- •14. Қазақстан Республикасы Президенті мен Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың тәртібі.
- •17. Қазақстан Республикасында сайлауды өткізудің тәртібі.
- •19. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері
- •20. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың құқықтық мәртебесі.
- •21. Қазақстан Республикасының басқару нысаны мен мемлекеттік құрылыс нысаны.
- •22. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесін құрудың тәртібі, өкілеттіктерінің мерзімі мен актілері.
- •26. Қазақстан Республикасы Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату мен кетірудің тәртібі.
19. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негіздері
Әрбір мемлекет өзінің Консттуциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды белгілейді сонымен қатар олардың адам және азаматтың аталмыш қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды. Қазақстан Республикасының құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады. Конституцияда Қазақстан Республикасының құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар – халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастіқ, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б. принциптер болып жіктеледі. Қазақстан Республикасының мемлекетін құру концепциясында Қазақстан Респубикасы конституциялық құрылысның негізгі белгісі ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық» деп белгіленген (3-б). Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз илігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасын демократиясының тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады. Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы халқының ерік жігері негізінде басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дрбес мемлекет функцияларын жүзеге асыруына мумкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қаматамасыз етуде 1995 жылы 25 қазанда қабылданған «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» айрықша рөлге ие. Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып табылады.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
20. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың құқықтық мәртебесі.
Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.
