Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhedel_otvety_Ulya_1.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.6 Кб
Скачать

4.Өлімнің түрлерін жазыңыз.

Өлім белгілері -адам өлімі екі фазадан тұрады: клиникалық және биологиялық. Клиникалық өлім 5-7 мин созылады. Науқас дем алмайды, жүрек соғуы анықталмайды, бірақ, организмде тіндік деңгейде қайтымды процестер болуы мүмкін. Бұл уақытта организм қайта тірілуі мүмкін. 8-10 минуттан соң биологиялық өлім болады. Бұл фазада организмді қайта тірілту мүмкін емес. Өмірге қажетті ағзаларда қайтымсыз процесс болады: бас миында, жүректе, өкпеде.

Күмән туғызатын өлім белгілері және айқын мәйіттік белгілер болып бөлінеді.

Күмән туғызатын белгілер: дем алма

йды, жүрек соғуы анықталмайды, инеге тері реакциясы болмайды, қарашық қатты жарыққа реакциясы теріс мәнді болады.

Қарашық құрғамайды.

Айқын мәйіттік белгілер: қабақтың қараюы, көзді қолмен басқанда қарашықтың құрғақ және мысық көзі сияқты болуы. Мәйіттік белгілер пайда болады. Ол өлген соң 1-4 саған аралығында басынан басталады, дененің мұздауы, мәйіттік дақтар пайда болады. Бұлшықеттердін сіресіп қатуы

5.Естен тану анықтамасы,жіктелуі,белгілерін жазыңыз.

Естен тану кезінде алғашқы көмек алгоритмі:

- Науқасты горизонтальді жатқызамыз, басын төмен, аяғын жоғары орналастырамыз;

- Киімінің түймелерін ағыту, таза ауамен қамтамасыз ету;

- Терезені ашамыз;

- Науқастың бетіне және кеудесіне су бүркейміз;

- Науқастың бетіне тампон жақындатып, мүсәтір спиртін иіскетеміз;

- Науқастың бетіне немесе маңдайына салқын суға малынған сүлгі қоямыз;

- Шеткі мүшелерге грелка қойып және көрпеге орау керек.;

- Егер естен тану қайталанса квалифицирленген медициналық көмекті шақыру;

- Зембілде тасымалдау

6. Қан кету анықтамасы,жіктелуі,белгілерін жазыңыз.

Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады.

Қан кету жарақаттану, тамыр қабырғасының іріңдеп желінуі, тамыр қабырғасы өткізгіштігінің немесе қан химизмының бұзылуы салдарынан, тамырдың бүтіндігінің бұзылуынан пайда болады. Жарақаттанған тамырдың өзгешелігіне және түріне қарай қанның ағуы төмендегі түрлерге бөлінеді.

1.Қызыл қан тамырларынан қан кету. Бұл қан ағудың ең қауіпті түрі. Үлкен қызыл қан тамырлары зақымданғаннан бірнеше минуттан кейін адам өліп кетуі мүмкін.

Белгілері- ашыққызыл түрдегі қан шүмектеп, шапшып ағады. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтайды.

2.Көктамырдан қан кету. Мұнда қан бір қалыпты,бәсең ағады, түрі қара қошқыл. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтамайды. Үлкен көк тамырларының, әсіресе мойын, кеуде аймағы зақымданғанда ауаның тамырға сорылып кіруінен ауа эмболиясы салдарынан өлім-жітім болады.

3. Үшінші түрі- қан кетудің аралас түрі. Ұзақтығына қарай- жедел және созылмалы,қайталануына байланысты бір рет қайталанған, көп рет қайталанған болып бөлінеді.

4. капиллярдан қан кету. Жараның барлық беті қанайды.қан түрі бойынша артериалдық және көк тамыры қандарының арасындағы орталық жағдайда болады. Қан ағуы қауіпті, мысалы, гемофилияда, сепсисте, өйткені мұнда қан ұюының бәсеңдеуі байқалады.

5.паренхиматоздық қан ағу. Мұндай қан ағу ішкі мүшелердің, бауырдың, талақтың,өкпенің, бүйректің барлық тамырларының зақымданғанында байқалады. Бұл қан ағу өте қауіпті, себебі паренхиматоздық мүшелердің дәнекер тірегі тамырлар қабырғасын ұстап тұру себебінен олардың қысылмауы, сондай-ақ паренхиматоздық мүшеде антикоагулянттық заттардың болуына байланысты тромба болмау нәтижесінде өз-өзінен тоқтауға мүмкіншілік болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]