Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 НСА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

3.Моғолстан мемлекетінің аумағы

7-билет

1.Үйсіндер

Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер Жетісуда шоғырланған. Бұл мәдениет 700 жылдай өмір сүрген. Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері б.з.б. III ғасыр – б.з. IV ғасыр аралығын қамтиды.Қытай жазбаларында б.з.б. II ғасырдан бастап үйсін атауы кездеседі. Үйсіндерді “ат жақты, аққұбаша, сары шашты” деп сипаттаған. Халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерден құралған деп жазылған.Үйсіндердің ордасы – Қызыл-Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол Ыстықкөл мен Іле өзенінің аралығында орналасқан. Үйсіндер шығысында Бесбалық, батысында Шу және Талас өзендері, Қаратаумен шектеседі.Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген. “Усунго”, “Синго” cөздері көшпелі мемлекет деген ұғымды білдіреді. Басшысы – Гуньмо. Тайпа көсемдері “бек” деп аталады.Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдарды құлға айналдырған. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылған.Бай үйсіннің 4-5 мың жылқысы болған. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін таңба салған.Әр түрлі заттарға салынған таңба-мөрлер жеке меншіктің болғанын дәлелдейді. Жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да тараған. Көсемдер: “менің жайылымыма ешкім мал жаймасын” - деп, жеріне басқаны жолатпаған.Балшық және тас мөрлерді қатардағы адамдар қолданған. Билеушілер мен әскербасыларда, бай адамдарда алтын және мыс мөрлер болған. Мөрмен немесе таңбамен малдарды белгілеген.Жекеменшіктің шыққаны, мүлік теңсіздігінің болғаны зираттардың көлемінен де байқалады. Үлкен обаларға бай адамдарды бағалы қарулары, ыдыстарымен бірге көмген.Үйсіндер Қытаймен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қатынасын жасаған. Көршілерімен қандай қатынаста болғандығы туралы мынадай деректерден білеміз: “Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң, олардың қол астында болуды қаламады. Шығысында Ғұндармен, солтүстік-батысында Қаңлымен, батысында Дауаниямен, оңтүстігінде әртүрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды”.ШАРУАШЫЛЫҒЫ Ертедегі деректерде үйсіндер “ағаш егіп, қалалар мен елді мекендер салған” - деп жазылған. Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының маңында орналасқан. Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазба жұмысын жүргізген археологтар бірнеше көне қаланың орнын тапты.Үйсіндердің қоныстарында 4-5 үй бір ауылды құраған. Қонысқа жақын жерлерде ру және әулеттің зираты орналасқан.Үйсіндердің тұрақты үйлері тау бөктерлеріне салынды. Қысқы үйлері шикі кірпіштен және тақтатастан қаланған. Үйдің едені балшықпен сыланып, үйді жылытатын жер ошақ ортаға салынды.Үйсіндер жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Бұны олардың пайдаланған заттары, салған суреттері дәлелдейді. Археологтар арнайы шырақ жағатын табақ пен құрбандық ыдыстарын тапқан, қыш ыдыстарға күннің суреті салынған.Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Теріден күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыстар жасап, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киімдер тікті. Бұдан басқа тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан және сүйектен қажетті бұйымдар жасау ісі де дамыған. Мата тоқу үшін тоқыма кермесі қолданылған. Ағаш ұсталары қайыңнан астау, табақ, тостаған, ожауды ойып істеген.Үйсін әйелдері саз балшықтан ыдыстар жасаған. Жасау тәсілі екі түрлі болған: арнайы ұршықшамен және құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру.Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі – 20 метр, биіктігі – 2 метрге жуық. Үйсіндер мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қабірде жерлеген. Ежелгі үйсіндер өлген адам қайта тіріледі деп ойлаған. Сондықтан адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады деген бұйымдардың бәрін бірге көмген.Ақтас қыстауы төңірегінен аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген егіс танабының орны анықталды. Сонымен бірге тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дәнүккіштер табылды. Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан.Далалықтар былғары мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояған. Бұл кәсіппен көбінесе, әйелдер айналысты. Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды.Үйсін қоғамында зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері өркендеді. Ақтас қорымынан осындай зергерлік өнердің тамаша үлгісі табылған.

2, Жарияланған күні / Жаңартылған күні: 22 ақпан 2016 - 14:31

Мәңгілік ел идеясын қалыптастыру - бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген, ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз» - деп Елбасымыз ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтқан болатын.

Бұл идеяның бастауы тым тереңде жатыр, бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің та­мыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді» деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ата-бабаларымыздың арманы Мәңгілік Ел құру болған еді.

Қазақстан үшін ұлттық идеяның қажеттілігі туралы сұрақ еліміз егемендігін алған алғашқы жылдары туындаған және бұл ғалымдар мен саясаткерлердің көптеген пікірталастарының тақырыбына айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан үшін ұлттық идеяны қалыптастыру проблемасы аса өзекті болды. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан -2030» стратегиясы, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды.

Сонымен қатар, индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсуін жоғарылату – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, мұның шешіміне Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі тәуелді. Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.

Осыған қоса, ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысу мәселесі орын алды. Бұл мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәні болып есептеледі. Және де, мәңгілік ел идеясын халық болып жұмыла жүзеге асырар болсақ, онда еліміздің беделі асқақтап, мерейі арта түспек.

Қорыта отырып, «Мәнгілік Ел» идеясын Қазақстан Республикасының халық арасында бекіту бойынша мемлекетімізбен бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Астана қаласы Әділет департаментімен аталған бағытта атқарылып отырған жұмыстың үлесі зор. Соның ішінде тілдің біртұтастығын сақтау мақсатында, мемлекеттік тілдің насихаттау бойынша жұмыс жүргізілуде, қызметкерлермен «Мәнгілік Ел» идеясының қоғам санасында бекіту мақсатында дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылады.

8-билет