- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толдырыңыз.
- •Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі. (хронологиясы, тұрақтары,еңбек құралдары)
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Мезолит адамдарының кәсібі
- •Əбілғазы Бахадүр шығармаларының тарихи маңызы
- •1.Қазақ хандығының мемлекеттік əкімшілік құрылымы.
- •2.Қазақстанда кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз
- •1.Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
- •2)Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3.Қазақстандағы "Әсери коммунизм саясаты"мен"Жаңа экономикалық саясаттың" нәтижелерін салыстырыңыз. Әскери коммунизм.
- •Ноғай Ордасы:
- •Хх ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай:
- •Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтары:
- •Қола дәуірінің ерекшеліктері:
- •Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы:
- •Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтары мен нәтижелері:
- •Моғолстан:
- •Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз:
- •Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипатта:
- •2. 1916 Жылғы көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі
- •3. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •1.Билердің қоғамдағырөлі мен қызметі.
- •2.1916 Жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.
- •3.1917 Жылдарықұрылғансаяси-демократиялықпартиялардыңқұрылғанаумақтарын карта бойыншабелгілеңіз.
- •2. 1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •13 Билет
- •1.XX ғасыр басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
- •2. Әбілқайыр ханның Ресей патшалығымен жүргізген келіссөздерінің мәні мен сипаты
- •1932—1933 Жылдардағы ашаршылық
- •Абылай хан мемелекет ( кайраткер саясатшы дипломат)
- •1916 Жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зияларының саяси көзқарастары .
- •1930 Жылдардағы қоғамдық – саяси өмір
- •1Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916ж көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •3Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Семей полигонының инфрақұрылымы
- •Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
- •Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
- •Суарылған ядролық темірмен
- •Невада - Семей
- •Аттила және ғұндар.
- •1917 Жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері.
- •Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз. Ғылымның дамуы
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметін баға беріңіз
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •3.1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз.
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы.
- •2)XIX ғ бірінші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •3)Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.
- •2) Қазақ акср інің Қазақ кср інің айырмашылығын талдап жаз.
- •3)Суретке қарап оқиғаны анықтаныз.
- •1)Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
- •1.Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •3.Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •1.Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •2.Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •3.Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Ноғай Ордасы:
Аумағы: Алтан Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды. Ноғайлар солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген. Орталығы – Жайықтың оң жағасындағы Сарайшық қаласы.
Құрылуы: Орданың аты жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханының тұсында қолбасшылық еткен Ноғайдың (1260-1306) есіміне байланысты «Ноғай елі» деп, Ноғай әскерлерінің басым көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан «Маңғыт елі» деп аталып кеткен. Ал Орданың негізін қалаған – Едіге. Оның билігі кезінде ел Алтын Ордадан оқшаулана бастады. Ал оның ұлы Нұрад-диннің кезінде (1426-1440) өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты.
Қоғамық құрылысы: Хан атануға құқығы болмаса да, Алтын Орданы басқарған Едіге «беклер бек» - «ұлы әмір» деген атаққа ие болды. Оның билігі шексіз болды. Қоғамның жоғарғы сатыларында бектер, мырзалар, сұлтандар және байлар болды. Олар ауылдар мен үлестерді, ұлыстарды билеп; рулар мен тайпаларды басқарып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп отырды. Олардың билігі мұрагерлік жолмен берілді.Ордада әкімшілік билік ұлыстардын тұрды. Қарапайым халық салық төлеуге, өз қару-жарағымен жорыққа аттануға дайын тұруға міндетті болды.
Саяси тарихы: Едіге ХІҮ ғасырдың 90-жылдарында билік үшін, Ноғай Ордасының беделін көтеріп, аумағын ұлғайту үшін Тоқтамыспен үздіксіз соғыс жүргізді. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едіге ұрпақтарының келісімінсіз жүрмейтін дәстүр қалыптасты. Маңғыт елі оған арнып «Едіге жыры» эпосын шығарды. Едіге елді он бес жылға жуық (1396-1411) биледі. Ол елдің аумағын Батыс Сібір ойпатына дейін кеңейтті. Тоқтамыс қаза болғаннан кейін тайбұға тайпасы Едігенің билігін мойындайды. Жазба деректерде Ноғай елі ХҮ ғасырдың ортасында Сырдария бойындағы бекініс қалаларды жаулап алған.
Ыдырауы: 1550 жылы Қазан, Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасының біраз бөлігі Ресейге, қалған бөлігі Кіші жүзге қосылды. ХҮІІ ғасырдың басында Жайық, Каспий маңынан Дон даласында ығысқан үлкен Ноғай Ордасының халқы кіші Ноғайларға қосылып, Қырым мен Түркияға тәуелді болып қалды. Осы кездері олар Ресеймен, Қырыммен және қазақтармен сауда-экономикалық, саяси жағынан тығыз байланысты. ХҮІІІ ғасырдың соңында Қырым хандығы құлағаннан кейін ноғайлар қуғынға ұшырап, Түркия, Солтүстік Кавказ, Қазақ, Башқұрт жерлеріне көшіп кетті.
Хх ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық жағдай:
1960-80 жылдар аралығы шартты түрде тоқырау жылдары деп аталады. Осы аралықта социализмнің кеңестік бағытының кемшіліктері айқын байқалып, көптеген социалистік мемлекеттер (КХДР, ҚХР, т.б.) КСРО-дан іргесін аулақтатты. Ал 1968 жылы Чехословакияда болған оқиғалар 1970 жылда орын алған социализмнің кеңестік жүйесінен жаппай бас тартудың, Польшадаға революциялық қайта құрулардың жүруіне бастама болды. Осыдан кейін «Ынтымақ» ұйымының 1980 жылдары батыл саяси қадамдар жасауы бұл елдің дамуына ықпал етті. Қытайдағы экономикалық реформалар саяси даму үдерісінде бұрынғыша коммунистік партияның дара билігінің сақталып қалуы жағдайында жүргізілсе де 1970 жылдардың соңында бұл елдің экономикасы тұтастай оңды дамып, халықтың жағдайы едәуір жақсарды. Ал КСРО-дағы жағдай бұрынғыша жағдайда қала берді. Компартия ІІМ, МҚК-нің әскери күшін пайдаланып бөгде пікір ұстанғандарды және Новочеркаскідегі, Грузиядағы, Балтық бойы республикаларындағы көтерілістерге қатысқандарды қатаң жазалап отырды. Бұл диссиденттік наразылықтың қалыптасуына жол ашты. Брежневтің 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте «кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады» деп жариялауы партия теорияшыларына коммунистік болашақты белгісіз мерзімге сырғыта салу мүмкіндігін ашып берді. Ақыры 1960 жылдары саяси демократияландыру азайтылып, қоғамның дамуы баяулап қалды, түрлі реформалардан еш нәтиже шықпады. 1977 жылғы КСРО-дағы, 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР Конституциялары қабылданып, онда саяси жүйенің ұйытқысы халық емес, компартия (КОКП, Жоғарғы Кеңес, Министрлер кеңесі) екені атап көрсетілді. 1980 жылдардың ортасына қарай КСРО экономикалық даму қарқыны бәсең, тұрғындарын әлеуметтік қамсыздандыруы орташа, әскери қуаты мол алып империяға айналды. Компартия маркстік-лелиндік идеяны қолдап, тұтас кеңес халқын қалыптастыруға барынша тырысып бақты. Халық бұқарасы Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс пен ғылым мен техникадағы жетістіктеріне (атом бомбасы, баллистикалық зымырандар, ғарыш кемелері, жер серіктері, атом мұзжарғыз кемесі) қарап компартияға зор сеніммен қараған болатын. 1960 жылдары наразы студенттер Мәскеуде «Жас тұлпар»(Мұрат Әуезов), Қарағандыда «Жас қазақ»(Сәкен Сейфуллин), Семейде «Тайшұбар» атты бейресми ұйымдарын құрды. 1970 жылы «Жас тұлпардың» ықпалымен «Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдері құрылды. 1975 жылы О. Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабі жарық көрді. Ал 1979 жылы Целиноградта құрылмақ болған неміс автономиясына қарсы студенттер 16-19 маусым күндері митингке шықты. Наразылыққа қалыптасқан экологиялық прблемалар (Арал теңізінің тартылуы, Семей полигоны, т.б.) да әсер етті.
1980 жылдары Қазақстандағы қазақ халқының үлесі азайып, ахуал қалыптасты. Тек Қызылорда мен Атырауда ғана жергілікті халық үлесі басымдылық танытты. Алматының өзінде 1979 жылы бұл көрсеткіш 11%-ды құрады. Қазақтардың үлесі қалада 3-15%, өнеркәсіпте 12% (маманданғаны 3%) болды. Демографиялық ахуалды толық бақылау мүмкіндігі азая берді. Туу көрсеткішінің жоғарылауы мен сырттан келушілердің саябырлауы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесінің артып, славянтектес ұлттардың үлесінің азаюына әсер етті. 1959 жылы қазақтардың үлесі 29%, 1971 жылы 32,6%, ал 1979 жылы 36%-ға дейін өсті. 1960-80 жылдары кеңес халқының жағдай біршама жақсарғандығымен Батыс елдердегі жағдаймен салыстырғанда төмен деңгейді көрсетті. Қызмет көрсету саласы дамыды. Жалақы мөлшері артты. Алайда тауардың сапасы төмендегендіктен және бағаның қымбаттауы салдарынан ақша құнсызданып кетті. 1985 жылғы 1 сом 1960 жылы 54 тиынға тең болды. 1980 жылдары білім беру мен әлеуметтік салаларда артта қалушылық айқын көрініс бере бастады.
