- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толдырыңыз.
- •Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі. (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары)
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Мезолит адамдарының кәсібі
- •Əбілғазы Бахадүр шығармаларының тарихи маңызы
- •1.Қазақ хандығының мемлекеттік əкімшілік құрылымы.
- •2.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз
- •1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •2)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3.Қазақстандағы "Әсери коммунизм саясаты"мен"Жаңа экономикалық саясаттың" нәтижелерін салыстырыңыз. Әскери коммунизм.
- •Ноғай Ордасы:
- •Хх ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай:
- •Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтары:
- •Қола дәуірінің ерекшеліктері:
- •Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы:
- •Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтары мен нәтижелері:
- •Моғолстан:
- •Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз:
- •Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипатта:
- •2. 1916 Жылғы көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
- •3. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •1.Билердің қоғамдағырөлі мен қызметі.
- •2.1916 Жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.
- •3.1917 Жылдарықұрылғансаяси-демократиялықпартиялардыңқұрылғанаумақтарын карта бойыншабелгілеңіз.
- •2. 1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •13 Билет
- •1.XX ғасыр басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
- •2. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен жүргізген келіссөздерінің мәні мен сипаты
- •1932—1933 Жылдардағы ашаршылық
- •Абылай хан мемелекет ( кайраткер саясатшы дипломат)
- •1916 Жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зияларының саяси көзқарастары .
- •1930 Жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
- •1Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916ж көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •3Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Семей полигонының инфрақұрылымы
- •Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
- •Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
- •Суарылған ядролық темірмен
- •Невада - Семей
- •Аттила және ғұндар.
- •1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері.
- •Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз. Ғылымның дамуы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметін баға беріңіз
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •3.1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы.
- •2)XIX ғ бірінші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •3)Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.
- •2) Қазақ акср інің Қазақ кср інің айырмашылығын талдап жаз.
- •3)Суретке қарап оқиғаны анықтаныз.
- •1)Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
- •1.Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •3.Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •1.Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •2.Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •3.Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз
|
«Алаш» партиясы |
«Үш жүз» партиясы |
Басшылары |
Әлихан Бөкейханов. Мүшелері: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев, Ш. Құдайбердиев
|
Мұқан Әйтпенов. Мүшелері: К.Тоғысов, Ы.Қабенов |
Саяси қызметі |
Ұлттық партия, халықты ешқандай тапқа, топқа жіктемейұлт мүддесін қорғады. Мақсаты – тәуелсіз эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды. Баспасөз органы “Қазақ” газеті болды.
|
Социалитік партия, еңбекші халық мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады. Түркітілдес халықтардың іртұтас автономисы – Түркістан федерациясын құруды ұсынды. Баспасө органы “Үш жүз” газеті болды |
Қазан революциясына көзқарасы |
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады.
|
|
5-билет
1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Есім ханның ішкі саясаты. Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі есім (1598 - 1628) мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш - қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.
17 ғасырдың басында Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғанымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппаған еді. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті. Феодалдық талас - тартыстар кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан жариялап, Ташкент қаласын астана жасады. Бірте - бірте Қазақ хандығында хандардың дара билігі көрініс тапты.
Бұл кезде Ташкентте – Келді Мұхаммед сұлтан, Әндіжанда - Абылай сұлтан, Тұрфанда - Әбд - ар - Рахым хан, Жаркентте - Абақ хан, т. б дара билік жүргізді.
Бұхар - қазақ қарым - қатынастары. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. Бұхар ханы кешегі Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды армандады. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті. Қазақ – бұхар соғысы (1603 - 1624) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері жеңіліс тауып, тым - тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Бірақ қоршауға түскен Самарқан қамалы берік еді. Қазақ хандығының жасақтары жаудың сағын сындырып, мол олжамен Ташкентке қайтып оралады. 1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан өзі басқарып келеді. Ташкент түбінде өткен бұл ұрыста қазақтың қалың қолын Есім хан басқарды. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, келісімге келеді. Қазақ сұлтандарынан әскери көмек алған Бұхар ханы Имамкули Қаратау, Аспара өңіріне шабуыл жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін қирата жеңді. 1620 - 1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ – бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті. 1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамкули жеңілісті мойындайды. Тұрсын ханның бүлігі. Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған. Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы халықтың күш - қуатына әбден сенім артады. Тұрсын ханның сенімді тірегі саны көп, айбынды Қатаған руы болған. Тұрсынның хандық билікке ұмтылысы Есім ханның билігіне мойынсұнбауы еді. Қазақ хандығы ішінен оңаша отау тігілді. Халық біреу, хан екеу болуы хандықтың бірлігі, ынтымағының бұзылуына жол ашты. Есім ханның ел ішінде беделінің артуы Тұрсын ханға ұнамады. Есім ханның көзін жоюға, дара билікке жетуге ұмтылды. 1627 жылы жоңғарлардың қазақ жеріне жиі - жиі жорық жасап, елдің мазасын алып, таран - таражға түсуіне байланысты Есім хан жорық туын көтеріп, қалың қол жинап, қалмақтарға қарсы соғысқа аттанады. Елдің мазасын алған қалмақтарды, Жоңғар тауынан ары асырып жібереді. Есім хан жорықта жүргенде Тұрсын хан барлық әскерін жинап, алыстағы жауды емес, бауыры тұрған Түркістанды шабады. Қараусыз жұртты қанға бөктіріп, ойранын шығарады. Есім ханның үй ішін, әйелін, жас балаларын тұтқындап, Ташкентке әкетеді. Есім ханның көзін жоймақ болып, жолын тосады. Бұл бүліктен хабар алған Есім хан сақтаныс жасайды. Екі ханның әрекеті Сайрам қамалының түбінде кездеседі. Жеңіліс тапқан Тұрсын хан Ташкентке шегінеді. Қазақ пен қазақ арасындағы жан түршігерлік мейрімсіз ұрыс өрттей лаулады. Бар әскерінен айрылған Тұрсын хан қамалға тығылады. «Ей, Қатағанның ханы Тұрсын, Кім арамды ант ұрсын! Жазықсыз елді еңіретіп, Жер тәңірісіп жатырсың. Хан емессің, қасқырсың, Қара албасты басқырсың Алтын тақта жатсаң да, Ажалы кеткен пақырсың! Еңсегей бойлы ер Есім, Есігіңе келіп тұр: Алғалы тұр жаныңды, Шашқалы тұр қаныңды!» Бағы тайған ханның нөкерлері Тұрсын ханды тұтқындап, Есім ханға тапсырады. Есім хан бүлікші бауыры Тұрсын ханның басын алды. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан Қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі. Шығыс Түркістандағы Қатаған руы жазаланудан қашып, ұйғыр халқының арасына барып паналады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деп аталды. Қазақ хандығының осы саясаты жойқын өзгерістің, қатерлі дауылдың алғашқы дүмпуімен бетпе-бет кездескен Есім хан болды.Жоңғар қалмақтарының тегеурінін сезген Есім хан Бұхарадағы , Тұрфандағы, Қашқардағы, Қырғыздағы ел-жұртпен татуласуда икемділік көрсеті,Есім хан өзінің інісі Күшік сұлтанның қызын Тұрфан билеушісі Әбд-ар-Рахымға беріп,өзі оның қызына үйленді.Сөйтіп қалмақ шабуылына "туыстық тосқауылын" жасады.
Есім хан ішкі - сыртқы саясатта тәртіп орнатты. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.
