- •1. Жедел медициналық жәрдем негіздері туралы жазыңыз.
- •2.Жедел жәрдем негіздерінің басты міндетін жазыңыз.
- •3.Зақымданушының денсаулығының көрсеткішін анықтайтын белгілерді сипаттаңыз.
- •4.Өлімнің түрлерін жазыңыз.
- •5.Естен тану анықтамасы,жіктелуі,белгілерін жазыңыз.
- •6. Қан кету анықтамасы,жіктелуі,белгілерін жазыңыз.
- •1.Қызыл қан тамырларынан қан кету. Бұл қан ағудың ең қауіпті түрі. Үлкен қызыл қан тамырлары зақымданғаннан бірнеше минуттан кейін адам өліп кетуі мүмкін.
- •7. Артериялық қан кету анықтамасы,белгілерін сипаттаныз.
- •8. Веналық қан кету анықтамасы,белгілерін сипаттаңыз.
- •9. Капилярдан қан кету анықтасы,белгілерін сипаттаңыз.
- •11. Адамның өмір және өлім белгілерін атаңыз.
- •12. Қан кету кезіндегі артерияны саусақпен басудың анатомиялық нүктелерін сипаттаңыз.
- •Қан жоғалту ауырлық дәрежелерін жазыңыз.
- •14.Қан тоқтату әдістерін сипаттаңыз
- •15. Ширатпа немесе бұраумен қою әдістерін сипаттаңыз.
- •Таңғыш қоюдың ерекшеліктерін сипаттаңыз?
- •17. Жарақаттың белгілері, асқынуларын жазыңыз?
- •18. Сынықтың белгілерін атаңыз?
- •19. Шиналар түріне сипаттама беріңіз?
- •20. Мойын омыртқалардың сынуы, белгілерін атаңыз?
- •21. Жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілін сипаттаңыз?
- •22. Жасанды тыныс беру тәсілі
- •23. Сафар үштігі жасау техникасы.
- •24. Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем?
- •25. Артериядан қан кету кезіндегі алғашқы көмек
- •26. Капиллярдан қан кету кезіндегі алғашқы көмек
- •27. Венадан қан кету кезіндегі алғашқы көмекті сипаттаңыз
- •28. Қол сынған кезіндегі алғашқы көмекті сипаттаңыз
- •29. Мойын омыртқалар сынған кездегі алғашқы көмекті жазыңыз
- •30. Сүйек сынықтарын емдеудің негізгі қағидаларын сипаттаңыз
- •31. Жарақат анықтамасы, түрлерін атаңыз.
- •32. Сынық анықтамасы, жіктелуін атаңыз.
- •33. Жүре пайда болған сынық түрлеріне сипаттама.
- •34. Сынықтардың орналасу жеріне байланысты түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •35. Әсер етуші күштің ерекшелігіне (механизм) байланысты сынақтардың қалыптасуы:
- •36. Толық сынық түрлері.
- •37. Жарақаттық шок, белгілерін атаңыз.
- •38. Асептика, антисептика туралы түсінік.
- •39. Күйік анықтамасы, түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •40. Үсік анықтамасы, кезеңдеріне сипаттама.
- •41.Бастың зақымдануы, белгілерін жазыңыз. Бастың зақымдануы.
- •42.Мидың шайқалуы,белгілері.
- •43.Буын шығуы, белгілері.
- •45. Жақтаулар, жақтауды салудың негізгі ережелері.
- •48. Күйіктің дәрежелері.
- •50. Термиялық күйіктің сатыларын жазыңыз.
- •51. Ұзақ уақыт бойы шаншылу синдромы, алғашқы көмекті жазыңыз.
- •52. Буынның шығуы және созылуы кезіндегі алғашқы көмекті жазыңыз.
- •56. Үсік кезінде алғашқы көмек көрсетуді жазыңыз.
- •61. Улану анықтамасы , түрлерін атаңыз?
- •62. Газдармен уланудың белгілеріне сипаттама беріңіз.
- •Клиникасы
- •63. Суға бату анықтамасы, және олардың түрлері:
- •64. Төтенше жағдайлар анықтамасы, түрлерін анықтаңыз.
- •65.Есекжем анықтамасы, белгілеріне сипаттама беріңіз:
- •66.Квинке ісігі анықтамасы , белгілеріне сипаттама беріңіз:
- •67.Анафилактикалық шок анықтамасы , түрлерін атаңыз:
- •68. Жоғары тыныс жолдарының зақымдану кезіндегі белгілеріне сипаттама беріңіз;
- •69. Кененің шағуы, белгілері:
- •70. Құтыру анықтамасы, белгілеріне сипаттама беріңіз?
- •71.Химиялық күйіктің белгілеріне сипаттама беріңіз:
- •72.Күйіктік шок , даму фазалары және ерекшелігін жазыңыз.
- •73. Электрожарақаттардың дәрежесін жазыңыз.
- •74. Үсіктің дәрежелеріне сипаттама беріңіз.
- •75.Тіндік температураны қалпына келтіруді жазыңыз.
- •76. Жіті тағамдық уланудың белгілеріне сипаттама беріңіз.
- •77. Қышқылдармен және сілтілермен уланудың белгілеріне сипаттама беріңіз.
- •78. Химиялық заттармен улану белгілеріне сипаттама беріңіз.
- •79. Күн өтудің дәрежелері.
- •81. Улану кезінде жедел жәрдем принциптеріне сипаттама беріңіз.
- •82. Суға бату, тұншығу кезіндегі алғашқы көмек алгоритмді жазыңыз.
- •83. Күн өту кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті жазыңыз.
- •84. Төтенше жағдайларда аман қалу шараларына сипаттама беріңіз.
- •85. Жоғары тыныс жолдарының зақымдануы кезіндегі алғашқы көмекті жазыңыз.
- •86. Улы жәндіктер шаққанда көрсетілетін алғашқы көмекті жазыңыз.
- •87. Жылан шаққан кезіндегі алғашқы көмек.
- •88. Кененің шағуы, алғашқы көмекке сипаттама.
- •89. Құтыру, алғашқы көмекті жазыңыз.
67.Анафилактикалық шок анықтамасы , түрлерін атаңыз:
Анафилактикалық шок деп — бұл аллергиялық реакциялардың ішінде ең ауыр түрі. Ол, жиі, жоғарыда аталған дәрілік заттарды қолданғанда кездеседі, кейде дәрінің аз ғана мөлшерін қолданғанда, мысалы антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда болады. Олар жиі дәрілерді көктамырға енгізгенде, және тері астына, бұлшық етке, тік ішекке, ауызбен ішкенде де дамуы мүмкін. Ол тек дәрілік заттарға ғана емес улы жәндіктердің шағуынан да болады. Клиникалық көрінісі ағзада ауыр жайылмалы бұзылыстар болуымен сипатталады.
Әдебиеттерде анафилактикалық шоктың ағымы бойынша 4 вариантын ажыратады
Асфиксиялық
Гемодинамикалық
Церебральды
Абдоминальды
Егер дәрілік заттардың әсерінен ДАШ болса, дәрігер субьективті белгілерді бақылауы қажет: науқаста дискомфорт болуы, өзін ауыр сезіну, өлімнен қорқыныш, «күйік сезімі» болады. Бұндай жағдайда жылдам түрде дәріні енгізуді тоқтатып және шұғыл шаралар жасауға дайын болу қажет.
ДАШ гемодинамикалық көрінісі АҚҚ кенет төмендейді, кейде тіпті аныкталмайды, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы, ауыр жағдайда брадикардия болады. Пульсі жиі, толымсыз. Жүрек үндерінің бәсеңдеуі, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті бұл кіші қанайналым шеңберінде жүктеме болғанын және оң қарыншалық жетіспеушілік дамитындығын көрсетеді. Гипотония болуы қантамырларының өткізгіштіктерінің және қанның сұйық бөлігінің шығуына байланысты болған вазодилатацияға және гиповолемияға байланысты, ол ісік тудырады.
Тыныстың бұзылысы кеуденің ауруымен, инспираторлық және экспираторлық ентікпемен көрінеді, өкпеде әр — түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі, ол дамып келе жатқан өкпе ісінуі туралы ойландырады. Кеңірдектің ісінуі және бронхоспазм дамуы мүмкін.
Терілік көріністер қышыну, қызару бозарумен алмасуы мүмкін, цианоз, есекжем пайда болады, беті ісінеді, тершеңдік болады. Құсу, жүрек айнуы, іштің ұстама түрінде ауруы, диарея, өздігінен дәрет шығару — бұлар асқорыту жүйесі бұзылысының көріністері. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылысы естің бұзылысы тіпті оны толық жоғалту, қарашыктарының кеңеюі, тонико — клоникалық тырысулар болады. Басқа мүшелермен жүйелер қызметінің аз мөлшерде бұзылысы бас миының ауыр гипоксиясына байланысты. Бірінші науқасты көргенде дәрігер ДАШ неден басталғанын бұзылыстың ауырлық дәрежесін, науқастың жағдайын анықтауы қажет, бірақ бұл жедел жәрдем шараларын жасауды тежемеуі керек. Анафилактикалық шок Жедел жәрдем науқас жағдайының ерекшелігіне байланысты. Ауыр және өршімелі тыныс жетіспеушілігі болған кезде, жедел жәрдем шаралары тыныс жетіспеушілігін жоюға бағытталады. Ереже бойынша емдеу көктамырға адреналин енгізуден басталады. Бұл дәріні 0,1% 1-2 мл-ін 20 мл 0,9% натрий хлориді, 5% глюкоза ерітіндісіне ерітіп баяу көк тамырға енгізеді. Адреналинді әрі — қарай енгізу науқастың жағдайына байланысты. Қызметінің қалыпқа келуіне осы дәрінің 5-6 мл кетуі мүмкін. Келесі дәрі преднизолон оны адреналинмен бір шприцте енгізуге болады. Бастапқы мөлшері жағдайының ауырлығына байланысты 60-90-120 мг. Басқа да глюкокортикоидты гормондарды қолдануға болады. Жағдайы жақсарғаннан кейін 2-4 мл лазикс ерітіндісін енгізеді, ісіктің алдын — алу үшін. Анафилактикалық шок болған науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Науқастарды зеңбілге жатқызып тасымалдайды. Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шараларды жасауға дайын болуы қажет. Науқастың жағдайы ауыр болса реанимациялық немесе үстемелі ем бөлімшесіне жатқызады, жағдайы жақсарған соң терапия бөліміне ауыстырады. Егер медициналық көмек уақыттылы және дұрыс жасалған болса өлім болмайды. Ерте өлімнің себебі көбіне адренергиялық дәрілердің, глюкокортикоидты гормондардың, сұйықтықтардың уақыттылы жеткілікті қолданылмағандығынан және реанимациялық шаралардың кеш басталғандығынан болады.
