Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aynur_montazh_99.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.6 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ

ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

«ИМАРАТТАР МЕН ҒИМАРАТТАРДЫ ТҰРҒЫЗУ»ПӘНІ БОЙЫНША

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Құрылыс құрылымдарын құрастыру

Орындаған: ТПГС-35 тобының

студенті Қалдарбек М. С.

Қабылдаған: Төлеубаева Ш. Б.

АСТАНА 2017

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе.................................................................................................

  1. Тұрғызатын обьектінің сипаттамасы...............................................

  1. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін есептеу..................

  1. Машина уақыты мен еңбек шығындарының калькуляциясын жасау....................................................................................................

  2. Құрастырғыш және ұстағыш құрылғыларды таңдау....................

  1. Құрастырғыш механизмдердің техникалық параметрлерін есептеу...............................................................................................

  2. Құрастырғыш крандардың үйлесімді вариантын техника-экономикалық дәлелдеу.................................................................

  3. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мәселелерін шешу.......

  4. Қорытынды......................................................................................

  5. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................

  1. Кіріспе

Құрылымдарды жинақтау – үймереттер мен ғимараттарды дайын түзілістерден немесе олардың зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриалды кешенді процесі.

Құрылымдарды жинақтау жай процестер мен операциялардан тұратын кешенді процесс болады, олар өз кезегімен үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі.

Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттердің құрамалы құрылымдарын орнату әдістері құрастыру жұмысының көлеміне, көлемдік- жоспарлы және құрылымдық шешімдерге, құрастыру мерзіміне, қолда бар құрастырушы механизмдер паркінің мүмкіндігіне қарай таңдап алынады.

Құрамалы құрылымдарды құрастыру тәсілдері көтергіш-құрастыру қондырғыларының қолданылуына, көтерер алдында құрамалы бөлшектердің немесе блоктардың жобаға сай орналастыруына, құрастыру процестерін дамыту бағытына, төмен жатқан тірек құралымдарының бағыттау, орналастыру әдістеріне қарай белгіленеді. Барлық жағдайда да кез-келген тәсілді қолдану барысында құралымдар дәлме-дәл орнатылып, үймереттердің беріктігі толық қамтамасыз етілуі қажет.

Әдетте құрамалы құралымдардан бірқабатты өнеркәсіп үймереттерін салғанда құрастырудың крандық әдісі қолданылады. Жекелеген қосымша элементтер немесе ірілендірілетін стендтен жобадағы құрылыс орнына бірден кранмен беріледі. Бірқабатты өнеркәсіп үймереттерін салуда көбінесе жыланбауыр табанды жүк көтергіштік қабілеті 10-63 тонналық өзі жүретін жебелі крандар қолданылады.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты студентті үймереттер мен ғимараттар құрылысын жүзеге асыру үшін құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің жобаларын жасау әдістемесіне үйрету болып табылады. Сондай-ақ үймереттің жерүсті бөлігінің жүк көтергіштерін және қоршау құралымдарын құрастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жобасын жасағанда оқулықтар, анықтамалар және мөлшерлік құжаттармен дербес жұмыс жүргізу.

Құралымдарды құрастыру процесін ұйымдастыру мәселелерінде әртүрлі көптеген сапалы шешімдер болады. Сондықтан құралымдарды құрастырудың негізгі вариантын таңдауды жұмыс өндірісінің бірнеше варианттарын техника-экономикалық салыстыру негізінде жасау және олардың ең жақсысын таңдап алу керек. Курстық жобаны орындау барысында құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйену ұсынылады.

  1. Тұрғызатын обьектінің сипаттамасы

Құрамалы өндірістік ғимарат Қазақстан Республикасының Түркістан қаласында ораналастырылады. Ғимарат бір қабатты және темірбетон конструкцияларын дайындауға арналған. Ғимараттың кіретін 6 есігі бар. Шығыс жақтағы есік негізгі есік болып есептеледі. Ғимараттағы терезелері жан-жақта орналасқан. Ғимараттың қабаты жер үстінде орналасқан, яғни жер астында қабаты жоқ. Ғимарат темірбетон панельдерден қаланады. Ғимараттың ішінде адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы барлық талаптар орындалады. Өндірістік ғимараттың негізгі өлшемдері жайлы айтатын болсақ, оның негізгі ауданы төрт бұрышты болып келеді. Өндірістік ғимараттың көрсеткіштері:

  • Ұзындығы L=72м;

  • Ені B=18 м;

  • Ауданы S=1296 м²;

  • Биіктігі H=13200 м;

  • Ұстындар аралығы В =9м;

  • Аралықтар саны-2

Құралымдардың құрама элементінің спецификациясы

1-кесте

Элементтің аты және маркасы

Элементтің үлгілік сыртқы түрі

Элементтің габариттері,мм

Элемент салмағы, т

Осы маркалы элементтердің саны, дана

Барлық осы маркалы элементтердің салмағы, т.

ені

ұзындығы

биіктігі

1

2

3

4

5

6

7

8

Шеткі ұстын КДII-1

500

1000

14550

9

26

234

Фахверк ұстын

КФ

400

500

14550

5.73

4

22.92

Ферма ФБ18I -I

240

18000

3000

6.9

13

89.7

Кранасты балкасы БКНБ12-1

550

5950

800

7,6

24

182.4

Панель қабырға

ПСЖ

120

5980

1185

0.9

350

315

Қырлы жабын

ПГ-3АIУТ

2980

5960

300

2,65

72

190,8

Терезе

120

60000

3600

2

Есік

120

6000

4900

2

  1. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін есептеу

Құрылыс-құрастыружұмыстарыолжалпықұрылыс, өңдеу, санитарлық-техникалық, арнаулы және құрастыру жұмыстары кіретін үймереттер мен ғимараттар тұрғызу барысында атқарылатын кешенді жұмыстар.

Құрама құралымдарды құрастырудың кешенді процесіне кіретіндер: элементті көтеруге дайындау; ірілендіру; көтеру орнына жеткізу; элементті ілмектеу және қосымша тетіктер мен құрылғылармен жабдықтау; көтеру; уақытша бекіту; жобалық жағдайда элементті дәлдеу және ақтық бекіту.

Құрастыру жұмыстары жобасының құрамына негізгі және қосалқы жұмыстар кіреді. Көп жағдайларда қосалқы жұмыстардың болуы негізгі жұмыстар өндірісінің қабылданған тәсіліне байланысты болады.

Негізгі және қосалқы жұмыстар біржолата құрастыру жұмыстарының тәсілін анықтаған соң ғана және олардың құрамы БМБ талаптарына сәйкес не басқа да мөлшерлік әдебиеттермен анықталады.

Курстық жұмыстың талабы бойынша барлық құрастырылатын элементтердің санын, олардың құрастырғыш салмағын және габариттерін анықтап, негізгі құрастыру жұмыстарының көлемі анықтадым(2-кесте).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]