Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать

3.1917 Жылдарықұрылғансаяси-демократиялықпартиялардыңқұрылғанаумақтарын карта бойыншабелгілеңіз.

2

1

3

1-Семейде «Алаш» партиясы қызмететті.

2-Ақмолада «Жасқазақ» ұйымы жұмыс жасады.

3-Әулиеата мен Меркеде «Жасқазақ» революцияшыл одағы қызмететті.

Сонымен қатар Верныйда, Сергиопольде, Петропавлда бірнеше кішігірім партиялар қызмететті.

12-билет

1. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары. Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырды. Олар Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттерді талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық Моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.

Әмір Темір Моғолстанға 1372 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудың ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Моғол әмірінің Темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы Қаратау етегінде және Ыстыкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір Темір әскерлерінен күйрей жеңілген.

Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында Алтын Ордаға және Моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржола қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарда Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды Мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті.

2. 1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында Торғай көтерілісінің орны ерекше. Оның басқа жерлердегі көтеріліс оқиғаларынан бірнеше өзгешеліктері болды. Олар: көтеріліс оқиғаларына бір орталықтан басшылық жасалуы, көтерілісшілер санының көптігі, қамтыған аумағының аса үлкендігі, жазалаушы отрядтармен шайқастың батыл да табанды жүргізілуі, көтерілісшілер қимылының ұзаққа созылуы, қару-жарақ жасап көтерілісшілерді әскери өнерге үйретуі, т.б.

Торғай уезіндегі көтеріліске Әбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліб Жангелдиндер басшылық етті. Осы облыстың Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз уездері, көршіліс облыстардың бірқатар уездері көтерілістің Торғай орталығына бағынды. Көтеріліс барынша қызған кезде оған қатысушылар саны 50 мыңға жуықтаған. 1916 жылы 21 қарашада 13 болыс өкілдерінің құрылтайында Әбдіғапар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып сайланды. Осы жиында Амангелді Иманов бас қолбасшы болып тағайындалды, ал Әліби Жангелдин көтерілісшілрдің «рухани көсемі» болды.

Ә.Жанбосынов, А.Иманов және олардың қарулас серіктері ұйымдаспаған көтерілісшілерді әскери тәртіпке үйретуде бірқатар шараларды жүзеге асырды: оларды ондықтар, жүздіктер, мыңдықтарға бөлді, әрқайсысының басшыларын тағайындады. Атақты мерген Кейкі Көшкінбаев басқарған мергендер тобын құрды, олардың негізгі жауынгерлік міндетінің бірі жолда келе жатқан жазалаушы әскер басшыларын оққа ұшыру болды.

Көтерілісшілер бақылауындағы аудандарда бұрынғы ауылдық-болыстық әкімшілік жойылды, оның орнына көтерілісшілер басқаратын азаматтық билік орнады. Әскери кеңес жанындағы арнайы тағайындалған адамдар көтерілісшілерді азық-түлікпен, көлікпен, мініске жарамды атпен, қару-жарақпен, т.б. қамтамасыз етуі тиіс болды. Осы мақсатта олар ұстаханалар ұйымдастырып, ұста-шеберлерді іріктеп, оларға мылтық, қылыш, қанжар, семсер және басқа да қарулар жасатты.

Қазан айының соңына қарай Амангелді 15 мыңдай жасағымен Торғай қаласын қоршайды. Оны тас-талқан ету үшін патша үкімет орындары генерал Лаврентьев басқарған 9000 адамдық жазалау экспедициялық корпусын аттандырады. Амангелді Торғайды қоршауды тоқтатып, жазалаушы әскерлерге қарсы қозғалады. Түнқойма пошта стансысы маңында жазалау отрядына шабуыл жасап, артынша көтерілісшілерді аман сақтау үшін алысқа шегініп кетеді. Батпаққара жазығы мен Аққұм маңына ірге теуіп, партизандық күрес тәсіліне көшеді. Көтерілісшілер Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте патшаның жазалау отрядтарымен ерлікпен шайқасады. Оның ең жойқын болған жері – Батпаққара ауданы, өйткені көтерілісшілер штабы осында еді. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысында да болып тұрды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін ғана Торғай облысындағы көтеріліс тоқтатылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]