Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aynur_montazh_99.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.6 Кб
Скачать

Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

6.1 Өртке қарсы қауіпсіздік өрттерді ескерту, ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жағдайын жақсарту, өндірістік процестерде өрт қаупін төмендету бойынша іс-шаралардың кешенін құрайды.

6.2 Құрылыс өндірісіндегі, құрылыс материалдарының өнеркәсібі мен құрылыстық индустриядағы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау кезіндегі өртке қарсы қауіпсіздік өрт-жарылыс қауіпсіздігінің, қоршаған табиғи ортаның зиянды заттардың қалдықтарымен ластануды ескерту шараларынан тұру керек.

6.6 Уәкілетті органдар жарылыс-өрт қауіпсіздігі мен улылығына сертификаттаған қолданыстағы материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен құрылыс машиналары мен механизмдерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет. Тиімді дыбыстық немесе жарықтық сигнализация қамтамасыз етілуі қажет. Құрылыста пайдаланылатын инвентарлық құрылғылар мен монтаждық жабдықтар өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап берулері керек.

6.8 Машиналарды, көлік құралдарын, өндірістік жабдықтарды, механизация құралдарын техникалық қызмет көрсету мен ағымды жөндеу кезіндегі жұмыс орындарын түзету құралдарының, аспаптардың, инвентардың, жүк көтеретін аспаптардың жиынтығымен және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы ережелер» техникалық регламентінің Қосымша 17 және белгіленген тәртіпте бекітілген басқа нормативтік құжаттарға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жабдықталуы керек.

6.9 Өндірістік аумақтарда ықтимал өрттерді сөндіру үшін сыртқы және ішкі сумен жабдықтау көздері болу керек.

Қоршаған ортаны қорғау.

Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.

Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Құрылыс алаңы талшіліктерден және бағалы емес ағаштардың түрлерінен тазартылады, бұл жұмыс құрылыс салына­тын территория  ішінде жүргізіледі. Құрылыс алаңын дайындағанда топырақтың өсімдік өсетін кабаты өте ұкыптылыкпен алынып, құрылыстың баска жерлерінде немесе басқа учаскелерінде көгалдандыру максатында пайдаланылуға тиіс.

Қорытынды

Мен осы курстық жұмысты орындау барысында үймереттер мен ғимараттар құрылысын жүзеге асыру үшін құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің жобаларын жасау әдістемелерімен танысып үйреніп шықтым. Сонымен бірге үймереттің жерүсті бөлігінің құрастыру жұмысында пайдаланылатын жүк көтергіштерін, құрастырғыш механизмдер мен ұстағыш құрылғыларды есептеу мен тиімді нұсқаларын іріктеу мен таңдау бойынша тәжірибе жинадым. Құрылыс құралымдарын құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасын жасағанда оқулықтар, анықтамалар және мөлшерлік құжаттармен, ҚР ҚНжЕ, БМБ, және т.б құжаттармен дербес жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Құралымдарды құрастыру процесін ұйымдастыру мәселелерінде әртүрлі көптеген сапалы шешімдер болады. Сондықтан құралымдарды құрастырудың негізгі вариантын таңдауды жұмыс өндірісінің бірнеше варианттарын техника-экономикалық салыстыру негізінде жасау және олардың ең жақсысын таңдап алу керек. Курстық жобаны орындау барысында құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйену арқылы орындадым.

Жалпы, осы секілді бірқабатты өнеркәсіптік үймереттердің құрамалы құрылымдарын орнату әдістері құрастыру жұмысының көлеміне, көлемдік- жоспарлы және құрылымдық шешімдерге, құрастыру мерзіміне, қолда бар құрастырушы механизмдер паркінің мүмкіндігіне қарай таңдап алынады.

Құрамалы құрылымдарды құрастыру тәсілдері көтергіш-құрастыру қондырғыларының қолданылуына, көтерер алдында құрамалы бөлшектердің немесе блоктардың жобаға сай орналастыруына, құрастыру процестерін дамыту бағытына, төмен жатқан тірек құралымдарының бағыттау, орналастыру әдістеріне қарай белгіленеді. Барлық жағдайда да кез-келген тәсілді қолдану барысында құралымдар дәлме-дәл орнатылып, үймереттердің беріктігі толық қамтамасыз етілуі қажет.

Әдетте құрамалы құралымдардан бірқабатты өнеркәсіп үймереттерін салғанда құрастырудың крандық әдісі қолданылады. Жекелеген қосымша элементтер немесе ірілендірілетін стендтен жобадағы құрылыс орнына бірден кранмен беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. С.Қ Хамзин «Құрылыс өндірісінің ұйымдастырылуы мен технологиясы» 2. СНиП 12-03-2001 және СНиП 12-04-2002 «Құрылыстағы еңбек» 3. С.Қ. Хамзин, А.Қ. Әбішев «Құрылыс процестерінің технологиясы» 4. С.Қ. Хамзин, А.Б. Жанаев «Құрылыс өндірісінің технологиясы» 5. Хамзин С.Қ. «Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы» 6. Литвинов О.О, Альперович С.З, Батура Г.М. «Технология» 7. С.К. Хамзин «Монтаж строительных конструкций» 8. СН РК 8.02-05-2002 «Общие положения по и расценок на строительные работы»  9. СНиП ІІІ-4-80 «Техника безопасности в строительстве»

10. Соколов В.А. «Технология возведения специальных зданий и сооружений» Учебник. – М: Высшая школа, 2005.

11.Теличенко В.И, Лапидус А.А, Терентьев О.М. «Технология возведения зданий и сооружений» – М: Высшая школа, 2003.

12. Терентьев О.М. «Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.

  1. Хамзин С.К, Карасев С.К. «Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование» – М, 2006. 

  2. ҚР ҚН 1.03-05-2011 «Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]