Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RShP_sessia.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆
  1. Мектеп психологтың перспективті (жылдық) жоспар өзіміздің жылдық жоспарымызды көрсетеміз

Мектептің жылдық жоспарын дайындау әдістемесі

Мектепшілік жоспарлау және жоспар бойынша жұмыс атқару дегеніміз педагогикалық ұжымның еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.

Жоспарлау – бақылаудың негізгі функцияларының бірі.

Жоспарлаудың аталған компоненттерін талдауы ғылыми негізделген принциптер базасында іске асырылады, бұл принцептерді мектепшілік жоспарлаудың әдістемелік негізі, ғылыми принципі, сараптамалық негізі принципі, мақсаттылығы, перспективтілігі, үздіксіздігі, жоспарлы тапсырмаларды бөлудегі өрістілігі, нақтылығы, ұжымдылығы, жүйелілігі, сабақтастығы, объективтігі, әр мектептің мүмкіндігі мен нақты күшін ескерулер құрайды.

Жылдық жоспарда мектеп мақсаттарының орындалу жолдары, әдістері белгіленеді, жоспарланған жұмыстарды орындайтын жауапты қызметкерлер бекітіледі. Жоспарда міндеттер белгіленіп, ұжымның жұмыс ырғағын анықтайды.

Осындай жылдық жоспар аясында мектепшілік жоспарлау жүйеленеді.

Мектеп басшысы жылдық жоспарды құрмас бұрын, жоспарды жете зерттеу процесі технологиясына назар аудару қажет, бұл процестің нашар және мықты жақтарын айқындап, жылдық жоспардың құрылымдық элементтерін зерттейтін мұғалімдердің іс әрекетіне басшылық ықпал деңгейі бойынша қорытынды шығару қажет.

Мазмұны мен өзгешеліктері бойынша әртүрлі мектеп жоспарлары өз негізінде барлық басшылық тараулардың байланысын білдіреді. Сондықтан, мектепшілік негізінде жинақтылық (комплектілік) идеясы жатыр, оны мектеп басшысы әртүрлі жоспарлардың болуы емес, олардың органикалық тұтастығы деп түсінуі керек. Бұл тұтастық (бірізділік) мектеп және оның бөлімдері алдындағы тұрған міндеттердің ортақтығымен айқындалатын әр жоспардың мазмұны жылдық жоспарда белгіленген міндеттерге бағытталуы тиіс.

Жылдық жоспар – ұжымдық шығармашылықтың құжаты. Жоспардың жобасын дайындауда мектеп әкімшілігі, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар комитеті, мектептің қоғамдық құрылымдары қатысады. Жылдық жоспар барлық оқу жылын, жазғы демалысты қосып қамтиды.

Жоспардың жобасын дайындауда, ол мазмұнды, терең болу, үстіртін болмау үшін, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға жаңа оқу жылына жоспарлауды жетілдіру бойынша пікірлерін, тілектерін білдіретін сауалнамалар ұсыну керек. Мысалы, мұғалім қандай қоғамдық тапсырманы үнемі орындағысы келеді, қандай іс-шараларға жауапты болғысы келеді және тағы басқа.

Сараптама қорытындысы – педагогикалық ұжымның мүмкіндігіне, сұранысына, қызығушылығына жұмыс жасайтын мазмұнды, жан-жақты жоспар дайындауға жақсы, дәлелді материал болып табылады. (№ 1,2,3 қосымша).

Жоспарлаудың мәні: бақылаудың негізі объектілерін таңдау, оның мақсатын, нақты орындаушыларды айқындау. Бақылау орынды, жүйелі, алқалы, объективті болуға тиіс. Бақылауға төмендегі объектілерді белгілеуді ұсынамыз:

  1. оқу тәрбие үрдісінің жағдайы;

  2. мектептің номенклатуралық құжаттарының жағдайы;

  3. мұғалімдердің жұмыс тиімділігінің сапасы;

  4. оқушылардың жұмыс тиімділігінің сапасы;

  5. мектепалды даярлық топтағы жұмыс жағдайы;

  6. мектептің табысты жұмысының ұйымдастыру – педагогикалық жағдайы туралы;

  7. сабақтан тыс тәрбие жұмысының жағдайы;

  8. қызмет көрсетушілердің (обслуживающий персонал) жұмыстарының сапасы;

  9. әдістемелік жұмыстың жағдайы;

  10. санитарлық-гигиеналық тәртіптің жағдайы;

  11. қаржы-шаруашылық жұмыстардың жағдайы;

  12. қауіпсіздік техникасының жағдайы.

Аталған объектілердің әркайсысы күрделі педагогикалық құбылыс болып табылады және қарапайым элементтерге бөлінеді. Осыған сәйкес бақылау да біртұтас объектіге немесе оның бөлімшелеріне бағытталады.

Бақылау жоспары жылдық жоспардың басқа бөлімдерінің біртұтас бөлігі болып саналады. Мектепшілік бақылауды кез келген формада жоспарлауға болады: мәтін, кесте, график түрінде.

Кесте түрінде мына бөлімдерді алуға болады:

  1. бақылау мақсаты;

  2. бақылау объектісі;

  3. зерттеу мәселесі;

  4. бақылау мерзімі;

  5. бақылауға қатысушылар;

  6. қорытындылау түрі;

  7. ұсыныстардың орындалу мерзімі.

Жылдық жоспарды дайындау процесі оқу жылы бойы 4 кезеңде жүреді.

І кезең. Жоспарлауға дайындық. Бұл кезеңде мектеп басшысы жаңа оқу жылына оқу тәрбие жұмыс жоспарының жобасын дайындау туралы бұйрық шығарып, бұйрықта:

  1. жобаны бастау және аяқтау мерзімі;

  2. бөлімдерді әзірлейтін жұмысшы топ құрамы;

  3. ақпараттық материалды өңдеу тәртібі:

  • проблемалық бағыттылық;

  • орындаушылар;

  • жалпы мектептік іс-шаралардың келісімдігі;

  • педагогикалық кеңеске, өндірістік кеңеске шығарылатын мәселелердің үйлестігі;

  1. жылдық жоспар жобасымен мұғалімдерді, ата-аналарды, сынып жетекшілерін алдын ала таныстыру мерзімі;

  2. жылдық жоспарды педагогикалық кеңесте бекіту мерзімі;

  3. жылдық жоспардың мазмұнын қалыптастыруда мұғалімдердің, оқушылар активінің, ата-аналар комитетінің пікірін ескеру;

  4. аудандық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік қызметің, мектептен тыс аудандық мекемелердің, құқық қорғау органдарының және тағы басқа мекемелердің жоспарының мазмұнына сай түзетулер енгізу.

Бірінші кезеңде мектеп басшылары, әдіскерлер білімді дамыту және жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік, нұсқаулық құжаттармен танысады.

Жылдық жоспарды дайындау үшін сүйенетін ақпараттық материалдар:

  • мектеп кеңесі отырыстарының хаттамалары;

  • педагогикалық кеңестерінің хаттамалары;

  • директор жанындағы отырыстың хаттамалары;

  • директор орынбасары жанындағы отырыстың хаттамалары;

  • мектеп конференцияларының хаттамалары;

  • жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамалары;

  • ата-аналар комитеті отырысының хаттамалары;

  • оқушылар жиналысының хаттамалары;

  • мектептің номенклатуралық құжаттарын (сынып журналы, дәптерлер, оқушылардың жеке іс-қағаздары, техникалық қауіпсіздік ережелері журналы) тексерудің қорытындысы бойынша жазылған анықтамалар;

  • Психологиялық және социологиялық (әлеуметтік) зерттеулердің (оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді) материалдары;

  • оқу тәрбие жұмысының мазмұны бойынша анықтамалар;

  • сыныптан тыс жұмыстардың нәтижесі бойынша анықтамалар;

  • оқу нәтижелері диагностикаларының қорытындысы, мониторинг, мектеп бітірушілердің қорытындысы;

  • мектепшілік, қалалық (аудандық), облыстық олимпиадалардың қорытындылары;

  • спорттық жарыстардың нәтижелері;

  • оқушылардың медициналық тексеруі нәтижелері;

  • мектеп оқушыларының денсаулық жағдайлары туралы анықтамалар;

  • статистикалық құжаттар;

  • білім мекемелері аттестациялары материалдары;

  • мұғалімдерді аттестациялау және педагог кадрлардың білімін жетілдіру материалдары;

  • оқушылардың жазғы еңбек демалыстарының қорытындысы;

  • мектептің материалдық-техникалық базасы мен санитарлық-гигиеналық жағдайы туралы анықтамалар.

ІІ кезең. Негізгі бағыттар бойынша жоспардың жобасын құру процесі.

Мектептің жылдық жоспарында талдау, мақсаттар мен іс-шаралардың арасында өзара байланыс болу керек. Жаңа оқу жылын жоспарлауда кездесетін кемшіліктер:

  1. Өткен оқу жылындағы жұмысты талдаудағы кемшіліктер мен жаңа оқу жылындағы мақсаттар арасында өзара байланыстың болмауы.

  2. Өткізілетін іс-шаралардың мазмұнына емес, санына көбірек көңіл бөлінуі. Мектепшілік іс-шаралардың тіптен көптігі мұғалімдерге, оқушыларға көптеген қиындықтар тудырады.

Көптеген мектеп басшаларының тәжірибесінде жақсы көрініс тапқан сипаттамалық жоспарлау кеңінен тараған, дәстүрлі түрлердің бірі болып табылады. Соңғы кездері жоспарлаудың жаңа түрлері кездесіп жүр. Кескіндемелік және күнтізбеленген циклограммалар, математикаылқ баяндаудың элементтері, дәстүрлендірілген белгілер – криптограммалар, тораптық (желілік) үлгілеу (сетевое моделирование) және т.б.

Жоспарлау түрі бағынысты роль атқарады. Жоспар пайдалануға ыңғайлы болғанда ғана жұмыс құжаты бола алады. Жалпы мектептік жылдық жоспар негізінде мұғалімдермен, ата-ана, оқушылармен жұмыстың барлық ұйымдастырушылық түрлерін жалпы бір кестеге жинақтаймыз. Көлденеңінен айларды белгілейміз де, тігінен жұмыстың түрлері, жауаптылар, тақырып жазылады. Жоспардың кесіндеме түрі едәуір көрнекі, онда жоспарлаудың негізгі бөлімдерінің мазмұны көрсетілген. Кескіндеме жоспарлау мектеп жұмысын бір айға, аптаға жоспарлауға мүмкіндік тудырады, іс-шаралардың мерзімі, орындаушысы бойынша қосарлануды болдырмайды.

ІІІ кезең. Дайындалған жобаларды бағыттары мен тармақтары бойынша үйлестіру және оларды бірыңғай жоспарға біріктіру.

Жобаның бұл кезеңінде мектеп басшыларының инициативті жұмысшы (ұйымдастырушы) тобының атқарылған жұмысы жайлы есебі тыңдалып, қиындықтардың туындау себебі және оларды алдағы уақытта болдырмаудың жолдары қарастырылып сарапталады.

Бұл жерде ең бастысы формализмге жол бермеу керек. Себебі авторлық ұжымға өз жұмысына талдау жасау және жыл барасында (орындалу деңгейіне қарай) орындалған жылдық жоспардың орындалуына баға беру қажет. Бұл критерий (өлшем) жылдық жоспардың тиімділігің толық көрсетеді. Жоспардың орындалу критерийі (өлшем) ретінде, бақылау тапсырмалары мен жоспарланған жұмыстардың нақтылы бір кезендерде атқарылуын атауға болады. Орындалу өлшемі ретінде жоспарланған жұмыс пен педагогикалық ойдың біртұтастығы есепке алынады. Кейбір жағдайда жоспардың барынша шындыққа сәйкестігі орындалу өлшемі ретінде қабылданады. Орындалу өлшемінің үздік үлгісі ретінде жылдық жоспардың орындалуы барысында алға қойылған талаптардың, тапсырмалардың, мақсат мүдделердің барысында алға қойылған талаптардың, тапсырмалардың, мақсат мүдделердің бір – бірімен тығыз үйлесімділігін айтуға болады.

Жылдық жоспардың орындалу өлшемін сараптағанда жоспар бойынша орындалған және орындалмаған жұмыстардың, орындалмаған жағдайда орындалмау себебін салыстыра отырып, мінездеме береміз.

Мамыр айындағы мұғалімдер кеңесінде жалпы білім беру мектебінің басшысы мұғалімдерді, (сол мектептегі ата – аналар комитетінің қатысуымен) ата – аналарды жылдық жоспардың жобасымен таныстырады.

ІV кезең. Мұғалімдер кеңесінде жылдық жоспарды бекіту.

Жылдық жоспарды дайындау ағымдағы оқу жылының соңында аяқталып, негізгі нұсқасы жаңа оқу жылының тамыз айындағы мұғалімдер кеңесінде бекітіледі. Мұғалімдер мен оқушылардың атқаратын жұмыстарында шамадан тыс жүктеме (перезагрузка) болдырмау үшін жылдық жоспар айлық, апталық, күндік жұмыс ретінде дайындалады. Жобаның бұл кезеңінде жалпы білім беретін мектептің басшысы жылдық жоспардың сапалық қүрамы мен жобаладың ыңғайлы үлгісіне баса назар аудару қажет.

Ең бастысы жылдық жоспардың педагогикалық жағынан тиімділігін анықтау.

  1. Темекінің зиянымен психологиялық жұмыс өткізу.

Тақырыбы:«Темекі және оның зияны»

Мақсаты:

а) білімділігі: оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды, әртүрлі жөтел, асқазан, тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

ә) тәрбиелілігі: оқушыларды мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.

б) дамытушылығы: қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірiн уландыратын ауыр кеселдің бірі- маскүнемдік, шылым шегушiлiк пен нашақорлық екенін түсіндіру.

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, плакаттар, бейнероликтер, слайд, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысы түсіндіріледі.

ІІ. Кіріспе сөз

Психолог сөзі: Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген салғырт көзқарастың кесірінен темекі шегу,ішімдікке салыну, нашақорлық сияқты зиянды әдеттер көбеюде. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің,адам өміріне зиянды екені белгілі. Аталған зиянды әдеттерге тоқталатын болсақ.

Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алуды 5-6 ғасырда Араб елінің химиктері ойлап тапты. Алкоголь – миға әсер етеді, мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрайды. Ол қолайсыз сезімдер тудырып, адам неше түрлі ойға батады. Адам әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды, өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды.

Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен.Олардың 600 мыңы жасқспірімдер мен балаллар. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Ең алғаш темекіні Еуропаға Колумб және оның достары әкелген болатын. Ал Африкамен Америка елдері оның дәмін бірнеше ғасыр бойы татқан болатын. Темекінің Еуропада таралуына француз ғалымы Жан Никода себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекіні өсіріп өзінің атымен аталған «Барлық ауруларға қарсы ем»,- деп никотинді тапты.

Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «Narke» сөзі ағылшын тілінде «Narkotik» деген сөзге айналған. Құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сеогітетін заттар бар. Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзады. Есірткінің түрлері өте көп.

ІІІ. Ситуациялық жағдайдан шыға білу

· Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді. Ал сенің темекі шеккің келмейді, сол үшін олар сені шеттете бастайды. Сен олардан бөлініп кете алмайсың. Не істер едің?

· Сені өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын 1-2 рет байқадың. Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ. Ата-анасына айтайын десең досыңның көңілін қимайсың. Сен досыңды қалай құтқарар едің?

· Саған 11 класс оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер. Екеуміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуміз ғана білетін болайық. Әйтпесе …» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды. Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?

ІV. Бейнероликтер көрсету

Оқушыларға интерактивті тақта арқылы шылым шегу, арақ ішу, нашақорлықпен айналысқанда адам организміне зиянын бейнероликтер арқылы көрсету.

V. Сөзжұмбақ «Темекi».

Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін пысықтау мақсатында сөзжұмбақ сұрақтарына жауап береді.

VI. Плакат (көрнекiлiк) қорғау

Бұл кезде мұғалім тақырыпқа сәйкес көрнекілік ретінде тақтаға ілінген плакаттарды түсіндіреді.

VII. Тренинг «Қолшатыр»

— Біз бүгін зиянды әдеттер туралы көптеген мәлімет алдық. «Зиянды әдеттерден қорғану үшін не істеуіміз керек?»

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

VIII. Тренинг «Денің сау болсын десең…»

Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

Қорытынды:

Болашақ еліміздің намысын қорғайтын жастарымызды осындай шылым шегу, арақ ішу, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойын аулақ салуы үшін қосымша мәліметтермен хабардар етіп, келешегімізді қолға алайық!

 Қанатты сөздер

«Организмде пайда болатын бүкіл кеселді өзгерістер спирт ішімдіктерін пайдалану әсерінен». М.Гусс

«Денсаулық өзгерістерін болжай білуде – салауатты өмір салтының маңызы зор». Х.Қ.Сәтпаев

«Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жеткен». (Халық даналығы)

«Жағымсыз әдеттерден арылу бүгін оңай, ертең қиын». Конфуций

«Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер». (Құран «Ниса» сүресі 29-аят)

«Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық». И.М.Догель

«Адамды ессіз түрде баурап, небір сарақы әрекеттерге жетелейтін ең қарапайым азғырғыштың түрі «бәрі де солай істейді ғой» деген ақталу». Л.Толстой

«Шылымқорлық – алдын алуға болатын, әлемдегі барлық аурулардың басты себептері болып отыр». Х.Малер