- •1.Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары,олардың негізгі белгілері
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •3.Қарахан мемлекетінің аумағы
- •1.Мезолит адамдарының өмірдегі өзгерістері
- •2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыр
- •1.Түрік қағанаты
- •2.Үш жүз бен Алаш партиясы
- •1.Түргеш қағанаты
- •2.”Мәдени мұра”
- •1.Қарақытай мемлекеті
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы
- •3.Моғолстан мемлекетінің аумағы
- •1.Үйсіндер
- •1.Қаңлылар
- •2, Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы күресі (1856-1857 жылдар)
- •2, Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары
- •2, Кіші Қазан» курсы
- •2, Елді индустрияландырудың қажеттігі.[өңдеу]
- •Сақтардың мәдениеті, дінинанымдары мен әдет ғұрыптары туралы түсінік
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын жаз
- •3.1891Ж ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал губернаторлық және оның құрамына кірген облыстарды картаға бейнеле
- •Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы
- •3. Қазақстан Республикасындағы 14 облысты картабойынша көрсет
- •1.Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі
- •2.Бөкей хандығының құрылуы (экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы)
- •3 .Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар орналасқан облыс
- •2/Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның зардаптары
- •Ж Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялық лагерьлерді карта бойынша көрсет
- •1.Қазақ халқының мәдениеті (муыкалық аспаптар)
- •2.Кіші жүз Қазақтарының е.И. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының тарихи маңызы
- •3.Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талда
- •3.1950-1960 Жж Шыңжаңмен сауда жасауда маңызды рөл атқарған Қазақстан қалалары карта бойынша көрсет және оның маңызын анықта
- •1.Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек
- •3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқасы болған өңірлерді карта бойынша көрсет және жылдарын анықта
- •3.Тәуелсіз қр шектесетін емлекеттерді карта бойынша көрсет
- •1.Мезолит ададарының өміріндегі өзгерістерді анықта
- •2.Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсеріне талдау жасаңыз
- •3.Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстарды карта бойынша көрсет
- •1.Үйсіндер жайлы жазба деректер
- •2.Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелде
- •1.Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі жайлы баянда
- •2.Қр Конституциясы және оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер ментолықтыруларға талдау жаса
- •3.Батыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсет
- •1.Қазақ халқының этникалық тарихының қалыптасу эвалюциясы мен даумын сипаттап жаз
- •«Жылымық» жылдарындағы қоғамдық саяси және мәдени өмірге талдау жаз
- •3.Шығыс Түрік қағанатының орналасқан аумағын картаға түсір
- •1.Ерте орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын талдаңыз
- •1.Кейінгі ортағасырлық тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •3.Шағатай ұлысының аумағын карта бойынша көрсет
- •1. Дамыған орта ғасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама бер
- •2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жаса
- •3.Жошы ұлысының аумағын карта бойынша көрсет
3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқасы болған өңірлерді карта бойынша көрсет және жылдарын анықта
Қалмақ қырылған шайқасы Бұланты өзенінің бойындағы Қарасиыр деген жерде болған
Аңырақай шайқасы Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Итішпес,Алакөл деген жерде болған
№23 Билет
1.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтарының зардаптары
Әмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған әскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Әмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Әмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс әскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Әмір Темір әскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады.
Әмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасады. Одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.птары
2.КСРОның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді анықта және ҚР тәуелсіздік жариялануының тарихи маңызын талда КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — ХХ ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем “социалистік” және “капиталистік” деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халықтар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. Сондықтан КСРО-ның күйреу тарихы, оның себептері мен салдары біздер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылыды. Келешекте бұл мәселенің, тарихымыздың түйінді проблемаласы ретінде, арнайы да кешенді зерттелері күмәнсіз. Тәуелсіздігіміздің объективті алғышарттарының маңызды факторларының бірі ретінде, КСРО-ның күйреу себептерін талдауда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің дерек көздері ретінде алар орны ерекше. 1980 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген, 1989 жылдың маусымында Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы,1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Президенті болып сайланған Н. Назарбаевқа қызмет жағдайына байланысты КСРО-ның күйреу процесін іштей бақылап, КСРО-ның күйреуін тездеткен Мәскеулік басшылардың тақ үшін таластарының куәгері болуына тура келді. Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі: “Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қортындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын”- деп жазды [114, 219 б.].
Бұл жерде ерекше көңіл аударатын нәрсе, ол Н. Назарбаевтың “өзінің жеке пікірін айтуға бару” себебі Одақты жаңарту арқылы сақтап қалу болғандығы. Оның өз кітабында: “Шындықтың бетіне қаймықпай тура қарайтын кездің келгеніне көп болды… Бізге керегі – қоғамдағы күштердің басын қосып, біріктіру, мұны құрғақ ұран деуге тіпті де болмайды. Бәрімізді біріктіре алатын қуатты күш ретінде дағдарысты жағдайдан шығу, адамдардың аман – саулығы, республикалардың гүлденуі, ұлы Одағымыздың жаңаруы мен нығайуы сияқты ортақ мақсаттарымыз күшті қызмет ете алады”- деп жазуы [114, 246-247 бб.], соның айқын дәлелі.
