Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать
  1. 1916 Жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зияларының саяси көзқарастары .

Жерлікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі –жумысшылар бергісі келмейтін, екінші – буирықты орындауга келісетін екі партия қурылды. Байлар мен ауыл старшындары патша Жарлығын жактап шықты.

Ә.Бөкейханулы , А.Байтурсынулы, М.Дулатулы бастаған қазақтың либерал -демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанады. Олар қазақтарды Ресей мемелекетінің бодандары , Отанның перзенті деп санады .Ахмет Байтурсынулы : “Қазақ секілді іргелі жұрт Өзгелер қатарында соғыс майданында қару -жарақ асынып, мемелекетті қорғауға лайық еді , қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз “, -деп жазды. Әлихан Бөкейханов , Ахмет Байтурсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты :”Бірі- барса, алынған жігіттер қазаға , бейнетке аз ұшырайды , екншісі –“бармаймын “ деп қарсылық қылса , елге зор буліншілік келеді.

Қазақ зиялары өкіметіне қазақтарды тыл жумыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды , оны тиісті дайындык жумыстарынан соң жузеге асыруды ұсынады . Бұл орайда олар соғыс женіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын женілдетуден жане ұлттық автономия қурудан үміттенді. Олар : “ қараусыз халық үкіметінің жазалау шараларының құрбаны болды “ деп қауіптенеді . “Тыңдаңыздар , қан төкпеңіздер , қарсыласпаңыздар “ , - деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында . Қазақ халқынның либералдық – демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасатты ымыраластық тәсілін жургізуді , халықтаң амандығын жане онын этностык тутастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстанды. Тарих осы бағыттың дұрыс болғаннын дәлелдеді.

Ұлт – азаттық қозғалысқа революцияшыл – демократияшыл зиялардың Т. Рысқұлов , Т. Бокин ,

Ә.Майкөтов , С.Сейфуллин , С.Меңдешев , Ә.Жангелдин , Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты . Курес барысында әлуметтік жанжалдарды шешу де әр турлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.

  1. 1930 Жылдардағы қоғамдық – саяси өмір

1930 жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер, фабрикалар мен зауыттар , ұжымшарлар мен кеңшарлар мемелекет меншігіне өтті. Өндіріс қурал жабдықтарына қогамдық меншіктің орнығуы , бір жағынан , шаруалардың жерден шеттетілуіне әкеліп соқтырды . Жумысшылар орталықтандырылған мемелекеттік меншікке қатысы жоқ , еңбегін сатып кун көретін пролетариат қалпына қалды. 1936жылы сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық ортлықтандыру орнықты. Республикалар іс жузінде толық егемендік алған жоқ . Оларға заң шығару құқығы берілмеді , одақтың өктемдігі астында өмір сүретін болды . Социализм тоталитарлық , казармалық сипат алды . Жазалау толқыны Қазақстанда да жайпап өтті. 1930 жылғы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы қазақ-кеңес әдебиеттінің негізін салушылардың бірі Жусіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды.101 мың қазақстандықтар “ГУЛАГ” азабынан өтті , 27 мыңнан астамы атылды

15-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]