- •6М072800 - Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы бойынша техника және технология магистрі дәрежесіне ізденудегі диссертация
- •Диссертациялық жұмыстың мақсаты - ысталған тауық етінен жасалған өнімдерді алудың технологиясын жасау.
- •1.2 Тауық етіндегі химиялық құрам
- •1.3 Құстардан өндірілетін өнімдердің құндылығы
- •Кесте - Құс еттерінің салыстырмалы минералды құрамы
- •Кесте- Құс түрлеріне байланысты етінің химиялық құрамы
- •1.4 Құс еттерінің өнімділігі және сапасы
- •Кесте- Құс етінің амин қышқылды құрамы (ақуыздың 100 грамына,%)
- •Кесте- Балапан-бройлердің ақ және қызыл етіндегі алмастырылмайтын амин қышқылының ара қатынасы
- •Кесте - Құс ұшасындағы су/ақуыз қатынасы
- •Кесте - Ет өнімдерінің аминқышқылдар құрамы
- •1.5 Құс етінің химиялық құрамы және тағамдық құндылығы
- •9 Кесте - Тауық етінен жасалған тағам өнімдерінінің 100г мөлшеріндегі тағам құндылығы ( жақшадағы - тәуліктік қажеттілік мөлшері, %)
- •10 Кесте - Құс етінің желінетін бөлігінің химиялық құрамы, 100 г
- •1.6 Тауықтың ет өнімділігі, сапасы
- •1.6 Еттен жасалған өнімдер өндірісінде қоспаларды пайдалану туралы ғалымдар еңбегі
- •1.7 Қақтау препараттарын қолдану
- •11Кесте- в -1қақтау сұйықтығының құрамы
- •2.2 Зерттеудің әдістері
- •Зерттеу нәтижелері
- •12 Кесте – Сәбіз шырыны құрамындағы нутриентер мөлшері мг 100 г
- •13 Кесте - Тауық етін ыстауға арналған тұздық құрамы
- •Сурет 1. Ысталған тауық ақуыздарының құрамындағы ауыстырылмайтын аминқышқылдар, мкг
- •14 Кесте - Зерттелген үлгілердегі химиялық элементтердің құрамы
- •15 Кесте -Дайын өнімнің органолептикалық қасиеттері
- •Сурет 2. Дайын өнімнің органолептикалық көрсеткіштері
- •4 Тауық етінен ысталған өнімдерді өндіру технологиясы
- •4.1 Құс етін өңдеу технологиясы
Кесте- Құс түрлеріне байланысты етінің химиялық құрамы
Құс түрлері |
категориясы |
су |
липидтер |
көмірсу |
күлділік |
ақуыздар |
Энергетикалық құндылығы |
Бройлер |
1 |
63,8 |
16,1 |
0,5 |
0,9 |
18,7 |
774,5 |
Тауық еті |
1 |
61,9 |
18,4 |
0,7 |
0,8 |
18,2 |
837,4 |
Қаз еті |
1 |
45,0 |
39,0 |
- |
0,8 |
15,2 |
1503,9 |
Үйрек |
1 |
45,6 |
24,2 |
- |
0,9 |
17,2 |
1528,1 |
Күркетауык |
1 |
57,3 |
22,0 |
- |
0,9 |
19,5 |
1045,7 |
Бөдене |
1 |
63,1 |
38,0 |
- |
0,6 |
18,2 |
1701,1 |
Цесарки |
1 |
61,1 |
21,1 |
- |
0,9 |
16,9 |
1062,4 |
Құс еті алмастырылмайтын аминқышқылдарымен сойыс малдарына ұқсас, ал күрке тауық етіндегі лизин сиыр етінен 3 есе көп. Бройлер тауықтарының етіндегі лейцин - 1,3 есе, треонин - 1,6 есе, гитидин - 1,3 есе көп болады. Майлар (липидтер). Құс еті адам ағзасына жақсы май көзі болып табылады. Майдың үлесі 11,2- ден (ІІ категориялы бройлер балапандары) 38,0 %-ға (І категориялы үйректер) дейін болады. Майлар үшглицеридтерден және липоидты (майға ұқсас) қоректік заттардан тұрады. Липоидты заттарға фосфолипидтер, стериндер және басқа да заттар кіреді. Үшглицеридтер. Құрамына 90 %-ға жуық глицерин және 10 % май қышқылдары (қаныққан және қанықпаған) кіреді. Ерекше орынды полиқанықпаған май қышқылдары (ПҚМҚ) алады. Қаныққан май қышқылдарына қарағанда ПҚМҚ ағзадан холестеринді шығаруға ықпал етеді. ПҚМҚ-ның ұзақ уақыт бойы рационда болмауы бойдың өспеуіне, тері зақымдануларына, каппилярдың өткізгіштігінің өзгеруіне әкеп соғады. Линол қышқылының күнделікті минималды қолдану мөлшері 2-6 г құрайды, ал 10 г оңтайлы болып табылады. Линол және арахидон қышқылының құс етінің май құрамында болуы өнімнің биологиялық құндылығын арттырады. Сиыр және қой етіне қарағанда май қышқылдары бройлер тауықтарының етінде 5-20 есе көп болады. Құс етінің майының құрамына түрі, жасы және сіңімділігі әсер етеді. Жас құстың етінде қанықпаған май қышқылдарына қарағанда қаныққан май қышқылдары ересек құстарға қарағанда көбірек болады. ПҚМҚ май қышқылдарының құрамы барлық құс түрлерінде бірдей болып келеді (15-22%) [23].
100 г құс еттерінің желінетін бөлігіндегі амин қышқылдарының мөлшері 4-кестеде көрсетілген.
кесте – 100г құс еттерінің желінетін бөлігіндегі амин қышқылдарының мөлшері, мг
Амин қышқылдар |
Бройлеры |
Қаз еті |
Тауық еті |
Амин қышқылдар |
Бройлер еті |
Қаз еті |
Тауық еті |
|
Алмастырылмайтын: |
Алмастырылатын амин қышқылдары: |
|||||||
валин |
818 |
907 |
899 |
аланин |
1486 |
1241 |
1171 |
|
изолейцин |
621 |
817 |
828 |
аргинин |
1104 |
1400 |
1362 |
|
лейцин |
1260 |
1532 |
1824 |
аспарагин қышқылы |
1531 |
1680 |
1863 |
|
лизин |
1530 |
1577 |
1699 |
гистидин |
412 |
447 |
379 |
|
метионин |
447 |
474 |
574 |
глицин |
1082 |
1314 |
1587 |
|
треонин |
783 |
825 |
951 |
Глутамин қышқылы |
2668 |
2928 |
3682 |
|
триптофан |
283 |
280 |
330 |
пролин |
790 |
1000 |
948 |
|
фенилаланин |
649 |
779 |
896 |
серин |
787 |
817 |
948 |
|
|
|
|
|
серин |
787 |
817 |
948 |
|
|
|
|
|
тирозин |
597 |
642 |
749 |
|
|
|
|
|
цистин |
180 |
191 |
208 |
|
Холестерин- липоидтардың маңызды өкілі. Ол жасушалар мен ұлпалардың негізін құраушы, Д дәруменінің биосинтезіне қатысушы және басқа да гомеостатикалық процесстерге қатысады. Бірақ қандағы холестериннің мөлшері жоғарыласа, атероскелероздың туындауына ықпал етеді. Күнделікті адам үшін тұтыну мөлшері - 500 г құрайды. Көмірсулар химиялық құрылысы бойынша жай 12 қанттар және полисахаридтер деп бөлінеді. Жай қанттарға глюкоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза моносахаридтері, сахароза, мальтоза, лактоза – дисахаридтері, үшсахаридтері - трегалоза, стахноза жатады. Полисахаридтерге геммицеллюлоза, крахмал, инулин, гликоген, целлюлоза, пектинді заттар, декстрандар және декстриндер жатады. Полисахаридтер белгілі моносахаридтер тобынан тұрады. І категориялы бройлер – балапандарының құрамындағы А дәруменінің үлесі 40 мкг%, Е - 300 мкг%. Құс етіндегі B1 дәруменінің үлесі - 0,09, В2 - 0,15, 2 мг% - С дәрумені құрайды. В2 дәруменінің жұмыртқа ақуызындағы мөлшері - 2 мг%, сары уызында - 0,47 мг% [24].
