- •Мазмұны
- •І «Ойын технологиясының» анықтамасы
- •1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы
- •1.2.Шетел тілі сабағында коммуникативтік ойындардың рөлі.
- •2.1 Фонетикалық ойындар
- •9. Сөйлем құра.
- •2.2 Грамматикалық ойындар.
- •2.Доппен ойын.
- •3.Текшелер.
- •4.Сыйлықтар.
- •5.Ағылшын сабағындағы ойын. What? Why? When?
- •7. Комментатор
- •2.3 Лексикалық ойындар.
- •Сандар.
- •2.Сан есімдер.
- •3.Тыйым салынған сан есім:
- •5.Түстер.
- •6.Көбірек сөздер.
- •8.Суреттің айтылуы.
- •11. Портфелінді жина.
- •12. Түстер.
- •13.Ең қызықты шығарма.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •4. Этап подведения итогов урока. Рефлексия
2.1 Фонетикалық ойындар
Ашық-қысаң.
Мақсаты:фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын ережесі:Мұғалім сөздерді айтады, Егер дауысты дыбыс ашық болса, балалар қолдарын көтереді.Егер де дауысты дыбыс қысаң болса, қолдарын көтеруге болмайды. Аз қате жіберген топ жеңеді.
2.Дұрыс -бұрыс.
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту
Ойын ережесі:Мұғалім сөз, сөйлем немесе сөз тіркесін оқиды. Оқушылар өздері таңдаған дыбысты естігенде қолдарын көтереді.Әр топтан бір балаға сөз, сөйлем немесе сөз тіркесін оқытады. Егер дыбыс дұрыс оқылса, топтағы басқа оқушылар жасыл карточканы көтереді.Ал егер қате болса, қызыл карточканы көтереді. Ең көп дұрыс бағалаған топ жеңіске жетеді.
3.Қандай сөз оқылды?
Мақсаты: фонематикалық дыбыс-әріптерді есту қабілетін дамыту.
Ойын ережесі: Оқушылырға 15-20 сөзден тұратын карточка беріледі.Мұғалім белгілі бір жылдамдықпен сөздерді ретімен оқиды. Оқушылар мыналарды орындауы керек:
1нұсқа. Карточканың ішінен мұғалім айтқан сөздерді тауып, олардың дұрыс ретін қоюлары қажет.
2нұсқа. Тек қана айтылған сөздерді белгілеп қоюлары керек.
3 нұсқа. Карточкада жоқ сөздерді жазып, олардың аудармасын тауып жазулары керек.
4. Кім жылдам?
Мақсаты: дыбыстық-әріптік сәйкестіктер мен сөздердің айтылудағы мағыналары дағдылары қалыптасуының құрылымы мен жетілдірілуі (шыңдалуы).
Ойын барысы: оқушыларға бірінші қатарында ағылшын тілінде, екінші қатарында олардың дұрыс оқылуы, үшінші қатарда сөздердің қазақ тіліне аудармасы берілген карточкалар таратылады. Шетел тіліндегі сөздер қатар тәртібі бойынша сандармен белгіленген. Әрбір оқушы оқытушы қайсыбір сөзді айтқан бетте сол сөздің дұрыс оқылуы мен аудармасына сәйкес келетін тұсқа нөмірді қоюі тиіс (немесе үш бірлікті сызықпен қосуы тиіс). Кім тез жұмыс істеді және сапалы түрде шетел тілі, оқылуы, аудармасы арасындағы сәйкестіктерді сапалы таба білді сол жеңімпаз болады.
5. Кім дұрыс оқиды?
Мақсаты: жүйелі айтылым мен мәтінді айтып жеткізу дағдыларының қалыптасуы.
Ойын барысы: тақтада шағын өлең немесе оның бір үзіндісі (санамақ, жаңылтпаш) жазылады. Оқытушы оқып, сөздердің, сөйлемдердің мағыналарын түсіндіреді, жеке дыбыстардың оқылуындағы қиындықтарға көңіл бөледі.
6. WHO KNOWS THE SYMBOLS OF THE SOUNDS BETTER.
Мұғалім ағылшын дыбыстарын оқиды ,ал балалар оның транскрипциясын көрсетеді. Бұл ойынның ережесін өзгертуге болады. Мысалы, мұғалім керісінше транскрипцияны көрсетеді, ал оқушылар дыбысты немесе сөзді айтады.
7.Who knows ABC best?
Оқытушы алдын- ала дайындаған әліпбидің әріптері жеке- жеке қиып, араластырып тақтаға іліп қояды. Сынып екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір- бір оқушыдан шығып әріптерді рет ретімен 30 секунд ішінде көрсетіп айтып шығу керек. Қанша әріп дұрыс айтылса топ сонша ұпай жинайды.
8.Мұғалім – оқушы
Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Біреуі мұғалім болса, екіншісі оқушы болады. Мұғалім дыбысты атайды, ал оқушы оның мағынасын тауып, яғни әріпті және осы дыбыспен бірнеше сөз құрайды.
