Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать

1932—1933 Жылдардағы ашаршылық

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.

Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.

Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:

«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».

Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы — большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.[1]

14-билет

  1. Абылай хан мемелекет ( кайраткер саясатшы дипломат)

Шын аты -Әбілмансұр. Абылай 1711жылы,Ресей деректерінде 1713ж дуниеге келді.

Арғы тегі-Жошы хан,бргі бабалары Қазақ ордасының негізін салган Әз- Жәнібек,одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан Салқам Жәңгір хан. Абылай-Жәңгір ханның бесінші үрпағы. Бала кезінен көрген жұпыны тіршілік,өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте арласуына себепші болды.Бұхар,Үмбетей жыраулардың,т.б ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылд.

Улкен әкесінің аруағын шаркырып ,жауға“Абылайлап”ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң,Орта жуздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды .Будан соң жерде Әбілмансұр есімі Ұмытылып ,Абылай атанады.Абылайдың әскери қайраткерлігі қолбасылық қабілеті 30-40жылдардагы шайқастарда ерекше көрінеді.Абылайдың қанды көйлек жолдастары:Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай,Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Науырызбай, т.б.қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады.

1738-1741жылдары Абылай бастаган қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы береді.Абылай билігінің кушейе тусіуінің жаңа кезеңі 1744жылы Әбілмәмбеттің Туркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жургізгендігі айқын көрсетіледі .1752жылы ол бастағанқазақ әскері шамасы 15-20мың адамдай ойраттар қолының шабулынына тойтарыс береді. 1753жылы желтоқсанда Абылай 5мың жауынгерімен жоңгар әскерлерімен шайқасп, бірталай қазақ жерін азат етеді .1754жылы сәуірде Абылай бастаған 1700қазақ әскері 10мың қалмақпен соғысуға мәжбур болса , сол жылдын шілде -тамыз айларында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап , 3000 қалмақты тұтқынға алып келген . 1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен кушімен екі рет шайқасып , оның бірінде жеңіліп , екіншісінде жеңіске жетеді . 1757жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен болған шайқастан соң , қытайлар Абылайдан бітім сурады . 1753-54 жылдардағы шайқастарға Қабанбай ,Бөгенбай ,Жанатай, Керей Жәнібек , Өтеген батырлар қысы -жазы үзбестен қатысады. Абылай Қаһарлы хан болумен қатар , қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаган дарынды куиші ретінде де белгілі .Ол –“Ақ толқын “,”Булан жігіт “,”Дуние қалды”, “Шаңды жорық”, т.б куилердің авторы.

Абымаусымда 1781 жылы 23мамырда Оңтустік Қазақстан обылысы , Арыс жағасында қайтыс болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]