Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1996.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

8.Суреттің айтылуы.

Мақсаты: оқытылған тақырыптар бойынша лексиканың белсенденуі, диалогтік сөйлеу дағдыларының дамуы.

Ойын барысы: ойнаушылар сыңар түзеді. Әрбір сыңарға сөйлемдері жазылған карточкалармен суреттер беріледі. Солардың көмегімен суретті дауыспен жаңғыртады. Бірінші диалог құрап, оны дұрыс айтып, жеткізе білген сыңар жеңеді.

9.Санды тап.

Мақсаты: лексикалық машықтың дамуы.

Ойын барысы: ойнаушылардың бірі оның ойына келген бір қысқа сөзді айтады. Екінші қатысушы сөл сөзбен үндесетін сөзді айтуы тиіс, үшіншісі – үндесетін тағы бір сөз табады және т.с.с. Үндесетін сөз таба алмаған ойыншы «-» алады. Егер ойыншылардың бірінде үш минус болса, ол ойыннан шығады. Ең соңында қалған жалғыз адам жеңеді. Атау септігінде жекеше түрде тұрған сан есімдерді немесе басқа сөздерді алуға болады.

10. Дүкенде

Магазинда әр түрлі тамақтар, киімдер жатады. Оқушылар өздеріне керекті заттарды сатып алулары керек. Бұл ойында балалардың сөздік қорын тексеруге болады.

P1 : Good morning!

P2 : Good morning!

P1 : Have you a red blouse?

P2 : Yes, I have. Here it is.

P1 : Thank you very much.

P2 : Not at all.

P1 : Наve you a warm scarf?

P2 : Sorry, but I haven`t.

P1 : Good bye.

P2 : Good bye.

11. Портфелінді жина.

Бұл ойында бүкіл сынып қатысады. Тақтаға өз қалауларымен шығады.

Мұғалім айтады: Буратинаға мектепке жиналуына көмектесейік.

Оқушы үстел үстіндегі заттарды сөмкеге салады және әр қайсысының атын ағылшынша атайды.

This is a book. This is a pen (pencil, pencil-box)

Содан кейін әр затты суреттейді.

This is a book. This is an English book. This is a very nice book

12. Түстер.

Мақсаты: Өткен лексикалық тақырыптарды қорытындылау.

Ережесі: Бірдей түсті заттарды атау. Сынып екі топқа бөлінеді. Ең көп бірдей заттарды немесе жануарларды атаған топ жеңеді. Мысалы:

A white dog

13.Ең қызықты шығарма.

Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім әр топқа бір тақырып береді. Мысалы: Зоопаркте, дүкенде және т.б.

Ең қызықты шығарма жазған топ жеңеді.

14. Guess the word

Оқушылар бір сөзді ойлайды. Басқалар мынадай сұрақтар қою арқылы сөзді табу керек.: Is it (a ball)? What is it? деген сұрақты қоюға болмайды. Сөз табушы моқушылардың саны 3-4 баладан аспау керек, әйтпесе, оқушылар ойынға қызықпай кетеді. Әр ойынды жүргізу барысында ойыннның мақсатын естен шығармау керек. Бұл ойынның мақсаты өтілген лексиканы меңгергендерін тексеру. Сөзді тапқан оқушы, сөз жасырушы болып ойын

15. Bingo

Бұл ойын лексиканы да, грамматикалық тапсырмаларды тексеру үшінде өте қолайлы ойынның бірі. Оқушылар 16 торкөзді кесте сызады. Оған есімдіктерді кез келген ретпен жазады. Жазып болғаннан кейін мұғалім оларға есімдіктері түсірілген жаттығу ұсынады. Осы жаттығуды оқушылар торкөзге жазған есімдіктерін қою арқылы толтырады. Егер көлденең не тігінен жазылған есімдіктер қатары бірінші болып бітсе, оқушы жеңімпаз болып, «Bingo!» деп өзінің жеңімпаз екенін білдіреді.

Мысалы:

m y

they

s he

Our

Mine

your

Her

Their

Y ou

Herself

Its

His

yours

Myself

himself

it

16. Who is quicker?

Екі оқушы тақтада өткен тақырыптарға байланысьы өздері білетін барлық сөздерді қатесіз, әрі тез жазып шығуы керек. Тезірек бітірген оқушы жеңеді.

17. What is it?

Жүргізушінің қолында бірнеше заттар салынған қара жәшік болады. Топ мүшелері жүргізушіге сұрақтар қою арқылы, жәшіктегі заттарды табу керек.

18. Түлкі

Бірінші ойыншы айтады:Today I had for dinner some …” және бір тағамның атын атайды. Мысалы: A әрпіне басталатын apples.

Екінші ойыншы: Today I had for dinner some apples and bananas”,

Ол алдыңғы баланың айтқаның қайталайды және «В» әрпінен сөз қосады. Осылай ойын жалғаса береді. Егер де бір ойыншы алдыңғы сөздерді қайталап айта алмаса ойыннан шығарылады.

Қорытынды

Ойынның оқыту мүмкіндігі жөнінде ертеден белгілі. Көптеген алдыңғы қатарлы педагогтар оқыту процесінде ойынды қолдану тиімділігіне әділ назар аударған. Ойында адамның, әсіресе баланың  толық және кейде күтпеген жерде қабілеті танылады. Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер жасөспірім сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы – еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, еліктей мен қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну – сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді, және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі – «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін». Сонымен бірге коммуникативтік ойынды оған тән белгілермен – сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.

Қорыта келгенде, оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан- жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне коммуникативтік ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдылаланды. Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған коммуникативтік ойындар оқушылардың таным- түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]