Мазмұны
Кіріспе
І ТАРАУ Диалогті оқытудың теориялық негіздері
1.1. Диалогтің табиғаты және тіл біліміндегі зерттелуі
1.2 Диалог құрылымындағы тілдесімдік көрсеткіштер
ІІ ТАРАУ Ауызекі сөйлеу диалогі және оның лексикалық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктері
2.1. Ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық ерекшеліктері
2.2. Тәжірибе жұмысының қорытындысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ұсыныстар
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазақ тіл мен ағылшын тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес.
Зерттеу нысаны
Бастауыш сынып оқушылары, сөйлеу тілі (шет тілі: ағылшын)
Зерттеу пәні
Шетел тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының мақсаты
Әрқашанда дұрыс, нақты, айқын, түсінікті сөйлеу маңыздылығын, ойды нақты жеткізе білу және сөйлеу объектісіне деген қатынасыңды бейнелі және эмоциялық бояумен білдіруді үйрету жолдары. Оқушының сөйлеу шеберлігін дамытып, дұрыс сөйлеуге кажетті машықтарды үйренуге, сөйлеу мәдениетін жетілдіру мүмкіндік қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері
Диалогті оқытудың теориялық негіздері
Диалогтің табиғаты және тіл біліміндегі зерттелуі
Диалог құрылымындағы тілдесімдік көрсеткіштері
Ауызекі сөйлеу диалогі және оның лексикалық, синтаксистік,
стилистикалық ерекшеліктері
Ауызекі сөйлеу диалогінің лексикалық ерекшеліктері
Зерттеу жұмысының болжамы
Егер сөйлеу тілін үйретудің тиімді метологиясын (жолдарын) анықтайтын болсақ, онда бала оқытуда, шет тілін меңгертуде нәтижелі жұмыс атқара аламыз.
Зерттеу әдістері
Жинақтау әдісі, синтездеу әдісі, эвристикалық әдіс.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ
Диалог сөзі гректің "діа1оgos"сөзінен пайда болған. Оның мағынасы – жалпы сөйлесу, екі я одан да көп адамдардың өзара әңгімелесуұғымын білдіреді. Тіл білімінде ол екі не одан көп адамдардың кезектесіп сөйлесу формасын білдіретін термин ретінде қолданылады яғни, диалог –екі немесе бірнеше қатысушылардың бірігіп, бір тақырып төңірегінде пікірлесуі. Диалогқа қатысушылардың ойлары әр түрлі болады: келісу, талқылау, сұрақ-жауап, ойдың бірдей шығуы т.б.
Шетел тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды әсіресе өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыруы керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасындағы диалог түрлері үлкен роль атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ диалог оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс.
Сабақтарда диалог арқылы оқытып, оқушылардың сөйлеу, жауап қайтару, интерпритация жасауға ықпал ететін әдіс-тәсілдердің жиынтығы
Қазақ тіл мен ағылшын тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес. Сонымен, диалог бүгінгі жалпы тіл білімінде жан – жақты зерттелген, бірақ, сонымен қатар, диалогтің ішкі және сыртқы табиғатында зерттелмеген ғылыми нысандар әлі көп. Тілдесім үдерісінің бірнеше жолдары, үлгілері, түрлері бар. Диалог – сол көп дүниенің бірі. Бірақ, диалогтің тілдесімнен басқа түрлерінен ең үлкен айырмашылығы – сөйлеуші мен тыңдаушының барлығында, яғни диалог – ең алдымен адамның тіл қатынасы. Диалог монологтен де, полилогтен де биік орында тұрады. Себебі, тілдесімдік (сөйлесімдік) қарым – қатынастың негізі және ең ұтымды, қажетті, теңі жоқ түрі.
І. Диалогті оқытудың теориялық негіздері
