- •6М072800 - Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы бойынша техника және технология магистрі дәрежесіне ізденудегі диссертация
- •Диссертациялық жұмыстың мақсаты - ысталған тауық етінен жасалған өнімдерді алудың технологиясын жасау.
- •1.2 Тауық етіндегі химиялық құрам
- •1.3 Құстардан өндірілетін өнімдердің құндылығы
- •Кесте - Құс еттерінің салыстырмалы минералды құрамы
- •Кесте- Құс түрлеріне байланысты етінің химиялық құрамы
- •1.4 Құс еттерінің өнімділігі және сапасы
- •Кесте- Құс етінің амин қышқылды құрамы (ақуыздың 100 грамына,%)
- •Кесте- Балапан-бройлердің ақ және қызыл етіндегі алмастырылмайтын амин қышқылының ара қатынасы
- •Кесте - Құс ұшасындағы су/ақуыз қатынасы
- •Кесте - Ет өнімдерінің аминқышқылдар құрамы
- •1.5 Құс етінің химиялық құрамы және тағамдық құндылығы
- •9 Кесте - Тауық етінен жасалған тағам өнімдерінінің 100г мөлшеріндегі тағам құндылығы ( жақшадағы - тәуліктік қажеттілік мөлшері, %)
- •10 Кесте - Құс етінің желінетін бөлігінің химиялық құрамы, 100 г
- •1.6 Тауықтың ет өнімділігі, сапасы
- •1.6 Еттен жасалған өнімдер өндірісінде қоспаларды пайдалану туралы ғалымдар еңбегі
- •1.7 Қақтау препараттарын қолдану
- •11Кесте- в -1қақтау сұйықтығының құрамы
- •2.2 Зерттеудің әдістері
- •Зерттеу нәтижелері
- •12 Кесте – Сәбіз шырыны құрамындағы нутриентер мөлшері мг 100 г
- •13 Кесте - Тауық етін ыстауға арналған тұздық құрамы
- •Сурет 1. Ысталған тауық ақуыздарының құрамындағы ауыстырылмайтын аминқышқылдар, мкг
- •14 Кесте - Зерттелген үлгілердегі химиялық элементтердің құрамы
- •15 Кесте -Дайын өнімнің органолептикалық қасиеттері
- •Сурет 2. Дайын өнімнің органолептикалық көрсеткіштері
- •4 Тауық етінен ысталған өнімдерді өндіру технологиясы
- •4.1 Құс етін өңдеу технологиясы
1.4 Құс еттерінің өнімділігі және сапасы
Ет өнімділігі – сойыс жасына жеткендегі құстың тірілей салмағымен және сапасымен, сондай-ақ тағамға лайықтылығымен сипатталады. Құстың ет өнімділігінің деңгейі мен экономикалық тиімділігі балапандардың өсу қарқыны-мен, құстың азықты пайдалану кабілетімен (салмақтың өсуі мен азық төлемі), балапандар мен сақа құстардың тіршілік кабілетімен, тауықтардың жұмыртқалауымен анықталады. Балапандардың өсу қарқыны олардың қауырсындану шапшаңдығына байланысты. Тауықтардың кейбір тұқымдарын тек етке ғана өсіреді. Табынды жаңалау балапаны мен жұмыртқалауын тоқтата бастаған тауықтарды өсірген кезде артық әтештер етке өткізіледі. Құс етін өндіру үшін, сөйтіп балапандарды (бройлерлерді), жеделдете өсіретін арнайы фабрикалар мен фермалар ұйымдастырылады. Ет өнімділігі дегенде құс салмағының өсімі мен азық қайтарымын жақсы өтей бастаған шақтағы оның жас кезіндегі анағұрлым ширақ бұлшық еттерін қалыптастыру қабілетін ұғынамыз. Құстардың барлық түрінің осы қабілеті дене құрылысының тегіне, экстерьері мен конституциясына тығыз байланысты. Олардың ерекшелігі өнімділік бағытын туғызып, еттің шапшаң жетілуіне байланысты болады. Тұқымды асылдандыру мақсатына арналған тауықтарды іріктеп, жинау кезінде ет өнімділігі белгілері бойынша оларды кешенді бағалау жүргізу ұсынылады: 49-күндігіндегі тірілей салмағы; тәуліктік және сойыстық жасындағы қауырсындану шапшаңдығы: 49 күндігінде төс етінің жетілуі мен экстерьері; азық қайтарымын тірілей салмағының өсуімен өтеуі; балапандар мен аналық табындағы тауықтардың аман сақталуы [28,30].
Құс етінің амин қышқылды құрамы 5-кестеде көрсетілген.
Кесте- Құс етінің амин қышқылды құрамы (ақуыздың 100 грамына,%)
Амин қышқылы |
Балапандар |
||
туралған |
ақ етте |
қызыл етте |
|
Триптофан |
1,20 |
1,40 |
1,20 |
Треонин |
4,30 |
4,41 |
4,84 |
Изолейцин |
5,28 |
3,79 |
3,80 |
Лейцин |
7,28 |
6,73 |
7,48 |
Лизин |
8,79 |
11,27 |
9,11 |
Метионин |
2,61 |
2,92 |
2,57 |
Фенилаланин |
3,94 |
3,85 |
3,33 |
Валин |
4,91 |
4,01 |
4,18 |
Гистидин |
2,89 |
4,16 |
3,33 |
Тауық еті жұғымды келеді: бұл кұс түрлерінің балапаны, ақуызтардың мөлшері және олардың маймен ара-қатынасы бойынша ең жақсы көрсеткіш-терге ие болады. Тауық етінің төс және қанат еттерінің түсі ақ, жілік және қаңқа еті қоңырқай келеді. Құс етінің биологиялық құндылығы алмастырыл-майтын аминқышқылдармен: метионин, треонин, валин, лейцин, изолейцин, триптофан, фенилаланин, лизин, гистидин және тағы сол сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары мөлшерімен және арақатынасымен анықталады.
Триптофан – адам рационындағы тым тапшы амин қышкылы. Сондықтан оның мөлшерін бір өлшемге тең етіп алады да, барлық қалған амин қышқыл-дарын сол бойынша есептейді. Балапан-бройлердің ақ және қызыл етіндегі алмастырылмайтын амин қышқылының ара қатынасы 6-кестеде көрсетілген.
