Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать
  1. Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

Негізгі мекендеген жерлері-Моңғолияның орта және батыс аудандары.

10ғасырдан бастап Найман,Керейіт,Жалайыр тайпалары Қазақстан өңіріне қоныстана бастады.

Наймандар:

12ғасырдың екінші жартысында(1162ж.) мемлекет болып құрылды.

Орталығы:Балықты қаласы.

Тайпалардың басқару жүйесі: хандық билік.

Саяси тарихы: Мемлекет найман ханы Наркеш Дайын кезінде дами бастады. Інісі Инанч-Білге Найман мемлекетін күшейтеді.Білге хан өлгеннен кейін хандық екіге бөлінеді:

Даян хан- Далалық өлкеде билік етсе

Бұйрық хан-Алтайдың қара Ертісіндегі Орунгу маңын мекендейді.

Керейіттер:

Жазба деректерде керейлер Орхон,Керулен,Селенгі,Аргун өзендерінің бойында тұрған.

Астанасы:қазіргі Улан-Батор қаласы жанындағы Хан Тәңірі тауының шығыс жағында-Битөбе. Орталығы Қарақорым қаласына ауысады.

11ғасырдың екінші жартысында Керейіт хандығының құрамына:керей, жиркин,қоңқай,сақай,тутау,алабат,тунхай,кыркун атты сегіз аймақ кірген.

Батыс жағында наймандармен көршілес отырған ұйғырлармен де тығыз қарым-қатынаста болған. Керейіт тайпаларының өкілдері көне түрік жазуын пайдаланған.

Керей билеушілері:Маркус,Құршақұз,Торы,Сарық.

Бұл тайпаның шарықтау шегі 10-12ғасырлар аралығын қамтыды.

Жалайырлар:

Жалайырлар туралы монғол шежірелеріндегі кейбір деректерде ғана сөз болады.Монғол шежірелерінде жалайыр тайпасының Селенгі,Хилок өзендерінің бойында және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында,Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүргендігі айтылады.

Жалайыр тайпасы-10 бөліктен тұрды.

  1. Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.

20ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала музыкалық мәдениет болды.Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ Баймурзин, Қазанғап Тілепбергенов, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинова, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Әміре Қашаубаев, т.б.

Естайдың "Майдақоңыры",

Динаның "Көңіл ашары" мен "Әскерге алу" күйлері шықты;

Үкілі Ыбырайдың "Гәкку" әні сүйіспеншіліктің өзіндік әнұранына айналды;

1919 жылы Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. Осы жылы Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту коллегиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасымен Қызыл әскерлер хоры ұйымдастырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер пәлімдері мен парктердеойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 жылы Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды. Бұл жылдары ұйымдастырылған музыкалық мекемелер радио ментеледидардың орнына халыққа идеологиялық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды.

Жемісті еңбек нәтижесінде көлемі және дыбысталуы әр түрлі домбыралар квартетін: прима, тенор, альт және бас домбыраларын жасап шығарды. А.Жұбановтың басшылығымен техникумның 11 студенті кішігірім домбыра оркестрін құрды. 1934 жылы маусымда халық өнер қайраткерлерінің I слеті болды. Домбыра ансамблін есепке ала отырып, Қазақ ОАК-нің төралқасы «Ағарту халкомы жанынан халық өнері қайраткерлерінің I слетіне қатысушылардан халық аспаптарының ұлттық оркестрін құру... Оркестрді республикалық бюджеттен қаржыландыруға қосу туралы» қаулы қабылдады. Оркестр құрамына техникумстуденттерімен катар халық музыкасының шеберлері енгізілді. Дирижері және көркемдік жетекшісі А.Жұбанов болды.

1935 жылы осы оркестрдің негізіндеЖамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. Филармонияреспубликадағы музыкалық-концерттік жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болды. 1935 жылдың жазында халық аспаптары оркестрі Қазақстан бойынша тұңғыш гастрольге шықты. Оркестрдің репертуарындағы Кұрманғазының «Сарыарқа», «Серпер», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйлерін халық жылы қабылдады.

Сөйтіп, 30-жылдардың соңына дейін Қазақстанның көсіпқой музыка өнері даму үстінде болды. Білімді қорландыру, дарынды орындаушыларды анықтау, музыкалық ұжымдар үшін талантты жастарды таңдап алу жұмыстары жүргізілді. 30-жылдардың соңына қарай республикада қалыптасқан кәсіпқой музыкалық мәдениетте Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінің өзіндік белгілері әлі де сақталған болатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]