Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать

2. 1916 Жылғы көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

А.Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзінде: "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", - деп жазған еді.

Жалпы алғанда қазақ даласында біреуі жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Байлар мен ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың зиялы қауымы либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды. Олар қазақтарды Ресейдің бодандары, Отанның перзенті деп санады. А.Байтұрсынұлы: "Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз" , - деп жазды. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: "Бірі - барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі - бармай қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді..."

Қазақ зиялылары өкіметке қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. "Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар" , - деп жазды олар, 1916 жылғы қазандағы үндеухатында. Қазақ халқының либералды-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасатты ымыраластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын ж/е оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді.

Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рұсқылов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешуге әртүрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынықтан өтті.

3.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсет

XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.

Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті.

1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округының ауылдарына шабуыл жасады.

Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының жеңіс жігерлендірген негізгі күштері 1844 жылғы тамызда

Екатерина станицасына шабуыл жасады. Бекіністің маңындағы елді мекенді өртеп жіберді, 40 адамды тұтқынға алды, қыруар малды айдап әкетті.

Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты.

«Біздің ата-бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр».

Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты орнын алуда.

10-билет

1. Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы. Деректерде, 1580 жылдан кейін Хақназар ханның аты кездеспейді, ал, оның немере інісі Шығай Қазақ ханы деп аталған еді. Осы уақытқа дейінгі деректерде, Шығайдың аты көп аталмаса да, сұлтан деп берілетін. Шығай әйгілі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы Жәдңк сұлтанның баласы. Анасы Абайқан бегім еді. Қойшығара Салғараұлы Шығайдың хандық билікке келуінің үш себебі бар деп көрсетеді. Олар: «Біріншісі – Шығай сұлтанның өзінің жеке басының елге сыйлылығы. Оның көзсіз батырлығы жөнінде халықтың әлі күнге жейін жыр қылып, тамсана айтатынын дәлел етуге болады. Екіншісі – Шығайдың ұлдарының хандыққа тіреніш, ханға демеу болған. Үшіншісі – Шығай Қазақ хандарының іргелі тұқымы Жәнібектің кенже ұлы Жәдіктің баласы болды. Және де Абдолланың әкесі Ескендірдің таққа отырып, ал, баласы оның атынан барлық істі тындыруы сияқты, Тәуекел де өз әкесін хан етіп, өзі барлық істерге белсене қатысып жүрген», - дейді. Шығай хан Абдолла хан бір шешімге келмей тұрып-ақ, Бұқара ханы Қазақ ханына адам жіберді. Оларға Шығай хан: «Өзім тірі болсам ешқашанда Баба сұлтанмен достаспаймын, оны көргім де келмейді», - дейді. Абдолла ханға да керегі осы еді. Ол Ташкент пен Түркістан аймағында Баба мен Бұзағыр сұлтанмен, ал, Ферғанада Мехди, Абдол Ғаффар, Хашим сұлтандармен екі жақты күресті жүргізуде Шығай ханның қолдауына сүйенуді ойластырды. Бұл жөнінде М.Х. Әбусеитова: «Хақназардың өлімінен кейін Шығай Баба сұлтанға қарсы аттанды, осы ісімен келешекке үміті зор Абдолла ханға адалдығын дәлелдегісі келді», - дейді. Сонымен қатар, XVI ғ. 80 ж. Бастап Шығай мен Тәуекел хандар Бұқара ханына қызметке кіріп, боданына айналды дейді. Бұл пікірге Қойшығара Салғараұлы қарсы шығады. Ол Қазақ хандығы мен Бұқара терезесі тең одақтастар, бір мақсат-мүддені көздегендер – ортақ жауы Баба сұлтанды құртуы керек еді дейді. Шығай хан да жауы Баба сұлтанды жою мақсатында 1581 ж. маусымда ұлы Тәуекел, басқа да сұлтандармен бірге Абдолла ханның ордасына келеді. Хафиз Таныш: «Ұлы мәртебелі өзіне тән мейірбандылық пен қайырымдылығымен оған сыйластығы мен құрмет көрсетті. Оны аса мейірбандылығымен құрметтеп, ихта ретінде Ходжент жерін берді. Ол Шығай ханға көмек көрсетуге уәде беріп, оның құрметіне патшаларға лайықты той жасады», - дейді. Шындығына келгенде Шығай ханға осындай құрмет көрсетіп, оған ихта ретінде жер беруі қазақтардың Бұқара хандығымен терезесі тең ел екенін және де Абдолла ханның Қазақ хандығында мүддесі болғаные көрсетеді. Ресми түрде Шығай хандық билікте отырғанымен, іс жүзінде ұлы Тәуекел сұлтан қазақ әскерін басқарып отырған. Хан тағында Шығай екі-ақ жыл отырды.1582 ж. кейін оның аты деректерде аталмайды. Қадырғали Жалайырдың айтуынша: «Шығай ханның хикаясы әрқашан оның батырлығымен мәлім, мәшһүр болды. Ақырында ол да дүниеден өтті. Бұл күнде оның қабірі Күміскентте, Әли-Атаның қасында жерленген болатын»,- дейді.

2. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің даму ерекшеліктері. Жер қоры, өнеркәсіп, транспорт, банкілер национализациялауға ұшырады. Қазақстанда 300-ден астам ірі өнеркәсіп орындары мемлекет қарамағына алынды. Олардың ішінде – Спасск мыс қорыту және Шымкент сантонин зауыттары, тау-кен өндірістек акционерлік қоғамының қорғасын зауыттары, Риддер кеніштерінің кәсіпорындары, Екібастұз және Байқоңыр көмір қазбалары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері болды. Орынбор-Ташкент және Жетісу темір жолдары, Арал теңізіндегі сауда флотының кемелері мен Ертіс және Жайық өзендеріндегі пароходстволар, Қазақстан қалаларында орналасқан Орыс-Азия, Волга-Кама, Сібір сауда және басқа банкілердің капиталдары мемлекет меншігіне өтті. Алайда мұндай саясат көп ұзамай өнеркәсіптің қирауына әкеп соқты.

Өнеркәсіпті национализациялаумен пайда болған басқару жүйесі бірден шамадан тыс орталықтанғандық белгілерге ие болып, бюрократизмге жол ашты. Маманданған жұмысшылардың жеткіліксіздігі, басқару аппаратының жеке буындарының аарасындағы үйлесімсіздік, шикізаттардың тапшылығы, транспорттың берекесінің кетуі, көп жағдайда саяси және әскери органдардың өндірістік істерге кәсіби емес араласуымен ұштасып жатты. Төтенше шаралар қолдану, билікті шамадан тыс пайдалану әдеттегі іске айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]