- •Мазмұны
- •І «Ойын технологиясының» анықтамасы
- •1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы
- •1.2.Шетел тілі сабағында коммуникативтік ойындардың рөлі.
- •2.1 Фонетикалық ойындар
- •9. Сөйлем құра.
- •2.2 Грамматикалық ойындар.
- •2.Доппен ойын.
- •3.Текшелер.
- •4.Сыйлықтар.
- •5.Ағылшын сабағындағы ойын. What? Why? When?
- •7. Комментатор
- •2.3 Лексикалық ойындар.
- •Сандар.
- •2.Сан есімдер.
- •3.Тыйым салынған сан есім:
- •5.Түстер.
- •6.Көбірек сөздер.
- •8.Суреттің айтылуы.
- •11. Портфелінді жина.
- •12. Түстер.
- •13.Ең қызықты шығарма.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •4. Этап подведения итогов урока. Рефлексия
9. Сөйлем құра.
Карточкаларда әріптер, буындар, дыбыс тіркестері және сөздер берілген. Осылардан сөйлем құрап, оны дауыстап оқу керек.
Фонетиканы оқытуда "Аяқталмаған сөздер", "Құрылысшы", "Кім көп біледі?", "Кім жылдам?" сияқты грамматикалық ойындар, криптограммалар, ребустар, лингвистикалық жұмбақтар, кроссвордтар қолданамыз. Бұл ойындардың өзі түрлі грамматикалық тапсырмалардан тұрады. Бұндай дидактикалық тапсырмаларды тілдің қай бөлімін өткенде болсын, қай тақырыпты өткенде болсын тиімділігі зор. Ойнауға да, ойлануға да өте тиімді. Сонымен бірге балаларды көптеген сайыс, викториналарға алдын-ала дайындау ретінде де пайдасы көп.[19.]
2.2 Грамматикалық ойындар.
1.Іс-әрекеттің бейнеленуі.
Мақсаты: ауызекі сөйлеуде етістіктерді қолданудың автоматизациясы.
Ойын барысы: ойнаушылар сыңар түзеді. Бір ойыншы әрекетті бейнелейді (мимикалық немесе пантомимикалық әрекеттермен), екіншісі оқыған етістіктерді қолданып, оған түсініктеме беруі тиіс.
2.Доппен ойын.
Мақсаты: ауызекі сөйлеудегі етістік үлгілерінің қолданылу автоматизациясы.
Ойын барысы: екі топ шығады. Бірінші топтағы ойыншы оқытылған етістік қатысатын сөйлем ойлап табады. Ол екінші топтағы ойыншыға допты лақтырып, етістігін тастап кетіп сөйлемді айтады. Допты қағып алушы сөйлемді етістігін қойып қайта айтады, допты келесі топтың ойыншсына лқтырып, өз сөйлемін етістігін тастап кетіп айтады, т.с.с. Әрбір қате үшін штрафты ұпай қосылады. Ең аз штрафты ұпай алған топ жеңеді.
3.Текшелер.
Мақсаты: ауызекі сөйлеу тіліндегі құрылымдардың қолданылу автоматизациясы.
Ойын барысы: ойын үшін шектерінде заттар не жануарлар суреттері жапсырылған текшелер дайындалады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Қатысушылар рет-ретімен үстелге барып, текшені лақтырып, текшедегі суретке сәйкестендіріп сөйлем құрайды. Әрбір дұрыс ойлап табылған сөйлем үшін топқа ұпай қосылады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңеді.
4.Сыйлықтар.
Мақсаты: тақырапқа қатысты лексиканың нығайтылуы, ауызекі сөйлеу тіліндегі оқытылған келер шақ етістіктерінің қолданылу автоматизациясы.
Ойын барысы: екі топ құрылады. Тақтада екі қатар сөздер жазылады. 1) сыйлықтың атауы, 2) етістіктер тізімі. Ойынға қатысушылар етістіктерді қолднып, туған күні алған сыйлықпен не істейтінін айтуы тиіс. Әрбір ойыншы бірсөйлемнен ойлап табады. Тез, әрі дұрыс сөйлем құраған топ жеңеді.
5.Ағылшын сабағындағы ойын. What? Why? When?
Берілген ойын CONTINUOUS және INDEFINITE екі осы шақтарының арасындағы айырмашылықтарды түсінуді жақсартады. Мәні: Бұл айырмашылық қатты білінетін жағдай ұйымдастыру.
Teacher: Katya, what am I doing?
Katya: Ah, again you are picking flowers.
(Катя, әрине, жақында оқытушының олардың барлығын алаңға гүл теруге шақырғанын есіне түсірді, әрі оған тағы да көмекке баруға дайын тұрды. Оқытушы болса асықпай, қуана-қуана «гүлдерді теріп жүрді» және ары қарай сөйлей берді.)
Teacher: Yes, again. And why?
Katya: Because you like them.
Teacher: Yes, very. And what season is it?
Lena: It is summer.
Teacher: Why do you think it is summer?
Andrei: Because flowers grow in summer.
Сонымен, ойын қайтадан театрализацияға құрылған. Ойнау (әрекетті бейнелеу) және сол кезде параллельді түрде сөйлесу – оқытушы үшін әрқашан өте қиын. Бірақ қиындықтар нәтижемен ақталады. Уақыт өте келе балалар кішкентай этюдтерді ойнай бастайды, ал оқытушы басқарушы рөлін ойнайды. Екі уақыттық форманың қолданылуындағы айырмашылықтарға оқушылардың көңілін аударады.
Pavel is washing.
Teacher: What is Pavel doing?
Andrei: He is washing.
Teacher: What time of the day is it?
Masha: It is morning because people always wash in the morning.
Oleg: It is morning because Pavel is wash in neck, and we wash our necks in the morning.
Ann is eating. Teacher: What is she doing?
Jane: She is eating.
Teacher: What time of the day is it?
Lena: It is afternoon. She is eating soup and people eat soup in the afternoon.
Этюдтерге арналған тақрыптар: The pupil is watering flowers, drinking hot tea, dressing, skiing, playing snowballs, digging a flowerbed6 catching fish, sawing wood, feeding birds, etc.
6.Лото
Лото ойыны «Суреттегі етістіктер» грамматикалық формаларды қайталауға арналған өте жақсы әдіс.
Картада – адамдардың іс-қимылы көрсетілген бірнеше суреттер салынған. Мысалы, конькиде сырғанау, шахмат ойнау, кітап оқу және т.б. Бір фишкада бір сурет. Мұғалім оқушыға бір фишканы көрсетіп ( кітап оқыпотырған бала), сұрайды: What is he doing?
Оқушы картадан сондай суретті тауып алып, жауап береді.
He is doing.
Дұрыс жауап үшін бір фишкадан алып отырады.
