- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толдырыңыз.
- •Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі. (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары)
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Мезолит адамдарының кәсібі
- •Əбілғазы Бахадүр шығармаларының тарихи маңызы
- •1.Қазақ хандығының мемлекеттік əкімшілік құрылымы.
- •2.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз
- •1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •2)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3.Қазақстандағы "Әсери коммунизм саясаты"мен"Жаңа экономикалық саясаттың" нәтижелерін салыстырыңыз. Әскери коммунизм.
- •Ноғай Ордасы:
- •Хх ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай:
- •Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтары:
- •Қола дәуірінің ерекшеліктері:
- •Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы:
- •Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтары мен нәтижелері:
- •Моғолстан:
- •Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз:
- •Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипатта:
- •2. 1916 Жылғы көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
- •3. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •1.Билердің қоғамдағырөлі мен қызметі.
- •2.1916 Жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.
- •3.1917 Жылдарықұрылғансаяси-демократиялықпартиялардыңқұрылғанаумақтарын карта бойыншабелгілеңіз.
- •2. 1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •13 Билет
- •1.XX ғасыр басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
- •2. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен жүргізген келіссөздерінің мәні мен сипаты
- •1932—1933 Жылдардағы ашаршылық
- •Абылай хан мемелекет ( кайраткер саясатшы дипломат)
- •1916 Жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зияларының саяси көзқарастары .
- •1930 Жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
- •1Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916ж көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •3Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Семей полигонының инфрақұрылымы
- •Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
- •Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
- •Суарылған ядролық темірмен
- •Невада - Семей
- •Аттила және ғұндар.
- •1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері.
- •Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз. Ғылымның дамуы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметін баға беріңіз
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •3.1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы.
- •2)XIX ғ бірінші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •3)Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.
- •2) Қазақ акср інің Қазақ кср інің айырмашылығын талдап жаз.
- •3)Суретке қарап оқиғаны анықтаныз.
- •1)Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
- •1.Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •3.Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •1.Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •2.Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •3.Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толдырыңыз.
-
Милитаризм
(лат. mіlіtarіs – әскери)-жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулыкүшпен шешуге бағытталған саясат.
Метрополия
(гр. metropolіs, meter – ана және polіs – қала) – мемлекет орталығын білдіретін ұғым. Бастапқыда метрополия деп отар аймақтарға ие ежелгі грек қалалары аталды. 19 – 20 ғасырлардың 70-жылдарына дейін отаршыл империялардың орталығы Метрополия деп аталып, негізінен, үлкен қала орталықтары, олардың айналасындағы мекендер, сондай-ақ астаналық қалалар қамтылды. Қазіргі кезінде дамыған елдерде Метрополия деп қаланың негізгі нысандары орналасқан басты ауданын айтады.
Мобилизация
(лат. mobіlіs – жылжымалы) – Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар. Көлеміне қарай жаппай мобилизация, ішінара мобилизация болып екіге бөлінеді және кезеңіне қарай ұрыс жағдайындағы, соғыс алды жағдайындағы және бейбіт уақыттағы мобилизация болып үш түрге жіктеледі.
Реквизиция
азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Реквизиция заңда көрсетілген тәртіпте, төтенше (апат, жұқпалы аурудың тарауы, індет, тағы басқа) немесе әскери жағдай уақытында ғана өкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады. Төлем мөлшеріне қанағаттанбаған мүлік иесі сот тәртібімен дауласуға және Реквизицияға негіз болған жағдай жойылған соң мүліктің (әлі бар болса) қайтарылуын талап етуге құқылы.
Монархия
(гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ,сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.
2-билет
Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі. (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары)
Жауабы: Мезолиттің хронологиялық шеңбері-б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды.Жалпы,Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған.Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды.Жер бетін басып қалған мұз еріді,қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады.Мезолит заманының үлкен жаңалығы-микролиттер,яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды.Микролит деген сөздің мағынасы-ұсақ тас.Мезолит заманның тағы бір басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы.Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді.Бұрыңғы найзаларға қарағанда садақ аңшылықтың рөлін арттырды.Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды.Себебі мезолитте мамонт,мүйізтұмсық сийяқты ірі және табын-табын болып жүретін аңдар жойылып кетті.Бұрын тобымен жүретін аңдарды ұраға жығып,қаумалап ұстау әлдеқайда жеңіл еді.Енді некен-саяқ,жеке жүретін бұғы,қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды.Оған уақыт та,күш-қайрат та көп кетті.Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді.Үнемі жайылымын ауыстырып,өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді.Қазақстан аумағындағы жиырмадан астам мезолиттік тұрақтар белгілі.Олар баспананы жеңіл қос сыйяқты ағаштан айқастырып құрып,оның үстін аң терісімен жапты.Осындай қабырғалары терең көмілген,көлемі 40-60 шаршы метр болатын баспана Есіл өзенінің аңғарында табылған.
