Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obsch.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

9 Айлық ұл балада: құсу, сұйық нәжіс, 2 дәрежелі гипотрофия, ұма гиперпигментациясы, гиперкалиемия-6,2 ммоль/л, гипонатриемия- 122 ммоль/л.

Қандай ауру туралы ойлауға болады:

А) Нефритикалық синдром

+В) Адреногениталды синдром

С) Нефротикалық синдром

D) Катаралды синдром

Е) Ауырсыну синдром

$$$147

Нәресте 1,8 жаста дене салмағы 10100,0 гр., сұр, акроционоз, көз асты көгерген, жүйке-рефлекторлы қозған, себепсіз жылайды. Қарау кезінде: баланың қалпы мәжбүрлі-отыр, қорқынышты қарау, дем шығару кезінде монотонды жылаумен ларингоспазм, қол аяқтарында дистальді бұлшықеттерде тетаникалық жиырылу (қолында –«акушер қолы», аяқтарында-карпо-педальді спазм) .

Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Тырысу

В) Хорея

С) Эпилепсия

+D) Спазмофилия

Е) Пароксизм

$$$148

Ұл бала 8 жаста, 1 сағат көлемінде ессіз жатыр, Куссмауль тынысы, беті гиперемияланған, терісінің құрғауы, көз алмастары жұмсақ, аузынан ацетон иісі шығады. 3 аптадан бері шөлдеу, жиі несеп шығару, 1 кг салмақ жоғалтуға шағымданған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Гипогликемиялық кома

В) Қант диабеті

С) Қантты емес диабет

D) Менингит

+Е) Кетоацидозды кома

$$$149

Қабылдауда 4 айлық сәби. Жедел ауырған, таңғы уақытта дене қызуы 38,7°С-қа дейін жоғарылаған, әлсіз болып, тәбеті төмендеген, мұрынжұтқыншақтан катаральді өзгерістер, тұмау және жөтел пайда болған. Емізулі, дамуы қалыпты. Өкпесінде қатаң тыныс. Диагноз қойыңыз және екпеге медициналық бұру парағын толтырыңыз:

+А) ЖРА, орташа ауырлық дәрежеде, медициналық бұру 2-4 аптаға

В) Гипертермия, медициналық бұру 3-6 күнге

С) Катаральді баспа, медициналық бұру 1-2 аптаға

D) ЖРА, орташа ауырлық дәрежеде, медициналық бұру 2-3 аптаға

Е) ЖРА, ауыр дәрежесі, медициналық бұру 1 айға

$$$150

Ұл бала 7 жаста, суықтаудан кейін жедел ауырған, дене қызуының жоғарылауы 39,0 С-қа дейін, құрғақ жөтел пайда болған, бас ауруы.

Тексеру кезінде оң жақты пневмония анықталып, стационарға жолданды. Жазылғаннан кейін емханада қанша уақыт емханада бақылау қажет?

+А) 1 жыл

В) 6 ай

С) 2 жыл

D) 5 жыл

Е) 15 жас

$$$151

3 айлық нәресте, дене салмағы 5,0 кг, қарау кезінде дене қызуы 38,9°С жедел респираторлы аурумен ауруына байланысты. Дене қызуын төмендету үшін қандай дәрі тағайындау қажет?

+А) Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, парацетамол - 0,05г

В) Сұйықтық ішу, парацетамол - 0,01г

С) Денені суытудың физикалық әдісі, парацетамол - 0,025г

D) Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, в/і физиологиялық ерітінді 0,9%, парацетамол - 0,1г

Е) Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, в/і 5% глюкоза ерітіндісі, парацетамол - 0,2г

$$$152

14 күндік жаңа туылған нәресте дене қызуы 37,8°С-қа дейін жоғарылаған. Аталған дене қызуы кезінде тыныс алу жиілігі мен жүрек соғуы қатынасы:

А) 28/140

В) 20/130

+С) 44/160

D) 36/150

Е) 52/170

$$$153

Ұл бала 14 жаста. Тамақатанудан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын қыжыл, эпигасрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: әкесі асқазан ойық жарасымен ауырады. ФГДС-да: асқазан антральді бөлімінде жаралы ақау анықталды. Бірінші емдеу кестесіне тән:

+А) Омепразол 20 мг тәулігіне 2рет әр 12 сағ., кларитромицин 15 мг/кг 2 рет қабылдауға, метронидазол 20 мг/кг 2 рет қабылдау 14 күн көлемінде

В) Субцитрат висмуты 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 рет қабылдауға, фуразолидон 10 мг/кг 3рет қабылдауға

С) Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан 3-4 рет тәулігіне

D) Пантопразол 20 мг 1 рет тәулігіне, кларитромицин 30 мг/кг 3рет қабылдауға, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет

Е) Омепразол 50 мг 2 рет күніне, әр 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3рет қабылдауға, тетрациклин 25 мг/кг 4рет қабылдауға

$$$154

19 жасар науқас оң құлақтағы ауырсынуға, есту қабілетінің төмендеуіне, бет асимметриясына шағымданады. Өзін бір апта бойы ауырған деп санайды, қатты тоңғаннан кейін. Кеше беттің оң жағынан асимметриясы пайда болды. Объективті: оң жақ дабыл жарғағы қызарған, шығыңқы. Бет асимметриясы күрт айқындалған, оң жақ көзін жабалмайды, ауыз бұрышы төмен түскен. Сіздің диагнозыңыз? және қандай асқынуы байқалады?

+A) Оң жедел ортаңғы отит. Бет жүйкесінің оң отогенді перифериялық парезі

B) Оң жедел ортаңғы отит. Мастоидит

C) Оң жедел ортаңғы отит. Лабиринтит

D) Оң жедел ортаңғы отит. Отогенді ми абсцессі

E) Оң жедел ортаңғы отит. Отогенді мишық абсцессі

$$$155

Жедел жәрдем машинасымен 16 жастағы науқас ауруханаға әкелінген. Шағымдары: мұрын ауруына, тыныс алуы қиындауына, мұрыннан қан кетуіне, бас ауруына. Науқастын сөзінен: соққыны төбелес нәтижесінде алған. Қарғанда: беті ассиметриялық, мұрын сүйектері оңға ысырылған. Сіздің қандай көмегіңіз?

A) Мұрын сүйектеріне репозиция жасау, антибиотиктер, анальгетиктер

B) Невропатолог, окулист қарау, мұрын сүйегінің репозициясы, анальгетиктер

C) Стационарда 24 сағат бақылау, анальгетиктер, антибиотиктер

+D) Мұрын сүйектеріне жанынан рентген жасау, неврологиялык симптоматиканы шығару, мұрын сүйектеріне репозиция жасау, анальгетиктер

E) Мұрын сүйектеріне тікелей рентген жасау, анальгетиктер, мұрын сүйегіне репозиция жасау

$$$156

Көз түбінде келесі өзгерістер анықталды:OU – көру нервісінің дискісі ісінген,ұлғайған, веналар кеңейген,диск маңайында және диск бетінде геморрагиялар,тор қабаттың шет жағында - геморрагиялар, плазморрагиялар және сары дақта – толық емес «жұлдызша» симптомы.Классификацияға сай диагноз қойыңыз.

А) Гипертониялық ангиоретинопатия

В) Гипертониялық ангиосклероз

С) Гипертониялық ретинопатия

+D) Гипертониялық нейроретинопатия

Е) Гипертониялық ангионейропатия

$$$157

Ер адам 28 жаста.2 жұма бұрын басынан соққы алған.Қазір оң көзінің соңырлығына шағымданады.Сырттай көзде өзгерістер жоқ.Көздің оптикалық орталыры мөлдір.Көз түбінде көру нервісінің дискісі ақшыл түсті,шекарасы анық,қан тамырлары тарылған.Басқа көз түбінде басқа өзгерістер жоқ.Сол көзде - диск қызыл түсті,қан тамырлары,тор қабат өзгермеген.ОҢ көздің көру өткірлігі дұрыс жарық сезгіштікке тең.Сол көздің көру өткірлігі бірге тең. Диагноз қойыңыз.

А) ОД-Жарақаттық нейропатия

В) ОД -Жарақаттық ишемиялық нейропатия

С) ОД-Көру нервісінің жарақаттық екіншілік семуі

+D) ОД-Көру нервісінің жарақаттық біріншілік семуі

E) ОД-Көру нервісінің жартылай жарақаттық семуі

$$$158

Сүйек арқылы ошақтан тыс компрессионды-дистракционды остеосинтез қажет құрылымдар:

1) винттер және спицалар

2) штифттер

3) пластиналар

4) Илизаров аппараты

5) Калнберз аппараты

+A) 4,5

B) 1,2

C) 2,3

D) 3,4

/E) 1,3

$$$159

Буын шығулары жаңа деп есептелетін уақытты көрсетіңіз:

А) 1-2 апта

В) 2-3 апта

+С) бірінші 2 күн

D) 3-4 апта

Е) 4-5 апта

$$$160

Крипторхизм

+A) Аталық без түсуінің жоқтауы

B) Аталық без гипоплазиясы

C) Аталық без эктопиясы

D) Аталық без қабығына сұйық жиналуы

E) Шәует өзегі веналар варикозды кеңеюі

$$$161

Жыныс мүшесі рагынің Т2 -3 N1 Mo қолданылады

+A) Жыныс мүшесіне ампутация + Дюкена операциясы

B) Химиотерапия + жыныс мүшесіне ампутация

C) Сәулелік терапия + операция Шевассю

D) Дюкена операциясы

E) Шевассю операциясы

$$$162

Мэллори-Вейса синдромы дегеніміз?

А) Өңештің кеңейген веналарынан қан кету

В) Асқазан жарасынан қан кету

+С) Сызықты тіліктен қан кету

D) Асқазан эрозиясы кезінде қан кету

Е) Асқазан обырынан қан кету

$$$163

Науқаста созылмалы параректалды жыланкөз бар. Оперативті ем үшін фистулография жүргізу керек. Фистулограммадан не көресіз?

А) Жыланкөз аймағында тыртықты өзгерістерді

+В) Жыланкөз аймағындағы қуысты түзілістер болуын, жыланкөз жолының тармақтануын

С) Тік ішек ампуласының көлемін

D) Тік ішектің моторлы қызметі

Е) аналды жомның қызметін

$$$164

Науқас 35жаста туыстарының айтуынша соңғы 1 ай көлемінде науқастың мінез-құлқы күрт өзгерген, ешкіммен сөйлеспейді айналасындағы адамдармен араласпайды, жүзінен көніл-күйінің жоқтығы байқалған соңғы 5-6 күн көлемінде уақытын төсекте өткізуде, кереуетінен тұрмаған, төсектік қалпы тізесімен–кеудесін бүгіп жатады, тамақ ішпейді, жуынбайды, үлкен және кіші дәретін астына жібереді .

Болжам диагноз:

А) Энцефалит

B) Ми ісігі

C) Эпилепсия

+D) Шизофрения, кататониялық формасы

E) Депрессиялық ступор

$$$165

Науқас 30 жаста туыстарының айтуынша соңғы 2 ай көлемінде науқастың мінез-құлқы күрт өзгерген, ешкіммен сөйлеспейді айналасындағы адамдармен араласпайды, жүзінен көніл-күйінің жоқтығы байқалған соңғы 2 апта көлемінде уақытын төсекте өткізуде, кереуетінен тұрмаған, төсектік қалпы тізесімен –кеудесін бүгіп жатады, тамақ ішпейді, жуынбайды, үлкен және кіші дәретін астына жібереді.

Қандай жағдайды сипаттайды:

А) Асқынған энцефалит

B) Ми ісігі

C) Эпилепсия

+D) Кататониялық ступор

E) Апатия

$$$166

Науқсас 30 ер адам опийынды нашақорлықпен (героин) зардап шегеді, соңғы 3 күнде героин қабылдамаған. Шағымы денесінің дел салдығы, сүйектерінің сырқырап ауырсынуы , ұйқыздық, іш өту, әлсіздік, жасаурау. Жалпы қарағанда мазасыздық іс-әрекетінде абыржулық анықталды, сұрақтарға амалсыздан тітіркенгішпен жауап береді. Шыдамсыз тез арада дәрілік зат егуін немесе есірткі зат беруін сұранады.

Емін тағайындауда маңызды:

А) Иглореф лексотерапия

+B) Психофармакотерапия

C) Психотерапия

D) Электрлі –шокты терапия

E) Электросон

$$$167

Наркологиялық сараптама кабинетіне ЖПП қызметкерлері жол апаты болған оқиға орнынан куәләнушы жеткізеді. Жалпы қарағанда қойылған сұрақтарға тітіркенгіштікпен жауап береді ашушаң, жан-жақты бағдары дұрыс, өзіне бағдары сақталған. Неврологиялық жүйесі бойынша: көздері қызарган. Ромберг сынамасында тұраксыз. Координациялық сынамаларды орындай алмайды, дірілдейді. Денесінен жағымсыз алкаголь иісі шығып тұр.

Дәрігер мастық күйді анықтау үшін қандай лабораториялық тексеру әдісіне сүйенеді.

+А) Қанды, зәрді алкогольге тексеру

B) Сілекей

C) Алко тест апаратын қолдану

D) Рапопорт әдісі

E) Мохо-Шинкоренко

$$$168

Науқас 30 жаста, ер адам созылмалы алкоголизммен зардап шегеді, соңғы тоқтаусыз ішуі 5-6 күнге созылған, өздігінен тоқтай алмаған, сол себепті тұыстарының жеткізуімен наркологиялық орталыққа келген. Бұрын ем қабылдамаған. Жүргізетін іс-шаралар:

+А) Дәрігер - наркологтің қабылдауы

B) Сот- наркологиялық сараптама

C) Мастық күйді анықтау

D) Психологтің қабылдауы

E) Психотерапевт кеңесі

$$$169

Наркологиялық сараптама кабинетіне ЖПП қызметкерлері күәләнушіні жеткізді. Жалпы қарағанда қойылған сұрақтарға тітіркенгіштікпен амалсыздан жауап береді, тілі күрмеленген, ашушаң, жан-жақты бағдары дұрыс, өзіне бағдары сақталған. Неврологиялық жүйесі бойынша: көздері қызарган. Ромберг сынамасында тұраксыз. Координациялық сынамаларды орындай алмайды, дірілдейді. Денесінен жағымсыз алкаголь иісі шығып тұр.

Мастық күйдің қай дәрежесі:

А) Жеңіл

+B) Орта

C) Патологиялық мастану

D) Ауыр

E) Созылмалы

$$$170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]