Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать

1Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.

Б з. б 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орта Азияның кең – байтақ кеңістігінде әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде “Ғұн” сөзі “гун, руң, хуню” атауымен берілген.Қытай деректерінде ғұн мемлекетінің тарихы былай жазылған: Мөде өз әкесімен болған күресте билікті қолына алады. Өз ара қырқысу туралы естіген шығыс көршілері бұл жағдайды пайдаланып, соғыс жариялауға бел байлайды.Қытайлар Ғұндардың басшысын ”шанью” деп бел байлайды. Бір күні көрші ел Дунхудың елшілері Мөдеге келіп, одан өзінің ең жақсы атын беруді талап етті. Бұған ақсақалдар қорланып, Дунхуды жазалау үшін соғыс бастауды өтінді. Алайда Мөде «Көрші отырған адамдар мен бір ғана атты аяудың қажеті не?» деп, өзінің сүйікті атын беруді бұйырады. Біраз уақыт өткеннен кейін елшілер қайта келіп, патшалықтағы ең сұлу әйелді – Мөденің әйелін беруді талап етеді. Ақсақалдар бұл қорлыққа шыдай алмай, құтырған көршлерді жазалау үшін соғыс ашуды талап етеді. Ал бірақ Мөде әйелін беріп жібереді. Дунху үшінші рет шекаралық біраз жерді беруін талап етеді. Ол мал жаюға қолайсыз, ешкім тұрмайтын шағын ғана бос жатқан жер болатын. Жер иесіз болатын, оны екі жағынан: бір жағынан – Хунну, екінші жағынан – Дунхулар қорғап тұратын еді. Хунну ақсақалдарды мұндай қолайсыз жатқан жер үшін араздасудың қажеті жоқ шығар деп шешіп: «Жерді беруге де бермеуге де болады – десті». Мөде ашуланып «Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?» деді. Әскерін жинап, Дунхуге шабуыл жасап, оны талқандап, олардың аумағын өзіне қосып алды. Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасы осылай пайда болды. Белгілі шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 ж. болған дейді.

Ғұндар Енесейдің жағалауларында іле Алтай тауларында мекендеген көрші тайпаларды бағындырған. Қытайды алым – салық төлеуге мәжбүр еткен. Ол жыл сайын Жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп отырған.

Ғұндар бірлестігі шыққан тегі әртүрлі тайпалар мен этикалық – саяси құрылымдар кірген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылған.

 

 

Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрып: сол, орталық, оң қанатқа, бөлінген. Мемлекетті шаньюй басқарған. Шаньюден кейінгі басты тұлға “Түменбасы” болды “Түменбасы” шаньюдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болды. Ғұндар 24 рудан құралады. Түменбасы 10 мың атты әскерді басқарған. Ғұндарда ер азаматтардың бәрі белгілі бір жасаққа тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару - жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Барлық Бекзадалар “Аспанға, жерге ата - баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет шаньюдің алдына ақсақалдар кеңесіне жиналған. Олар мемлекеттік істерді талқылады. Қытай жылнамаларында айтылғандай, б. з. б 4 және 3 ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған. Олар өздерінің көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жеріне де шабуыл жасайды. Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары үш жүз жылға созылған. Б. з. б. 3 ғасырда Цин патшалығы өзінің шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Қорған 4 мың шақырымға созылған, биіктігі 10 метр, әр 60 - 100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.

Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп саяси күшейген кезі-құдірітті Мөденеің билік жүргізген мезгілі.Оның жасаған əскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды.Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап,басып алды.

Ғұн тайпалардың Хан әулетін жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Олар жыл сайын көшпенділерге жібек мата, әшекей заттар жіберіп тұрған. Сөйтіп Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]