Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 nuska.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.4 Кб
Скачать

Ү-нұсқа

1 Билет

1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.

2)Хіү ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

Көрнекті ақын-жыраулар

Қазақтың кәсіби компазиторлары

Танымал актерлер

Жауабы:

1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.

1) Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы, ақын Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Ол өзінің атақты «Құт негізі-білік» атты еңбегімен белгілі. Бұл алғаш рет түрік тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұнидің бұл еңбегінде ғылымның философия, астрономия, алгебра, тағы басқа салаларға тоқталуы оның жан-жақты білікті адам болғандығын көрсетеді. «Құтадғу білік» -ХІ ғасырдаға дейінгі түрік тілді халықтардың ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Бұл еңбекті Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның бұл сыйлығы үшін оған Ұлы хас-хажип деген лауазым берген. Бұл еңбегі бүгінгі таңда да түркі тілдес халықтарға ортақ. Олар өздерінің тілін, әдебиетін, тарихын, тағы басқа ғылым салаларын зерттеуде осы еңбекке жүгінеді.

2)ХІҮ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы. Қазақстанның кең байтақ жерінде шаруашылықтың үш түрі болды. Оңтүстік Қазақстанда тырықшы жер шаруашылығы, ал Оңтүстік шығыста жартылай отырықшы мал шаруашылығы, ал Батыс және Солтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Мал өсірудің үшінші түрі көшпелі мал шаруашылығы. Бұл Шығыс дешті қыпшақтың және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп қону бағытына байланысты болды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығыс өңірінде ежелгі сақ, үйсін тайпаларының кезінен бері қарай белгілі. Моңғо шапқыншылығы кезінде бұзылған шаруашылық ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында жандана бастаған. Жазба деректерге қарағанда, Сығанақ қаласының төңірегінде Төменарық, Бозғыларық деген каналдардың болғандығы қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығының дәлелі. Йасы маңында бидай, арпа, бау-бақша өсірілгендігі айтылған. Егін шаруашылығы Жетісу аймағында да дамыған. Әсіресе Тараз маңында қалалық өмір сақталып., суармалы егін орталығы болған. Талхир қаласындағы егіншілік орталығы да Талғар өзенінің суымен суарылған. Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Қаратаудың солтүстігінде –Күлтөбе, Раң қалаларында қыш ыдыс жасайтын шеберханалар аршылған. ХІІІ ғас. ІІ жартысынан бастап Сырдария бойындағы қалаларда кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Отырар қаласының оңтүстік-батыс жағынан екі жерден кірпіш күйдіретін шеберхананың орны табылған.

3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

1 Ж. Жабаев, Ә.Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ж. Молдағалиев.

2.М. Төлебаев, А. Жұбанов, Х. Хамидади, Е. Брусиловский.

3. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, К. Қармысов.

2 Билет

1)Хү ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы