- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толдырыңыз.
- •Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі. (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары)
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Мезолит адамдарының кәсібі
- •Əбілғазы Бахадүр шығармаларының тарихи маңызы
- •1.Қазақ хандығының мемлекеттік əкімшілік құрылымы.
- •2.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз
- •1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •2)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3.Қазақстандағы "Әсери коммунизм саясаты"мен"Жаңа экономикалық саясаттың" нәтижелерін салыстырыңыз. Әскери коммунизм.
- •Ноғай Ордасы:
- •Хх ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай:
- •Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтары:
- •Қола дәуірінің ерекшеліктері:
- •Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы:
- •Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтары мен нәтижелері:
- •Моғолстан:
- •Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз:
- •Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипатта:
- •2. 1916 Жылғы көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
- •3. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •1.Билердің қоғамдағырөлі мен қызметі.
- •2.1916 Жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.
- •3.1917 Жылдарықұрылғансаяси-демократиялықпартиялардыңқұрылғанаумақтарын карта бойыншабелгілеңіз.
- •2. 1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •13 Билет
- •1.XX ғасыр басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
- •2. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен жүргізген келіссөздерінің мәні мен сипаты
- •1932—1933 Жылдардағы ашаршылық
- •Абылай хан мемелекет ( кайраткер саясатшы дипломат)
- •1916 Жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зияларының саяси көзқарастары .
- •1930 Жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
- •1Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916ж көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •3Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Семей полигонының инфрақұрылымы
- •Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
- •Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
- •Суарылған ядролық темірмен
- •Невада - Семей
- •Аттила және ғұндар.
- •1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері.
- •Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз. Ғылымның дамуы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметін баға беріңіз
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •3.1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы.
- •2)XIX ғ бірінші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •3)Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.
- •2) Қазақ акср інің Қазақ кср інің айырмашылығын талдап жаз.
- •3)Суретке қарап оқиғаны анықтаныз.
- •1)Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
- •1.Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •3.Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •1.Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •2.Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •3.Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипатта:
Тұрар Рысқұлов – мемлекет қайраткері. Ол 1894 жылы 26 желтоқсанда бұрынғы Жетісу облысы Верный уезі Талғар бөлімшесінде дүниеге келген. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ» деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады.1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркеге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесі атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Тұрар Әулиеата қаласының 52 орыс капиталистіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді. 1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бірақ аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. 1918 жылы 28 қарашада ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Комиссия Түркістан АКСР-нің 19 уезінде 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. 1919 жылы 14 наурызда Түркістан АКСР-і ОАК төрағасының орынбасары болып сайланып, 1920 жылы 21 қаңтарда төраға болып сайланды.
1926 жылы Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БК(б)П комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық ОАК-нің қаулысымен Ресей Федерациясы ХКК төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды.
1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. КСРО Әскери коллегиясы Жоғарғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды.
9-билет
1. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары
Темір жоғары билік үшін еш нәрседен тайынбады. Ол ірі байларға сүйене отырып халық- азаттық қозғалысты көп қан төгу арқылы басты. Кейіннен өзіне көмектескендерді де біртұтас билікке бағындырып, 1370 жылы Мауераннахрдың билеушісі атанды. өз жерінде билігін нығайтып алған Темір Алтын Орда мен Ақ Орданың ішкі саясатына араласып, бірнеше басқыншылық жорықтар жасады . Ол өзінің мақсатын іске асыру үшін Манғыстау билеушісі Түй-Қожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдаланды. ¤йткені Ақ Орда билеушісі Орыс хан Алтын Ордаға қарсы жорықтан бас тартқаны үшін Түй-Қожа оғланды өлтірген болатын. Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Сыр өңіріндегі Отырар, Сауран, Түркістан және Сығанақ қалаларын бағындыруды тапсырады. Бұл тапсырма орындалған жағдайда Әмір Темірге Алтын Ордаға апаратын жол ашылар еді.Тоқтамыстың Сыр өңірін бағындыру үшін жүргізген алғашқы екі жорығын Орыстың ұлдары қайтарған еді. Әмір Темірдің қолдауымен жүргізілген Тоқтамыстың іс әрекеттері, Орыс ханның Сарайды тастап, Ақ Ордаға қайтуына мәжбүр етті.
Әмір Темір Тоқтамысқа әскер мен қару-жарақ беріп, жаңа жорыққа дайындап жатқан уақытта, Орыс ханнан Тоқтамысты қайтаруды талап еткен хат келеді. Темір әскерімен Сырдариядан өтіп, Отырарға келгенде, Орыс хан әскерін Сығанаққа шоғырландырады. Екі жақ үш ай бойы ешқандай әскери қақтығысқа бармайды. Ақыр аяғында Орыс хан өзінің орнына Қара Кесек оғланды қалдырып, кейін қайтады. Бұл жағдайды естіген Темір Орыс ханның ұлы Темір Мәліктің он мыңдық әскерін талқандайды. 1376 жылы Орыс хан қайтыс болады. Әкесінің орнына билікке келген Тоқтақия да үш айдан кейін қаза табады. Әмір Темір Тоқтамысты Сауран қаласының билеушісі етіп тағайындайды.
1377 жылы Сауранның түбінде Орыс ханның ұлы Темір Мәлік Тоқтамыстың әскерін талқандайды. Алайда Темір өзінің жоспарынан бас тартпай, 1378 жылы Тоқтамысты жаңа жорыққа жібереді. Нәтижесінде Тоқтамыс Сығанақты бағындырады. 1379-1380 жылдары Алтын Орданың көптеген әмірлері Тоқтамыс жағына өтіп, оның билігін мойындайды. Алтын Орданың ханы болғаннан кейін, Тоқтамыс Сарай, Қажы Тархан Астрахань, Қырым мен Мамай Ордасын өзіне бағындырады. Қалыптасқан жағдай, Мамайдың 1380 жылы Куликов даласында орыс-қыпшақ әскерінен жеңілуіне себепкер болады . Осыдан кейін Тоқтамыс Әмір Темірге бағынуды қойып, дербес саясат жүргізе бастайды. Сонымен бір мезгілде ол Әмір Темірдің иеліктеріне шабуыл жасай бастайды. Бұл оқиғалар қазақтың "Едіге батыр" эпосында жырланады. Жырда Тоқтамыс пен Темір арасындағы соғыстың басталуына қазақ биі мен батыры Едігенің тікелей қатысты екендігі айтылады. Моғолстан әмірлерімен күресті аяқтаған Әмір Темір әскерін сол кезде Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа қарсы бағыттайды. Темір 1391 жылы 18 маусымда Құндыз түбінде Тоқтамыс әскерін талқандайды. Тоқтамысқа қарсы көтерілген жергілікті билеушілер (ішінде Едіге бар) Темірдің билігін мойындайды.
1393 жылы Тоқтамыс Алтын Ордадағы билігін қалпына келіреді. Ал Едіге би Ақ Орданың тағына Темір Құтлықты қояды. Темір Құтлық Әмір Темірдің саясатына тәуелді болады. 1395 жылы Солтүстік Кавказда Терек өзені бойында Тоқтамыс пен Темір әскері арасында шайқас болып, Тоқтамыс жеңіліс табады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір орыс княздығы жеріне кіреді. Москваға барар жолда жаман түс көрген Темір оны жамандыққа жорып кері қайтады. Мауераннахрға қайтар жолда Темір Алтын Орданың Еділ бойы мен Қырымда орналасқан қалаларына, Астраханға өрт қояды. XIV ғасырдың 90 жылдары өзінің қаталдығымен зұлымдығы мен аты шыққан Әмір Темірге Каспий жағалауы, Ауғанстан, Ирак, Кавказ, үнді жерлері бағынып, үлкен империя қалыптасады. Бұл империяны Темір әулеті басқарады. Әмір Темір 1405 жылы Отырар қаласында Қытайға кезекті жорыққа бара жатқан кезде қайтыс болады.
