Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RShP_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.93 Кб
Скачать

1 Қазіргі білім беру процесінде психологияның рөлі мен орны

Қазіргі заман жағдайында психология қоғамдық өмірге тереңдеп енуде. Оның маңызы біздің елімізде де арта түсуде. Оған түрлі бағыттарда кәсіби психологтар даярлайтын жаңа көптеген оқу орындарының ашылуы дәлел. Қазіргі қазақстандық қоғамның дамуы оның өркендеп қарыштауы адамдар жоғары дәрежедегі психологиялық білімді қажетсінуде. Психологиялық білімнің қажеттілігі және жұртшылықтың төмен дәрежедегі психологиялық сауатсыздығы еліміздің білім беру жүйесінің алдына бүкіл оқыту және тәрбие жүйесін психологияландыру сияқты күрделі де жауапты мақсат қояды. Бұл мақсатты шешу үшін жоғары дәрежелі кәсіби маман психологтарын, соның ішінде психология пәні оқытушыларын даярлау тиімділігін қаматамсыз ету қажет. Көптеген практикалық психологтар түрлі категориядағы тыңдаушылар үшін дәрістер оқуда қиындықтарға кездеседі, олардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін, даярлық деңгейлерін есепке алмайды, яғни нақты психологиялық ғылым бойынша білімі жоғары сапалы оқытуды қаматасыз ете алмайтындығын түсінбейді, педагогикалық қызмет арнайы қалыптасуда даярлау мақсатын күрделендіреді және маңыздылығын арттырады. Жоғарыда айтылғандар практикалық педагог-психологтарды маман ретінде ғана емес (кеңесші, заң психология, психолог-менеджер т.б.) психология пәнін терең меңгерген психолог маман ретінде даярлау қажеттілігін көрсетеді.

2 Нашақорлықтың зиянымен психологиялық жұмыс істеу

1. Нашақорлықтың алдын алу мәселесі жөнінде ақпараттық-білім беру материалдарын тарату арқылы халық арасында ақпараттық науқан өткізу;

2. БАҚ-қа хабарлау арқылы барлық қызығушылық танытқан тараптар мен танымал тұлғаларды (актерлер, спортсмендер, эстрадалық орындаушыларды) тарту арқылы психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың алдын алу тақырыбында баспасөз мәжілістерін, дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізу;

3. Халық көп жиналған орындарда танымал тұлғаларды (актерлер, спортсмендер, ардагерлер мен басқа да адамдарды) тарту арқылы «Сенің есірткің САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ болсын!» ұранымен нашақорлықтың алдын алу жөнінде флэш-мобтар өткізу;

4. Құзырлы органдармен бірге БАҚ-қа хабарлау арқылы ойын-сауық орындарында наркотикалық заттектерге тыйым салуды бақылау бойынша рейдтер ұйымдастыру және өткізу;

5. Жасөсіпірімдер ман жастар командаларының арасында жастардың шығармашылық қабілетін біріктіру және өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттай отырып, психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың алдын алу, бос уақытты үйлесімді қолдану, өзі мен айналасындағыларға саналы және жауапты қарым-қатынас жасауға дағдыландыру түрлеріне жаңа оңтайлы әдістер құру мақсатында салауатты өмір салты тақырыбын (оның ішінде, театрландырылған қойылымдар, музыкалық аспаптарда ойнау, баттлдар, билер, КТК, граффитилер және т.б.) ашатын «Сау болу сәнді!» тақырыбында есірткінің алдын алу жөнінде байқаулар өткізу;

6. Балалар үйінде, мектепте және қала сыртындағы жазғы демалыс лагерлерінде, сауықтыру лагерлерінде спорттық іс-шаралар, сурет (оның ішінде, граффитилер, асфальтқа бормен сурет салу) байқауларын, «Сенің есірткің САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ болсын!» атты плакаттар, шығармалар өткізу;

7. Айлық кезінде халықтың түрлі тобын, оның ішінде жасөспірімдер мен жастарды тарту арқылы акциялар (салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың қатысуымен теле және радиобағдарламалар, балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен спорттық жарыстар мен жаппай мәдени шаралар) ұйымдастыру және өткізу;

8. Психолог, нарколог, заң мамандарының және әлеуметтік қызметкерлердің кеңес беруі арқылы МСАК ұйымдарында, наркологиялық диспансерлерде, жастар денсаулық орталықтарында, темекіге қарсы орталықтарда Ашық есік күндерін өткізу;

9. Аса мұқтаж балалар мен жасөсіпірдерге, сондай-ақ халықтың осал тобы үшін оқушылар сарайында, спорттық кешендерде Ашық есік күндерін өткізу; аула клубтарының жұмысын жетілдіру;

10. Жасөспірімдер мен жастарды тәуліктік «Шұғыл желі - 150» қызметі жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету;

11. Өңірлік радио және телеарналардан, сондай-ақ халық жаппай келетін орындарда ПБЗ-ның алдын алу жөнінде аудио-бейнероликтерді жалға беруді жүргізу;

12. Психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың алдын алуды кеңінен хабарлау үшін сыртқы жарнаманы (баннерлер, билбордтар, лайтбокстарды) қолдану;

13. Өткізілген профилактикалық іс-шараларды БАҚ-қа, ғаламторға, әлеуметтік желілерге кеңінен жариялауды қаматамасыз ету.

3. Мектеп психологының құқықтық дәрежесіне түсіндірме.

  1. Тәрбие мен оқыту процесінде оқушылардың психикалық ,соматикалық және әлеуметтік саулығын сақтау бағытындағы кәсіби қызметін жүзеге асырады;

  2. Қ.Р «Бала құқықтары конвенциясына» сәйкес, баланың жеке құқықтарының сақталуына ықпал етеді;

  3. Балаларға, ата-аналарға, мектеп ұжымына нақты проблемеларды шешуге көмектеседі;

  4. Ата-аналар жиналысын өткізуге б.б. бағдарламаларында, қарастырылған сауықтыру, тәрбие және басқа бағыттар бойынша жүргізілетін шараларға қатысады;

  5. Белгіленген форма бойынша, құжаттама жүргізеді және оны тиісті мақсатта қолданады;

  6. Кәсіби құпияны сақтау;

  7. Әртүрлі бағыттарда психологиялық диагностика жүргізеді;

  8. Балалардың дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтаайды;

  9. Қиын оқушылармен жұмыстар жүргізу;

  10. Өзінің мамандығын жетілдіру;

  11. Алдын-ала жоспар құрып , жұмыстар жүргізу;

  12. Өзінің арнайы ұйымдастырылған жұмыс кабинетінің болуы;

  13. Тәрбиелеу, оқыту жұмыстарына талдау жасау;

  14. Психологтың этикалық кодексін сақтау;

  15. Педагог-психолог өзінің жұмысы және нәтижесі үшін жауыпты, педагог-психолог басқа жұмыстарға тағайындалмайды;

  16. Мектеп басшысына оқу жылы аяқталуынан 5 күн бұрын өзінің қызметі жөнінде, қағаз жүзінде 5 беттен кем емес, есеп беру;

  17. Мектеп ұжымымен және ата-аналармен оқушыларға қатысты мәліметтремен алмасып отыру;

  18. Инклюзивті балалармен жұмыс жасау;

  19. Басқада білім мекемелеріндегі мектеп психологтарымен тәжірибе алмасу;

  20. Жүргізілетін әдістемелердің стандартқа сай болуы;

4. Мектеп психологтың психокоррекция бағытында жұмыс жасау

Психолог  коррекциялық  жаттығулармен  айналысқанда  келесі  тізбекпен  жұмыс  жасайды: 

а) не  бар? 

Б) не  болу  керек? 

В)қажетті  нәрсе  болук  үшін,  не  істеу  керек? Оған  жауап  беруде  психиканың  дамуын  үш  деңгейде  қарастыра  түсінік   беру  мен  талдаудан  тұрады (Г.С. Абрамова). Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығулар қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Тура аудармасы «исправление - түзету» деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғпның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалықекі бөлімде қарастырылады.

1. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады.

2. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады.

Р.С.Немовтың пікірінше, «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы. Психологтың коррекциялық жұмысты жүргізу техникасы осы іс- шаралардың әр кезеңінде анықталған мақсаттарына сай жүргенде ғана ол осы функциясын толық атқарады

Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігіне байланысты:

Теориялық жағынан дамуы, арнайы әдістерді және жағдайларды білуі және дайындығы жатады. Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі мен сенімділігі.

5 Мектеп психологтың психологиялық адаптация бағытында жұмыс жасау

Баланың мектепке алғашқы кезеңде болуы, оның жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мезгілі болып табылады.Әдетте, бұл процестегі қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда кездеседі. Егер бұл балаларда құрбыларымен қарым-қатынаста жетерліктей тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден үйде қалыптасқан қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың өзгеруі жиі стреске әкелуі мүмкін.Баланың оқу процесіне, мектепке бейімделуі 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың индивидуалдық ерекшеліктері; басқалармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері; оқу орнының типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі. Бұл жерде балаға ересектердің, яғни ата-анасының қолдауы қажет.әлеуметтік өзгерістерге бейімдеу, олардың қажеттіліктерінің негізінде жоспарланып, мынадай негізгі бөлімдерден құралады.

Мектеп психологының бейімделу процесібойынша жұмысы

  • Дәстүрлі мектепішілік іс-шараларға, ұжымдық шығармашылық істерге, жалпы мектептік мерекелерге қатыстыру;

  • сынып ұжымының қызығушылықтарына және сұраныстарына сәйкес өткізілетін іс-шараларға қатыстыру;

  • оқушылармен даралап жұмыс жүргізу.

  • Жасөспірімдердің жетістіктерінде негізделген әлеуметтік саралау функциясы. Баланың жеке дара ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, мүмкіндіктеріне байланысты психолог жұмыс жасауы қажет..

  • Жағымды коммуникативті жағдай жасөспірім үшін өте маңызды болып келеді. Сондықтан мектепте жасөспірімнің қарым-қатынас жүйесі жағымды түрде қалыптасуы тиіс.

  • Әртүрлі әдістемелериен жұмыс;Мысалы С.В. Левченконың «Мектептегі сезімдер» сұрақнамасы

Мектепке бейімделу әлеуметтік жағдайының жаңа жүйесіне, жаңа қарым-қатынасқа, талаптарға, іс-әрекеттестік түрлеріне, күн тәртібіне үйренуі ретінде қарастырылған. Дегенмен мектепке бейімделу ортаға үйренуімен шектелмейді, әрі қарай психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік дамуына өз үлесін қосады. Мектеп бірінші күндерден бастап жасөспірімнің алдында интеллектуалды және физикалық күшті мобилизациялауды талап ететін міндеттермен таныстырады.

Бейімделу кезеңіндегі мәселелер Соматикалық мәселелер – баланың денсаулығындағы ауытқулар; Эмоциялық қиыншылықтар, қобалжу, мектептегі мәселелер туралы уайымдау; Бейімделу кезеңінің дұрыс өтпеуі дезадаптацияға әкеледі, яғни баланың өз еркімен қиыншылықтарға төзе алмауы; Интеллектуалдық іс-әрекеттің бұзылуы; Өз сыныптастарынан даму жағынан қалып қоюы; Тәртіптілік – моральдық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тәртіптің түрі; Коммуникативтік мәселелер – үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасай алмауы. Мектеп өміріне жағымды бейімделудің көрсеткіштері: Жаңадан келген жасөспірімнің оқу үдерісімен қанағаттануы; Оқу бағдарламасын меңгеруі; Оқушыларың мұғалімдермен, достарымен жағымды қарым-қатынас орнатуы, және осы тұлға аралық қарым-қатынастарға қанағаттануы. Сондықтан жағымды бейімделудің негізгі әлеуметтік-педагогикалық критерийі келесі: адекватты мінез-құлықтың қалыптасуы, оқушылармен, мектеп психологымен байланыс орнатуы, оқу әрекетінің дағдыларын меңгеру.

6. Психологтың этикалық кодексі:

Психологтың кәсіби этикасы - психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қауымдастықпен, сондай-ақ психологиялық көмек сұрап келген адамдармен, зерттеуге қатысушылармен өзара қарым-қатынасында арнаулы адамгершілік талаптарды жүзеге асыру. Қызмет жүйесінде психологиялық іс-атқару барысында этикалық кодекс талаптарын енгізу және қолдану қажет.

Психологтың этикалық кодексі:

1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.

2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.

3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.

4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.

5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.

6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.

7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.

8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.

9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.

10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!

11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!

психологтың этикалық талаптары:

- сыналушыға зерттеудің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, оның келісімін алу;

- сыналушыны дискомфорт пен зиянды әсерлерден қорғау;

- жұмыс аяқталғаннан кейін зерттеудің нәтижесі мен мазмұнын толық түсіндіру;

7 Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері:

Психологтың құқықтары:

1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады. 2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі ӛнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады. 3. Оқыту – тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады. 4.Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады. 5.Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді. 6. Психолог ӛзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады. 7.Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады. 8.Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.

Психологтың міндеттері:

1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек. 2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, ӛз іс- әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек. 3. Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек. 4.Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.). 5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға ӛз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім- әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы). 6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (дискеталар, магнитофондық жазбалар және т.б.). 7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.

8 Қазіргі қазақ мектептеріндегі психологтардың іс-әрекетіндегі ерекшеліктерімен байланысты кездесетін қиыншылықтар.

Қазіргі таңдағы мектепте педагог қызметін жаңа бастаған жас педагог-маман өз жұмысында дағдарысты басынан кешеді. Маман бойында психологиялық-педагогикалық, практикалық білімдердің, білік пен дағдылардың болмауы, педагогикалық жұмысқа даярлығының жеткіліксіздігі, жіберген қателіктері мен сәтсіз-діктері өкініш, көңіл қалу сезімдерін туғызады. Кәсіптік жұмыс процесі барысында туындайтын ішкі қайшылықтар: 1. Маманның өз бетінше практикалық міндеттерді шешуге ұмтылуы және оған қажетті білімі, білік-дағдыларының жоқтығынан; 2. Жалпы теориялық білімін практикалық қызметінде қолдана алмауынан; 3. Маманның өзін-өзі таныту қажеттілігі мен оның коммуникативті мүмкіндігінің сәйкессіздігінен. Психолог маманның кәсіби бейімделу процесінде оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтар: 1. Мамандардың өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсіби үміті, олардың жаңа әлеуметтік жағдайы; 2. Маманның талап-тілектері және оны аталған ұжым- ның тұлғааралық қарым-қатынастар құрылымындағы нақтылы алатын орны арасында; 3. Педагогикалық ұжымның мамандыққа байланысты қойы- латын нақтылы талап-тілектері мен жас мамандардың даралық ерекшеліктерінен туындайтын оның сенімділік, қызығушылық ұмтылысы арасында; 4. Қарым-қатынас тәжірибесінің жеткіліксіздігіне және ал- ғашқы жылдарда қоғамдық-педагогикалық-психологиялық қыз- метінің көп салалығына байланысты да туындайды. Туындаған қайшылықтарды жеңу үшін мамандардың алдымен оларды жақсы түсіне білуі және болатын қажетті өзгеріске ынта-құлшыныспен қарауы өте маңызды.

Педагог-психологтың жұмысы барысында кездесетін қиындықтарды келесідей көрсетуге болады: 1. Әлеуметтік және коммуникативті құзіреттілік бойынша; 2. Практикалық қызмет сферасы бойынша; 3. Психологиялық диагностика; 4. Психологиялық коррекция; 5. Психологиялық ағарту; 6. Психологиялық кеңес беру.

Сондай-ақ нормативті құжаттармен жұмыстануда да қиындықтарға ұшырап жатады. 1. Жұмысының кең ауқымдылығына байланысты; 2. Материалдық жағынан: кабинеттің жабдықталмауы; 3.Жоғары сұраныстарға байланысты; 4. Жұмыс уақытына байланысты.

Жалпы педагог-психологтардың жұмыс барысында кезде-сетін қиындықтарды шешу мына 2 факторға байланысты: 1. Ішкі фактор психолог шеше алатын - бұған өзін-өзі тәрбие- леу, өзін-өзі жетілдіру,үздіксіз білім алу, тәжірибелі психолог мамандармен кездесу, тәжірибе алмасу т.б. жатады. 2. Сыртқы фактор мектеп әкімшілігі, ЖОО, білім беру департаменті шеше алатын - бұған қаржыландыру, жабдықтау, қолдау, жалақыны көтеру т.б. жатады. Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуына тікелей ықпал ететін маман. Мектеп психологының қызметі оның барлық қарастырылған формасында жоғары кәсіби мотивация және шеберлікті, кең ауқымды теориялық, практикалық қолданбалы білімді, қарым- қатынас және түрлі адамдармен өзарақарым-қатынас дағды- ларын талап етеді. Болашақ маманның кәсіби дамуы мен қоғамдық ортада қалыптаса отырып, өзінің біліктілігін көрсете білуі, ЖОО-нда алған теориялық білімін практикамен ұштастыра білуі үлкен жетістік.

9 Психологиялық ертегінің маңызы

Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындайды. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын қиыншылықты жеңе аларына деген сенімін нығайтады.Бала ертегіні тыңдау арқылы координация, моторика, кеңістікте бағыт табуды үйренеді.Бұл әдіс мектепке дейінгі балаларда, кіші мектеп жасындағы және басқа жастағы балаларда кездесетін көптеген қиындықтарды шешуде көмектеседі. Ертегі терапиясы арқылы сенімсіз, агрессивті, қорқынышы басым балалармен жұмыс істеуге болады, олармен: ұят, өтірік, кінәні сезіну және түрлі психосоматикалық аурулармен, энурезбен т.б. қиындықтарда қолданылады.

Ертегімен жұмыс жасау барысында мынадай әдістерді қолданған жөн:

1.Ертегіні талдау. Мақсаты - әрбір оқиғаны, әрбір кейіпкерді, әрбір бейнеленген сюжетті түсіне отырып, шыққан қорытындыны ұғыну. Баладан көбінесе өз ойын сұрап отырған жөн.2.Ертегіні әңгімелеу. Бұл әдіс баланың елестете алу қабілетін, қиялын дамытады.3.Ертегіні қайта жазу немесе толықтыру.Ертегінің мазмұны немесе оқиғаның шиеленісуі, аяқталуы ұнамаған кезде қолданылатын әдіс. Ертегіні қайта жазып немесе кейіпкерлерін өзгертіп бала өзінің бойындағы өзгерістерді көрсетіп, шешімін таппай жүрген жағдайларды шешіп, өз ішіндегі толғаныстардан босай алады.

4.Қуыршақтар арқылы ертегіні сахналау. Қуыршақтармен жұмыс жасау арқылы бала өз бойындағы өзгерістер мен эмоцияларына байланысты көзрсете алмайтын жақтарын көрсетуге мүмкіндік алады.

З. Фрейд өз еңбектерінде ертегідегі үнемі жуынатын мысықтың баланы тазалыққа үндейтін әдіске жұмылдырылғанын айтады.

10 Психология пәнінің бастауыш сыныпта маңызы

Кіші мектеп жасынан бастап балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеп, оларға өнегелі тәрбие беру мектеп алдында тұрған маңызды мәселердің бірі. Оны шешуге мектеп психологының қосатын үлесі өте үлкен. Өйткені жеке тұлғаның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу, оларды салауатты өмір салтына үйретіп, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін баланың психологиялық даму барысында орын алатын көптеген ауытқулардың алдын алып, даму қайшылықтарынан өтуге психолог көмек көрсетуі тиіс. Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар, өскен ортасына балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, әлеуметтік ортаға, т.б. байланысты. Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бала мектепке келгеннен кейін өзін қоршаған адамдармен қарым - қатынасында үлкен өзгерістерге ұшырайды. Бұрын бала ойыншықтарын ойнаумен көп уақыт өткізетін болса, мектепке келгеннен кейін уақыттың көпшілігін мұғалімдермен, құрдастырмен, үй ішіндегі туыстармен өткізеді.

Мектеп психологы бастауыш сыныптармен арнайы әдістемелер, тренингтер жүргізіп отыруы қажет. Мысалы: 1- ші сынып оқушыларының мектепке тез бейімделуі үшін, арнайы әдістемелерді жүргізу,олардың өз ортасына бейімдеу үшін қарым- қатынасқа арналған тренингтер жүргізу, сонымен қатар, ойын терапиясы, ертегі терапиясын жүргізіп отырудың көмегі жоғары. Ертегі терапиясы- баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындайды. Ал,ойын терапиясы-жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Қорытындылай келгенде, психология пәнінің бастауыш сыныптарға маңызы өте зор екенін айтып өтуге болады. Соынмен қатар,оқушылар өздерінің мектепке келгендегі қорқыныштарын, ұляшақтық, тұйықтық мінездерінен арылуға мүмкіндік туғызып, олардың көз – қарастарын өзгертіп, өзіне деген сенімділіктерін қалыптастырады.

11. Психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері және принциптері

Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1.Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін- өзі дамыту қабілетін қалыптастыру

2.Білім алушылардың тұлғасын психологиялық- педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету

3.Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту

4.Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру

5.Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата- аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету

6.Білім алушыларды психологтялық- педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету.

12. Гипербелсенді баланы анықтау жолдары

Мазасыздығы жоғары және гипербелсенді балалардың мінез-құлқы сырттай ұқсас болуы мүмкін, сондықтан ұстаз бен ата-аналарға олардың негізгі айырмашылықтарын білген маңызды. Гипербелсенді балалар дерлік барлық сыныптарда бар. Олар тәрбиешілер мен мұғалімдердің жұмысында қосымша қиындық тудырады, өйткені оларға бір орында ұзақ отыру, үндемеу, ережелер мен нұсқауларға бағыну қиын. Гипербелсенді балалар мазасыздарға қарағанда жиі түрлі шиеленістердің, төбелестердің және жай ғана түсінбеушіліктердің себепкерлері болады. Олар күйгелек, елгезек, алаңғасар, өздерінің мінез-құлқымен ашуландырады. «Гипер…» – (грек. Hyper – үстінде) нормадан асып кетуді көрсететін, күрделі сөздердің құрамдас бөлігі. «Белсенді» сөзі латын тілінен аударғанда «activus», «әрекетті, әрекетшіл».

13. Гипербелсенді балаға төмендегідей мінез-құлық тән:

- ұйқысы тұрақсыз, түннің бір уағында да оянып, ойынын жалғастыра береді;

- энергиясының көптігінен бір орында байыз таппай, секіріп, жүгіріп, ұйқыға кеткенше дамылдауды білмейді;

- әлденеге қызығушылығы жылдам өзгеріп, барлығын білмекке ұмтылады;

- тез сөйлейді;

- өзгенің мазасын жиі алуына байланысты қатарластарымен достаса алмайды;

- тек өзінің қалауымен жүреді;

- өзінің үлкен бауырларымен жағаласып, кішілерін жылатады;

- жүгенсіздігін айтып балабақшада тәрбиешесі, мектепте ұстазы шағым жасайды.

14. Психологияны оқытудың мақсаты және қазіргі білім беру мекемелерінің стратегиялары.

Психологияны оқытудың мақсаты дәл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің әр түрлі жағдайларында адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың теориясын және тәжірибелік білімдері мен әдістерін студенттерге меңгертуді көздейді. Психологияны оқыту басқа адамдардың ойлау бейнелері мен әрекет бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тәсілдерін меңгертуге ғана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік әрекеті мен санасын да өзгертуге бағытталған. Студенттердің тұлғалық сапаларын қалыптастырудағы оқытушы мен студент арасындағы бірлескен іс-әрекеттің алатын орны мен оған психологиялық жағдай туғызуға қажетті шарттар жайлы С.М.Жақыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов, В.И.Слободчиков өз еңбектерінде баян етеді.Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі -студенттердің теориялық білімді практикада еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мән беру. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі анық.Оқыту процесін ұйымдастыруда педагогикалық талаптар деңгейінен көрінумен бірге, психологиялық мәселелерін ескеру қажеттігі ертеден бері айтылып келе жатқанымен, дәл қазіргі уақытта оқытудың басты міндеттерінің біріне айналып отыр. Психологиялық сипаттағы мәселелерді ескеру және оларды шешудің нәтижесінде оқытудың тиімділігінің артатыны, оқу іс-әрекетінің жетіле түсетіні, берілетін білімнің сапасы артатыны, білімді қабылдаушылардың тұлғалық дамуы қамтамасыз етілетіні және т.б. осы сипаттағы зерттеулер психолог ғалымдар Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Б.Ительсон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, еліміздің ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде баяндалған. Психологияны оқытудың басты мақсаты - студенттердің психологиялық ойлау икемділіктерін қалыптастырып, алған психологиялық білімдерін түрлі психикалық фактілер мен құбылыстарды ғылыми негізде түсіндіре білуде, сонымен катар адамның тұлғалық дамуына аса қажетті психикалық өзгерістерге ықпал етуде қолдана алуға үйрету.

15. Оқу үрдісінің құрылымы

Оқу үрдісі – білімді , біліктілік пен дағдынымеңгертеді ,оқушылардыңдүнеитанымын, күшқайратын , қабілеттеріңтәрбиелепдамытатыніс-әрекетбарысы . Оқубарысындаоқушының сана-сезімі , адамгершілікқасиеттері , эстетикалықталғамы , тұлғалыққасиеттеріқалыптасыпдамиды.Оқытудыңпсихологиялық, педагогикалықерекшеліктеріненазараударайық.Оқу үрдісінің құрылымдық компоненттерімыналар: МақсатПедагог Оқушы, білімалушы, Оқытуәдістері, Оқытудыұйымдастырутүрі, Алғанбілімдіөмірдеқолданабілу, нәтижесінкөру, педагогикалық диагностика.

Негізгі қайшылықтар - оқу үрдісінің қозғаушы күші. Оқу - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұданшығатынқорытынды - оқытудыңәлеуметтікқызметіәлеуметтікталаптарғасәйкестұлғанықалыптастыру. Тұлғаныкалыптастырудыңнегізі, қайнаркөзі - әлемдікмәдениет, адамзаттьщғасырларбойыжинақтағанруханижәнематериалдықбайлығы.

1 .ДидактикадаИ.Я.Лернердіңтұжырымдамасыкеңіненқолдаутапқан: Білім

2. Іс-әрекеттіңәдістері.

3. Шығармашылықтәжірибе

4. Зерттелініпотырғанобьектіге, соныменбіргеөз-езінежәнебасқаадамдарғадегенэмоционалдық-құндылыққарым-қатынас, қоғамдық, ғылымижәнекәсібиіс-әрекеттіңсебеп-салдары мен қажеттіліктері.

16 .Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі

Психологияны оқыту әдістемесі жайлы зерттеулер психологияны оқытуды жетілдіруді мынадай бағыттарда қарастырады:

-     психологияны оқытуда белсендіәдістердіпайдалану;

-     психология пәнініңмазмұнынаөзгерістеренгізу, яғниғылыми-теориялықмәселелергеөмірліктәжірибелерпризмасыарқылықарау;

-     психологиялық теориялардыжекеадамдықміндеттердішешудепай­даланудеңгейіндетүсінугеқолжеткізу.

«Психологияныоқытуәдістемесі» психология ғылымыныңнегізгібазалықсаласынажатадыжәне «психологияныоқытуәдістемесінің» пәнібілім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісінұйымдастырудыңпсихологиялықзаңдылықтары, құралдары мен тәсілдеріболыптабылады.

Білім беру үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдістіұйымдастырудыңтәсілдері мен психиканыңқалыптасужәне даму ерекшеліктерінің  аралығындағықатынасыдептүсіндіреді.

Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білімберудің  практикалықжағдайында (оқушылардыңпсихологиялықтаңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика жәнепсихикалықдамудыңпрогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасызетуге  қажеттіпсихологиялықжағдайдыанықтау, ата-аналарменжұмысжәнет.б.) көптегенпрактикалықміндеттердішешугемаңыздымәні бар.

17 Сұрақ. Оқытудың Инновациялық үлгілері

білімді игерудің ерекше түрі, беймәлім, үнемі өзгермелі болып көрінетін болашақтың жаңа, белгісіз жағдайларында іс-қимылға дайындайды.

Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану қоғамда жаңа қарым-қатынас үлгісін игеруге, оларды ұжымда қалыптастыруға мүмкіндік береді. Инновациялық орта құру мұғалім қызметін ынталандырады және біртіндеп мұғалім мен оқушы тұлғасының инновациялық мәдениетін қалыптастыруға әкелуі мүмкін.

Инновациялық үдеріс – білім мазмұнын қалыптастыру және дамыту бойынша және жаңасын ұйымдастыру бойынша кешенді қызмет. Оқытудың инновациялық әдістері – бұл «мұғалім–оқушы» әрекеттестігінің жаңа тәсілдерінен тұратын әдістер, оқу материалын меңгеру барысындағы іс-тәжірибелік қызметтегі белгілі жаңашылдық.

  • бүкіл оқу үдерісінің қозғаушы күші қоғамның заманауи талаптарына, білім дамуының қарқынына сай;

  • жаңа әдістер мен әдістемелерді енгізу арқылы жалпы оқу және білім беру үдерісінің шынайы реформалануы жүзеге асады, оны әр мұғалім әрбір сабақта іске асыра алады;

  • дидактикалық жүйеге даму қарқынын береді – оқу барынша жылдам ілгерілейді, қолданылатын әдістер оның барынша жылдам алға жылжуына мүмкіндік береді;

  • оқушылардың оқу сапасының, нәтижелілігінің артуы оқытудың әртүрлі әдістерін шебер іріктеуге және қолдануға, белсендіруге байланысты;

  • оқыту әдістерін таңдау оқу материалының мазмұнына және әртүрлі пәндерге қолданылатын оқыту мақсаттарына негізделген.

Оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдістерін қолдану қажеттілігі: қазіргі уақыт – инновациялар, жаңашылдықтар және жаңалықтар уақыты, оқыту үдерісі мен әдістері осыған сай болуы тиіс; оқытудың инновациялық үдерістеріне баулу, оларды үнемі қолдану оқушылардың ойлауын жаңашылдықтарға ашық етуге, озық жұмыс істеуге баулуға мүмкіндік береді, себебі бұл қасиеттер инновациялық оқытудың ерекшеліктері болып табылады; оқытудың инновациялық әдістері – бұл біліктілікке ықпал етуші, оқушылардың шығармашылық және инновациялық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін белсенді әдістер. Инновациялардың маңыздылығы олардың динамикалығымен және белсенділігімен анықталады. Оқыту және тәрбиелеу технологияларына, әдістеріне және әдістемелеріне қатысты мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • Жаңашылдық түбегейлі жаңа технология ретінде.

  • Модернизирленген (барынша жетілдірілген технология)

  • Модифицирленген (болмашы жетілдірілген технология).

  • Өзге аймаққа енгізілген инновациялық технология.

  • Жаңа қолдану саласының инновациялық технологиясы.

Инновациялық педагогикалық қызметті педагогикалық жаңашылдықты құрудың, таратудың және қолданудың кешенді, мақсатты бағытталған үдерісі ретінде қарастыруға болады, оның мақсаты адамдардың жаңа құралдарға деген қызығушылықарын қанағаттандыру болып табылады, ол білім беру үдерісін ұйымдастыру жүйесінің және оның тиімділігін, тұрақтылығын және өмірге қабілеттілігін қамтамасыз ету тәсілдерінің белгілі сапалық өзгерістеріне әкеледі. Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану қоғамда жаңа қарым-қатынас үлгісін игеруге, оларды ұжымда қалыптастыруға мүмкіндік береді. Инновациялық орта құру мұғалім қызметін ынталандырады және біртіндеп мұғалім мен оқушы тұлғасының инновациялық мәдениетін қалыптастыруға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ инновациялық қызмет адамның өзінің ішкі ұмтылысы болып табылады және заманауи педагогикалық мәдениеттің тұлғалық маңызды құрамдасына айналады.

18 . Психологияны оқыту әдістемесінің пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.

Білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасуы және даму ерекшеліктерінің аралығындагы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ - қоршаған ортадағы және генетикалық факторлардың күрделі қатынасы туралы – психологияны оқыту әдістемесінің төңірегінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы мәселе шешіліп қаралуда. Сондықтан психология мамандығын таңдаған студентке осы сұрақтағы психиканың қалыптасуындағы психологиялық-педагогикалық құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке психологияның аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде нәтижелі қызмет атқаруға мүмкіндік береді.

Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрімен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айырықшаланатын оқушылармен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компетентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.

Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.

Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кезеңдегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі ғылыми практикалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістемесі курсының мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты: гуманитарлық мамандықтардағы студенттердің психологияны оқыту әдістемесі пәнін меңгеруі негізінде ғылыми білімдерін дамыту, семинар мен практикалық сабақтар үдерісінде студенттердің осы пәнді түсіндіре білуін қалыптастыру, мектеп оқушыларына оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары туралы психологиялық білімін меңгеруді өңдеп реттеу және бақылау.

Пәннің міндеттері:

  • психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негіздерінің мазмұнын ашу;

  • психологияны оқытудың мәселелеріне қызығушылықты тудыру;

  • студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруге ұмтылуына бағыттау;

  • студенттерді қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру;

  • студенттерді жеке кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға ынталандыру.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • мектептегі психологияны оқытудың мақсаттары мен мазмұнын;

  • психология бойынша класс және кластан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемелерін;

  • «Психологияны оқытудың әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттерін;

  • «Психологияны оқытудың әдістемесінің» бүгінгі спецификасын.

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • оқытудың тиімділігін бағалау критерийлерін дұрыс таңдауды үйрену;

  • әр нақты жағдайдағы оқытудың әдістемесін дұрыс қолдануға үйрену;

  • оқытудың әдістемесін жетілдіруге үйрену;

  • психология бойынша сабақтарды жүргізуде жеке позициясын түсіндіре білу;

  • оқу пәні ретінде психологияны оқытуда туындайтын практикалық мәселелерді шешуге теориялық білімді психолог-ізденуші және окытушы дағдысын игеру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]