- •17 Сұрақ. Оқытудың Инновациялық үлгілері
- •19 Сұрақ: Меңгеруді ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері
- •20 Сұрақ: Орта буын оқушыларымен диагностикалық жұмыста қолданылатын әдістеме
- •21 Сурак Мектеп психологының іс-әрекет түрлерінің жылдыққ жоспары
- •22 Сурак Мектеп психологы жұмысының іс-әрекет түрлері
- •Жастық кризистер немесе кризистік кезеңдер
- •Балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналған тапсырмалар жинағы.
- •31. Психологиялық қызметтің міндеттері
- •32. Психопрофилактикалық жұмыстың мазмұны
- •1.Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту.
- •36 Сұрақ. Балалар мен жеткіншектердің дезадаптивтігінің түрлі салдары
- •«Менің сыныбым» әдістемесі
- •Балаларға, ата-аналарға, мектеп ұжымына нақты проблемеларды шешуге көмектеседі;
- •Кәсіби құпияны сақтау;
- •Психологтың этикалық кодексін сақтау;
- •Өзінің мамандығын жетілдіру;
- •41. Психологиялық профилактика оқу үрдісіндегі практикалық психолог қызметінің формасы ретінде
- •44 Сұрақ Мектептегі психологтың негізгі бағыттары
- •45. Маскүнемдік мәселесі
- •46. Психология пәнін бірінші сыныптан бастап оқыту
- •Мектеп психологтың перспективті (жылдық) жоспар өзіміздің жылдық жоспарымызды көрсетеміз
20 Сұрақ: Орта буын оқушыларымен диагностикалық жұмыста қолданылатын әдістеме
Проблемалық жағдаят |
Әдістемелер мен сауалнамалар |
Мұғалімдермен қарым-қатынас барысындағы мәселелер. Мектептегі мінез-құлқындағы мәселелер |
Рене Жиляның әдістемесі. (Фильм- тест баланың тұлғааралық қарым-қатынасы) Социометрия әдістемесі Сауалнамалар (пәнге, мұғалімдерге деген қарым-қатынасы) Мектептегі мазасыздық проективті әдістемесі ( А.М Прихожан; 6-9 жас) Р. Кеттел әдістемесі ( балаларға арналған нұсқасы)
|
Сабаққа қатысты мәселелер |
Танымдық үрдісін анықтау әдістемелері ШТУР әдістемесі
|
Орта буынға жаңадан қабылданған оқушыларды және бесінші сыныпқа бейімделуге арналған психодиагностикалық зерттеу жұмыстары. Жеке қасиеттерін зерттеу.Орта буынға бейімделу. |
Еркін сұранысқа орай кеңес жүргізіледі. «аяқталмаған сөйлем», «Сіз бақытты бола білесіз бе?», «Оқушы сауалнамасы», «Жануар мектебі» жобалау әдістемесі. «Баланың тұлғалық өсуінің себебін анықтау»әдістемесі, Баланың профильдік қызығушылығын анықтау сауалнамасы. |
Жасөспірімдер мінез-құлқында акцентуацияның көрініс беруін талдау |
Мінез акцентуациясына анықтауға арналған К.Леонгард әдістемесі. Айзенктің темпераментті анықтау әдістемесі: «Оқушылардың мінез-құлқын, темпераментін анықтау» Кондаша әдістемесі
|
Жалпы әдістемелер: Айзенк темпераментті анықтау әдістемесі;
Спилбергер Ханин мазасыздықты анықтау;
Лири, жеке тұлғалық қасиеттерін анықтау;
Равен матрицасы;
Филлипстің оқушылардың мектептегі мазасыздығын анықтау;
21 Сурак Мектеп психологының іс-әрекет түрлерінің жылдыққ жоспары
Психологтың жылдық жоспары психологиялық климатына анализ жасауға, іс-шараларды бірегей өткізуге, ата-анамен қарым-қатынасына, балалар мәселесі, әкімшілік және ата-аналар сұранысына әсер етеді. Психологтың басқа мамандармен өзара қарым-қатынасы жүйелі түрде болғаны қажет. Мұғалімдерге, психологтарға арналған психологиялық семинарлар, лекциялар тәжірибе алмасу жұмыстары өткізілуі тиіс.
Психологтың жұмыс жоспары – бір жылдық жоспар, айлық күнтізбелі
жоспар, бір апталық және бір күндік жұмыс жоспарларынан тұрады.
Жылдық перспективті жоспар, білім беру мекемелеріндегі
психологиялық қызметтің стратегияларын бейнелейді; балардың психологиялық дамуының мақсаты мен міндеттері, даму қиындығының
психологиялық себептерін анықтау; педагогикалық эксперименттердің бағытталуын анықтау. Бұл жоспар міндетті түрде мекеменің (мектеп, бала –бақша) перспективті жоспарларымен сәйкестендіріледі.
22 Сурак Мектеп психологы жұмысының іс-әрекет түрлері
Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты және қамқорлығы – ол оқушы, өзінің психикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу, жас жағынан, жыныстық және басқа жеке ерекшеліктерінің, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынастары мәселелерімен айналысу.
Мектеп психологы жүмысының негізгі қағидасы – әр балаға жеке көзқараспен қарау: оның даму жолындағы қиындықтардың себебін және оларды жеңу жолдарын анықтау; оның мүддесін, мүмкіндігін, қабілетін одан әрі дамыту мақсатында анықтау; мектептегі оқу жылдарының барысында жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мектеп психологының жұмысы дәстүрлі түрде келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
диагностикалық жұмыс;
түзету-дамытушылық жұмыс;
кеңес беру-ағарту жұмысы.
Бүгінде мектеп психологының диагностикалық жұмысы келесі міндеттерді қарастырады: оқушылардың әлеуметтік – психологиялық портретін жасау; оқуда, қарым – қатынаста кездесетін қиындықтарды жеңу; психикалық өзін – өзі нашар сезінетін оқушыларға көрсетілетін көмектің жолдары мен түрлерін анықтау; оқушылардың оқу және қарым – қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен түрлерін таңдау.
Мектеп психологының кеңес беру жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: оқушыларға кеңес беру, ата-аналарға кеңес беру, педагогтарға кеңес беру.
Психологтың кеңес беру қызметі – психологиялық кеңес беру арқылы оқу, тәрбие және даму мәселелері жөнінде оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагог қызметкерлерге және басқа оқу үрдісіне қатысушыларға көмек көрсету.
№23. Мектеп психологтың дезадаптация бағытында жұмыс жасау
«Дезадаптация» баланың оқуда табысқа жете алмауы деп түсіндіріледі, оның сыртқы қоғамның білім беру мекемелерімен субъективті қақтығыстық жағдайлардың әсерінен, олардың қойған талаптарын орындай алмауы. Баланың білім беру процесіндегі табысқа жете алмауы, оған жақын адамдармен қарым-қатынаста болған мәселелер тұлғаның әлеуметтік-психологиялық даму процесіне едәуір әсер етеді.
«Мектептегі тұрақсыз дезадаптация». Бұл топтың балалары оқу жүктемесін меңгере алмайтындығымен ерекшеленеді, әлеуметтенуі бұзылған, психосоматикалық денсаулығында айтарлықтай өзгерістер байқалады.«Мектептегі тұрақты дезадаптация». Бұл балалар мектептегі сәтсіздіктермен қатар, маңызды және сипатты белгі ретінде ассоциалды тәртіп көрсетеді: дөрекілік, демонстративті тәртіп, үйден қашу, сабақтарға қатыспау, сотқарлық мінездер, агрессия т.с.с. Оқушының ортақ формасындағы ең ауытқыған тәртібі – баланың меңгерген әлеуметтік тәжірибесінің бұзылуының нәтижесі, мотивациялық факторлардың бұрмалануы, бейімделген тәртіптің бұзылуы.
Білім беру мекемелерінде жүргізілетін психологиялық және педагогикалық жұмыстың оңтайлы жүзеге асырылуы үшін, жұмыс негізінде үш негізгі бағытты ұстану қажет:
- оқушыны психологиялық және педагогикалық тұрғыда қуаттауды қарастыратын, психодиагностика элементтері мен кеңес беру жалғасымы бар, балалармен тікелей(жеке және жаппай) жұмыс;
- оқушылардың әртүрлі жас топтарындағы дезадаптация мәселелерін болдырмауда қызмет ететін педагог мамандардың осы мәселе төңірегіндегі психологиялық сауаттылығы мен мәдениетін көтерудегі педагогикалық ұжыммен жұмыс;
- ата-аналардың психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған, балалардың оқуы және ата-аналардың балаларымен қарым-қатынастарының әлеуметтік-коммуникативті мәселелері жөнінде жеке-дара кеңес беру әдісі арқылы жүзеге асырылатын мектеп оқушыларының ата-аналарымен жұмыс.
Балаларға өткізуге болатын әдістемелер: Филлипстің мектептегі алаңдаушылықты анықтайтын тесті, «Адам- жауын астындағы Адам» әдісі, К. Роджерс және Р. Даймонд бойынша оқушылардың әлеуметтік- психологиялық бейімделуін зерттеу әдісі т.б.
№24 Оқыту және білім беру ұғымы
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты,өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі
Міндетті оқыту - ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс.
Ашық оқыту - бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі.
Енгізілген оқыту - тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі.[1]
Дистанциялық оқыту - бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы
Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту
Контекстік оқыту - болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту..
Политехникалық оқыту - оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту.
Проблемдік оқыту - оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту.
Бағдарламалы оқыту - алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады
Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу.
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын,дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; Мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
25-сұрақ Оқу пәні мазмұнын таңдаудың негізгі принциптері
Түсіндіру, меңгеру және бақылау міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу. Диагностика (грек. «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын-ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі.
Оқыту нәтижелерінің диагностикасы – білім алушылардың жүйелі түрде меңгерген білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Диагностика мен бақылау оқытушылық, дамытушылық сипатта болу керектігін ұмытпау керек, сонымен қоса өзін-өзі бақылаумен қосылып, ең бірінші білім алушының өзіне қажетті, пайдалы болуы тиіс.
Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді.
Обьективтілік принципі оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін қамтитын тапсырмалардың, сұрақтардың, тестердің ғылыми негізделген мазмұнына байланысты болады, білім алушылардың теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін тексеруді қамтамсыз етеді.
Жүйелілік принципі оқыту үдерісінің барлық кезеңдеріне – білімді о баста қабылдаудан бастап оны практикада қолдана алуына дейін диагностикалық бақылауды жүргізу қажеттілігімен анықталады. Жүйелілік диагностикалауды жүргізуге кешенді түрде қарауды талап етеді, ондағы бақылау мен тексерудің, бағалаудың әдістері мен құралдары, формалары өзара тығыз байланыста, бірлікте болып, бір мақсатқа бағынады. Көрнекілік (жариялылық) принципі білім алушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын бір талаптар аясында тексеруден тұрады. Көрнекілік принципі тексерудің, оларды талдау мен талқылаудың нәтижелерін жариялап, талдауды қажет етеді.
Оқыту нәтижелерін диагностикалаудың негізгі қызметі:
-талдамалық – оқушының оқу жағдайын және сипатын талдау;
-бақылау-бағалаушылық – білім алушылардың білімділік жағдайын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
-түсіндірушілік – білім алушылардың білімділік деңгейіне түсініктеме беру, нормадан ауытқушылық болса оның себептерін түсіндіру;
-дамытушылық – білім алушылардың оқыту нәтижелерін диагностикалау олардың өз бетімен білімдерін арттыруына, өз-өздерін жетілдіруге себеп болады;
-ақпараттық –білім алушыларға олардың оқыту нәтижелерінің деңгейі туралы ақпарат беру;
-прогностикалық – білім алушылардың білімділік деңгейін ары қарай арттырудың мүмкіндіктері мен болашағын болжау және шамалау;
-ұйғарымшылдық – білім алушының білімділік деңгейін ары қарай арттырудың жолдарын анықтау;
-кері байланысушылық – диагностика тиімділігін бағалау мен қателерді жоюдың білімділік диагностикасының нәтижелері туралы ақпаратты алу мен талдау.
Диагностикалауға бақылау, тексеру, есепке алу, бағалау, мәліметтерді жинақтау, оларды талдау, рефлексия, оқыту барысын түзету, оқу үдерісін ары қарай жетілдіруді болжау жатады.
Оқытудың тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, дер кезінде ұйымдастырылуына, айқындылығы мен обьективтілігіне байланысты.
Бақылауды жүзеге асыру үшін қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Қазіргі таңдағы педагогикалық теориядағы «бағалау», «бақылау», «тексеру», «белгілеу» ұғымдары қатаң түрде қалыптасқан жоқ.
Студенттердің үлгерімін бағалау олардың білім, іскерлік, дағдыларын тиімді игерудің критерилеріне сай жүргізіледі. Ең маңызды критерилері деп көлем, жүйелілік, ұғу, беріктік пен пәрменділік (ұтымдылық) саналады. Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталайық:
-білім көлемі – студенттің жеке бөлім, модуль, тақырып немесе жеке сабағы бойынша меңгерілетін фактілер, түсініктер, ережелер, заңдар жиынтығы;
-білімнің жүйелілігі – оқылатын пәннің қисынын, оның идеясы мен заңдылығын түсіну, оқылған материалды белгілі бір тәртіппен орналастыра білу іскерлігі, бір фактіні, ұғымды, ережені екінші бір фактімен, ұғыммен, ережемен дұрыс байланыстыра білу;
-білімнің ұғынықтылығы – пікірдің айқындылығы мен дұрыстығы, әр қырлы сұрақтарға жауап бере білу іскерлігі, түсіндіру және практикалық міндеттерді шешу үшін теориялық білімді қолдану;
-білімнің беріктігі – оқылған материалды есте мықтап ұстау және игерген білімін түрлі жағдайларда дұрыс қолдана алу;
-білімнің пәрменділігі – алған білімді әр түрлі танымдық және практикалық іс-әрекетте қолдана алу, теория мен практиканы өзара байланастыра білу.
26-сұрақ Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
Адамның психикалық саулығының негізі ерте балалық шақтан қалыптасады. Сондықтан бала өмірге келгеннен бастап оның тәрбиесі мен дамуын қадағалап отыру керек. Баланың психикалық жағдайына дұрыс көңіл бөлу керек, себебі 16 жасқа дейінгі кезеңде психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары болады. ОЖЖ дамуының жетіспеушілігімен, оның жауап беру жеткіліксіздігі балалардың қалыпты жағдайда және патология кезінде де жүйкелік – психикалық реакциялары өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Невроздар мен психоздардың ағымы және нәтижелері ересек адамдармен салыстырғанда өзгеше.
Ересектерге қарағанда балалар сыртқы ортаның әсеріне көбірек тәуелді болады. Бала организмі тек өмір сүріп қана қоймайды, сонымен қатар өседі, дамиды, психикалық процестері қайта құрылып отырады. Мұның өзі адаптациялық механизм күшін керек ететін үлкен жүк болып табылады. Типті психикалық дамуында ауытқулары бар, даму ерекшеліктері өзгерген балалар аса қиын жағдайға түседі.
Жалпы ауруларға байланысты (соматикалық, инфекциялық), микросоциальды ортаның жағымсыз әсерлеріне байланысты кейде өсу тежеледі, жеке психикалық функцияларға қатысты жалпы немесе жеке психикалық даму тежеледі. Жалпы психикалық жетіспеушілік кейде ақыл аздық немесе олигофрения – кемақылдық түрінде көрінеді немесе квалификацияланады. Басқа бір жағдайларда психикалық даму жетіспеушілігі әлсіз. Әдетте психикалық инфантилизмге физикалық инфантилизм сәйкес келеді. Бұндай адамдарда 25-30 жаста жасөспірімдік бейнесі сақталады, дене салмағының, бойының жетіспеушілігі байқалады, екіншілік жыныс белгілері нашар дамыған болады
Жеке психикалық функциялар дамуының тежелуі психикалық дамудың жалпы теңсіздігіне - асинхронияға әкеліп соқтырады.
Даму біртексіздігі тежелусіз-ақ жүйелер мен мүшелердің әдеттегіден күшті жетілу нәтижесінде де болады. Бұл құбылыс акселерация д. А.
Жастық криздер немесе криздік кезеңдер деп адамның биологиялық және социальды функциясының өте интенсивті қайта құрылуы жүретін өмір кезеңдерін айтамыз, бұл кезде сыртқы орта әсерлеріне сезімталдық жоғарылайды – ауру туындау қаупі өседі. Криз индивидумның психикалық дамуының, жүріс-тұрыстың жаңа мотивтерімен және алға қойылатын жаңа әлеуметтік талаптарымен жаңа сапалық сатысының басталуын білдіреді.
Балалар психологиясы мен психиатриясында 3 негізгі криздік кезең бөлінеді: 3, 7, 12, 15 жас. Барлық криздік кезеңдердегі психикалық жауаптарға жалпы тән ерекшеліктер болады: балалар ашуланшақ болады, тітіркенгіш, тыңдамайтын, ересектермен қатынаста айқын негативизм танытады.
3 жастағы жастық криздің маңызы баланың барлық айтқандары ересектер тарапынан орындалатын, жүріс-тұрыстың реактивті формасынан «Мен деген-жүйенің» (өзіндік сана) пайда болуы.
7 жастағы жастық криз негізі социальдық өзіндік сананың оянуы болып табылады: өзін іс-әрекет субъектісі ретінде бағалау сатысынан адамзаттық қарым-қатынас жүйесіндегі субъект ретінде бағалауға көшуі
Жасөспірім шақтағы кризис аса жедел және ұзақ мерзімді болып табылады, ол пубертатты криз деп аталады. Криз мазмұны өзін таныту мен өз пікірін ұстануға қажеттіліктің басымдылығынан тұрады, бұл қажеттіліктер кейбір жағдайларда жасөспірімнің социальды және психикалық дамуында синхрондылықтың болмауына байланысты жиі көрініс бермей қалады. Объективті түрде есею, таным шеңберінің кеңеюі, жаңа қызығушылықтар пайда болуы кезінде жасөспірім әлеуметтік сала тарапынан ересектерге тәуелді болып қала береді, сондықтан оның көп істері шындықпен араздыққа алып келеді. Жиі байқалатын қарқынды жыныстық даму, әсіресе ер балаларда эндокриндік, вегетативтік өзгерістермен және соматопсихикалық дисфункциялармен көрінеді.
Балалар мен жасөспірімдерде байқалатын жүріс-тұрыс бұзылысы негізінде жатқан әртүрлі реакциялар 4 типке бөлінеді: бас тарту реакциясы, оппозициялық, имитация және компенсация.
Бас тарту реакциясы бірдемеден айырылған кездегі баланың немесе жасөспірімнің эмоциялық күйі бұзылған жағдайларда дамиды: интернатқа орналастыруға байланысты жанұясынан, ата-анасының ажырасуы себебінен олардың бірінен ажырау, жаңа тұрғылықты орынға көшуге байланысты достарынан ажырау. Тамақтан, қарым-қатынастардан, ойыннан және т.б. бас тартады.
Оппозициялық реакция жанұяда іні немесе қарындас пайда болуына байланысты шамадан тыс жүктемеден және басқа да себептерге байланысты дамиды. Суицидальды әрекеттердің, үйден қашудың, бұзақылық істердің мотиві болып өзіне көңіл аударту, өзін басқа жауыз адамдардың ықпалымен болған ситуация құрбаны етіп көрсету болып табылады.
Имитация реакциясы өзге тұлғаға немес бейнеге - кино жұлдызына, тәрбиешіге, құрдасына еліктеумен көрініс береді. Имитация реакциясы егер еліктеу объектісі антисоциальды тұлға болса социальдық нормалардың бұзылуына себеп болады. Теріс имитация реакциясы өзін қандай-да бір бейнеге қарама-қарсы ұстауға талпыныспен көрініс береді: маскүнем баласының спиртті ішімдік ішпеуі; пайдақор жанұясында өскен жасөспірім немесе қыз-жігіттердің материальдық көмектен бас тартуы.
Компенсация реакциясы – кейбір жетіспеушіліктерді толықтыруға бағытталған: физикалық әлсіз жасөспірім өз қатарына ой еңбегі арқылы теңесуге тырысады, үздік оқиды, өзінің энциклопедиялық білімімен таң қалдырады.
Гиперкомпенсация реакциясы жасөспірімнің әлсіздік танытқан саласында табанды дайындалып, аса жоғары нәтижелерге жетумен көрініс береді.
Құрдастарымен топ құру реакциясы белгілі бір деңгейде инстинкт түрінде детерминирленген; өз лидері бар жасөспірімдік топтардың құрылуымен, топ ішінде рөлдердің бөлінуімен, өздерінің нақты территорияларын бөлумен сипатталады.
Сексуальды әуестік реакциялары – тікелей жыныстық қозудың реализациясына бағытталған (онанизм, өтпелі гомосексуализм), немесе терең жасырын сексуальды күйді білдіреді (суицидальды әрекет, агрессия актілері.
Суреттелген реакциялар нәтижесінде жүріс-тұрыс патологиясы туады. Оның негізгі варианты делинквентті жүріс-тұрыс болып табылады - заң бұзушылықтар, жұмысқа бармау, сабақтарды жіберу, ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, қоғам тәртібін бұзу.
