- •Мазмұны
- •І «Ойын технологиясының» анықтамасы
- •1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы
- •1.2.Шетел тілі сабағында коммуникативтік ойындардың рөлі.
- •2.1 Фонетикалық ойындар
- •9. Сөйлем құра.
- •2.2 Грамматикалық ойындар.
- •2.Доппен ойын.
- •3.Текшелер.
- •4.Сыйлықтар.
- •5.Ағылшын сабағындағы ойын. What? Why? When?
- •7. Комментатор
- •2.3 Лексикалық ойындар.
- •Сандар.
- •2.Сан есімдер.
- •3.Тыйым салынған сан есім:
- •5.Түстер.
- •6.Көбірек сөздер.
- •8.Суреттің айтылуы.
- •11. Портфелінді жина.
- •12. Түстер.
- •13.Ең қызықты шығарма.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •4. Этап подведения итогов урока. Рефлексия
Мазмұны
КІРІСПЕ........................................................................................................3
І тарау. Ойын технологиясының анықтамасы....................................5
1.1.Ойын технологиясының функциясы мен классификациясы............10
1.2. Шетел тілі сабағында ойындардың рөлі.............................................15
ІІ тарау . Коммуникативтік ойын технологиясының педагогикалық әдістемесі.....................................................................................................16
2.1. Фонетикалық ойындар.........................................................................17
2.2.Грамматикалық ойындар......................................................................19
2.3.Лексикалық ойындар............................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................26 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................................................27
Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің егемендік алуына байланысты, соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі және өз тәжірибемізде жиі кедесетін жайт - мектеп оқушыларының сөздік қорының аз екендігі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу деңгейінің төмендігі,тіпті өз ойларын да жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы оқушылардың сөйлеу біліктілігінің жоқ екендігін аңғартады. Бұған себеп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоқтығы, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі толыққанды қалыптаспағандығы және мектептегі ағылшын тілі пәні сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға жете мән берілмейтіндігі деп есептейміз.Осы себепті, қазіргі оқу үдерісінде, ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойын әдістері, әсіресе коммуникативтік ойындардың маңызы туралы курстық жұмыста қарастырылған.
Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады.
«Ойын» сөзінің этимологиясына қарастырсақ, ол «ой» деген сөзге тікелей қатысты болып шығады, міне сол себепті де ойлану арқылы ойынның мақсатына жетуге болатындығын байқауға болады. Сондықтан, ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың маңызы зор деп есептеймін. Ойын әдісі арқылы оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай , өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Егер мұғалім ойын технологиясын жеткілікті деңгейде орындаса, яғни жақсы құрастырылып, тиімді әдістермен ұйымдастырылса, онда ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан негізгі оқыту тәсілі болып табылады.
Менің ойымша, ойын түрлерінің сабақ үрдісінде қолданылуы туралы зерттеулер жетіп артылады, бірақ айта кететін жайт, зертеу барысында ағылшын тілі сабақтарында коммуникативті ойындарды қолданудың әдістемелік жағы қазақ тілінде аз қарастырылғандығы байқалды, міне сол себепті де мен өз курстық жұмысымда жоғарыда айтылған мәселелерді нақтырақ қарастыруды жөн көрдім. Сондықтан да бұл зерттеудің тақырыбы, ондағы қарастырылған мәселелері курстық жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Зерттеу нысаны: Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын, оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамытуға арналған ойын түрлері.
Зерттеу пәні: Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті оқыту әдісінің тілдегі дамыту сипаты.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Зерттеу мақсаты:
Ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін анықтау;
Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілетін дамыту жолдарын анықтау;
Коммуникативтік ойын технологиясы мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады, яғни мұғалім әдісі- ойын.
Кіріспе
It’s more than a game. It’s an institution.
Thomas Hughes (1822-1896)
«Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын- дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығы мен жасапаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деген атақты педагог В. А. Сухомлинский.
Дүниеге келген сәбидің ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының басты белгі, бедерлері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шығармашылық,эмоционалдық көңіл күйі және ерік жігері бөлінеді.Ойын мұғалімге балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді., еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды. Сана- сезімі, еркі, өзін- өзі бақылауы, өзінің іс- әрекетінің басқалардың іс- әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетіледі.Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапйым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап,жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.Ойын балалардың оқуға,еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
