Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать
  1. Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.

  1. М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметін баға беріңіз

М.Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен тығыз байланысты. Қазақтың зиялы қауым өкілдері сол қоғамның ең өзекті мәселесі отарлық езгіге қарсы ұлттың санасын оятып, оны қалыптастыру жолында өздерінің шығармашылық қызметтерімен де, қоғамдық-саяси қызметтерімен де алға шығып, қалың қазақ халқын соңдарына ілестіре білді. Қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу жолында аянбай күресті. Осы мақсатта «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттері арқылы орасан зор жұмыстар атқарды. Жастарды қоғам ісіне тартуда, олардың ой-санасының жетілуіне қажетті мәдени-ағарту саласында жүргізген қызметтері ұшан-теңіз. Міржақып сол кезеңдегі үкіметтің жүргізіп отырған саясатын шенеп, қазақ елінің егемендігі, ел болып жерге, суға иелік ету мәселесі, қазақ шаруаларының мұң-мұқтажы, қоныс аударушылар жайлы газет бетіне мақала, сын, әңгіме, өлеңдер жариялай бастайды. Оның алғашқы үкімет саясатын сынай жазған мақаласы «біздің мақсатымыз» деген атпен 1907 жылы «Серке» газетінде басылып шығады. Ал 1909 жылы Петербургте Міржақып Дулатұлы қазақ халқының көзін ашуға талпынып «Оян, қазақ!» деген кітабын жариялайды. Ақын «Оян қазақта» патша өкіметінің қазақтардың малға жайлы шұрайлы жерлерін тартып алып, ата-баба бейітін бұзып, халықты қалай болса солай тартқылап, не тіліне, не діліне, не жеріне иелік етуге мүмкіндік бермей, әбден езіп, жаншығаны Міржақыптың жүрегіне ауыр тиеді. Осы өлеңі арқылы халықтың ауыр тұрмысын ойлап, сынға алып жазады. «Оян, қазақ!» кітабы патша үкіметіне ұнамағандықтан М.Дулатұлы қамауға алынады. 1913 жылы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлылардың белсенділігімен «Қазақ» атты биресми газет шығарыла бастайды. Бұл газетте негізінен қазақ халқының қоғамдық мүдделерін көксеген жер, оқу-ағарту, ұлт, дін сияқты маңызды мақалалар жарияланды. Сөйтіп «Қазақ» газеті қазақ зиялыларының басын біріктірді. «Қазақ» газеті арқылы «Алаш» партиясын дайындауда да елеулі жұмыстар атқарды. Қазақтың ұлт интеллигенттерінің алғашқы қадамы, қазақты біріктірудегі, көзін ашудағы, сана-сезімін оятудағы жұмыстар тікелей осы газет арқылы іске аса бастады. «Алаш» автономиясы мен Алашорда үкіметін құруда Міржақып Дулатұлы көп еңбек сіңірді. 

21-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]