Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obsch.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

60 Жастағы науқаста келесі симптомдар анықталады: дисфагия, дисфония, дизартрия. Бұл жағдайда қандай синдром туралы ойлауға болады?

А) Таламикалық синдромы

B) Джексон альтернирлеуші синдромы

+C) Бульбарлы синдром

D) Вебер альтернирлеуші синдромы

E) Мийяр-Гублер альтернирлеуші синдромы

$$$116

Науқаста гиперкинетикалық синдромы анықталады. Бұл жағдайда қандай жүйенің зақымдануы туралы ойлауға болады?

+А) Экстрапирамидтік

B) Пирамидтік

C) Вегетативті

D) Сезімталдық

E) Бас ми қыртысы

$$$117

А. науқас бас айналу, қозғалыс координациясының бұзылуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қиындауына, зәр мен нәжіс шығаруының тоқталуына шағымданады. Анамнез мәліметтері: үш ай бұрын көз көру қабілетінің кенет жойылып, бірақ содан соң спонтанды түрде қайта қалпына келгені анықталған. Жағдайның нашарлауы 2 аптаның ішінде пайда болған. Объективті түрде төменгі спастикалық парапарез және мишықтық атаксия анықталған. Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?

А) Ангиография

B) Краниография

+C) Контрасттеумен өткізілетін бас мидың МРТ-сы

D) Бас ми қан тамырларының УДДГ-сы

E) Спондилография

$$$118

АҚҚ қысымы с.б. бойынша 200/120 мм-ге дейін жоғарылайтын артериялық гипертензиямен ауруатын 45 жасар науқас, кенет, эмоциялық стресстен кейін оң жақтағы аяқ-қолының әлсіздігі мен сөйлеу қабілетінің бұзылуын сезген. Неврологиялық статуста: моторлы афазияның элементтері, оң жақты мұрын-ерін қыртысы тегістелуі, тілдің оң жаққа қарай девиациясы, жеңіл дәрежелі оң жақты гемипарез анықталады. Бұл симптомдар үш сағаттың ішінде регрессияланған. Қандай профилактика әдістерін тағайындайсыз?

А) Витаминотерапия

+B) Гипотензивті терапия

C) Антибиотикотерапия

D) Седативті терапия

E) Спондилография

$$$119

32 жасар А. науқас көздің қосарланып көруіне, бастың айналуына, жүрген кезде шайқалуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қыиндауына шағымданады. Неврологиялық статуста: сол жақтағы ішке қарай қитарлану, мишықтық атаксиясы және төменгі спастикалық парапарез. Бас мидың МРТ-сында демиелинизация ошақтары анықталады. Патогенетикалық емі ретінде қандай препаратты тағайындау қажет?

А) Маннит

B) Пирацетам

+C) Бетаферон

D) Цераксон

E) Актовегин

$$$120

40 жастағы науқаста, ЖРВИ-дан 2 апта өткен соң аяқтарында әлсіздік және жансыздану байқалды. Бұлшықеттерінің әлсіздігі тез арада қолдарына жайылып, дауысы өзгеріп, жұтынуы киындай басталды. Зерттеу кезінде: тетрапарез, терең рефлекстерінің жойылуы, гипалгезия «шұлық» және «қолғап» түрінде, Ласег симптомы анықталады. Дисфагия, дисфония. Жұтыну рефлекстің жойылуы. Сіздің емдеу тактикаңыз:

А) Трентал

B) Финлепсин

C) Мильгамма

+D) Плазмаферез

E) Аскорбиновая кислота

$$$121

20 жастағы науқас әйел. Ауруы жедел түрде басталған, босанғаннан кейін оң жаққа қараған кезде қосарлану (диплопия) пайда болды. Диплопия екі аптадан кейін регрессияланған. Бір жылдан соң жүрген кезде теңселу, аяғында әлсіздік пайда болып, дизартрия байқалды. Объективті түрде қарағанда: эйфория, горизонталды нистагм. Құрсақ рефлекстері жойылған. Төменгі спастикалық парапарез. Бабинский симптомы екі жағынан анықталады. Саусақ-мұрын сынамасында интенционды діріл және теңселу, дисдиадохокинез, дисметрия байқалады. Ромберг сынамасында теңселеді. Несеп шығаруында императивтік білінуі (позыв) бар. Ең маңызды параклиникалық зерттеуді тағайындаңыз:

А) Бас сүйектерінің рентгенографиясы

+B) Бас мидың МРТ-сы

C) қанның жалпы анализі

D) Бас ми қан тамырларының УДДГ-сы

E) Электромиография

$$$122

Науқас психиатриялық стационарда бола тұра, кеше «Марсқа ұшқанын» еске түсіреді. Науқаста еске сақтаудың қай бұзылысы?

A) Криптомнезия

B) Псевдореминисценция

C) Амнезия

+D) Конфабуляция

E) Экмнезия

$$$123

Вуайеризм дегеніміз не?

+A) Подглядывание Сығалап қарау

B) Анасына жыныстық құмарлық

C) Қарама-қарсы жыныстын киімін кию

D) Қоғамның жерде шешіну

E) Әкесіне жыныстық құмарлық

$$$124

Науқас үнемі дәкелік байламмен жүреді, қолғабын шешпейді,күніне бірнеше рет душқа түседі, әр сағат сайын қолын сабындап жуады, лас беткейлерге жақындамауға тырысады. Бұл:

A) Танатофобия

+B) Мизофобия

C) Эритрофобия

D) Орнитофобия

E) Андрофобия

$$$125

Нейролептиктерді қолданғаннан болатын клиникалық эффекті көрсетіңіз:

A) Стимуляциялаушы эффект

B) Седативті эффект

+C) Антипсихотикалық эффект

D) Эйфориялық эффект

E) Таңдаулы эффект

$$$126

Көңіл-күйдің түсуі, сенестопатия, өз ауруының ауырлығын асыра бағалау. Аталған шағымдар қандай синдромға тән:

A) Параноидты

+B) Ипохондриялық

C) Депрессивті

D) Психосенсорлы

E) Сенестопатиялық

$$$127

Науқас, 58 жаста. Церебральды атеросклерозға байланысты емделуде. Көңіл-күйі үнемі түсінкі, қозғыш, көңілі толмайды. Тез ашуланады, кез-келген нәрсеге айқайлайды, одан соң жылайды, кешірім сұрайды. Дұрыс синдромды тандаңыз:

A) Психопаттәрізді

B) Астеникалық

C) Истериялық

D) Пароксизмальді

+E) Дистимиялық

$$$128

Науқасты қарау кезінде қозғыш, бір орында отыра алмайды, көп сөзді, есту галлюцинациялары байқалады, аузынан алкоголь иісі бар. Алкогольдік қозғыштықты емдегенде не қолданылады?

A) Кофеин

B) Соли лития

+C) Тизерцин

D) Пирацетам

E) Адреналин

$$$129

Төменде көрсетілгеннің қайсысы реактивті галлюциноз белгісіне тән:

+A) Психиканы жарақаттаушы жағдайды көрсетеді

B) Сананың бұлынғырланумен сипатталады

C) Наркотикалық заттарды қабылдағаннан екйін пайда болады

D) Алкогольды қабылдағаннан кейін пайда болады

E) Интеллект пен мнестиканын томендеуімен сипатталады

$$$130

Невроздық күйде қандай дәрілік препараттар қолданылады:

A) Нейролептиктер

B) Антидепрессанттар

C) Психостимуляторлар

+D) Транквилизаторлар

E) Атипиялық нейролептиктер

$$$131

Науқас, 16 жас, психиатриялық аурухананың қабылдау бөлімшесіне түсті. қарау кезінде: психомоторлы қозған, тентек, қырсығады, айналасындағыларға түкіреді, ата-анасына қастықпен қарауда, ойлауы бұзылған, эмоциональді тұрақсыз. Ата-анасының сөзі бойынша мектепке баруды қойған, бұрынғы істеріне қызығушылығы қалған. Сіздің диагнозыңыз:

A) Реккурентті шизофрения

B) Ұстама тәрізді шизофрения

C) Жәй дамушы шизофрения

+D) Гебефреникалық шизофрения

E) Параноидті шизофрения

$$$132

Науқас наркологиялық диспансерге опийлік заттарды қолданған деген күдікпен түсті. Опийн абстиненциясын қандай заттың көмегімен экпресс-әдіс арқылы анықтайды:

A) Метадон

B) Бупренорфин

C) Лево-альфаацетилметадил

+D) Налоксон

E) Трамадол

$$$133

Созылмалы алкоголизммен ауыратын науқаста емнен кейін 3 айдан соң алкогольге құмартушылығы пайда болған,жағдайы нашарлаған. Сүйемелдеу терапиясын тағайындаңыз:

A) Аминазин 300 мг/тәу-дейін

B) Амитриптилин 150 мг/тәу-дейін

C) Галоперидола деканоат

+D) Трихопол, инсулиннің аз мөлшері

E) Седуксен, сульфат магния

$$$134

Варикоцеле кезінде қандай операция қолданылады:

А) Гросс операциясы

В) Дюамель, Свенсон операциясы

+С) Иванисевич, Полома операциясы

D) Соаве операциясы

Е) Вердкейм операцияс

$$$135

Қандай жағдайда қысылған шап жарығында консервативті ем жүргізілуі мүмкін:

+А) алғашқы 12 сағ.

В) алғашқы 24 сағ

С) алғашқы 24-36 сағ

D) консервативті ем кез-келген уақытта қарсы көрсеткіш

Е) консервативті ем уақытқа байланысты емес

$$$136

Бір жасар балада кіндік жарығы. Ақау 0,5см құрайды. Жалпы жағдайы өзгеріссіз, қандай тағайындау жасалады:

А) жедел оперативтік шара

В) жоспарлы түрде операция жасау

С) динамикалық бақылау

D) массаж, іш қабырғасының алдыңғы қабырғасын қатайту

+Е) массаж, іш қабырғасының алдыңғы қабырғасын қатайту, іш қатудың алдын алу. Кіндік сақинасына лейкопластермен тарту

$$$137

Үй жағдайында сырқатты дәрігер қарағандағы - шағымы: ішінің ауырсынуы, оң жақ бүйіріне берілуі, құсқысы келіп лоқсуы. Басқанда Пти үшбұрыштығында оңжағынан ауырсынады. Іш пердеден тыс орналасқан құрт тәрізді соқыр ішектің өсіндісінің қабынуын көрсететін қандай симптомы ?

+А) Ауре-Розанова симптомы;

В)Ситковского- Ровзинга симптомы;

С) Образцова симптомы;

Д)Бартомье-Михельсона симптомы;

Е) Менделя симптомы.

$$$138

Емханаға 72жастағы науқасты туыстары іш ауырсынуына, үлкен дәрет және жел шықпауына байланысты алып келді. Айтуы бойынша түнде ауырған екен, телефонның істен шығуына байланысты жедел жәрдем бригадасын шақыра алмаған. Анамнезінде: науқасқа 2,5 жыл бұрын іштің жабық жарақатына байланысты операция жасалған. Объективті: іштің орта сызығында отадан кейінгі тыртық, қатайған, біріншілік дәрежемен жазылған, терісі өзгермеген. Тілі қою қоңыр жабылғылы, құрғақ. Іш көлемі ұлғайған, ассиметрия байқалады. Тэвенар, Шимане-Дансе, Скляров, Кивуля және Мондор смптомдары оң мәнді. Дәрігер тағы қандай симптомға негізделіп «ішек өткізеушілігі»диагнозын қойды?

A) Шимане-Дансе симптомы;

В) Мондора симптомы;

+C) Валь симптомы;

D) Кивуль симптомы;

E) Тэвенар симптомы.

$$$139

Жаңа босанған әйелге консультацияға урологті шақырады. Науқастың шағымы зәрге отыра алмайды, жиі шыққысы келеді , зәрі шығарда қиналады, өте ашиды. Сырқаттанып қалған себебін катетермен зәр шығарғаннан көреді. Уролог қандай диагноз қойды?

А) уретраның полипі;

В) цисталгия;

С) уретрит;

+D) цистит;

Е)қуықтың обыр ауруы.

$$$140

Науқас Д. 45 жастағы ер адам ЖТД үйге шақырды. Сырқат хирург кабинетінде аяқтың созылмалы тромбофлебитімен «Д» есепте тұрады екен, сол себептен хирургпен бірге қаралды. Шағымдары науқастың: іштің ауырсынуы, кебуі, ішінен жел мен нәжістің шықпауы. Науқастың айтуы бойынша танертен тік ішектен «малина» түсті қан аралас бөлініс болған. Объективті: науқастың тілі ақ жамылғымен жабылған, пальпация кезінде іші кебінкі Щеткин-Блюмберг, Мендель және кернеу симптомдары оңынан. Хирург ішек өткізбеушілігіне күмәнданып ректальды қарағанда «малиновое желе» көрінді. Аускультацияда «тамған тамшы» және « су-ауасы көпіршік болып жарылуы» симптомы оң мәнді. Іші беткей пальпация кезінде ауырсынады. Протромбин индексі 120, қанның ұюы 2 минутқа ұзарған. Қандай ауруға осы белгілер тән?

A) Өттің тас ауруы;

B) Жедел ішек өткізбеушілігі;

+C) Мезентериальды тромбоз;

D) Вирсунг өзегінің тас ауруы;

E) Ішек обыры.

$$$141

Емханаға келген ер жынысты науқастың шағымы ішінің оңжағынан ауырсынуы, ол шапқа, ұмаға және оң жақ бүйірге беріледі. Ішін қарағанда сырқаттың кернеулі көрінді, сипап қарағанда оң жақ мықындықтан және басқан мезгілде оң төменгі несеп бөлінетін жолындағы нүктеде ауырсыну бар. Зәр анализы қабыну көрсеткіші күмәнді. Оң жақ бүйірден қағатын симптомын тексергенде - ауырсынуы бар. Аппендицит пен оң жақ бүйрек шаншуынан немесе несеп жолдарының нефролитиазис диагнозын ажырату үшін қандай зерттеу керек?

А)Бүйректі УЗИ зерттеу;

В)Қан мен зәрді талдау;

С) Бүйректі пальпациялап қарау;

Д)Науқасты тік ішек арқылы зерттеу;

+Е)Хромоцистоскопия жасау.

$$$142

50 жастағы әйелде 4 күн бұрын механикалық сарғаюға байланысты холецистэктомия жалпы өт жолы дренаждауымен отасы жасалған. Операциядан кейінгі диагнозы: жедел калькулезді холецистит. Отадан кейінгі уақытта кенеттен сарғаю және оң жақ қабырға астылық ауырсыну пайда болды. Тері жамылғысы шым сары түстес. Клизма арқылы алынған нәжісі ақ түсті көрінді. Зәрі қаралтым. Өт қабы және холедохтағы дренажды түтіктен бөліністер аз, өт аралас. АҚ - 110/70 мм. с. б., пульс – 90 рет минутіне, тыныс жиілігі - 30 рет минутіне, субфебрилитет. ЭКГ-де – синусты ырғақ, аздаған тахикардия, ЭОС-тың қалыпты орналасуы. Қан анализінде – сол жаққа ығысқан лейкоцитоз. УДЗ: холедохта және Фатеров емізікшесінде тас анықталады. Қайталамалы сарғаюдың не себеп?

A) Қақпа венасының тромбозы

+B) Резидуальді тас;

C) Бауырастылық абсцесс;

D) Іріңді холангит;

E) Басты бөлшектік панкреатит.

$$$143

Емханаға окулистеке науқас келді.Бірақ окулист болмауына байланысты медтіркеуші оны ЖТД-ге жіберді.Науқастың айтуы бойынша оң жақ көзіне жарақат алған ( бас киімін киіп жатқан кезде бауы тиіп кеткен ). Гиперемия, көзінің ісінуі ,жас алуды пайда болған. Саусақтық тексеру кезінде көруі нашарлаған, асқынбаған, жарақаттан кейінгі енбеген кератит болжам диагнозы қойылды. Осы аурудың емдеу әдісі ? А) Хирургиялық; В) Консервативті; +С) Физиотерапиялық; Д) Санаторлы-курортты; Е)  Сәулелік терапиясы.

$$$144

Науқас Б.49 жастағы әйел адам СВА- ға келіп айтты: нәжіске отырғанда ауырсыну, қызуы көтерілтіндігін шағымдайды. Анамнезі бойынша акт дефекацияның алдында қан көрінеді, бірақ та нәжіс араласпаған. Осы ауруға әкелген жағдай командировка жұмысынан іш қату болды. Өздігінен емделіп жүреді екен. Тік ішектің сыртқы бетінен қарағанда анус жиегінің төменгі жағында тері қызарған, тері астылық бүлкілдек(флюктуация), әрі жергілікті қызуы бар. Және де ауырсыну басқанда күшейіп кетеді. Осы науқастың диагнозы беткей теріастылық парапроктит деп қойдыңыз, қандай ем қолдану дұрыс?

A) Консервативті ем;

B) Физиоемі;

C) +Тіліп, ірің шығару емі;

D) Халық медицина емі;

E) Новокаин блокадасы.

$$$145

Травмпунктке 75 жасар науқас оң жақ балтырдың ауырсынуына шағымданып келді.Анамнезінде жарақатты 40 минут бұрын үйінде орындыққа сүрініп құлап алған. Жедел жәрдем шақыртып ауырсынуды наркотикалық емес жансыздандыру жасады. Бұрын сондай жарақат алмаған. Объективті:жергілікті оң балтырдың төменгі 3/1 бөлігінде ауырсыну, деформация, крепитация, үлкен жіліншік сүйектің қозғалысының болмауы, өкше табан буынының ісінуі. Оң жақ аяқтың төменгі бөлігінің қызметінің бұзылысы байқалады. Табан артериясының пульсі сақталған. Рентгенограммада диагноз верифицирленген, үлкен жіліншік сүйектің төменгі 3/1 бөлігінің қиғаш сынығы. Травмвтологиялық бөлімшеге жіберер алдында балтыр сүйегінің сынығында қай бөлікке транспорттық иммобилизация жасалады?

+А) Саусақ – санның жоғарғы 3/1 бөлігінде;

В) Саусақ – тізе буыны;

С) Сабан – жамбас буыны;

Д) Табан – санның жоғарғы 3/1 бөлігі;

Е) Саусақ - тізе буыны.

$$$146

Қынап арқылы зерттеуде: жатыр мойны тегіс, толық ашылған, қағанағы жоқ, ұрық басымен келуі, кіші жамбасқа тіреліп тұр. Пальпациялағанда мұрны, аузы және иегі анықталады, сегізкөзге қараған. Бет сызығы сол қиғаш өлшемде. Босану ісігі иекте орналасқан. Орналасудың қандай түрі ?

А. шүйдемен;

В. бетпен;

С. маңдаймен;

+D. алдыңғы баспен.

Е. бөксемен

$$$147

Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауындағы қан кетудің ерекшелігі:

A. Әрдайым сыртқы

B. Тыныш күйде, жиі түнде

C. Әрдайым ауырсынусыз

+D. Жиі ішкі, сыртқы-ішкі

E. Көп, сыртқы

$$$148

Кесар тілігі операциясынан кейінгі 5 тәулік. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38°С, пульсі 100 рет минутына. Іші керілген. Іштің төменгі аймағындағы ауырсыну. УДЗ-да іште сұйықтық, жатырдағы тігіс аймағында «қуыс» белгілері анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

A. Эндометрит

B. Параметрит

+C. Перитонит

D. Метрит

E. Жатырға қосымша тігіс салу

$$$149

38 жастағы науқас 12 күннен бері жыныс жолдарынан қан кетуіне байланысты гинекологқа келді. Тексеру кезінде жатыр мойнының патологиясы анықталған жоқ. Жатырдың көлемі мен консистенциясы қалыпты, қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Болжам диагноз:

A. Жатыр миомасы

+B. Жатырдан дисфункциональды қан кету

C. Кілегей асты туылатын түйін

D. Өзіндік түсік

E. Аденомиоз

$$$150

Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауырсынады. Науқаста қандай аменорея байқалады?

А. физиологиялық

В. шынайы біріншілік

С. шынайы екіншілік

+D. жалған біріншілік

Е. жалған екіншілік

$$$151

27 жастағы науқас әйелдер консультациясына біріншілік бедеулікке шағымданып келді. Айнамен қарағанда: жатыр мойнында көкшіл түсті көздер анықталды, 3-4 дана көлемі 2-3 см. УДЗ-да:оң аналық бездің кистасы анықталды, көлемі 4-5 см, біртекті емес. Түзілістің перифериясында аналық без тінінің өзгермегені анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А. Эндометриоз. Сары денешіктің кистасы

B. Аналық бездің поликистозы, Жатыр мойнының эндометриозы

+C.Сыртқы генитальды эндометриоз, оң аналық безінің эндометриозды кистасы

D. Оң аналық безінің фолликулярлы кистасы

E. Жатыр мойнының рак алды ауруы, аналық безінің серозды кистасы

$$$152

Түтіктік жүктіліктің үзілуіне байланысты операция жасау кезінде аналық безде түзіліс анықталды 4-5 см, бір камералы, сырты тегіс, сары түсті. Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз:

А. Түтіктік жүктілік, хорионэпителиома. Қосалқыларымен бірге гистероэктомияға көрсеткіш

B. Түтіктік жүктілік, жай серозды кистома. Зақымдалған жағына аднексэктомия жасау.

+C. Түтіктік жүктілік, сары денешік кистасы. Кистаны алуға көрсеткіш жоқ.

D. Түтіктік жүктілік, сары денешік кистасы. Тубэктомияға және цистэктомияға көрсеткіш.

E. Түтіктік жүктілік, аналық без кистасы. Аднексэктомия және үлкен шарбымай резекциясына көрсеткіш.

$$$153

Науқас 31 жаста, ауырсынуға, 9 күнге дейін келетін етеккірге шағымданады. Циклдың 10 күні келіп қаралды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Бөлінділер қоңыр түсті, аз. PV: жатыр көлемі қалыптыдан жоғары. Қозғалысы шектелген, жатыр қосалқылары анықталмайды,күмбездер бос, терең. Етеккір алдында қайта қарағанда: жатыр 7-8 апталық жүктілікке сай.

Сіздің диагнозыңыз?

А. жатырдас тыс жүктілік.

В. жатыр миомасы.

+С. аденомиоз.

D. эндометрит.

Е. жатырлық жүктілік

$$$154

Жүкті әйел 36 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі керіп тұрған тәрізді ауру сезіміне, аздаған қанды бөліндіге шағымданып келіп түсті. Объективті жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаты әдеттегі түстес. АҚҚ 90/50 мм с.б.б. Пульсі 100 рет минутына. Аяқтарында ісінулер бар, зәріндегі белок деңгейі - 1,5 г/л; жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғайған, қатайған, нәрестенің ұсақ бөліктері пальпацияланбайды. Диагноз қойыңыз:

А. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі.

В. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Плацентаның жатуы.

+С. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия орташа дәрежесі.

D. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Көпсулық. Нәрестенің антенаталдық өлімі..

Е. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия ауыр дәрежесі.

$$$155

Босанушы 24жаста патологиясы палатасына 38 апталық жүктілікпен түсті. Дене салмағы-70кг, бойы - 160 см. Іш айналымы 110 см,жатыр түбінің биіктігі-45см. Жатыр қалыпты тонуста, 3 ірі бөлімдер анықталды, көбісі кішкентай бөлімдер. Сіздің диагнозыңыз?

А. Жүктілік 38 апта.Ірі көлемді ұрық

В. Жүктілік 38 апта. Көп сулы.

С. Жүктілік 38 апта.семіздік.

+D. Жүктілік 38 апта.көп ұрықты.

Е. Жүктілік 38 апта.Жатыр миомасы

$$$156

Жедел жәрдем машинасымен жүкті әйел келді.Әйелдер кеңес орталғында болмаған ,бас ауруына,көрудің нашарлауына,құсуға шағымданады. АҚҚ- 180/120 мм.с.б.Төменгі бөлімдерде айқын ісік.Тексеру барысында ұстамалар болды.Сіздің диагноз?

А. ауыр дәрежелі нефропатия

В. преэклампсия

+С. эклампсия

D. гипертониялық ауру

Е. эпилепсия

$$$157

Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . Ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшеміндей, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімінсіз. Дұрыс диагноз таңдаңыз?

А. аналық без ісігі

В. жатыр миомасы

+С. қыздық перденің атрезиясы

D. хорионкарцинома

$$$158

22 жасар К.Гинекология бөліміне етеккірдің 2,5айға кідірунен кейін қан кетумен тусті.Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қысқарған,мойын өзегі 2 саусақ өткізеді.Жатыр жүктіліктің 6-7 аптасына үлкейген,жұмсақ.Қосалқы бөліктер анықталмайды диагноз қойыңыз:

+А. Жүктілік 8-9 апта.Жартылай түсік.

В. Жүктілік 6-7 апта.Басталған түсік.

С. Жүктілік 6-7 апта.Түсік қаупі.

D. Жүктілік 8-9 апта.Толық түсік.

Е. Жүктілік 6-7 апта.Жартылай түсік.

$$$159

Жүкті әйел, жүктілік мерзімінің 30 аптасында жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып келді. Анамнезінен: жүктілігі – 4, алда бірінші босануы түр, жыныс жолдарынан қанды бөліністер осыған дейін де жүктіліктің 21 және 27 апталарында болған. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

А. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бүрын ажырауы

+B. Плацентаның төмен орналасуы

C. Жатыр жыртылуы

D. Аралықтың жыртылуы

E .Сыртқы жыныс мүшелерінің варикозды кеңеюі

$$$160

Жүкті әйел 28 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінен: созылмалы пиелонефрит ремиссия сатысында, асқынусыз 2 рет жедел босану. Осы жүктілігі үшінші, 34-35 аптада преэклампсияның жеңіл дәрежесімен асқынды. Осы жүктілігі қандай қауіп қатер тобына жатады:

А. төмен

+В. орташа

С. жоғары

D. жеңіл

Е. ауыр

$$$161

Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімді. Дұрыс ем тағайындаңыз?

А. оперативті ем- аналық без ісігін алып тастау

В. консервативті ем

С. оперативті ем- жатырдың қосалқыларымен бірге қынап үстілік ампутациясы

+D. қыздық пердені крест тәрізді жару

Е. лапаротомия, іш пердені ашқан сәтте оперативті ем көлемін анықтау

$$$162

Қайта босанушы,жүктілік мерзімі 32апта,патология бөліміне түсті,ұрықтың көлденең орналасуы,іштің төмен тартып ауырсынуына шағымданады.Ұрық соғысы анық,ырғақты,жүрек соғысы 140рет/мин.Қынаптық тексеру:жатыр мойны аз ғана қысқарған,цервикальды өзек саусақ ұшын ғана өткізетін,келуі бөлімі анықталмайды.Акушерлік тактика:

А. кесар тілігі

+В. сыртқы ұрық айналымы

С. жүктілікті сақтап қалуға арналған шаралар

D. ұрықты сыртқы-ішкі айналым арқылы және экстракция арқылы босандыру

Е. амниотомия

$$$163

Әйелдер кеңесіне алғашқы рет аяғы ауыр әйел ішіндегі нәрестесінің әлсіз қозғалысына шағымданып келді. Жүктілік уақыты — 35-36 апта, жатыр түбі кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің арасында,ұрықтың жүрек соғуы тынық, ритмді, аяқтарында ісік, қосқан салмақы - 10 кг.Қандай зерттеу әдісі ең қолайлы?

А. гормональды зерттеу әдісі ( эстриолды анықтау);

В. функциональды пробалармен қосарланған кардиотахография;

+С. сыртқы акушерлік зерттеу әдісі;

D. УДЗ;

Е. КТГ.

$$$164

23 жасар бірінші босанушы босану үйіне үйінде ұстаған эклампсия ұстамасынан соң келіп түсті. Жүктілік — 37-38 апта,жағдайы ауыр, АҚҚ - 150/100 мм рт. ст., пульс - 98 рет/мин. Аяғында айқын ісік, санасы тежелген. Жүктіге көмек көрсету түрін таңдаңыз:

А. қолданылатын ем нәтижесінде жүктілікті сақтау

В. Тез арада кесарева тілігіне алу

С. 2-3 күн бойы қосарланған интенсивті терапия алу

D. интенсивті терапия фонында жедел кесар тілігі операциясын жасау

+Е. босануды қоздыру және акушерлік қысқыштарды қолдану

$$$165

Жүкті әйел 32 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінде біріншілік бедеулік 6 жыл бойы. Зерттеу кезінде созылмалы арнайы инфекциялар анықталды- ЦМВ, ВПГ, токсоплазмоз. Осы жүктілікте нәрестеде қандай асқынулар болуы мүмкін?

+А. нәресте даму ақауы

В. ірі нәресте

С. изосерологиялық сәйкессіздік

D. нәрестенің көлденең жатуы

Е. нәрестенің жамбаспен жатуы

$$$166

Алғаш босанушы 22 жаста босанғаннан кейін 3 күні аралықтағы тігісте ауырсыну мен қышу пайда болған. Жүктілік кезінде кандидозды кольпит, босану уақытының ұзаруы, аралықтың 1 дәрежелі жыртылуы болған. Нәрестенің салмағы 3800,0 гр. Дәрігерлік қарау кезінде тігіс аймағы ісінген, іріңді бөліністер бар, тігіс қиылған. Дәрігер қандай ем тағайындау керек ?

A. Жараны өңдеу, екіншілік тігіс салу.

B. Антибиотиктер тағайындау

C. Инфузионды терапия, иммундыкорректорлар

+D. Тігісті алып тастап, іріңді жараларды емдеу принципін қолдану

E. Құрамында антибиотиктері бар мазьдарды қолдану

$$$167

Жүкті әйел ауыр жағдайда жеткізілді. Осы жүктілігі -5ші. Алғашқы екеуі мерзімімен босанумен аяқталды, 3-шісі кесар тілігі операциясы арқылы, операциядан кейін екі апта дене температурасы көтерілді, 4-жі жүктілігі жасанды түсік арқылы үзілген. Таңертең төсекте бүйіріне қарай аунағанда, кенеттен іштегі ауру сезімін байқады, әлсіздік, нәесте қимылын сезбейді. Объективті қарағанда: пульсі минутына 120 ерт. АҚҚ -90/50 мм с.б.б, мұздай тер басқан, апатипті. Жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғйаған, пальпация кезінде ауру сезімді, әсіресе төменгі сегмент аймағында. Нәрестенің жатуы ұзынша, басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соығысы тыңдалынбайды. Құрсақ қабырғасы арқылы нәрестенің ұсақ бөлшектері пальпацияланады. Қаныптан көп емес қанды бөлінділер бөлініп жатыр.

Емдеу тактикасын таңдаңыз:

+А. наркоз беру, гемотрансфузияны бастау, лапаротомия жасау

В. диагнозды дәлледеу үшін УДЗ жүргізу

С. қан құю, ВГГК фонжасау, босандыру

D. спазмолитиктер, анальгетиктер енгізу, қан құю және бақылауды жалғастыру

Е. Кесар тілігін шұғыл бастау

$$$168

19 жас алғашқы босанушыда мерзімінде босану болды . Анамнезінде – 2 медициналық аборт. 3 кезең активті жүргізілді: нәресте туылғаннан кейін 1 минуттың соңында бұлшық етке 10Ед окситоцин жасалды. Жатыр жиырылған кезде акушерка сол қолымен жатыр түбіне қысым жасап тұрып бір уақытта кіндік бауын тартты. Босанушының жағдайы кенет нашарлап кетті, есінен танып қалды, лоқсу, іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну пайда болды. АҚҚ – 90\50-95\55 мм.с.б.б. Пульс жиілігі – 100 рет минутына . Іш аймағын пальпациялағанда іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну, бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды, жатыр қасаға үстінде анықталмайды. Кіші жамбас қуысына кіреберіс жерде шұңғыма тәрізді қуыс пальпацияда қатты ауырсынады, жамбас қусына өтеді. Жыныс жолдарында жұмсақ консистенциялы домалақ, қызыл-күлгін түсті түзіліс анықталады. Ілініп тұрған түзілістің орталық бөлігіне плацента жабысып тұр, ұрық қабымен қапталған. Босанудың асқынуын ата және ол неден болды:

A.Босану тез болғандықтан жатырдың толық жыртылуы

B.Акушерлік анамнезі ауыр – жатырдың жартылай жыртылуының қауіп факторы

+C. Жатырға контрқысым дұрыс жасалмағандықтан жатыры айналып кетті

D. Босану кезінде құрсақішілік қысымның жоғарылауына байланысты жатыры түсіп кетті

E. Бұрын анықталмаған қынап кистасы

$$$169

Босанушы 26 жаста, екінші жүктілік. Бірінші жүктілік жедел босанумен болған, босанудан кейін эндометрит болған.Толғақ қысқа, әлсіз. Жыныс жолдарынан белгілі мөлшердегі қанаралас бөліністермен келді. Кіші жамбасқа басымен келуі. Ұрықтың жүрек соғысы 140рет/мин. Қынаптық тексеру барысында:жатыр мойны 4см ашылған, ұрық жолдасының шеті көрінеді.Ұрықтың суы бүтін. Қан аралас бөлініс жеткілікті. Не істейміз?

А. босануды консервативті жүргізу

+В. ұрық шарын ашу

С. кесар тілігі отасына кірісу

D. босану барысын жылдамдату

Е. спазмолитиктер енгізу

$$$170

26 жастағы науқас етеккірге дейінгі 5 күнде жағдайының нашарлауына шағымданады, дене салмағының қосылуына, сүт бездерінің ауырсыну сезіміне, тітіркенгіштігіне, көңіл күйінің болмауына, бас ауруына. Етеккір басталысымен жоғарыдағыдай шағымдар жойылады. Гинекологиялық тексеру кезінде патологиялық өзгерістер жоқ. Бұл жағдайдың туындауына тікелей әсер ететін гормон

А. Эстрогендер

В. Андрогендер

С. Глюкокортикоидтар

+D. Прогестерон.

Е. Эстрадиол

$$$171

Перзентханаға алғаш босанушы әйел келіп түсті, 19 жаста, іштің төменгі бөлігінде керіп тұрғандай ауру сезіміне шағымданады. Босанудың басталғанына 12 сағат, сусыз кезең 4 сағат болған. Жамбас өлшемдері: 25-28-31-17 см. Пульсі минутына 96 рет, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.б мерзімі жеткен жүктілік, нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген. Жатырдың төменгі сегменті ауру сезімді, контракциялық сақина кіндік деңгейінде. Нәрестенің жүрек соғысы 10 рет минутына, аритмиялық, тұйықталған. Күшенулер бірінің артынан бірі болып жатыр. PV: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген, жебе тәрізді жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын. Мүйіске қол жетеді. Диагоналдық коньюгата 11,5 см.

Қажетті емдеу әдістерін таңдаңыз:

А. окситацинмен босануды ынталандыру

В. акушерлік қысқыш

С. нәрестенің вакуум- экстракциясы

+D. кесар тілігі

Е. нәрестені бөлшектеп алу

$$$172

Қандай емдеу мекемесінде факультативті қатерлі ісік алды аурулар диспансерлік есепте тұрады?

+А) Жалпы емдеу мекемелерінде (хирургта, терапевтте, гинекологта және басқа мамандарда)

В) сан – эпид. станциияда ( санитарлық дәрігерлерде)

С) Онкологиялық мекемеде (онкологта)

D) Туберкулезді диспансерде

Е) еңбекке жарамдылық және мүгедектер мекемесінде (МСЭК – ВТЭК)

$$$173

Онкологиялық оперативті ем кезінде аймақтық және футлялықты орындау мақсаты:

А) Антибластик орындалуы

+В) Абластикалық орындалуы

С) Хирургиялық қауіптіліктің орындалуы

D) Мүше қызметін максимальді сақтаушы операциялар

Е) Мүше қызметін минимальді сақтаушы операциялар

$$$174

Аяқтың ампутациясы деңгейін анықтау кезінде төменгі жағдайларды ескеру керек:

+А) Ісік локализациясы

В) Ісіктің морфологиялық құрылысы

С) Протездеуге қажетті қалдықты

D) Науқастың жасы

Е) Ддәрігер хирургтің тәжірибесін

$$$175

Науқас 35 жаста, сан аймағының артқы бетінде мелонома анықталады тері, асты клетчаткасынына өспеген және метастаз бермеген, көлемі 2 см. Қандай әдісті қолданған тиімді?

А) Жақынфокусты рентгенотерапия және операция

В) Қосарланған сәулелік терапия және химиотерапия

С) Химиотерапия, сонан соң операция

+D) Ісікті хирургиялық радикальді алып тастау және химиоиммунотерапия

Е) Тек химиотерапия

$$$176

Науқас 60 жаста, сигма ішектің толық бітелген қатерлі ісігі (ішік өткізбеушілігі), лапаратомия кезінде ісік көрші мүшелерге өспеген, метастаз жоқ. Емдеу әдісі?

А) Операцияны аяқтау

В) Сол жақты гемиколиэктомию

С) Айналмалы трансверзоректоанастомоз

+D) Гартман операциясы орындалады

Е) Колотомию және ісіктің электрокоагуляциясы

$$$177

Мына анықтама қандай гистологиялық вариантқа сәйкес келетінін көрсетіңіз «Лимфоидтық элементтер мен гистиоциттердің айқын пролиферациясымен сипатталады, Березовский-Штернберг клеткалары сирек кездеседі»

А) Аралас-клеткалы вариант

В) Түйінді-склероздық вариант

+С) Лимфогистиоцитарлық вариант

D) Лимфоидтық таусылу

Е) Ретикулярлық вариант

$$$0178

Өкпенің жоғарғы бөлігінің ісігі кезінде иықтық нерв талшықтарының ісікке қосарлана жүруі қандай неврологиялық симптоммен сипатталады:

А) Қол басының бұлшықеттерінің әлсіздігі

В) Қол басының және иық аймағының сезімталдығы

С) Синдром Горнера

+D) Барлық жауаптар дұрыс

Е) Дұрыс жауап жоқ

$$$179

Қандай диагностика әдістері жаралы тері меланомасын анықтауға мүмкіндік береді?

А) Меланомаға күмәнді ошақ пункциясы немесе патологиялық ошақтың инцизионды биопсиясы

+В) Радиоизотопты зерттеу

С) Термография

D) УЗИ

Е) Пальпация

$$$180

Өкпенің қатерлі ісігі жоғарғы қуыс венасына қосарлана өскен, бронхопульмональді лимфа түйіндерінде метастаздар анықталады қандай топқа жатқызасыз:

А) III а стадия

+В) III б стадия

С) IV а стадия

D) IV б стадия

Е) II б стадия

$$$181

Өкпенің қатерлі ісігі жоғарғы қуыс венасына қосарлана өскен, бронхопульмональді лимфа түйіндерінде метастаздар анықталады қандай топқа жатқызасыз:

А) III а стадия

+В) III б стадия

С) IV а стадия

D) IV б стадия

Е) II б стадия

$$$182

ЛГМ мен ауыратын науқастың мойын лимфа түйіндері үлкейген және профузды терлеу анықталады. Бұл сәйкес келеді:

А) Iа стадия

В) IIа стадия

+С) IIб стадия

D) IIIа стадия

Е) IIIб стадия

$$$183

Өкпенің қатерлі ісігі кезінде аймақтық лимфа түйіндері зақымдануы қалай аталады (классификацияға сәйкес):

А) Эндопульмональді, медиастинальді

+В) Бронхопульмональді, медиастинальді

С) Бұғана үстілік

D) Пульмональді, бронхопульмональді, бұғана үстілік

Е) Пульмональді, медиастинальді, бұғана үстілік

$$$184

Жұмсақ тіндердің саркомасы кезінде қандай емдеу әдісі тиімді?

А) Радиотерапия

В) Химиотерапия

С) Хирургиялық ем

+D) Комплексті ем

Е) Тормонотерапия

$$$185

Мына көрсетілген дерттердің қайсысы қатерлі лимфомаларға жатады:

А. лимфо-ретикулосаркома

В. лимфогранулематоз

+С. лимфосаркома

D. ретикулосаркома

Е. эозинофилді гранулема

$$$186

Өкпенің жергілікті және алғашқы симптомдарына төменгі көрсетілген қайсысы жатпайды:

А) Жжөтел

В) Қан түкіру

С) Көкірек тұсында ауырсыну

+D) Дене қызуының көтерілуі

Е) Дұрыс жауып жоқ

$$$187

Өңештің қатерлі ісігі кезіндегі тән белгілер:

+А) Сілекейдің шамадан тыс бөлінісі

В) Жүрек айну

С) Ықылық

D) Құсу

Е) Іш қату

$$$188

Туберкулинді сынамада гиперергия кезіндегі химиопрофилактика курсының ұзақтығы:

A) Изониазид (Н) 3 ай бойы бір реттік және А және В тобындағы поливитаминдермен бірге

+B) Изониазид (Н) + этамбутол (Е) 2 ай бойы бір реттік А және В тобындағы поливитаминдермен бірге

C) Изониазид (Н) 6 ай бойы және А, В тобындағы поливитаминдермен бірге

D) Изониазид (Н) + рифампицин (R) 3 ай бойы

E) Изониазид (Н) 2 ай бойы

$$$189

Алғашқы анықталған ТМБ+ туберкулезді науқастың интенсивті фазасы химиотерапиясында препараттар қосылысының ең биімді схемасы (категория I):

A) S + H (4 ай)

B) H + E (5 ай)

+C) H + R (4-7 ай)

D) H + R + E (8 ай)

E) H + R + Z (12 ай)

$$$190

Егер қақырықта ТМБ болмаса, онда инфильтративті туберкулезді және бейарнамалы пневмонияны ажырату анықтамада аурудың этиологиясын анықтауға неғұрлым көп мүмкіндік беретін келесі:

A) Бактерия бөлушімен анамнезінде қатынас

B) Объективті мәліметтер

C) Зақымдалудың орналасуы

D) Жалпы қан анализі

+E) Қабыну өзгерістерінің сіңу жылдамдығы

$$$191

34 жастағы науқас Т., жедел ауырған: кенеттен температурасы 38,5°С дейін көтеріліп, қалтырап, қатты терлеп, кеуде клеткасының сол жағы ауырып, демалғанда ентігіп, сырқаттанған. 4 ай бойы әлсіздіктің өршуі, дене салмағының 12 кг дейін төмендеп кетуі байқалады. 3 жыл бұрын бас бостандығынан айырылып, сол жерде туберкулез науқастарымен контакта болған. Артқы оң жақ жауырын үштігі ортасында және алдында ІІІ қабырғаға дейін перкуторлы қысқару дыбысы естіледі. Аускультативті көптеген ылғалды сырылдар. Гемограммада: Нв-102 г/л, Эр.-4,1×1012 г/л; Цв.п.-0,75; L-11,8×109 г/л, э-8, п/я-52, с/я-21, л-8, м-12, СОЭ-54 мм/сағ. ТМБ микроскопия әдісімен (3+) табылған. Манту 2 ТБ сынамасы–теріс. Жалпы шолу рентгенограммасында гомогенді емес орташа және жоғары қаттылықтағы оң жақ өкпенің тұтас инфильтрациясы, оның ішінде толып жатқан ұсақ және орташа ыдырау қуыстары көрінеді. Алынған мәліметтердің негізінде қандай диагноз қоюға болады?

A) Бронхоэктаз ауруы

B) Обырдың (рак) өкпе қуысты формасы

C) Абсцесті (іріңдік) пневмония

+D) Казеозды пневмония

E) Силикоз

$$$192

11 жасар Г. ТҚД стационарына әлсіздік, тез шаршау, жүдеу, субфебрилді температура шағымдарымен түскен. Анамнезі: туберкулезбен ауыратын туысқанымен контактта болу себебімен тексерілген. Манту 2 ТБ сынамасы – 15 мм. Асқазан шаймасынан ТМБ табылмаған. Кеуде клеткасы жалпы шолу рентгенограммасында: сол жақ өкпесінің түбір дағы кеңейген, деформацияланған, сыртқы контуры тегіс емес жайылма, жоғарғы бөлігінде диаметрі 1,5×2,5 см, орташа интенсивті, бір текті контуры жайылған, фокусты дақ көрінеді. Осы мәліметтер бойынша қандай диагноз қоюға болады?

A) Кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезі

+B) Алғашқы туберкулез комплексі

C) Түйінді өкпе туберкулезі

D) Өкпе туберкулемасы

E) Фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі

$$$193

Клиникалық симптомокомплексі неге неғұрлым сәйкес: кенеттен кеуде шаншуы, үдемелі ентігу, көгеру, өкпеде қорапты перкуторлық дыбыс, өте әлсіз тыныс?

A) Пневмония

B) Плеврит

+C) Спонтанды пневмоторакс

D) Миокардтың инфаркті

E) Қабырға аралық невралгия

$$$194

Деструктивті туберкулезді абсцестен ажырату анықтау кезінде ем жүргізу тиімді:

A) Саңырауқұлақтарға қарсы препараттармен

+B) Кең спектрлі әсерімен антибиотиктермен

C) Туберкулезге қарсы препараттармен

D) Жүрек гликозидтерімен

E) Ұлануға қарсы дәрілермен

$$$195

19 жастағы науқас Ж. Дене ыстығы 38°С дейін көтеріліп жедел сырқаттанған. Шағымы – кілегейлі іріңді сипаттағы қақырықты жөтел, терең дем алғанда кеуде клеткасының оң жағындағы ауырсыну, әлсіздік, тершеңдік. Стационар жағдайында тексерген кезде тері жамылғысы әдеттегі ылғалды және түсі өзгермеген. Аускультативті: везикулярлы тыныс, оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды сырыл естіледі. Перкуторлы: өкпе дыбысы тұйықталған зақым жерінде. СОЭ – 18 мм/сағ. Манту 2 ТБ сынамасы – 9 мм. Микроскопияда ТМБ табылмаған. Рентген орташа интенсивтілікті, гомогенді емес, контуры айқындалмаған диаметрі 4 см оң өкпенің төменгі бөлігіндегі қараю анықталады оның ішінде жарықтану көрінеді. Науқаста диагностикалық фибробронхоскопия жасалынған: сол жақ бронх қалыпты жағдайда, оң жағы – төменгі бөлікті бронхта кілегейлі-іріңді сипаттағы бөлінулер байқалады. Кілегейлі қабығы қызарған. Қолқаның жаймасуында ТМБ табылған. Клинико-рентгенологиялық бейнелеу негізінде болжам диагноз қойыңыз:

A) Абсцесті (іріңдік) пневмония

B) Бронхоэктаз ауруы

+C) Инфильтративті өкпе туберкулезі

D) Обырдың (рак) қуысты формасы

E) Солитарлы киста

$$$196

Шашыранды өкпе туберкулезі ыдырау фазасы БК+, науқасқа I категория бойынша ем жүргізілді. Изониазид тамырына 6% ертінді түрінде енгізілді. 3 есе аса препараттың дозасы қате жіберілгеніне байланысты, науқаста жеке бұлшық тобында сіреспе, сана сезімін қысқа мерзімге жоғалту пайда болды. Бірінші ретте жедел дәрігерлік көмек беруге сіздің нұсқауларыңыз:

A) Пирацетам тағайындау

B) Кардиостимуляторлар тағайындау

C) Реанимациялық бөлімшеге науқасты аудару

+D) 2,5 г дозада В6 витаминді тамырға жіберу

E) Миорелаксанттар жіберу және басқарулы тыныс алуға көшу

$$$197

Өкпенің милиарлы туберкулезі алғашқы анықталған науқасына DOTS I категориясымен ем басталды, бірақ 2 аптадан кейін токсикалық гепатиттің белгілері пайда болды. Науқасты әрі қарай емдеуінің тиімді нұсқасын алыңыз:

+A) Уақытша препараттарды тоқтату, гепатопротекторлар тағайындау

B) Этамбутолды қабылдауын тоқтату

C) Резервті препараттармен емдеуді бастау

D) DOTS II категориясына қайта тіркеу

E) Емді жалғастыру

$$$198

Емханада профилактикалық тексеруде кезінде лауазымды контингент жұмысшысы (босандыру бөлімінің медицина бикесі) флюорографиямен тексерілген, өкпеде өзгерістер жоқ деп қортынды берілді. 8 айдан кейін біртіндеп жағдайы нашарлау кезінде (интоксикациялық және кеуделік синдромдар белгісі білінді), сол емхананың дәрігеріне барды және флюорографиялық қайта тексеру кезінде: өкпеде сол жағында жоғарғы артқы сегментінде айқын емес ошақты-фиброзды өзгерістер, жанында сақина тәрізді тұйық 3 см дейін қараю байқалды, туберкулезге күдіктенді. Науқастың диагнозын дәлелдеуге фтизиатр-дәрігердің ең тиімді іс-әрекетін көрсетіңіз:

A) науқастың бұрынғы флюорограммасын қайта оқу

+B) өкпе томографиялық зерттеуі

C) тыныс алу мүшелерін рентгеноскопиялық зерттеу жүргізу

D) өкпе ангиографиясын тағайындау

E) өкпені компьютер томографиялық зерттеу жүргізу

$$$199

Бала 3 жаста туберкулезге қауіп тобынан. Туберкулезбен ауыратын атасымен қысқа уақыттық контактіде болған. Жұғылықты анықтау мақсатында 2 ТБ Манту сынамасы жүргізілген. Папула - 10 мм. БЦЖ тыртығы 5 мм. Алдыңғы 2 ТБ Манту сынама нәтижесі: 1 жаста - 6 мм, 2 жаста - 4 мм. Аймақтық жалпы дәрігердің жүргізу керек тактикасы?

+A) Өкпе R-графиясы, ЖКА, ЖЗА, фтизиатр кеңесі, химиопрофилактика

B) 3 реттік қақырық микроскопиясы, ЖҚА, ЖЗА, фтизиатр кеңесі

C) Өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі, химиопрофилактика

D) Қайталама Манту сынамасы, өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі

E) ЖҚА, ЖЗА, өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі, окулист

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделілігі }= 3

{Оқулық}= (Фтизиатрия, Перельман М.И, Корякин В.А. / аударған Т.Ә. Момынов, 2012 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$200

АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) Ас қорыту жүйенің зақымдалуы

+В) Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы

С) Тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы

Е) Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

$$$201

Доғашықтардың, таңдай кілігей қабатының гиперемиясы, цианозы, бірен-саран петехиялар. Қай ауруға осы арандағы белгілер тән?

А) Аденовирусты инфекция

В) Энтеровирусты инфекция

С) Парагрипп

+D) Грипп

Е) Риновирусты инфекция

$$$202

40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Аурудың ағымын бағалаңыз.

А) Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

В) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже

С) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже

D) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже

+Е) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

$$$203

20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы . Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады.

Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес?

А) 0 дәрежесіне

В) I дәрежесіне

+С) II дәрежесіне

D) III дәрежесіне

Е) IV дәрежесіне

$$$204

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Иерсиниоз

В) Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1

С) Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2

D) Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

+Е) Жедел бруцеллёз

$$$205

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

+А) Псевдотуберкулёз

В) Жәншау (Скарлатина)

С) Лептоспироз

D) Қызылша

Е) Листериоз

$$$206

35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған.

Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау.

Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

А) Дексаметазон

В) Цефтриаксон

С) Ацикловир

+D) Иммуноглобуллин

Е) Вакцина

$$$207

21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ.

Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.

ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%.

Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес?

+A) Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

B) Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л

C) Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л; ; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л

D) Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л

E) Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л

$$$208

25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39°С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген. Жанұйясында барлығы сау.

Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған.

Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады?

A) Серологиялық зерттеу

B) Паразитологиялық зерттеу

C) Биохимиялық зерттеу

D) Бактериологиялық зерттеу

+E) Копроцитологиялық зерттеу

$$$209

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы , көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.

Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин.

Бұл пациетті емдеу барысында қай тактика басқалардан көрі артығырақ?

А) Асқазан-ішекті жуып тазарту

В) Ауыз арқылы регидратация жүргізу

+С) Жасанды дем алдыру аппаратына қосу

D) К/т глюкокортикостероидтерді еңгізу

Е) Гемодиализді жүргізу

$$$210

55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған.

Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.

Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:

А) Бауырдың биохимиялық сынамасы

В) Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау

С) Несепті өт пигметтеріне зерттеу

D) Іш қуысы мүшелерінің КТ және УДЗ

+Е) Зонд арқылы өтті тексеруге алу

$$$211

16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б. Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?

А) Пенициллин натрий тұзы

+В) Левомицетин сукцинат натриі

С) Тетрациклин

D) Цефтриаксон

Е) Кларитромицин

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]