Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать

1)Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.

Үйсін ескерткіштерін зерттеу барысында бұл мәдениеттің үш кезеңнен өткені анықталды: алғашқы кезең-б.з.б.3-1ғасырлар, орта кезең-б.з.1-2ғасырлар, соңғы кезең-б.з. 3-5 ғасырлар.Бұл кезеңдердегі бейіттердің қазылуында,жобалануында, қару-жарақ,сәндік бұйымдар мен тұрмыстық заттардың түрінде, жасалуында ерекшеліктер бар. Мал,егін шаруашылығымен қатар қолөнер,үй кәсіпшілігі өркендеді. Әсіресе қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі өріс алды.Өңдеу кәсібі дамыды.Темір мен қоладан еңбек құралдары, қару-жарақ,сәндік бұйымдар, алтын мен күмістен алқа,сырға,түрлі әшекейлі заттар жасалды.Тоқыма кәсібі,тері илеу,тас қашау,сүйек өңдеу өнері дамыды.

Жетісу кезеңі-үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы қорымдар жатқызылады:Талғар-1,3, Бастау-2,3, Ақтас-7, Сарытау-1,2, Ақшоқы-3,4, Өтеген-2,3, Бесшатыр-1,3,4, Қадырбай-2, Шормақ-2,3, Ащысу, Ақтерек, Мойынтоғай-1, Сартоғай, Диқан-1, Күрті, Қызылауыз-2,3, Тайғақ-1, Алтынемел-1,3,4, Қапшағай-2, Ұзынқұлақ, Қызылқайнар. Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды,беті ағаштан жабылған шұңқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі-бүйірінде ұңғымасы бар шұңқыр пайда болады, ол шұңқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік қойылатын ұңғыма лақаттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған.

Қабір қазудың тағы бір түрі- ‘’ақымды’’ түрі пайда болады. Бұл-сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалқамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұңқырдың солтүстік қабырғасына, түбі оңтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек-көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгерді: оның түбі бұрын дөңгелек болса,енді жайпақ болып келетін болды.

  1. Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.

Сыр өңірін басып алу арқылы патша өкіметі бірнеше стратегиялық жағынан маңызы бар жоспарларын жүзеге асыра алатын еді. Әсіресе, патша өкіметін және қалыптасып келе жатқан орыс буржуазиясын табиғат байлықтарына өте бай Түркістан өлкесі қызықтырды. Ондағы мақта және мал өнімдері Ресей мануфактурасына ең қажетті шикізат көздері еді. Ресей империясы Шығыстан мол табиғат байлықтарын іздестірумен қатар, стратегиялық жағынан маңызды Сыр өңірінің сауда жолдарына бақылау жасауға ұмтылды. Себебі патшалық Ресей Азиядағы сауда-саттық мәселесіне үлкен мән берді. Орыс деректерінің бірінде «Азиямен сауда жүргізу - Ресей үшін ұлы мақсат» [1, с.213], - деп атап өтілуі соның дәлелі. Яғни, қазақ даласы капиталистік қатынастарға дендеп ене бастаған Ресей экономикасы мен нарығына қажетті шикізат қоры мен тауарларын өткізетін нарық болып табылуы керек еді. Патшалық Ресейдің Орталық Азия елдеріне жақындай отырып, бүкіл Түркістанды (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Орта Азиялық республикалары - авт.) бағындыруы үшін ең алдымен - Сыр бойын жаулап алуы керек болатын. Патшалық Ресей Қазақстанның оңтүстігіне ерекше назар салып,өз меншігі етуді ойлайды. Біздің керемет Отанымызға қаншама елдер қызығып қолдарынан келгенше басып алуға тырысты, бірақ біз батырлығымызбен бірлігіміздің нәтижесінде жерімізді қорғап қалдық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]