Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать
  1. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтары:

Жетістіктері:

  1. Қазақстанның табиғи байлықтары зерттелді;

  2. Түркістан-Сібір теміржол магистралі, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшілігі, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай мен Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе жылу және су электр станциялары, Өскемен құрылыс материалдар шығыратын кәсіпорындар, т.б. салынды;

  3. 10 мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын игерді;

  4. Бағалы металдардың өндірілуі қаржы жүйесін дамытты.

Келеңсіз жақтары:

  1. Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қайта қалпына келтіру аяқталмаған кезде басталды;

  2. Тікенек сыммен қоршалған лагерьлер көбейді, көшпелілердің тұрмыс салты күйреді, халықтық дәстүрге тыйым салынды, халық бұқарасы қайыршылануға, аштыққа ұшырады;

  3. Энергетика базасы, құрылыс материалдар өнеркәсібі артта қалды;

  4. Мамандандырылған кадрлар сырттан әкелінді;

  5. Шикізат өнімдері Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді.

7-билет

  1. Қола дәуірінің ерекшеліктері:

Тотыққан мыс рудасынан металл қорыту қола дәуірінде басталды. Қола мыс пен қалайының қоспасы. Металл кеніштері қазіргі Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатау жерлерінде болған. Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1 млн тоннадай кен, 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Ал Шығыс Қазақстандағы Нарым мен Қалба кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар пайдаланылды. Оған ауа үрлейтін көрік жасалды. Қорытылған мыстан (қола) жасалған бұйымдар өте берік, қатты, әрі әдемі сары түсті болғандығтан тас пен мыс құралдарды ығыстырды. Адамдар қалып ретінде саз балшықты, металды, тасты пайдаланды. Қола дәуірі б.з.б. ІІ-І мыңжылдықты қамтиды. Еуразиядағы алғашқы ескерткіштері Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосының жанынан табылған. Дәл осы сияқты мәдениет ескерткіштері Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралықта таралған. Олар «Андрон мәдениетіне» жатады. Солтүстік пен Батыс Қазақстанда осы мәдениетке жататын 80-нен аса қоныс (Қостанай мен Челябі шекарасында табылған қалаға ұқсас Арқайым, ор-дуалдармен қоршалған Петровка мен Боголюбов), Орталық Қазақстанда 30 қоныс, 150 оба зерттелген. Андрондықтардың бет-бейнесі еуропоидтерге ұқсас болған. Олардың сырт бейнесін В.П.Алексеев зерттеген: «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған». Олар отырықшы мал шаруашылығымен (сиыр, қой, ешкі, жылқы), кетпенді-теселі (диірмен, тесе, орақ) егіншілікпен (бидай, арпа, тары), балық аулаумен айналысқан. Саз балшықтан көзе құмыралар жасап, тарақ тәрізді не тегіс қалыпты өрнектеп, пеште күйдірген. Кейін безендірген. Таңбалы, Жасыбай, Хантау деген жерлерде олардың суреттері табылған. Андрондықтар жартылай жертөле үйлерде тұрған. Ет, сүт өнімдерін арнайы шұңқырларда сақтаған. Киіз үйге ұқсас баспаналары Солтүстік Қазақстандағы Чаглинка, Петровка қоныстарынан табылған. Қолайсыз ауа-райына және мал басының артуына байланысты жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.

Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай жерлеріндегі обалардан жаңа мәдениет белгілері табылды. Ол үйлердің, жерлеу орындарының ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған. Ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі. Бұл мәдениетті 1946 жылдан бастап Ә.Х.Марғұлан зерттеді. Қоныстары 5-10, 20 шақты аумағы 100, 300-400 шаршы метрді құрайтын үйден тұрды. Үйлердің төбесі шетен, сырғауылмен жабылды. Ескерткіштері: Мало-Красноярска (Шығыс Қазақстан), Алексеев (Батыс Қазақстан), Степняк (Солтүстік Қазақстан), Жетісу, Шағалалы (Көкшетау). Қола дәуірінің негізгі ерекшелігі – жеке меншіктің қалыптасуы және жоғарғы дінбасылар – абыздардың пайда болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]