Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
660.86 Кб
Скачать

IV –Нұсқа

1-билет

  1. Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі.

Жауабы: Адамзат тарихының бастапқы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Оның бұлай аталу себебі алғашқы адамдар темір немесе басқа да металл түрлерін өндіруді меңгермеген, олардың негізгі қарулары мен еңбек құралдарының барлығы дерлік тастан жасалды.  Тас дәуірі өз ішінен палеолит (ежелгі тас дәуірі), мезолит (орта тас дәуірі) және неолит (жаңа тас дәуірі) болып негізгі үш кезеңге бөлінеді. Неолит кезеңінен кейін келетін энеолит (мысты-тас дәуірі) кезеңі – тас дәуірі мен қола дәуірінің арасын жалғастырушы кезең болып табылады. Палеолит дәуірі адамзат тарихының өте орасан зор уақыт кеңістігін – осыдан б.з.б.2,6 млн. – б.з.б.12 мың жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтиды. Палеолит дәуірінің өзі ерте (төменгі) және кейінгі (жоғарғы) палеолит болып екіге бөлінеді. Ерте палеолит осыдан б.з.б.2,6 млн. – б.з.б.35-40 мың жылдар аралығын қамтиды. Ерте палеолиттің өзі үш кезеңге бөлінеді: 1. Олдувай кезеңі – б.з.б.2,5-2,6 млн. – б.з.б.700 мың жыл аралығы; 2. Ашель кезеңі – б.з.б.700 мың – б.з.б.150-140 мың жыл аралығы; 3. Мустье кезеңі – б.з.б.140 мың – б.з.б. 40-35 мың жыл аралығы. Кейінгі палеолит – б.з.б.40-35 мың жыл – б.з.б.12 мың жыл аралығын қамтиды. 

Ерте полеолит- жануарлар дүниесінен еңбек құралдарын жасау арқылы бөлініп шықты. Алғашқы адамдар 1млн жыл-800мың жылдар бұрын пайда болған деп есептелінеді. Питекантроптардың замандастары.

Еңбек құралдары: Ғалымдардың пікірінше Қазақстанға алғашқы адамдар Африкадан, Сібірден, Еуропадан келген. Терімшілік және аңшылықпен айналысқан. Чоппер-ір жағынан өңделген тас. Чоппинг-екі жағынан өңделген. Бифас-екі жағынан өңделген, қырланған. Ретушь әдісі арқылы.

Кейінгі палеолит. 1)саналы адам пайда болды (Кроманьон адам 40-35 мың)

2)Кроманьон адам пайда болғаннан кейін қалыптасу эволюциясы аяқталды.

3)Өнер түрлері пайда болды

4)Бұған дейін тобыр болып өмір сүрген адамдар қауымы рулық қауым болып қалыптаса бастады. Еңбек құралдары: Қырғыштар, найза мен шанышқы ұштары таспен жасалынған. Ретушь әдісі әрі қарай жетілдірілді.

Мезолит-орта тас ғасыры.

1)Мұз басу дәуірі аяқталды.

2)Қазіргі табиғи қолайлы жағдай, өсімдіктер мен жануарлардың қазіргі түрлері қалыптасты.

3)Терімшіліктен-егіншілікке ауысыты.

Еңбек құралдары: Микролиттер1-2см ұсақ тастардан жасалынған. Садақ пен жебе пайда болды. Аулаған аңдарын адам үшін қауіп төндірмейтіндерін қолға үйрете бастады. Қолға үйретті-ит.

Қоғамдық өзгерістері: қариялар, ересектер, балалар . Балалар ересектер тобына өту үшін иницияция-бағыштау. Ер адамдар мен әйел адамдарың еңбек бөлінісі пайда болды. Әйелдер терімшілік. Ер адамдар-аң аулаумен .Рулық қауымды-әйелдер басқарды.

2.Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері.

Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Бір орталықтандырылған мемлекеті құрылып , ислам діні қалыптасқаннан кейін арабтар 633 жылдан «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастайды. Аратар аз уақытта Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін асып алып, Орта Азияның оңтүстік аумағына енеді. Араб қоласшысы Кутейба ибн Муслим 709 жылы бұхараны соғыссыз алды, 714 жылы Шашты асып алып, Испиджабқа жорық жасайды. Назыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бірқатар аймақтары мен Қазақстанның Оңтүстігіне басып кіреді. 751 жылы Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар арабтармен бірлесіп қытай әскерлерін жеңіп шығады. Арабтардың келуімен бірге Орта Азия мен Қазақстан аумағында ислам діні кеңінен тарай бастайды.

Ислам дінінің қазақ даласына тарауына 751 жылы Атлах шайхасындағы жеңіс үлкен рөл атқарады. ІХ-Х ғасырдан түркілер әлемінде суниттік бағыттағы ислам діні кеңінен орныға түсті. Мешіттер салынып, ислам негізгі мен құранды оқып үйренетін медреселердің де ірге тасы қаланды. Отырар, Тараз, Сығанақ, Сауран, Қойлық т.б. ірі қалалар мен елді мекендерде орта ғасырлардың алғашқы кезінде-ақ мешіттер салына бастаған .

Әл-Макдиси оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығы туралы жазады. Бұл деректерді археологиялық қазба жұмыстары толығымен дәлелденді. Оған басты мысал, Құйрықтөбе, Баласағұн, Тараз, Отырар қалаларындағы мешіт орындарының аршылуы. Мешіттер тек ірі қалаларда ғана емес, қыстақ-кенттерде де салына бастаған. Мәселен, Отырар қаласының оңтүстік жағына 4 км жерде Байылдыр қыстағының жанындағы Жұма мешітінің орны зерттелген. Ислам дінінің орныға бастағанын осы кездегі тұрғындардың жерлеу салтынан да байқауға болады. Мұсылманша жерлеу салты бойынша, адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленеді. Ал бұрын жерленген адамдардың жанына оның тірі кезіндегі заттары бірге қойылатын. Ислам діні орын теуіп, өзінің күшіне ене бастағанда мұндай әдет-ғұрыптарға тыйым салынған.

ХІІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасында ислам діні кең түрде ене бастаған.

Қыпшақ орталығы Сығанақ қаласында мешіт-медреселер салынып , Хисамаддин әл-Сығанақи сынды бірнеше ғұламалар өсіп шыққан. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]