуы; екі жақтың да мүдделерін қанағаттандыратын объектілерді альтернативті анықтау. Дау-дамайды шешу барысында оны шешу өлшемдерін анықтау өте маңызды. Оларды екі жақ та мойындауы тиіс. Оларға жататындар: құқықтық нормалар; адамгершілік принциптері; беделді адамдардың пікірі; бұрын осы тәріздес мәселелерді шешу өнегелері, дәстүрлер. Белгіленген жоспарды іске асыруға байланысты әрекеттер дау-дамайды шешудің таңдалған тәсіліне сәйкес жүргізіледі; бұл тәсілдер төменде талданатын болады.Егер қажет болса, онда бұрын белгіленген жоспарға түзету енгізіледі (талқылауға оралу; баламаларды ұсыну; жаңа аргументтер ұсыну; үшінші адамға жүгіну; өзге жолдарын талқылау). Өз әрекеттерінің тиімділігін қадағалау өз-өзіне: Мен мұны не үшін істеп отырмын? Неге қол жеткізгім келеді? Белгіленген жоспарды іске асыруды не қиындатады? Менің әрекеттерім әділетті ме? Дау-дамайды шешу кедергілерін жоюға байланысты қандай әрекеттер қолдану қажет және т.б. сияқты сұрақтарға сын тұрғысынаан жауап беруді ұйғарады.
Дау-дамайды аяқтауға байланысты мақсатты түрде өз мінез-құлқының қатерліктерін талдау; мәселені шешуге байланысты алынған білімдер мен тәжірибені талқылау; бұрынғы оппонентпен арақатынасты қалпына келтіруге тырысу; қоршағандармен қатынастардағы жайсыздықты жою; дау-дамайдың өз жағдайындағы, іс-әрекет пен мінез-құлқындағы жағымсыз салдарын азайту қажет.
.22 Дау-дамай жағдайларды басқарудың психологиялық негіздері
23 Дау-дамайлардың алдын алу мен шешудің негіздері правление конфликтом является одной из важнейших функций руководителя. В среднем руководители тратят около 20 % своего рабочего времени на разрешение различного рода конфликтов. Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату: Спатарь А. В. Основы управления конфликтами в организации [Текст] // Проблемы современной экономики: материалы IV Междунар. науч. конф. (г. Челябинск, февраль 2015 г.). — Челябинск: Два комсомольца, 2015. — С. 95-98. И первый шаг в управлении конфликтом состоит в понимании его источников. Менеджеру следует выяснить: это простой спор о ресурсах, недоразумение по какой-то проблеме, разные подходы к системе ценностей людей или это конфликт, возникший вследствие взаимной нетерпимости (непереносимости), психологической несовместимости. После определения причин возникновения конфликта он должен минимизировать количество его участников. Установлено, что чем меньше лиц участвует в конфликте, тем меньше усилий потребуется для его разрешения. В процессе анализа конфликта, если руководитель не в состоянии сам разобраться в природе и источнике решаемой проблемы, то он может для этого привлечь компетентных лиц (экспертов). Мнение экспертов часто бывает более убедительным, нежели мнение непосредственного руководителя. Это связано с тем, что каждая из конфликтующих сторон может подозревать, что менеджер-арбитр в определенных условиях и по субъективным причинам может принять сторону его оппонента. В этом случае конфликт не затухает, а усиливается, так как «обиженной» стороне необходимо уже бороться и против менеджера. Существуют три точки зрения на конфликт: Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату: Спатарь А. В. Основы управления конфликтами в организации [Текст] // Проблемы современной экономики: материалы IV Междунар. науч. конф. (г. Челябинск, февраль 2015 г.). — Челябинск: Два комсомольца, 2015. — С. 95-98.
24 Дау-дамайлардың алдын алудың объективті-субъективті шарттарына ұйымдық-басқарушылық факторлары
1 Дау-дамайларды, олардың құрылымдары мен функцияларын зерттеудің осы құбылыстың сипаттаушы және түсіндіруші модельдерін құрудың негізгі мақсаты әлеуметтік қайшылықтарды конструктивті реттеудің жолдарын іздеу. Дау-дамайларды басқару екі стратегиялық міндетті шешуді ұйғарады. Біріншісі дау-дамайлардың алдын-алу болып табылады. Егер дау-дамайыдың алдын алу мүмкін болмаса, онда екінші міндетті шешу қажет, яғни оны конструктивті аяқтау жолдарын іздеу.Дау-дамайларды басқару ерекшеліктері көп жағдайда олардың күрделі әлеуметтік құбылыс ретіндегі спецификасымен анықталады. Жақсы білетін істі, тек соны ғана басқаруға болады. Кері жағдайда басқару оқиғалардың табиғи дамуы кезінде болатын нәтижелерден де нашар нәтижелерге душар етуі мүмкін.
2 Дау-дамайдың алдын алудың құралымдық-ұйымдық шарттары бір жағынан ұйым ретінде, ал екінші жағынан әлеуметтік топ ретінде цехтық, заводтық, фирмалық құрылымдарын оңтайландырумен байланысты. Ұжымның формальды және формальды емес құрылымдарының алдында тұрған міндеттерге барынша сәйкес келуі ұйымның құрылымдық элементтері арасында пайда болатын қайшылықтарды азайтуды қамтамасыз етеді және қызметкерлер арасында дау-дамайлардың пайда болу ықтималдығын азайтады.
Функционалдық-ұйымдық шарттар ұйымның құрылымдық элементтері мен қызметкерлер арасындағы функционалдық өзара байланыстарды оңтайландыру байланысты. Бұл қызметкерлер арасындағы дау-дамайлардың алдын алуға мүмкіндік береді, әрі функционалдық қайшылықтар соңында тұлға аралық қайшылықтарды туғызады.
Қызметкерлердің атқарып жүрген қызметі ұсынатын барынша көп талаптарға лайық болуы дау-дамайлардың алдын алудың тұлғалық-функционалдық шарттарын құрайды. Қызметкерді оның өзінің кәсіби, адамгершіліктік, басқа да психологиялық және дене сапалары толық шамада сәйкес келмейтін қызметке тағайындау қызметкер мен оның басшылары, қарамағындағылар мен қызметтестер арасындағы дау-дамайлардың пайда болуына алғышарттар туғызады.
25Тұлғаның эмоционалдық еріктік ортасы.дарис номир 6
26 Ерікті қалыптастыру және дамыту.
Эмоция түсінігі. Сезіну, қабылдау және ойлау арқылы адам көптеген заттар мен құбылыстардың, олардың өзара әрекет сапасы мен сипаттарын көрсетеді, ал таным мазмұнына қатынасы эмоциялар мен сезімдер арқылы көрініс табады.
Ерік түсінігі. «Ерік» терминіадамның түрлі қиындықтарды бағындыра отыра, саналы қалыптасқан мақсатқа бағытталған әрекет қабілеті арқылы көрініс табатын психикалық өмірдің бір қырын көрсетеді. Мақсат түсінігі о баста адамның өзіндік шешімдері арқылы жүзеге асатын, бірақ оның тілектеріне жауап бермейтін әрекеттерге шақыруды түсіндіру үшін енгізілді. Кейін ол тілектердің қарама-қайшылығы кезіндегі еркін таңдау мүмкіндігін түсіндіру үшін қолданыла бастады. Ерік өзіңе қажетті нәрсені істеуге итермелеу, бұған кедергі жасайтын тілектер мен құштарлықтарды басу қабілетімен көрініс табады. Басқаша айтсақ, ерік – бұл өзіңе билік ету, өзіңнің әрекеттеріңді басқару, өзіндік әрекетті саналы ретеу.
Ерікті қалыптастыру және дамыту. Еріктің сипаттамасы оның әлеуметтік табиғаты, яғни оның биологиялық емес, қоғамдық заңдар бойынша дамитындығын білдіреді. Сондықтан оны дамытудың келесі шарттары мен бағыттарын белгілеуге болады.
27Әрекет ету және көрініс тәсілі ретінде-эмоция
28 Эмоцияның формалары және негiзгi түрлерi Эмоция азабы өмiрлiк мақсатқа жетуге ұмтылысқа керi әсерiн тизе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйiн талдау, адам құндылықтарын келеке етуiне себеп болуы мүмкiн Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттерi
Адамның эмоциялық өмiрi бiрiнен соң бiрi келетiн күйлердiң әр-алуандығымен және қайталанбайтындығымен ерекшеленедi. Бiрақ та эмоциялар әр-алуандығына қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады: сапалы белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Олардың қасиеттерiмен арақатынасына байланысты эмоцияның түрлерi мен формаларын ажыратуға болады.
Эмоцияның көрiнiсi – бұл әрбiр күйзелiске өзгешелiк пен қайталанбастық беретiн сапалы сипаттама. Ол эмоцияның негiзiнде жатқан қажеттiлiктiң сипатымен анықталады. Әрбiр қажеттiлiк жеке, тек соған ғана тән эмоциялық бояумен бiрге жүредi. Мысалы, тамаққа деген қажеттiлiк эмоциялық бояудың бiр типiн, танымдық - екiншiсiн, жыныстық - үшiншiсiн тудырады. Сәйкесiнше боялуына байланысты эмоцияларда қажеттiлiк қанша болса, қажеттiлiк соншама болады.
Эмоциялық көрiнiстi сөзбен жеткiзу мүмкiн емес. Оны тiкелей бастан өткiзу керек.
Эмоцияның белгiсi эмоция қандай болса да субъективтi жағымды және жағымсыздығына сәйкес келедi. Ол сәйкес эмоциогендi жағдаяттың пайдалы-зияндығының субъективтi көрсеткiшi болып табылады. Белгiсiне байланысты жағымды, жағымсыз және екi жақты (амбиваленттi) эмоцияларды атайды.
Жағымды эмоциялар ситуацияны және оқиғаның адам үшiн пайдалы екендiгiн көрсетедi Олар қажеттiлiктер қанағаттанғанда немесе осыған септiгiн тигiзетiн жағдаяттарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы. Бiздiң рахаттануға деген талпынуымызда осыдан қанағаттанбаушылықтан туатын жағымсыз эмоциялар адам үшiн сәйкес жағдаяттар мен оқиғалардың зияндығын көрсетедi. Олар қажеттiлiктердiң ұзақ қанағаттанбауынан және соған кедергi келтiретiн жағдаяттарда пайда болады. Олар сәйкес жағдаяттардан шығу, жеңу немесе жоюға бағытталған әрекеттердi оятады. Екi жақты эмоциялар белгiлi бiр арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелiстердi қатар алып жүредi. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделiлiгiн және қарама-қайшылықтығын көрсетедi.
Эмоцияның күштiлiгi- бұл олардың сандық сипаттамасы. Ол екi фактормен анықталады: сәйкес қажеттiлiктiң қанағаттанбағандық деңгейiмен және оның қанағаттануына әсер еткен жағдайлардың күтпеген жерден болғандығымен.
29Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттерi
1 Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерiг айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы кербiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен.
Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.
2 Адамның эмоциялық өмiрi бiрiнен соң бiрi келетiн күйлердiң әр-алуандығымен және қайталанбайтындығымен ерекшеленедi. Бiрақ та эмоциялар әр-алуандығына қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады: сапалы белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Олардың қасиеттерiмен арақатынасына байланысты эмоцияның түрлерi мен формаларын ажыратуға болады.
Эмоцияның көрiнiсi – бұл әрбiр күйзелiске өзгешелiк пен қайталанбастық беретiн сапалы сипаттама. Ол эмоцияның негiзiнде жатқан қажеттiлiктiң сипатымен анықталады. Әрбiр қажеттiлiк жеке, тек соған ғана тән эмоциялық бояумен бiрге жүредi. Мысалы, тамаққа деген қажеттiлiк эмоциялық бояудың бiр типiн, танымдық - екiншiсiн, жыныстық - үшiншiсiн тудырады. Сәйкесiнше боялуына байланысты эмоцияларда қажеттiлiк қанша болса, қажеттiлiк соншама болады
30. Ұжым, топ ол бірлескен еңбектің арқасында қоғамдық үшін маңызды міндеттерді шешетін ортақ мүдделері бар адамдар жиыны. Еңбек етуші ұжымдық топтар меншікке, жеке, қоғамдық мақсаттарға деген қатынастарымен ерекшеленеді. Дамудың деңгейі топтың мүшелерінің мүшелеріне ықпалын тигізіп олардың құндылықтық бағыт бағдарын қалыптастырады. Адам тарапынан моралды нормалар мен дәстүрлерді игеруіне топтағы еңбек тәртібінің, белсенділіктің, инициативаның, шоғарлану деңгейі ықпал етеді. Қазіргі кезде топта сау психологиялық климатты қалыптастыратын адамдарға деген қажеттілік өсуде. Сол сияқты топтық әрекет жасасу икемдері мен дағдылары мектеп жасынан қалыптасады. Қазіргі кезде ғылыми еңбектердің едәуір бөлігі топтағы психологиялық климатты зерттейді. Осыдан зерттеу жұмысының терең ғылыми және теориялық өзектілігі байқалады. Психологиялық климатты зерттеудің маңызы қазіргі кезде зор. Себебі тәрбиелеудің басты мақсаты жан жақты үйлесімді қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл бағытта жеке тұлға қандай топта қалыптасқан, бұл топтың психологиялық климаты қандай болғанына байланысты жеке тұлға қалыптасады. Жеке тұлғаның қалыптастырудың құралына топ қолайлы психологиялық климат барысында айналады. Адамның топқа ыкпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді. Орамды акыл, терең сезім, күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат, қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез сіңш, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлык корсетсе, оның жұртка ыкпалы темендеп, бара-бара беделінен айрылатын болады.
31. Әлеуметтік-психологиялық климат деген не? Психологиялық климат немесе микроклимат бір жерде өсімдік көтерілмей қурап жатса, бір жерде өркендеп, гүлдеп жататын жағдайын еске түсіреді. Адам бір ұжымда өзінің жағдайына қанағаттанатынын сезінсе, екінші бір ұжымда керісінше құлдырап кетуі ықтимал. Психологиялық климат тәрбие ұжымының берік психологиялық жай-күйі болып табылады. Ол әр түрлі қызмет саласында әр түрлі деңгейде қалыптасады және түрліше реттеледі. Әлеуметтік-психологиялық климатқа тән ерекшеліктер: – бұл адамдар өмірі мен тіршілігінің бір қыры; – ол әр ұжымда әр түрлі; – ұжым мүшелеріне тигізетін әсері де әр кімге әр қалай; – климат жағдайы балалардың психологиялық көңіл күйіне ықпал етеді.
32. Белгілі бір ұжымның әлеуметтік – психологиялық күйін диагностикалау үшін ұжымның еңбекке деген құлшынысын салыстырып оның пайда болуын бағалау қажет.
Б. Д. Парыгин әлеуметтік – психологиялық күйдің екі нұсқасын ұсынады:
1) негізгі зерттеулер бойынша;
2) оперативті зерттеу бойынша.
Диагностикалаудың бірінші жағдайында ұжым әрекетіндегі барлық әлеуметтік – психологиялық күйді зерттейді. Ал екінші жағдай бойынша, ұжымдағы әлеуметтік – психологиялық күйді зерттеуді ғана қарастырмай, оны іс жүзінде ұжым қатынасын жақсарту үшін қолданады.
Диагностикалау кезінде топтық бірігу,еңбекке қанағаттану, әлеуметтік даму талаптарына сәйкестену, әлеуметтік – психологиялық кұй потенциалы сияқты көрсеткіштер анықталады. Топтық бірігу көрсеткіші топтың байланысының мықтылығы мен жиілігі, бірліктің сәйкестігі мен келісімі сияқты бірігу индексімен анықталады. Топтық бірігу индексі социометрикалық зерттеу бойынша өзара оң таңдаулардың мүмкін таңдаулар қатынасымен есептеледі. Топтық бірігу индексі – топтың қатаң формалды сипаттамасы. Коммуникативті байланыс жиілігі мен тұрақтылығы Л. Фестингер бірігу негізін зерттеумен көрсетілген. Ол бірігуді бүкіл топ мүшелерінің топта ұстаушы күші ретінде анықтады. Келісім Т. Ньюкпен ұсынылған бірігу критерийі, топ мүшелерінің белгілі бір қызығушылықтарға бірдей қарауымен сипатталады. Бағалы – бағытты бірлік – топтың бірігу көрсеткішінің бастысы, оның мүшелерінің мақсатқа жетудегі бір бағытты ұстанушылығы, бір позициямен өмір сүруімен сипатталады. Қанағаттанушылық. Әлеуметтік – психологиялық күйді анықтаушы шектелген критерий. Адамның өзін қоршаған ортамен қатынасы мен мәртебесіне қанағаттанушылығы, оның топтағы шынайы жағдайына сәйкес болмауы.
Б. Д. Парыгин әлеуметтік – психологиялық күйдің диагностикалау критерийі ретінде күйдің әлеуметтік талабына сәйкестенуін ұсынды. Ол тұлғаның ұжымдағы қажеттілігі мен бағытына зейін қояды.
Парыгинмен ұжымның әлеуметтік – психологиялық күйі потенциалы түсінігі ұсынылды. Әлеуметтік – психологиялық күй потенциалы қызметті жасай алу мүмкіншілігі мен оны іске асырудың деңгейін көрсетеді.
33. . Әлеуметтік-психологиялық климатты реттеудің қуатты құралы ұйымдастыру-басқару жағдайлары болып табылады. Ғылыми зерттеулерде әлеуметтік-психологиялық климат пәндік-практикалық қарым-қатынастар нәтижесі ретінде қарастырылады. Ол нәтиже бірлескен қызмет барысында жинақталады. Бұл және тиімділік шарты да. Ұжымның бірлесіп жүргізетін қызметі барысында тәрбиеленушілердің өзара тығыз байланысқа түсіп, психологиялық тұрғыдан бір-бірін толықтыруы олардың арасында оңды қарым-қатынастар қалыптасуына, әлеуметтік-психологиялық климаттың жақсаруына жағдай туғызады. Психологиялық қарым-қатынас бір аданың екінші адаммен тікелей байланысқа түсетін, бірлескен қоғамдық еңбек қызметі жасалатын, бір адам екінші адамға ықпал ететін жерде туындайды.
34.эмоциялық интеллект - психология ғылымында қарқынды зерттеу нысанына айналған өзекті мәселелердің бірі. Психологтардың анықтауынша эмоция адамдардың өзіне және өзге адамдарға үйлесімді қатынаста болуына, кәсіби іс-әрекетте және жеке өмірде жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Эмоциялық интеллект – адамның ішкі жай-күйінде, айналадағыларға деген эмпатиялық қатынаста, идентификацияда, эмоционалды күйлермен мінез-құлықты бақылау және рефлексиялауда, эмоциялық ақпаратты айналадағы адамдармен қарым-қатынаста қолдануда көрінеді.
«Эмоциялық интеллект» ұғымын ғылыми айнылымға Питер Салоуей 1990 жылы жарыққа шығарылған мақаласында енгізген. Питер Салоуей және оның авторласы Джон Майер эмоциялық интеллектіні «эмоцияда көрінетін тұлға көріністерін қабылдау және түсіну, интеллектуалды үрдістер негізінде эмоцияны басқару» ретінде анықтайды. Ғалымдардың анықтауынша, эмоциялық интеллект төрт бөлімнен тұрады:
өзінің және басқа адамның эмоциясын қабылдау немесе сезіну қабілеті;
өз эмоциясын ақыл-ойға бағыттау;
эмоция көріністерін түсіну қабілеті;
эмоцияны басқара білу.
И.Н. Андрееваның пікірінше, «эмоциялық интеллектіні дамыту – аса өзекті мәселе, себебі эмоцияның бейімделуші табиғаты индивидтің белсенді өмір сүруіне мүмкіндік жасап, тұлғаның белгілі бір ортаға бейімделу қабілетін және оның қоғаммен үйлесімді қатынасын арттырады. Эмоциялық интеллект – эмоционалды ақпаратты талдауға, өңдеуге және қолдануға интеллектуалды қабілеттердің жүйелі көрінуі болып табылады. Эмоция тұлғалық құрылымдармен, тұлғалық иденттілікпен тығыз байланысты, адамның негізгі мотивациялық жүйесін бейнелейді. Сондықтан, эмоциялық интеллекті дамыту тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына зор ықпалын тигізеді» [1]. Ресейлік психологияда «эмоциялық интеллект» терминіне О.К. Тихомировтың зерттеу нысанына алған «эмоциялық ойлау» ұғымын ұқсас деп санауға болады. О.К. Тихомиров эмоциялық ойлау ерекшелігін сипаттай келе, эмоционалды күйлердің міндеттерді шешу үрдісіне қатысатындығын тұжырымдаған.
Эмоцияларды тану – эмоцияларды дұрыс қабылдап, анықтауға, сипаттауға мүмкіндік беретіндіктен, анағұрлым тиімді коммуникация, яғни қарым-қатынас орнатуға зор ықпалын тигізеді.
Эмоцияны меңгеру – өзін-өзі бақылаумен байланысты. Дұрыс эмоциялық экспрессия физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңызды факторы болып саналады. Сондықтан, эмоционалды экспрессияны бақылай алмау мәселесі субъектінің өзі үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдар үшін де қолайсыз болып келеді. Сонымен қатар, эмоционалды экспрессия тұлғааралық қатынастар сапасына да ықпал етеді. Мәселен, белгілі бір жағдайларда аса ұстамдылық, шыдамдылық көрсеткен адам немқұрайлы, селқос, тәкаппар болып танылады, бұл өз кезегінде өзге адамдарда таңдану немесе жақтырмау сияқты жағымсыз қатынасты қалыптастырады.
Эмоцияларды түсіну. Эмоцияларды түсіну – оларды көрсете, білдіре алу мүмкіндіктерімен байланысты.
Эмоцияларды түсіну – эмпатияның даму деңгейімен де байланысты. К. Роджерс бойынша басқа тұлғамен қарым-қатынастың эмпатиялық тәсілінің бірнеше қыры бар
Эмоциялық интеллект (EQ) – стрессті түсіру, айналадағылармен тиімді қарым-қатынас орнату, қиындықтарды жеңу және жанжалдарды бәсеңдету үшін эмоцияларды позитивті және конструктивті бағытта түсіну, анықтау, қолдану және басқару.
35. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет. Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны немесе қабылданбайтыны ерік істерінің табиғатында болады
36.
1.Ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына еңбек процессіне нәтижесіне қанағаттануы.
2.Ресми бейресми жетекшілердің беделін мойындау.
3.Ұжымдағы жарқын көңіл күй көтеруі.
4.Ұжым мүшелерін басқаруға және ұжымның өзін өзі басқаруға мүмкіндіктің болуы.
5.қатысушылардың жоғары деңгейі.
6.Ұжым мүшелерінің топтасушылығы. Және ұйымдастырушылығы.
7.Сапалы тәртіп.
8.Еңбек өнімділігі.
9.Кадрларының тұрақтылығы.
37. стресске төзімділік қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр. стресске тұрақтылығының этнопсихологиялық аспектісі диссертациясы Г.Ә.Әбдібекова, қоғамдық қарым-қатынастың әскерге әсері Галкин М.В., жауынгерлік стресс жағдайларында оңалту Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, жауынгерлердің мінез-құлықтарының себептерін түсіндіру С.Л.Рубинштейн, әскери мәселелерді психологиялық зерттеу Б.М.Теплов, стресс психологиясы Т.А.Серебрякова.
Қазіргі заманғы ғылымда төтенше жағдайларда тұлғаның қабілеттілігі ретінде психикалық адекваттылық пен қызметінің тиімділігін сақтау үшін әртүрлі терминдерді пайдаланады:
– "психикалық төзімділік" (М. Ф. Секач),
– "психологиялық төзімділік" (В. В. Аршинова, С. А. Шувалов),
– "стресске төзімділік" (О. А. Ахвердова, И. В. Боев),
– "жүйкелік-психикалық төзімділік" (П. П. Дорогов),
– "кәсіби-психологиялық төзімділік" (Е. В. Василенко).
төзімділікті белгілі бір жағдайларды ұстап тұратын қабілет деп қарастыру дұрыс емес, ол уақыттағы жағдайлардың реттілігін қамтиды. Стресске төзімділіктің ерекшелігі – белсенді сипаты болып табылады. Бұл дегеніміз, стресске төзімділікті процесс және нәтиже [2] ретінде қарастыруға болатынын және ол тұлғаның психикалық дамуында ажырамас бөлігі, бейімдеу процесінде маңызды рөл атқаратынын білдіреді.
Кең мағынада, стресске төзімділікті екі айнымалы — қоршаған орта мен ішкі құрылым жүйесінің [2] функциясы ретінде қарастыру қажет. Осының негізінде мынадай қорытынды жасауға болады, төзімділіктің бар түрлері, тұлғаның психикалық тұрақтылығының тұтас компоненттерінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, стресске төзімділік маңызды психикалық процесстердің функционалды сипаттамаларын, тұлғаның қасиеттері мен сапасын, сондай-ақ нақты жағдай талап ететін психологиялық қызмет жүйесінің адекваттылық дәрежесін көрсетеді.
38. 1.Психологиялық денсаулықтың бұзылуына әсер ететін факторлар. Психологиялық денсаулықтың бұзылуларының ішінде кең тарағандары – эмоционалды тұрақтылықтың бұзылуы, іс-әркеттегі ауытқушылық және гиперактивтілік.
2.Стессорлар. Стрессор – стресс жағдайын тудыратын фактор. Стрессорлар адамды рухани тепе-теңдіктен шығаратын сыртқы және ішкі жағдайлар. Шеффер бойынша адамның ішкі қысымын білдіретін жағдайлар: шоғырлана алушылықтың төмендеуі; жұмыстағы жіберілетін қателіктердің жиілеуі; тез шаршағыштық; жылдам сөйлеу; ойдың жинақталмауы; бас, омыртқа, асқазанның жимі ауыруы; жоғары қозушылық; жұмыс істеудің қуаныш әкелмеуі; қалжың сезімінің жоғалуы; шылым шегу жиілейді; алкогольді ішімдікке әуестену; тойымсыздық сезімі; тәбеттің жоғалуы; өз уақытында жұмысты аяқтай алмау.
Отбасы мүшелерінің құрылымының өзгеруі бала үшін өте салмақты стрессор болып табылады.
39. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз. Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сяиқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау. Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз. Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған. «Сау дененің рухы да сау!» – деп айтылады. Дұрыс үйлестірілген тағам, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту сіздің стрессті жеңудің тағы бір әдісі болады. Диета сияқты, артық ішіп-жеу стресске әкіліп соқтырады, зорланудың салдарынан организм тез толып кетуі мүмкін. Тамаққа көп жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, дәнділерді және теңіз өнімдерін қолданыңыз. Көбірек қозғалыңыз, жүзіңіз, теннис ойнаңыз, бимен немесе йогамен айналысыңыз, конькимен немесе шаңғымен сырғанаңыз – ең бастысы өз жаныңызға жағатын істі таңдаңыз! Уақыт сайын массажға, спа-салонға, шаштаразға барып, жақсы көретін көйлегіңізді немесе костюміңізді киіп кешке румба билейтін, әлде караоке өлендерін айтатын жақсы көретін барға барып келіңіз. Демалыс күндерінде ұйқыңызды қандырыңыз. Орташа статистикалық адамға қалыпты тiршiлiк әрекетiн және сергектік рухты сақтау үшін күнделікті 7-9 сағат ұйқы қажет! Енді сіз тамаша қаруландырудасыз және стресстік ситуацияларға түспеуіңізге, өз денсаулығызбен жастық шағыңызды ұзақ жылдарға сақтауыңызға үміттенеміз!
40 даптерде бар
Үрей байбалам ступор күйзеліс. психикалық Жарақат — орталық жүйке қызметінің бұзылуынан (кенеттен қатты қорқу, шошу, қайғы, т.б.) болады. Жарақат жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел Жарақаттың (қан құйылу, қан кету, т.б.) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде тіннің қажалуы (сүйел пайда болу) оған не органға үнемі сыртқы күштің әсер етуінен болады. Соның нәтижесінде тін, орган басылып жаншылады. Жарақат алу ірі өндіріс орындарында (зауыт, комбинат, т.б.) жұмыс істейтін жұмысшылардың, спортшылардың, әсіресе, мектеп жасындағы балалардың арасында, сондай-ақ, көлікте, қарулы күштерде жиі кездеседі. Жарақат алған адамға жедел дәрігерлік алғашқы көмек көрсету қажет. Жарақатты емдеу үшін, оның түріне қарай хирургиялық операция, дәрі-дәрмек ішкізу, дәрі жағу, физиотерапия, т.б. жүргізіледі
Психологиялық жарақаттар
Біздің психикамыз бірегей ерекшелігі бар: кейде оларды Гемобайланыс подсознание травматикалық оқиғалар мен біздің сезімдеріміздің естеліктері және бастауыш жасырады. Бұл қорғаныс құрылғысы, біз жай ғана теріс эксперимент үлкен багажды бар жаңартып алдық емес, жағымсыз жолмен өмірін жеңілдету мақсатында бізге таныстырылды.
Басқаша айтқанда, сіз, ол қақтығыс нақты фонды түсіну, ең бастысы, тағы да, сезім жоқ, жаңа нәрсе үйренді «өмір сүрген», және қарапайым болып табылады. Бірақ басқа да жағдайлар бар, бұл естеліктер ай, тіпті жыл бойы бізді қатты қинаған. қайта жазылады жарақат естеліктер ұқсас есе қайғылы жазбада туралы. Бірақ бұл жеткіліксіз проблемасы туралы ұмытуға, бұл дұрыс өңдеуге және жұмыс істеу қажет.
Шын мәнінде, бұл олардың қорғау бастауыш, бірақ қоршаған менсінбейтіндері және менмен іскер адамдар бейнесі ретінде қабылдайды. Мұндай жағдайларда адам дәл жұмыста табысқа жету, және кез келген командада жоқ. Олар жарақат ахуалдың ушығуына әкеліп соғатын, төрт қабырғаға қамалып жұмыс орны, өзгерту шаршайды. әлеуметтік фобия сыни ойлауды дамыған болса, ол өз өмірінің тамаша ыдырағаннан кездесті отырып дұрыс қорытынды алуға болады. Әйтпесе, адам бастауыш нашарлатады.
41.Кеңес беру қызметтер көрсетумен кім қолдана алады?
Әдетте қызмет орны кеңес беру және ақпараттық қызметтерді ұсынады. Сіздің әрекетіңізге теріс әсер ететін кез келген жеке мәселелеріңізбен жүгіне аласыз, төмендегілерді қоса алғанда, бірақ сонымен шектеліп қана қоймайды:
Депрессия;
Күйгелектік/мазасыздық;
Отбасы/достармен қатынасуға байланысты қауіптену;
Оқудағы қиыншылықтар;
Қайғы/жақын адамын жоғалту;
Есірткі заттарын қолдану (есірткі/алкогольдік ішімдік);
Жыныстық/қатынастар туралы мәселелер;
Мамандықты немесе мансапты таңдау;
Жарақаттар/ қорлық/ жыныстық зорлық;
Өз жыныстық бейімделуін халық алдында мойындау;
Өтпелі кезең, өмірлік таңдау және өзін-өзі ұғыну;
Тамақтануының бұзылуы: тәбетсіздік, мешкейілік, жүйкелік тәбетсіздік, компульсивті тойып жеу (ашқарақтық).
Аталмыш қызмет орнының қызмет көрсетуімен қолданушылар өз мазасыздықтарын кәсіптік, қамқоршыл және қасақана емес жағдайда талқылай алады. Кеңес беру қызметтер көрсетумен қолдану сіздің «нақұрыс», «әлсіз», «пайдасыз» немесе «аурушаң» екендіктеріңізді білдірмейді, керсінше, сіз өз мәселелеріңізді талдағыңыз келгендігін және өз өміріңізді жақсартуға қадам жасауды білдіреді.
Кеңес беру үдерісі
Сіз біздің қызмет көрсетудің керектігін анықтау үшін психологпен бір реттік алғашқы қабылдауды белгілейсіз. Алғашқы қабылдауға кейбір анықтама ақпаратты алу және бізге келуге себеп болған жағдайды талқылау жатады.
Сіздің және сіздің кеңес берушіңіз қандай шешім қабылдағаны қарамастан, кеңес алу мәселелеріңізді талқылауға мүмкіндік береді. Сіздің кеңес берушіңіз мәселенің тез арада шешілуін ұсына алмайды, сізді шектен тыс талдамайды және барлық сұрақтарға жауаптарды білуге тырыспайды, сізге не істеу керектігін айтпайды, бірақ шешім қабылдауға және СІЗ үшін дұрыс таңдауды анықтауға көмек көрсетеді.
42.Психологиялық кеңес беру қызметі ұсынатын көмек түрлері
Психологиялық кеңес беру қызметі ұсынатын көмек түрлері
Жеке кеңес беру: кеңес берудің аталмыш түрі психологпен жеке әңгімелесуден тұрады. Психологиялық кеңес беру объективті үшінші жақ қатысуымен мәселелер, сезімдер немесе мазасыздықтар туралы әңгімелесуге мүмкіндік беруімен және сіз өз бетіңізше ойламаған мәселе/ мазасыздыққа баламалы түсінік алумен пайдалы. Біз өз қызметімізді сіздің мәселелеріңізді талдау және оларға шешім табу үшін қолдау мен нұсқаушылық беру ретінде қарастырамыз.
Топтық кеңес беру: психологиялық кеңес беру қызметі көптеген топтық кеңес беру нұсқаларын ұсынады. Топтық кеңес беру көптеген мазасыздықты тиімді көрсете білу болып табылады.
43. Стресстің тұрақтылығына әсер ететін факторлар
1Стресс нәтижелері адамның жеке ерекшеліктерін тұрады. Кейбір адамдар стресстік бұзуларына басқаларға қарағанда жақсы қарсы тұра алады. Неге? Біздің физикалық немесе психологиялық денсаулығына әсер ететін стресстің әсерін азайтатын бірнеше факторлар бар солардың кейбіреулері не тоқтала кетсек.
2Қазіргі заманда стресстен қалай қашу, қалай құтылу туралы кеңестер көп айтылуда. Бірақ Селье айтуы бойынша стресстен қашпаған жөн. алайда жоғарыда айтылған сөздерег қарағанда бұл мүмкін еместе. Ұйықтап жатқан адамның өзі тсрессті сезінеді. Жүрек қанды айналдырып, асқазан кеше тамақты қорытып, ал демалу бұлшық еттері, кеуде клеткаларының қимылын қамтамасыз етеді. Мидың өзі түс көру себебінен толық дем алмайды.
Стресстен толық құтылу бұл-өлім. Стресс жағымды және жағымсыз қобалжулар мен байланысты екенін білеміз. Физиологиялық стресстің дәрежесі немқұрайлықтан төмен, бірақ ешқашан 0-ге тең емес (бұл өлуді білдірер еді). Біз стресстен қашпауымыз кеерк және қаша алмаймызда, бірақ біз оның негативті әсерлерін жеңе аламыз.
44. Күйзеліс (сресс) дегеніміз — бұл күшті әсерден адамда пайда болатын зорланған көңіл күй. Күйзеліс – бұл қоршаған ортаның жағымсыз өзгерістеріне жауап ретінде организмнің ерекшеленбеген қорғаушы реакциясы. Күйзеліс (стресс) түрлері Кәсіби күйзеліс ( жұмыста болған күйзеліс) Сезім әрекетіне бой алдырған күйзеліс Жарымжандық күйзеліс Рухани қалып күйі күйзелісі операциялық күйзеліс ( хирургиялық операцияға организмнің реакциясы ) Жарақаттау қызметін басынан кешіруден пайда болған күйзеліс және т.б.
