Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Madina (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
524.08 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Сәулет-құрылыс факультеті

«Ғимараттар мен имараттарды жобалау» кафедрасы

«Құрылыс құрылымдарын құрастыру» пәнінен курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы

Тақырыбы: Архангельск қаласындағы темірбетон конструкцияларының цехы өндірістік ғимаратының құрылымдарын құрастыру

Орындаған: РПЗС-35 тобының

студенті Ошан М.М

Қабылдаған: Қожахмет М.С.

Астана 2017

Мазмұны

Кіріспе

  1. Тұрғызылатын нысан сипаттамасы

  2. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемдерін есептеу

  3. Машина уақыты мен еңбек шығындарының калькуляциясын есептеу

  4. Құрастырғыш және ұстағыш элементтерді таңдау

  5. Құрастырғыш механизмдердің техникалық параметрлерін анықтау

  6. Құрастыру крандарының нұсқаларын таңдау

  7. Құрастырғыш крандарының үйлесімді нұсқасын техникалық дәлелдеу

  8. Өндірістік ғимараттың құрылыс жұмысының күнтізбелік жоспарын жасау

  9. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелерін шешу

  10. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Құрылымдарды жинақтау – үймереттер мен ғимараттарды дайын түзілістерден немесе олардың зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриалды кешенді процесі. Құрылымдарды жинақтау жәй процестер мен операциялардан тұратын кешенді процесс болады, олар өз кезегімен үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі.

Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттердің құрамалы құрылымдарын орнату әдістері құрастыру жұмысының көлеміне, көлемдік- жоспарлы және құрылымдық шешімдерге, құрастыру мерзіміне, қолда бар құрастырушы механизмдер паркінің мүмкіндігіне қарай таңдап алынады.

Құрамалы құрылымдарды құрастыру тәсілдері көтергіш-құрастыру қондырғыларының қолданылуына, көтерер алдында құрамалы бөлшектердің немесе блоктардың жобаға сай орналастыруына, құрастыру процестерін дамыту бағытына, төмен жатқан тірек құралымдарының бағыттау, орналастыру әдістеріне қарай белгіленеді. Барлық жағдайда да кез-келген тәсілді қолдану барысында құралымдар дәлме-дәл орнатылып, үймереттердің беріктігі толық қамтамасыз етілуі қажет. Әдетте құрамалы құралымдардан бірқабатты өнеркәсіп үймереттерін салғанда құрастырудың крандық әдісі қолданылады. Жекелеген қосымша элементтер немесе ірілендірілетін стендтен жобадағы құрылыс орнына бірден кранмен беріледі. Бірқабатты өнеркәсіп үймереттерін салуда көбінесе жыланбауыр табанды жүк көтергіштік қабілеті 10-63 тонналық өзі жүретін жебелі крандар қолданылады.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты студентті үймереттер мен ғимараттар құрылысын жүзеге асыру үшін құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің жобаларын жасау әдістемесіне үйрету болып табылады. Сондай-ақ үймереттің жерүсті бөлігінің жүк көтергіштерін және қоршау құралымдарын құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасын жасағанда оқулықтар, анықтамалар және мөлшерлік құжаттармен дербес жұмыс жүргізу.

Құралымдарды құрастыру процесін ұйымдастыру мәселелерінде әртүрлі көптеген сапалы шешімдер болады. Сондықтан құралымдарды құрастырудың негізгі вариантын таңдауды жұмыс өндірісінің бірнеше варианттарын техника-экономикалық салыстыру негізінде жасау және олардың ең жақсысын таңдап алу керек. Курстық жобаны орындау барысында құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйену ұсынылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]