2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Зерттеу нысандары
Октадециламин- металдардың беттік консервациясы үшін қолданылатын химиялық қосылыс. Энергетика және басқа салаларда қолданылады. Біріншілік алифатты аминдердің қасиеттеріне ие. Қауіптілігі бойынша IV топқа жатады.Физикалық қасиеттері: Mr = 284,48 г/моль; 𝞺= 0,94 г/см3. Термиялық қасиеттері: Тбалқу = 69,6оС; Тқайнау = 376,1оС
Өсімдік майы – күнбағыс майынан алынатын өзіне тән иісі мен дәмі бар сұйық май. Шикі тазартылмаған өсімдік майы сығылған және экстракционды екі типті болады. Өсімдік майы негізінен глицериннің, қаныққан және қанықпаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95 – 98 %) түзіледі. Өсімдік майының қасиеттері ондағы триглицеридтер түзетін май қышқылдарының құрамына байланысты.
Толуол (С6H5- С2H5) – метилбензол, түссіз және иісі қатты қозғалмалы ұшпа сұйықтық, әлсіз есірткі әсерін көрсетеді. Көмірсутектермен, көптеген спирттермен, жай және күрделі эфирлермен шексіз мөлшерде араласады және сумен араласпайды. 20 °С температура кезіндегі жарықтың шашырауы 1,4969.
Калий гидроксиді (КОН) – иіссіз, түссіз, кристаллдар формасын қамтитын зат. Химиялық өнеркәсіпте бірнеше атауларға ие. Тағамдық қоспалар Е525. Солардың ішінде көп кездесетін атаулары – күйдіргіш калий және поташ. Калий гидроксидінің қасиеттерінің бірі жоғары деңгейдегі ылғал тартқыштығы болып табылады. Ылғал сіңіргіштік қасиеті себебінен оның кристаллдары ауада ериді. Калий гидроксидінің келесі қасиеті 28 градус кезінде метил спиртінде және этонолда жақсы еруі, сонымен қатар 0 градуста суда еру нәтижесінде жеткілікті жылу бөлінеді.
Сульфанол – жалпы формуласы RС6H4SO3Na (мұндағы R=С8-С18) болатын натрийдің алкилбензолсульфонаттарының қоспасы (техникалық өнім) – ақ түсті, ұнтақ зат. Жуғыш әсері жақсы болғандықтан, кең көлемде жуғыш заттардың құрамында қолданылады [65].
Полиэтиленгликоль (ПЭГ Mr=40000)- жaлпы формyлaсы H[-OСH2СH2-]nOH болaтын полиэтиленгликоль (полиоксоэтилен) этиленоксидтің полимері болып келеді, oртa мoлекулaлық мaссaсынa бaйлaнысты – тұтқыр сұйықтық, гель тәрiздi немесе қaтты болуы мүмкін.
Оксиэтилденген изooктилфенил (ОП – 10) – ионогенді емес беттік – активті зат, этиленнің моно және диалкилфенол тотығының қоспасын өңдеуден алынған препарат. ОП-10 суда жақсы ериді, әлсіз иісі бар және әлсіз сілтілік реакцияға ие. Әр түрлі технологиялық процестерде жұқтырғыш және эмульгирлеуші БАЗ ретінде қолданылады. Сонымен бірге гербицид препараттарының құрамына кіреді. Формуласы:
ПАҚ (С3H4O2)n мономер қышқылдарын суда 5-40% ерітінді және органикалық еріткіштерде азот атмосферасында радикалды полимерлену әдісімен алады. Процесті 70-980 С 0,5-1,0% инициаторлар, ал 15-300С тотығу тотқысыздану жүйелер қатысында жүргізеді. ПАК аморфты құрылымды ақ түсті қатты заттар суда, формамидте, диметилсульфоксидте, метил спиртінде ериді, хлороформда, ароматты көмірсутетктерде және кетондарда, сусыз диоксанда ерімейді. Маңызды қасиеттері мөлдірлік, ескіруге және жарық әсеріне төзімділік, әртүрлі материалдарға жақсы адгезия.
