Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать

2. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен жүргізген келіссөздерінің мәні мен сипаты

Әбілқайыр Қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Сол себепті Кішң жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Ал Ресей болса қалайда Қазақ хандығын өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. 1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынлы. Алайда келіссөз басқаша сипатқа ие болды. Ресеймен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілқайыр батыр С. Қойдағұлұлы мен Қ. Қоштайұлы бастаған елшілігін Петербургке жібереді. Елшілік Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс етті. Оларды зор құрмет көрсетіліп, үлкен ықыласпен қарсы алынды. Себебі, Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды.1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын қол астына алу жайлв грамотаға(ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шанттар қойылатыны ескерілді. Біріншіден, Әбілқайырдың қол астындағылар Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұтуға міндетті болды. Екіншіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қащақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды. Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді. Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқын дарды қайтаруы, ал қалмақтармен ж/е башқұрттармен тату-тәтті өмір сүруі тиіс болды. Алайда содан көпкейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды. Дегенмен, бұл Қазақ хандығының Ресейге қосылуының тек қана басы еді.

Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылы көктемде Петербургтен А.И.Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің қол астына өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшыны әрі батыры Таймас Шайымов та болды. Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға тиіс болды. Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен анық аңғарылады: "Бір миллион сомға дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қайсақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт".

Кіші жүздегі асүйектердің едәуір бөлігі Ресейдің қол астына өтуге үзілді-кесілді қарсы болды. Жергілікті жерле айтылғандай, Ресейге қосылу Әбілқайырлың жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған болып шықты.

Өзін Ресейдің сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру арқылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасау арқылы Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. 1731 жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан, бірқатар сұлтандар ж/е ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресейдің қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз ж/е Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті. Ант қабылдауға барлығы 29 старшын қатысты. Ол ең алдымен "хан партиясы" деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң оның төңірегінділер ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы өз мүдделерін көздеп, келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге қолдау білдірді. Әбілқпйыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жіберуге уәде етті.

Қазақтардың Ресейдің қол астына өтуі, міне, осылай басталды

3.Ашаршылық

1921-1922 жылдардағы ашаршылық: Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.

Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».[1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.

Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қуОрап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.

1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інЕің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды.[2]. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті.[4]. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. Ашыққан ауылдар мен болыстарға алғашқы көмекті ұйымдастыру үшін уездік атқару комитеті мүшелерінің барлығы дерлік елге жіберілді, 1921 жылдың көктемінде әр селолық кеңестің жанынан көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін арнаулы комиссиялар құрылды, олар мүмкіндігінше қажетті астықпен қамтамасыз етілді. 1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды.[8].

Елдің орталық аудандарындағы ауыр жағдайларға қарамастан РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде айтарлықтай көмек көрсетті.

1922 жылдың көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында Қазақстанның аудандары тегін көмек ретінде 907 501 пұт тұқымдық астық алды. Олардың тұқым сепкен алқабы 957 224 десятинаға жетті. Тұтас алғанда, барлық тұқымдық астық 1922 жылдың өзінде-ақ Қазақстанда себіліп болды.[16].

Қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Балалардың тұрмысы мен өмірін жақсарту жөніндегі комиссия Ашыққандарға көмек көрсететін республикалық Орталық комиссияның балалар арасындағы аштықпен күрес жөніндегі арнаулы бөлімі болып қайта құрылды. Республиканың аштық жайлаған барлық губернияларында бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың жұмысы нәтижесінде 1922 жылдың бірінші жартысында республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілді.[10].

Толық емес деректер бойынша, тек 1922 жылы ғана ҚазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына елдің әр түрлі аудандарынан 66 790 пұт астық пен азық-түліктін басқа да түрлері, 161 567 паек, жарты миллион сомға жуық ақшалай көмек, 100 пұттан астам сабын, бірнеше мың метр мата, бірнеше жүздеген пар аяқ киім, көптеген дәрі-дәрмек берілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]