- •Мазмұны
- •І «Ойын технологиясының» анықтамасы
- •1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы
- •1.2.Шетел тілі сабағында коммуникативтік ойындардың рөлі.
- •2.1 Фонетикалық ойындар
- •9. Сөйлем құра.
- •2.2 Грамматикалық ойындар.
- •2.Доппен ойын.
- •3.Текшелер.
- •4.Сыйлықтар.
- •5.Ағылшын сабағындағы ойын. What? Why? When?
- •7. Комментатор
- •2.3 Лексикалық ойындар.
- •Сандар.
- •2.Сан есімдер.
- •3.Тыйым салынған сан есім:
- •5.Түстер.
- •6.Көбірек сөздер.
- •8.Суреттің айтылуы.
- •11. Портфелінді жина.
- •12. Түстер.
- •13.Ең қызықты шығарма.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •4. Этап подведения итогов урока. Рефлексия
7. Комментатор
Оқушылар кезек-кезек белгілі бір іс-қимыл орындайды, ал қалғандары оны дұрыс атаулары керек. : I am sitting. I am standing up. I am going to the window. Әр дұрыс жауап үшін мұғалім оқушыға карточка беріп отырады.
8. HAVE YOU …
Мақсаты:Оқушыларды жалпы сұрақтарды to have етістігін қолданып пайдалануға үйрету. Мұғалімнің үстелінде ойыншықтарды орналастырады. Оқушылар оларды қарап, жаттап алулары керек. Алдын –ала балалармен бірге ойыншықтардың атың атап өтуге болады. Содан кейін балалар көздерін жабады, ал жүргізуші бір затты алып қояды. Ал қалған ойыншықтар қағазбен жауылып қояды. Оқушылар жүргізушіге сұрақ қоя бастайды: : Have you a cat? Have you a dog? Ойын оқушылардың біреуі қандай ойыншықтың жоқ екенін таппағанша жалғаса береді. Дұрыс тапқан бала жүргізуші болады.
2.3 Лексикалық ойындар.
Сандар.
Мақсаты: есептік сан есімдерді қайталау.
Ойын барысы: екі топ құрылады. Тақтаның оң жағы мен сол жағында бірдей сандардың саны жазылады. Оқытушы сандарды бірінен соң бірін айта бастайды. Топ ойыншылары тақтадағы сандардан айтылғандарын тез тауып, сзып тастауы тиіс. Тапсырманы тез әрі дұрыс орындаған топ жеңеді.
2.Сан есімдер.
Мақсаты: есептік және реттік сан есімдердің қайталануы.
Ойын барысы: екі топ құрылады. Оқытушы реттік немесе есептік сан есімді атайды. Бірінші топ алдыңғы санды, екінші топ – кейінгі санды айтуы тиіс. Әрбір қате үшін топ штрафты ұпай алады. Ең аз штрафты ұпай жинаған топ жеңеді.
3.Тыйым салынған сан есім:
Мақсаты: есептік және реттік сан есімдердің орнығуы. Ойын барысы: оқытушы тыйым салынған санды атайды. Білім алушылар алдымен есептік, содан соң реттік сан есімдерді хормен санайды. Тыйым салынған сан есімді атауға болмайды. Қателесіп атап қойған адам өз тобына штрафты ұпай әкеледі. Ең аз штрафты ұпай жинаған топ жеңеді.
4.Бес сөз.
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша лексиканың қорытындысы.
Ойын барысы: бір топ ойыншысы беске дейін санағанша, екінші топ ойыншысы берілген тақырып бойынша бес сөз айтып үлгеруі керек. Тапсырманы орындай алмаған ойыншы ойыннан шығады.
5.Түстер.
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша лексиканың қорытындысы.
Ойын барысы: бір түсті заттарды атау міндеті қойылады. Неғұрлым көп бір түсті заттар немесе жануарлар және т.б. атай алған топ жеңеді.
6.Көбірек сөздер.
Мақсаты: оқытылған тақырыптар бойынша лексиканың белсенденуі.
Ойын барысы: екі топ құрылады. Әрбір топ өзіне берілген әріпке сәйкес көбірек сөздерді айтуы тиіс. Ең көп сөз айтқан топ жеңеді. Ойынды жазбаша түрде де өткізуге болады. Топтың ойыншылары сөздерді тақтаға жазады. Бұл кезде қорытындыларды шығарарда сөздердің көптігі ғана меес, олардың дұрыс жазылуы да ескеріледі.
7.Атауын тап.
Мақсаты: оқытылған тақырыптар бойынша лексиканың белсенденуі.
Ойын барысы: әрбір оқушы тақырыптық сурет алады. Ол оны қарап шығып, онда не бейнеленгенін айтуы тиіс. Бірінші болып суреттің атауын тапқан адам келесісін алып, қайта сол тапсырманы орындайды. Кім көп тапсырма жауабын тапса сол жеңімпаз болмақ.
