- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толдырыңыз.
- •Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі. (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары)
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Мезолит адамдарының кәсібі
- •Əбілғазы Бахадүр шығармаларының тарихи маңызы
- •1.Қазақ хандығының мемлекеттік əкімшілік құрылымы.
- •2.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз
- •1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •2)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3.Қазақстандағы "Әсери коммунизм саясаты"мен"Жаңа экономикалық саясаттың" нәтижелерін салыстырыңыз. Әскери коммунизм.
- •Ноғай Ордасы:
- •Хх ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай:
- •Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтары:
- •Қола дәуірінің ерекшеліктері:
- •Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы:
- •Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтары мен нәтижелері:
- •Моғолстан:
- •Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз:
- •Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипатта:
- •2. 1916 Жылғы көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
- •3. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •1.Билердің қоғамдағырөлі мен қызметі.
- •2.1916 Жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.
- •3.1917 Жылдарықұрылғансаяси-демократиялықпартиялардыңқұрылғанаумақтарын карта бойыншабелгілеңіз.
- •2. 1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •13 Билет
- •1.XX ғасыр басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
- •2. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен жүргізген келіссөздерінің мәні мен сипаты
- •1932—1933 Жылдардағы ашаршылық
- •Абылай хан мемелекет ( кайраткер саясатшы дипломат)
- •1916 Жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зияларының саяси көзқарастары .
- •1930 Жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
- •1Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916ж көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •3Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Семей полигонының инфрақұрылымы
- •Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
- •Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
- •Суарылған ядролық темірмен
- •Невада - Семей
- •Аттила және ғұндар.
- •1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері.
- •Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз. Ғылымның дамуы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметін баға беріңіз
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •3.1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы.
- •2)XIX ғ бірінші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •3)Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.
- •2) Қазақ акср інің Қазақ кср інің айырмашылығын талдап жаз.
- •3)Суретке қарап оқиғаны анықтаныз.
- •1)Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
- •1.Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •3.Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •1.Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •2.Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •3.Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды.Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды: 1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу. Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.
